. Қаратау қаласының табиғи-экономикалық жағдайы


ЖОСПАР
КІРІСПЕ. 1
1. Қаратау қаласының табиғи-экономикалық жағдайы. 4
2. Қаратау қаласының экономикалық көрсеткіштерін талдау. 12
3. Қаратау қаласының экономикалық өсуінің жетілдіру мәселелері. 26
КІРІСПЕ
Қаратау қаласының құрылу тарихы жер асты табиғи байлықтарды игерумен байланысты. Орналасқан территориясының астында; мырыш, қорғасын, ванадий, кремний, мәрмәр, әк тас, доломит және тағы басқа пайдалы қазбалар бар және ең бірінші кезектегі фосфор.
30 жылдары жүргізілген геологиялық - іздестіру жұмыстары арқылы 11 фосфорлық шикізат кен орындарын табуға әкеп соқты, олардың көлемі Қазақстан Республикасында 1 орында, ал бұрынғы КСРО бойынша ІІ орында.
Өңдеудің жер асты әдістерінің ыңғайлығы, тігінен жер бетіне жақынырақ орналасқандығы, фосфор құрамындағы Р 2 О 5 жоғары дәрежеде болғандығы, фосфорды өңдеу жерлеріне темір жол торабын тарту ыңғайлығы, рельефі және сумен қамтамасыз ету шарттарының болуы, Жамбыл темір жол бекетіне ең жақын орналасқан Шолақтау кен орны сол уақытта келешегі зор деп шешілді. Сонымен қатар Қаратау жоталарында фосфорлық шикізаты ең сапалы екенін химиялық зерттеулер көрсетті.
Жұмысшы аулының дамуына 1941 ж. Жамбыл - Шолақтау темір жол бекетінің соғылуы, тау - байыту комбинатының соғылуы мен дамуы, Шолақтау кен орнын игеруге әсер етті.
Қаратау фосфорит бассейнін тез арада игеру мақсатымен облыс қарамағындағы қалалар категориясына 24 тамыз 1963 ж. Қазақ ССР Жоғарғы Совет Президиумының Жарлығымен Шолақтау ауылы Қаратау қаласы аталып жатқызылды. Қаратау қаласы Тараз қаласынан 100 км қашықтықта солүстік-батыс тарапында орналасқан. Қала солтүстік жағынан жартылай шөлді дала, оңтүстік бетінде кіші Қаратау жоталарымен қиылысуда.
Қаланың территориясы 4256га, оның қалалық құрылысы 1994га, 1 қаңтардағы 1979 ж. санақ бойынша халық саны 44, 0 мың адаммен айқындалады.
Қаланың климаты өзгермелі континентальді, жиіленген және қатты соғатын оңтүстік - батыс желдерімен, жазы ыстық және құрғақ, қысы суық, әрі бірқалыпсыз және қарлы борандарымен, жазғы максималды температурасы - (+42 о С), қысқы минималды температурасы - (-40 о С) мен сипатталады.
Көктал ауылы Қаратау қаласынан 23 км қашықтықта орналасып, әкімшілік бағынышта және қаламен автокөлік және темір жолдарымен байланысқан.
Ауылда 1, 5 мың адам шамасында тұрады, олар Ақсай кенбасқару “Қаратау”АҚ, “Стиф”АҚ цехтарында, “Мәрмәр” тау-кен кәсіпорнында, білім беру мен денсаулық сақтау, тұрғындық және коммуналдық қызмет көрсету объектілерінде жұмыс істейді.
Қаланың 40 жылдық әлеуметтік және экономикалық өмірінде көптеген маңызды өзгерістер болды.
1991 ж. дейін Қаратау қаласындағы өндірістік және әлеуметтік база - қаланың халық шаруашылығының өз бетімен бірқалыпты дамуына және әлеуметтік проблемаларды шешуге мүмкіндігі болатын.
