Кәсіпкерлік қызметтің мәні және негізгі ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кәсіпкерлік қызметтің мәні және негізгі ерекшеліктері 1
Шағын кәсіпкерлік - ұлттық экономиканы дамутудың маңызды шарты 4
Қорытынды 6

Кәсіпкерлік қызметтің мәні және негізгі ерекшеліктері

Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың өз ісіне деген табиғи
ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл
қызметтің ерекше түрі – кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп
соғады.
Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің
белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел
буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын іздейді.
Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және
ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа
тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: коммерциялық бағыт-бағдарға,
тәуекелге бет бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін
жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге, екіншіден экономикада,
ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық
прогресске жетуге тікелей қатысты.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да
болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық өндірістік, сауда-көтерме
сату, жаңартпашылық көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б.
коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қызметтің субъектілері
мыналар бола алады:
- Қазақстанның азаматтары
- шетел мемлекеттерінің азаматтары
- адамдардың бірігуі
Кәсіпкердің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден
өткеннен кейін күшіне енеді.
Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері
ұлттық заңдармен реттеледі. Мысалы, ҚР-ның заңдарымен реттелетіндері:
- кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы кәсіпорындар құру және олар
үшін қажетті мүліктер сатып алу
- барлық субъектілердің рыноктағы материалдық, еңбек, ақпарат және
табиғи ресурстарға қол жеткізудің теңдік құқығы.
- Меншік түрлеріне және ұйымдастыру-құқықтық формасына қарамастан
кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы
- кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау
- кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінді еркін таңдау
- нарықтық монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар
өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу

Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске
қатысудағы өзгешеліктері
Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру
өзгешелігі, кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған
бүгіннен бастап ақша төлеуге дайын.
Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай
кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық, қаржылық болып бөлінеді. Осылардың
әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, демек өзіндік технологиясы болады.

Өндірістік кәсіпкерлікке – тұтынушылардың кейіннен сатып алуына
тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау өңдеу және
ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған қызметтер
жатады.
Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделік өрісі едәуір түрліше және оны
іске асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар ал кейде олар көп
мөлшерде қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол өнім
өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлік - қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұнының
мәнін айқындайтын тауар ақша қатынастары тауар айырбастау операциялары
жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы – мұнда өнім өндіруге
– байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету қажеттілігі тумайды.
Технологияның бастапқы сатысы ретінде не сатып алу, нені қайта сату және
қай жерде екені таңдай білу қажет. Бұл мәселелерді іске асыру ең алдымен
тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме сатып алу бағасы елеулі
жоғары болуы керек.
Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай
болғандықтан оның сатып алу, сату объектісі айрықшалығы – тауар болып
есептеледі. Қаржылық кәсіпкерлік – бұл коммерцияның бір түрі, онда
қаржылық кәсіпкерліктің мәмілесімен ұқсас болады, айырмасы тек тауар -
қаржы активі болып табылады.

Шағын кәсіпкерлік - ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты

Кәсіпкерлік, жоғарыда айтылғандай, кәсіпорынның экономикалық
ждамуының маңызды факторы. Сонымен бірге ұлттық экономиканы одан әрі
дамытуға да аса басты ықпал етеді. Соңғысын мына жағдаймен түсіндіруге
болады: кәсіпкерлік өзінің мәнін жете түсінку ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері, мәселелері
Нарықтық экономика және кәсіпкерлік негіздері
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері
Кәсіпкерлік экономикалық категория ретінде
Кәсіпкерліктің формалары мен түрлері
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Шағын кәсіпкерлікті талдау
Кәсіпорынның мәні мен мазмұны
Пәндер