КСРО тарағаннан экономикалық байланыстар үзілді, бұл жағдай өз кезегінде қуат көздерінің, фосфориттік шикізаттардың, халық шаруашылығындағы тауарлардың көп бөлігінің, құрылыс - монтаждық, жөндеу, транспорттық, коммуналдық, тұрмыстық және тағы басқа жұмыстар мен қызметтердің құндарының өсуіне әкеп соқты. 1990-1991 ж. ж. жүк тасымалдау мен құрылыс - монтаждық жұмыстардың, өндірістік өнімдердің көлемінің азаюына, фосфориттік шикізатқа сұраныстың күрт түсуіне әсер етті.
Өмір сүру мен жұмыстың пайдалырақ мекендерді іздеу мақсатында облыс пен республика аумағынан тыс қала тұрғындарының бір бөлігі, бірінші кезекте білікті мамандар, жұмысшылар мен қызметкерлер кете бастады. Қаланың даму келешегіне жергілікті халықтың сенімдерін жоғалтуына негізгі өндірістің қысқаруы әсер етті. Қаланың әлеуметтік аясының дамуына бірінші кезекте кері әсер еткен қаладағы қалған тұрғындардың көбісі жеке коммерциялық қызметпен айналысуынан пайда болды.
1. Қаратау қаласының табиғи-экономикалық жағдайы.
Облыс орталығы Тараз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 100 шақырым қашықтықта Қаратау қаласы орналасқан. Өзгермелі континентальді климатпен және келесідей көрсеткіштермен сипатталады: орташа жылдық температурасы - (+ 10, 4 о С), қантардағы орташа температура - (- 7, 2 о С), орташа шілдедегі температура - (+ 23, 8 о С), жылу беру мерзімінің ұзақтығы - 155 тәулік.
Тұрмыстық қоры 715, 8 мың м 2 көлемді құрайтын, әр адам басына шаққанда 16, 7 м 2 тұрмысты құрады, тұрмыстық қордың 80% су құбырымен қамтамасыз етілді, 78% канализациямен, 82 жылу жүйесімен орталықтандырылған, пәтерлердің 100%-на газ тартылған. Жанұялардың 60% астамы қала маңында бақшаларға ие болды, 20% астамында жеке малдары болды.
Қала тек фосфор өндірумен ғана шұғылданған жоқ, сонымен қатар халық шаруашылығындағы басқа да салаларындағы бірқатар өндіріс орындары ашылып жұмыстарын істей бастады.
1989 ж. жылына 2100 мың т. фосфориттік домалақшалар шығаратын Қаратау химзауыты іске қосылды.
1989ж. күніне 20 т ет өндіретін, тәулігіне 3 т. шұжық шығаратын цехі мен 1000 т ет сақтайтын тоназытқыш цехі бар ет комбинаты соғылды.
1967ж. бір сменада 30 т нан өнімдерін шығаратын нан зауыты, 1969 ж бір сменада 30 т сүт өнімдері мен 2, 5 т балмұздақ шығаратын сүт зауыты іске қосылды.
1968ж. тігін бұйымдарын шығаратын қалалық өндірістік комбинаты ашылды, жылына 100 мың дана тон шығаратын 1973 ж. “Сүлеменсай” фабрикасы ашылды, 1991 ж. жиһаз фабрикасы іске қосылды.
Кесте-1. 1
Қаратау қаласындағы халық санының өзгеру көрсеткіштері.
адам.
Кесте-1. 1-де Қаратау қаласында демографиялық жағдай үлкен өзгерістерге душар болды. Қаладан қоныс аударып кетушілер жылдан жылға арта түсуде екенін жоғарыдағы кестеден түсінуімізге болады. Қала ұрғындарының ең жоғарғы нүктесі 1992 ж. 44349 адам болып саналады, ал ең төмеңгі көрсеткіші 2002 ж. 25890 адамды құрайтынын көріп отырмыз, яғни 41, 6 %-ын құрап отыр.
Қала бойынша миграция қарасақ 2000 ж. тұрғындар саны 27733 адамнан 2001 ж. 26932 адамға, яғни 801 адамға төмендеп отыр, бұл тұрғындар санының 2, 9 %-ға азайғанын білдіреді. Дәл осы сияқты 2001 ж. халық саны 26932 адамнан 2002 ж. 25890 адамға азайған, бұл екі жылды салыстырғанда 1042 адамға азайып кеткен, яғни 3, 9 %-ды құрап отыр.
Қаланы электр қуатымен қамтамасыз етумен Қаратау электр желілер кәсіпорыны айналысты, оның қызмет етуінде 116 подстанса, 190, 3 км кабельдік электр тоқ және 252, 3 км әуе тоғы және 43, 9 км тоғы даланы жарықтандыруда болды.
Қалада 4814 телефон нөмірі бар АТС, тұрғын пәтерлер мен жер тамдардың 99% радио және 35, 6% телефон тартылған.
Сауда-саттық қызметімен қалада “Сауда”АҚ-ның 26 дүкені, 12 дүкен басқа мекемелер қарамағында және 18 дүкенде сауда-саттықпен кіші мекемелер айналысты. Қалада 3, 6 мың орынды 51 мекеменің қоғамдық тамақтандыру орталығы болды. Қалада 7, 8 мың оқушылар оқитын 10 жалпы орта мектептері болған. 1964 КазҰТУ филиалы ашылып, онда 3, 4 мың студент сырттай және күндізгі бөлімдерінде оқыды. Медициналық қызметпен 590 жататын орынды емхана, 640 көрінетін поликлиникалық бөлімше мен 600 көрінетін стоматологиялық поликлиника және екі профилакторий халықтың қажеттілігне қызмет етті.
Тарих көшінде тағдырлы жылдар да осы қалаға тән болды. Одақ ыдырап, экономикалық байланыс жібі үзілген кезден бастап Қаратаудың фосфоры белгілі себептермен қайраңдап қалды. Фосфор бар, оны алушы жоқ дегендей… Өндіріс орындары қаржы жоқтығынан жабылып жатты.
Қалада қазіргі кезде Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің филиалы, агротехникалық университет, құрылыс колледжі, мектеп-лицей, гимназия, 6 орта мектеп, кәсіптік-техникалық лицей, «Дарын - музыкалық мектеп, «Үміт - мүгедек балалар мектебі, «Әйгерім - бала бақшасы, 2 спорт мектебі жұмыс істейді. Деңсаулық сақтау саласында 6 мекеме бар, 3 қонақ үйі, «Ұлбике ақын - атындағы мәдениет сарайы, орталық кітапхана және мұражай да көпшілікке қызмет етеді.
2003 жылы қала болып құрылғанына 40 жыл толды. 1997 жылдан бастап, Қаратау қаласы Талас ауданының ұйымдық-шаруашылық, әкімшілік-құқықтық, мәдени-тұрмыстық және тағы басқа міндеттердің орталығы болып табылды.
Қаратау қаласының әлеуметтік - экономикалық дамуы келесідей:
Заңды тұлғалар саны
Оның ішінде: өндірістік мекемелер
158 бірлік
25 бірлік
Қала өндеу өнеркәсібіне мамандырылған, оның өнімінің өтімділігі дүниежүзілік нарық конъюктурасына бағынышты. Ал бұл жағдай, Қаратау өнеркәсіп ауданының қайта өндеу фабрикалары мен кеніштеріндегі өндірістік қуаттарын толыққанды қолданылмауына әкеп соқты. Егер де тау-кен өнімдерін өткізу мәселесі шешілсе, онда бұл өз кезегінде өндірістік қуаттары мен жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыруға әсер етер еді.
Фосфорлық домалақшаларды шығаратын Қаратау химиялық зауыты ("Сары-Тас" АҚ-сі) қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан. Алайда, экономикалық реформалар мен өнімге сұраныс жоқтығының кесірінен, зауыт тоқтап тұр. Енді зауыттың басқармасы алдында басқа өнімді шығару деген мақсат тұр. Өндіріс бағытын өзгертіп, кальцийлендірілген сода шығару үшін 117 млн. АҚШ доллар мөлшеріндегі жобалық-сметалық құжат жасалып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынылды. Бұл ұсыныстың негізінде Үкімет, инвесторлар мен Қайта құру және даму банк өкілдерімен бірге осы жобаны тиянақты талдап, "Сары-Тас" АҚ-ның техникалық жағдайына оң баға беріп, осы жобаны 2003 жылғы мемлекеттік инвестициялық бағдарламаға енгізді. Кәсіпорынды жаңалау арқасында 1500 жаңа жұмыс орны күтілуде.
Амангелді газ-кен орнына ең жақын инфрақұрылымы дамыған, халық шоғырланған Қаратау қаласының тұрғындары бірінші болып арзан табиғи газбен қамтамасыз етілу сәт те жақын қалды. Жеке секторының 55 пайызы газға қосылған. 2002 жылы 12, 5 млн. теңге орташа қысымды газ құбыры ықшам аудандар мен кіші қабатты тұрғын үйлеріне түгелімен газ тартылу үшін жұмсалған.
Қаратау қаласының жылу беру көзі болып РК - 1 Қазандығы болып табылады, ол үш бу қазандары ДКВР - 23/13 және екі жылыту қазандары ПТВМ - 30 бен жабдықталған. Қаратау қаласының жылу қуатындағы қажеттілігі 115, 6 Гкал/ж. Қаланың жылу жүйесіндегі 500 мм. -лік құбырларын ықшам аудынынан орталық жылу беру кәсіпорына дейінгі аралықтағы 300 мм. -лікке ауыстырып, қайта құру керек. Жергілікті халықтың жылу мен ыстық суға қарызы 2383 мың тенге.
Қаланы сумен қамтамасыз ету жүйесі 32 және 12 км. қашықтықта орналасқан "Көктал" және "Тамды" деген су қоймалары негізінде қызмет етеді. Сумен қамтамасыз етуді үнемдеу мақсатында 1, 5 км. шойын құбырларды ауыстыру қажет. Канализациялық жүйе мен су құбырларын сатылы түрде ауыстыру бағдарламасы жасалынған. Жергілікті халықты канализациямен суық су үшін қарызы 3589 мың теңгені құрайды.
Қаланы үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында қалалық орталық қазаңдықта кішігірім ТЭЦ-ті құрып және монтаждау қажет.
Жоғарыда айтылған ұсыныстардың барлығының орындалуы Амангелді газ-кен орны іске қосылуымен байланысты, бұның бәрі қаланың инфрақұрылымын жақсартады. Қаланың инфрақұрылымын жаңалау және қайта құру үшін жобалық-сметалық құжат жасалған: электр қуаты - 10 млн. теңге, жылу және жылы су - 450 млн. теңге, суық су және канализация - 380 млн. теңге, газбен қамтамасыз ету - 25 млн. теңге және телекоммуникациялар - 5 млн. теңге.
Тұрғындық үй қоры кіші және көп қабатты үйлерден тұрады, оларды жылу және сумен қамтамасыз ету, электрқуат және табиғи газбен қамтамасыз ету орталықтандырылған.
Қаланың транспорттық жағдайы: Тараз - Қаратау - Жаңатас темір және автокөлік жолдары, аэродром.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің басшылығының ұсынысымен Үкімет Оңтүстік әскері округтің атқыштар әскері бөлімін қаланың ПАТП, АТП және бос тұрғындық үй қорына орналастыру шешімін қабылдады.
Уақытысында қалада аяқ киім фабрикасының соғылуы басталды. Нан зауыты, сүт фабрикасы, ет комбинаты және тон тігу цехтары жоғары табысты жұмыс істеді. Қазір нан зауыты орнына "Береке" ЖШС-сі жұмыс жасауда, алты кішігірім наубайхана да бар. Бұлар қаланың барлық қажеттілігін қанағаттандыруда. Сүт зауытының орнына "Қаратау Сүт" ААҚ қызмет атқарып, Жамбыл облысы бойынша сүт өнімдерін ұсынуда. Ет комбинаты "Қойкелді" АҚ-ы болып, қайта құрылды, бірақ ет өнімдеріне жеткілікті түрде сұраныс жоқтығынан бұл кәсіпорын тоқтап тұр. 7-і тон тігу цехтары жеке кәсіпкерлердің қолдарына жекешелендірілді.
Қала маңында көптеген пайдалы қазбалар бар (мәрмәр, гранит, доломит, әк тас, т. б. ) . "А-Жұлдыз" ЖШС-гі, "Жанар - Құрылыс" ЖШС-гі мәрмәр тақталары мен шағалдарын шығарады. "Абылай Хан" корпорациясы, "Алатау шыңы", "Арбатас" және "Сая" кен орындарын өндеумен айналысады. Жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында қайта өңдеу жұмыс орындарын сатып алу үшін жеңілдітілген несиелер қажет. Тағы шешім қажет ететін жағдай, ғимараттардың құнсыздану себебінен мүліктік кепілдіктің қиындауы, қаланың шағын және орта бизнесті несиелеуге әсер етуде.
Қаратау қаласы сауықтыру қызметтерін көрсетуге болатын табиғи ресурстарға өте бай, бұл қызметті тек жергілікті халыққа ғана көрсетуге емес, сонымен қатар облыс және республикалық деңгейде көрсетуге болады. Қаладан 20 шақырым қашықтықта «Көктал деп аталатын сайда, республикалық маңызы бар сауықтыру - емдеу қызметін көрсететін санаторий-профилакторий орналасқан. Санаторийде сауна, асхана, балшықпен емдеу бөлмелері, қажетті физио-емдеу құрылғылары мен 100 кісі жатып емделе алатын орны бар. 2002 жылдан бастап қарттар мен мешелдер үшін 75 орынды интернат - үйі қызмет етуде.
2. Қаратау қаласының экономикалық көрсеткіштерін талдау.
Қазақстан Республикасының Президентінің «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» 6 наурыз 1999 ж. Жарлығы және шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі 1999-2000 жылдарға арналған Аумақтық бағдарламаның орындалуы үшін Қаратау қаласында төмендегідей жұмыстар атқарылды.
Қала шаруа қожалықтары басшыларының семинар-кеңесі, қала кәсіпкерлерінің 2 жалпы жиналысы өткізілді, бұл жиында қазіргі уақыттағы шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі заңдар, салық тәртібі, несие алу, есеп жүргізу, алған қарыздарды қайтару мәселелері жөнінде сөз қозғалды. Қала кәсіпкерлері, өкілдері Тараз қаласында өткен шағын қалалардағы кәсіпкерлердің республикалық конференциясына, облыстық кәсіпкерлердің семинар кеңесіне қатысып қайтты.
Жеке кәсіпкерлік тұлғаларына кәсіпкерлікпен айналысуға құқық беретін куәлік және патент алуда, тіркеу тәртібі және мерзімі қатаң орындалып жатыр, қазіргі уақытта заңды тұлғаларды патенттік жүйеге көшіру жұмыстары орындалып отыр. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қалалық комитет және құқық қорғау ұйымдары тарапынан шағын кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлердің құқығын сақтау, себепсіз жиі тексерулерді болдырмау, қаралмаған алымдарды алмау жөнінде қатаң бақылау орнатылып отыр.
ТарМУ-нің Қаратау инженерлік-техникалық факультеті жаныдағы Кеңес орталығында кәсіпкерлерге тегін кеңес беру ұйымдастырылған. «ТАСИС» бағдарламасымен бірге отырып қаладағы 40 жұмыссызды кәсіпкерлікке оқыту жұмыстары жүргізілді, қазіргі уақытта оларды өз істерін ашу үшін қаржылай қолдауға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
1998ж. «Рауан» ЖШС-гі Халықтық Банкіден 5, 0 млн. тг. несие алып, пластикалық бөтелке шығаратын және минералды су құятын жүйелер сатып алып, оны орнатты. Қазіргі уақытта бұл жүйелер тұрақты жұмыс істеп «Көктал» минералды суын шығаруда, алынған несие толығымен өтелді.
1999 жылдың тамыз айында қаладағы 2 шаруа қожалығына тауарлы несие ретінде 3 жыл мерзімге 150 бас тоқты берілсе, биылғы жылы 8 шаруа қожалығына 425 бас мал несиеге берілді. Орта және шағын кәсіпкерліктің жұмыс істеуші тұлғаларының санын көбейту мақсатында тиісті шаралар қолданылуда.
Кәсіпкерлікпен қалада 2270 адам айналысады, оның ішінде 818 адам шағын кәсіпорындарда, 1066 адам жеке кәсіпкерлікте, 381 адам 67 шаруа қожалығында жұмыс істейді. Барлығы 53 шағын кәсіпорын- дарының 41-і жұмыс істеп тұр, оның 29 кәсіпорыны немесе 73% өндірістік өнім шығарумен айналысуда.
Кесте-2. 1
Қаратау қаласындағы өндіріс көлемінің экономикалық жағдайы.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Тау-кен өңдеу өнеркәсібі.
“Қаратау” ЖШС тау-кен химкомбинаты
-ұнтақталған фосфорлық шикізат
Мәрмәр тасының қиыршығы
-“Құрылыс-Жанар”
Мәрмәр ескерткіштер
“Көктал-Мәрмәр”ЖШС
“Жұлдыз” ЖШС
Өңдеу өнеркәсібі
“Қаратау-сүт” ААҚ
- балмұздақ
- сүт өнімдері
Тон өнімдері
- “Рауан” ЖШС
- “Ақжол” ЖШС
- “Бердін” ЖШС
- “Ләззәт “ЖШС
Тері өндеу
- “Аңсар” ЖШС
Минералды су
- “Рауан” ЖШС
Баспа қызметі
Асфальт бетон қоспа
Табиғи газ
-“Қаратаусаудагаз” ЖШС
Жылу энергиясы
- “Қаратау-жылу” МКК
Мұздай су
- “Қаратау-су” МКК
Канализация
- “Қаратау-су” МКК
Мың. тг
Т
Дана
Дана
Дана
Т
Т
Дана
Дана
Дана
Дана
Дана
Дана
Мың. бөт
Мың. тг
Т
Мың м 3
МыңГкал
Мың м 3
Мың м 3
22, 4
149, 6
318
149
169
171
230
259
152
46
28
33
467
55, 5
22, 4
655
389
93, 0
2914
1933
110, 4
192, 5
373
170
203
188
253
363
185
64
56
58
654
74, 5
26, 4
785
381
91, 2
2674
1748
64, 1
1318
412
192
220
166
951
144
65
-
37
42
712
81
28, 2
525
374
88, 5
2184, 0
1452
186, 2
781
31, 6
28, 8
30, 2
-2, 9
313, 5
-44, 5
-57
32, 1
27, 3
52, 5
45, 9
25, 9
-19, 5
-3, 9
-4, 8
-25, 1
-24, 9
Жоғарыдағы кестеде тау-кен өңдеу өнеркәсібіндегі Қаратау қаласы бойынша ең ірі кәсіпорын “Қаратау” ЖШС-гі тау-кен химиялық комбинаты болып саналады. Оның шығаратын өнім түрлеріне сұраныс біршама болса да артып келе жатқанын көруімізге болады. Себебі ұнтақталған фосфорлық шикізат өнімін 2000 ж. 22, 4 мың т. шығарса 2002 жылы өндіріс көлемін 186 %-ға ұлғайтып, 64, 1 мың т. шығарған. Ал мәрмәр тасының қиыршығын 2000 ж. 149, 6 т. шығарса, 2002 ж. 1318 т., яғни 781 %-ға көп шығарған.
Өңдеу өнеркәсібінде “Қаратау-Сүт” ААҚ-ы үлкен жетістікке жеткен. Мысалы, сүт өнімдерінің өндірісі 2002 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 313, 5 %-ға артып 951 т. құраған.
Тон өнімдерін өндіретін ірі ЖШС-рі ішіндегі ең табысты қызмет ететін болып “Бердін” ЖШС-гі табылды. Себебі ол өз өндірісін екі жылда 32 % арттырып отыр. Алайда нарықтағы жоғары үлесті “Рауан” ЖШС-гі алады. Ол өндірілген 144 дана тонның 65-ін немесе 45 %-ын өндіріп отыр. Бұл кәсіпорын 2000 ж. тек 65 дана ғана.
Тері өңдеу жылдан жылға өсуде. Егер 2000 ж. 467 дана өңделсе, ал 2002 ж. 52, 5 %-ға өсіп, 712 дана құрап отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz