Қор нарығы және оның теориялық негіздері


Жоспар
Кіріспе
1. Қор нарығы және оның теориялық негіздері
1. 1. Қор нарығы түсінігі, атқаратын қызметтері.
1. 2. Виртуалды түрде инвестициялау
1. 3 Қор нарығының индикаторлары
2. Қазақстан Республикасында Қор нарығының негізгі қызметтік бағыттары.
2. 1. Қазақстан Республикасының Қор нарығының қалыптасуы.
2. 2. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының негізгі қызметтері.
3. Қазақстан Республикасында Қор нарығығын дамыту перспективалары
3. 1 Алматы өңірлік қаржы орталығының негізгі принциптері, даму жоспары.
3. 2 Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының 2010 жылға дейінгі даму бағдарламасы.
3. 3 АӨҚО- ның ақпараттық білім беру орталығының негізгі міндеттері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Бүгінгі таңда қазақстан экономикасының жағдайы елеулi дәрежеде табиғи ресурстар секторындағы ахуалмен анықталады. Республикалық бюджет түсiмдерiнiң табиғи ресурстардан болып отырған қазiргі тәуелдiлiгі Қазақстанның болашағына байланысты бiрқатар мәселелердi мемлекет алдына қояды. Бiрiншiден, бұл табиғи байлықтардың қайта толмайтынына байланысты оларды пайдалануды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл мемлекеттік кiрiстер мен шығыстар көлемiнiң табиғи ресурстарға деген әлемдiк бағаның күрт әрi алдын ала болжанбаған ауытқуларына тәуелдiлiгін төмендету мәселесi.
Қазақстанда 2000 жылдан бастап әлемдiк қаржы нарығындағы қолайлы конъюнктураға байланысты республикалық бюджетке табиғи ресурстарды өндiруге байланысты төлемдердiң түсiмi айтарлықтай өсті. Сонымен қатар, көмiрсутегiн қазақстандық экспорттаушылардың экспорттық түсiмдерiнiң арта түсiп отырған мөлшерi теңгенiң айырбас бағамын, сондай-ақ инфляцияға да қысымды күшейтедi. Бұл өз кезегiнде отандық тауар өндiрушiлер өнiмдерiнiң бағалық бәсеке қабiлеттілiгін төмендетуге әкеп соқтырады және де отандық өндiрушiлердiң қаржылық нәтижелерiне қолайсыз әсер етедi.
Қазiргі уақытта әлемде тұрақтандыру немесе жинақ қорлары бар онға тарта ел бар. Мұндай қорлардың қаражаты түсiмдерi кiрiстердiң негізгі баптарын құрайтын табиғи ресурстардың белгiлi бiр түрлерiне бағаның ауытқуына байланысты қолайсыз кезеңдерде бюджет шығыстарын қаржыландыру үшiн немесе сыртқы борышты өтеу үшiн, сондай-ақ басқа мақсаттарға пайдаланылуы мүмкiн. Экспорттың шикiзатқа мамандануы орын алған бiрсыпыра мемлекеттердiң тәжiрибесi бюджеттерi әлемдiк баға конъюнктурасының ықпалына ұшырауға бейiм елдер үкiметтерiнiң басы артық түсiмдердi жинақтау үшiн шикiзатқа бағаның қымбаттауы кезеңiн пайдаланып қалу мүмкiндігі бар екенiн көрсетедi.
Қор нарығын дамыту мәселесі жеке инвесторлардың, соның ішінде жеке тұлғалардың қаржыларын бағалы қағаздар нарығына (БҚН) тарту қажеттілігімен және халықтың қаржылық мәдениеті деңгейін жоғарылатумен тығыз байланысты. Осы мақсаттарда Қазақстан халқына бағалы қағаздар нарығы туралы білім беру ел аймағында оқыту мен ақпараттандырудың салалық бағдарламалары өңдеу мен толықтыруды және білім беру курстарына бағалы қағаздар нарығы бойынша пәндер енгізуді қажет етеді
1. Қор нарығы және оның теориялық негіздері
1. 1. Қор нарығы түсінігі, атқаратын қызметтері.
Қаржы нарығы дегеніміз - қаржы қызметтерін көрсету және тұтынуға, сондай-ақ қаржы құралдарының шығарылуы мен айналысына байланысты қарым-қатынастар жиынтығы.
Қор нарығы дегеніміз - акциялар, облигациялар және т. б. бағалы қағаздарды сату-сатып алу жөніндегі ұйымдасқан және үнемі қызмет көрсететін нарық түрі.
Бағалы қағаздар деген не?
Бағалы қағаздардың ең кең тараған түрі акциялар мен облигациялар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы:
- Акцияны сатып алу арқылы сіз өз капиталыңыздың бөлігін акционерлік қоғамға салғандығыңыз бен оның иесі болғандығыңыз туралы куәлік аласыз.
- Облигацияны сатып алу арқылы сіз компания немесе мемлекеттің кредит берушісі боласыз. Соңғысы сізден облигацияларды сатып алуға міндеттенетін борышкеріңіз болады.
Акция дивидент, ал облигация пайыз түрінде кіріс әкеледі. Ең басты кіріс бағалы қағаздарды сату барысында алынатын бағалы қағаздар құнының өсімінен түседі.
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ- Бағалы қағаздар шығару туралы шешімді компанияның тиісті органы қабылдайды. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңында жарияланған акциялардың саны туралы шешімді бірінші құрылтай жиналысы, акциялардың қосымша шығарылымы туралы шешімді - акционерлердің жиналысы, облигациялар шығару туралы шешімді компанияның директорлар кеңесі қабылдайды деп айқындалған.
ҚАРЖЫ КЕҢЕСШІСІН ТАҢДАУ- Бағалы қағаздар шығару туралы шешімді компанияның тиісті органы қабылдайды. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңында жарияланған акциялардың саны туралы шешімді бірінші құрылтай жиналысы, акциялардың қосымша шығарылымы туралы шешімді - акционерлердің жиналысы, облигациялар шығару туралы шешімді компанияның директорлар кеңесі қабылдайды деп айқындалған.
АУДИТОРЛЫҚ КОМПАНИЯНЫ ТАҢДАУ- Компанияны листингіге енгізудің міндетті шарты - аудиттен өткізілген қаржылық есеп-қисаптың болуы (сауда алаңының секторына қарай, листингілік ережелерде айқындалған кезең бойынша) . Бұл үшін эмитент аудиторлық компанияны таңдауға тиіс. ААҚО-ға шығудың артықшылықтарының қатарында - егер компания осы уақытқа дейін қаржылық есеп-қисаптың аудитін іске асырмаған болса, аудитті жүргізуге жұмсалған шығынның өтелуі.
АКЦИЯЛАР ШЫҒАРЫЛЫМЫНЫҢ ПРОСПЕКТІСІ- Бағалы қағаздар шығарылымының проспектісін мемлекеттік тіркеуді Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі (ҚҚА) жүзеге асырады. Шығарылым проспектісі 30 күн ішінде тіркеледі.
ЛИСТИНГ РӘСІМІ- Компания-эмитент листинг туралы өтінімді «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның Листингілік комиссиясына береді. Барлық қажетті құжаттар Биржаға өңдеуден қорғалған (тек оқуға арналған) электрондық түрде, арнайы келісілген пішімде берілуге тиіс. Листингілік комиссия 10 жұмыс күні ішінде арыз бен құжаттардың талаптарға сай екендігі жағынан қарастырады, қорытынды жасайды да, оны ААҚО АСА Сарапшылық кеңесіне тапсырады. Мемлекеттік емес бағалы қағаздарды ААҚО АСА-ның ресми тізіміне енгізу туралы мәселе аталған бағалы қағаздарды арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізу туралы арыз қабылданған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде қарастырылады.
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ- Эмитенттің бағалы қағаздарын сәтті орналастыру Эмитент пен оның серіктесі - андеррайтердің (оның рөлінде әдетте оның қаржы кеңесшісі әрекет етеді), бірлескен іс-қимылдарына байланысты болады, андеррайтер шығарылған бағалы қағаздарды сатумен кәсіби түрде айналысады, орналастыру тәсімін әзірлейді және ықтимал инвесторлармен өзара әрекеттеседі.
Ұйымның құнды қағаздарын АӨҚО АСА-да орналастырудың пайдалары
Ұйымның құнды қағаздарын АӨҚО Арнайы Сауда Алаңда орналастырудың пайдалары:
Даму үшін капитал тарту мүмкіндігі
- Салыстырмалы қысқа мерзім ішінде қосымша капитал түсімі, жылдам даму мүмкіндігіне ықпал етеді.
Биржада капитал қол жетімді
- Эмиссия капитал тартудың анағұрлым қолжетімді формасы болып табылады. Компания листингтің минималды критерийлеріне жауап беретіні және инвесторларды өз бизнесі жүргізілетініне сендіретіні жеткілікті.
Биржада бағалары белгіленген компанияның мәртебесі маркетингтік құндылыққа ие
- Биржаның тізімдеріне енгізілген компаниялар тобындағы мүшелік - компанияның атақтылығын және танымдылығын ұлғайту мүмкіндігі болып табылады;
- Ол түрлі себептермен БАҚ-да өз жетістіктерін жариялай алмаған компаниялар үшін өте маңызды.
Биржада бағалары белгіленген компаниялар анағұрлым тиімді және жақсы нәтижелерге қол жеткізеді
- Эмиссияға дайындықтың өзі-ақ компанияның істерін түбегейлі қайта қарап шығып, ретке келтіруге, мысалы, стратегияны жаңадан белгілеуге, ұйымдастыру құрылымын өзгертуге және корпоративтік басқаруды енгізуге және т. б. мәжбүрлейді;
- Компания қызмет көрушілер мен серіктестер үшін анағұрлым ашық және деректі болады.
Бізбен бірге іс жасау оңай
- АӨҚО АСА әлеуеті эмитенттерге қолдау көрсететін түрлі жеңілдіктерді жүзеге асырады;
- АӨҚО АСА шетелдегі орналастыруларсыз шетел инвестициларына қол жеткізу мүмкіндігін ұсына алады.
Шығарылымның негізгі артықшылықтарын бағалаңыз:
- Акцияның бағасы компанияның нарықтық құнын анықтауға мүмкіндік береді, ал ол компания қызметінің маңызды индикаторы болып табылады
- Қайтару қажеттігісіз ұзақ мерзімді капиталға қол жеткізу мүмкіндігі
- Компания қызметінің айқындығын жоғарылату. Компанияның беделі мен абыройын нығайту
- Компания қызметінің айқындығын жоғарылату. Компанияның беделі мен абыройын нығайту
- Кепілзат берусіз қаржыландыруды тарту мүмкіндігі
- Міндеттемелер портфелі диверсификациясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қосымша қарыз капиталы
- Займға қарағанда салыстырмалы шығындар
- Эмитенттің өзі облигациялардың төлеу мерзімін анықтайды
Қор нарығында акциялар мен облигациялар түріндегі бағалы қағаздарды сатып алу барысында жеке тұлға қандай кіріс түрін алады?
Бағалы қағаздардың аталған түрінен түсетін кірісті екі категорияға бөлуге болады: Эмитенттердің төлейтін кірісі: Акциялар бойынша - дивиденттер (акционерлік қоғам төлейтін акция бойынша төлеуге жататын кіріс) . Облигациялар бойынша - дисконт немесе купон түрінде сыйақы беру. Купон - шығарылым шарттарына сәйкес эмитенттердің облигация номиналдық құнынан жоғары төлейтін қаражаты. Негізінен әр жарты жылдықта. Дисконт - номиналдық және алғашқы орналастыру құны немесе облигацияны сатып алу құнының арасындағы айырмашылық. Баға өсімі - бағалы қағазды сатып алу бағасы мен оны нарықта сату бағасының арасындағы айырмашылық.
Бағалы қағазды қалай сатып алуға болады?
Қазақстанда бағалы қағаздар операциясын биржада және биржадан тыс жерде жүргізуге болады. Биржалық қордағы жұмыс брокерлер арқылы жасалынады, алайда оларға комиссия төлеу қажет. Биржадан тыс нарықта брокерлерсіз-ақ жұмыс жасауға болады. Қор операциялары орталығы арқылы жүзеге асырылатын мәмілелерге делдалдар қатысады. Тағы бір айта кететін жайт, биржада эмитенттердің барлығының акциялары қатыспайды. Өйткені сатып алынатын бағалы қағаздар сатылатын бағалы қағаздар тізіміне енуі тиіс. Егер биржадан тыс бағалы қағаздарды сатып/сатып алсаңыз, қарапайым жазбаша түрде контрагентпен бағалы қағаздарды сату-сатып алу келісімшартын жасап, оны нотариуста тіркету қажет. Содан кейін сатушы тіркеушіде ресімдететін бағалы қағаздарға деген меншік құқығын өткізуі туралы бұйрықты толтырады. Тіркеуші - қор нарығының кәсіби қатысушысы, ол реестр үлгісінде бағалы қағаздардың меншік құқығын тіркейді. Биржалық сауда - ұйымдастырылған нарықта сатып алу дегенді білдіреді. Саудаға түсу үшін, брокерді таңдап, онымен брокерлік қызмет туралы келісімшарт жасасу қажет. Одан кейін инвесторлар брокерлік шот ашып, оған бағалы қағаздарды инвестициялауға бағытталған ақшаны аударулары керек. Осы шоттан бағалы қағаздар төлемақысы жүргізіледі, сонымен қатар қағаздардан түскен қаражат та аталған шотқа келіп түседі. Мұнымен қоса, инвесторлар брокерден депо шотын ашуы тиіс. Егер клиенттер ақшасы арнайы брокерлік шотта жатса, бағалы қағаздар депода сақталынады. Сатып алынған бағалы қағаздар дәл осы жерге аударылады.
Бағалы қағазды қалай сатуға болады?
Ол үшін тек өз брокеріңізге осы немесе басқа бағалы қағазды сату туралы тапсырыс беру қажет. Сонымен қатар, бағалы қағазды биржадан тыс өз бетінше сатуға да болады. Бұл жағдайда, сатушы сатып алушыны тауып, онымен сату/сатып алу келісімшартын жасасады. Келісімшарт нотариуста тіркелгеннен кейін, бағалы қағаз бен ақша аударымы жүреді.
Сатылып жатқан бағалы қағаздар тізімін қайдан алуыма болады?
Листингтік компаниялар тізімін қор биржасы сайттарынан табуға болады. Жекелеп айтсақ, «Қазақстан қор биржасы» АҚ http://www. kase. kz/ сайтының «Эмитенттер» айдарында қажетті ақпараттар ұсынады. Басқа бағалы қағаздар жайлы ақпарат шетелдік қор биржалары сайттарында және брокерлердің өздерінде болады.
Биржалық және ресми валюталық курс деген не?
АҚШ долларына шаққандағы теңгенің курсы - Қазақстан қор биржасының таңертеңгі (негізгі) сессиясында белгіленген АҚШ долларына шаққандағы теңгенің орташа өлшемдік биржалық курсы. Шетелдік валютаға қатысты теңгенің ресми курсы - өткен саудаластық жұмысы күніне сәйкес алматы уақыты бойынша сағ. 11-дегі KASE-ң таңертеңгі сессиясының қорытындысына қатысты теңгенің орташа өлшемдік биржалық курсы.
Хеджирлеу деген не?
Портфельдік инвестициялаудағы хеджирлеу - портфельге (туынды) қаржы құралдарын енгізу, негізгі позициялар бойынша шығынды теңететін негізгі актив құнының өзгеруінен түсетін кіріс. Мәселен, инвестор 120 теңгеден 100 акция сатып алды. Ол оны ұзақ уақыт портфельде сақтауды ойластырды. Алайда, аталған акциялар құнының төмендеп кету тәуекелі бар. Сондықтан, хеджирлеу, яғни, мүмкін шығын түрлерінен сақтандыру мақсатында инвестор фьючерс немесе осындай акцияларға опцион алады. Мысалы, 7 айдан кейін 100 акцияны 125 теңгеден сату құқығы туынды қағаздар шарттары болып табылады, ал аталған келісімді жасасқан үшін инвестор 15 теңге төлейді. Осылайша, егер 7 айдан кейін акциялар құны 120 теңгеден 110 теңгеге төмендеп кетсе, инвестор өз құқығын іске асыру арқылы, 15 теңгені құрайтын жалпы шығынды (туынды бағалы қағаз құны) өтеп, әрбір акцияны 125 теңгеден сата алады.
Биржадан тыс мәміле деген не?
Биржадан тыс мәміле - тауарлар немесе бағалы қағаздары ұйымдастырылмаған нарықта, яғни биржадан тыс жерде сату/сатып алу. Мәміле нотариуста тіркелетін сату-сатып алу келісімшартын жасау тәсілі бойынша ресімделеді. Есептесуді тікелей мәміле жасаушы тараптар қаағалайды.
ІРО деген не?
«ІРО» сөзінің ағылшын тілінен тікелей аудармасы «алғашқы жариялық ұсыныс» деген ұғымды береді. Негізінен бұл термин барлық инвесторларға арнап биржалық немесе биржадан тыс алаңда қарапайым акцияларды сату мен ұсыныс жасауды білдіреді.
Секьюритизация деген не?
«Секьюритизация» ағылшынның securities (бағалы қағаздар) және securitу (қауіпсіздік) сөздерінен шыққан. Секьюритизация -кәсіпорын немесе банктің қандай да бір активтермен қамтамасыз етіліп шығаратын бағалы қағаздары (asset-backed securitization - ABS) . О бастан секьюритизация механизмі ипотекалық несиемен қамсыздандырылған (mortgage-backed securitization - MBS) бағалы қағаздар үшін жасалған. Сызбасы айтарлықтай қарапайым: банктер кепілдік пулын құрайды және соның негізінде борыштық міндеттеме шығарады. Міндеттеме былайша құрылған, оның ұстанушысы кірістің белгілі үлесін алады. Пулдың өзі банктен дербес жұмыс жасайтын «арнайы тағайындау компаниясы» басқармасына беріледі. Кепілдік пулының мұндай ерекшеленуі борыштық қағаз ұстанушыларын банк банкроттығының тәуекелінен арылтады. Банк өз кезегінде өз балансындан ұзақ мерзімді активтерді алып шығу және сол арқылы оның төлемпаздығын арттыру мүмкіндігіне ие болады. Секьюритизация мәмілесі активтердің әрбір түрі бойынша бағалы қағаздардың белгілі түрлерін шығару мүмкіндігін береді. «Секьюритизация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабына сәйкес, секьюритизация - белгіленген акивтермен қамтамасыз етілген облигация шығару жолы бойынша ақшалай талап шегінімімен қаржыландыру.
Портфель диверсификациясы деген не?
Портфель диверсификациясы - бір немесе бірнеше бағалы қағаздар құнының төмендеуі барысында қатаң шығындардан құтылу мақсатында өте көп бағалы қағаздардан инвестициялық портфельді құру.
Акция» деген не?
Акция - акционерлік қоғам тарапынан шығарылатын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, яғни жалпы жиындарда дауыс беру, сол бойынша ликвидация кезінде дивиденд және қоғамның жарты мүлкін алу құқығын дәлелдейтін бағалы қағаз, сонымен қатар Қазақстан Республикасы «Акционерлік қоғам туралы» заңда қарастырылған өзге де құқықтар. Акцияның екі түрі болады - қарапайым және артықшылықты.
Артықшылықты акция деген не?
Артықшылықты акция акционерлер үшін дауыс беру құқығынсыз дивидендтер түріндегі қалыпты кіріс алу құқығын ұсынады. Кей жағдайларда артықшылықты акция қоғамды басқаруға қатысу құқығын ұсынады.
Дивидендтер деген не?
Дивидендтер -акционерлік қоғам тарапынан өз акцияларының иелеріне (акционерлерге) төленетін сыйақы, яғни акционерлік қоғам акционерлер арасында өзінің таза кірісін дивидендтерді төлеу тәсілі арқылы жүзеге асырады.
Опцион деген не?
Опцион - бір тарап (опционды сатушы) сату немесе сатып алуға міндетті, ал екінші тарап (опционды сатып алушы) аталған келісімшартта көрсетілген мүлікті (негізгі активті) белгілі бір мөлшерде, келісілген бағамен сатып алу немесе сату құқығын иеленетін келісімшарт түрі. Саудаластықты ұйымдастырушы жағынан осы келісімшарттың жай-күйін бір үлгіге салған жағдайда, ол туынды бағалы қағаз ретінде қолданысқа ене алады.
Фьючерстік өзара шарт деген не?
Фьючерстік өзара шарт - бүгінгі күні белгіленген, яғни мәмілені жасаған сәттегі баға бойынша, бірақ операцияның өзін болашақта, белгілі бір уақыт аралығынан кейін орындалатын сатып алу-сату жөніндегі келісімдер.
Своп деген не?
Своп - белгілі бір мерзім ішінде белігілі бір шарттар бойынша екі жақтың қаржы құралдарымен айырбасы жөніндегі келісімін куәландыратын туынды бағалы қағаз түрі.
Тіркелген пайыздық табысы бар бағалы қағаздар нарығы деген не?
Әр түрлі эмитентпен шығарылған бағалы қағаздардың негізгі немесе қайталама нарығы
Өтімділік деген не?
Фирма өз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін өзіндегі активтерді ақшалай қаражатқа жылдам айналдыру мүмкіндігі.
Жарғылық қор деген не?
Құрылтайшыларының кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың тұрақты иелігіне беретін материалдық және ақшалай қаражаттар жиынтығы.
Дилер деген кім?
Дилер - өз атынан және өз есебінен делдалдық сауда операциясын жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға. Тауар өткізу жүйесінде дилер өз қызметімен түпкілікті тұтынушыға жақын.
Тіркелген пайыздық табысы бар бағалы қағаздар нарығы деген не?
Әр түрлі эмитентпен шығарылған бағалы қағаздардың негізгі немесе қайталама нарығы
Қоғамның бағалы қағаздарын ерекше сатып алу құқығы нені білдіреді?
АҚ туралы Заңның 16 бабының 1 тармағына сәйкес, қоғамның қарапайым акцияларына конвертацияланатын жарияланған акциялар немесе басқа да бағалы қағаздарды орналастыруға және бұған дейін сатып алынған бағалы қағаздарды орналастыруға ниет білдірген қоғам, оларды сатуға дейін 30 күн бұрын жазбаша түрде немесе баспасөз бетінде жариялау арқылы өз акционерлеріне оларда бар акция бағасы бойынша тең шарттар негізінде бағалы қағаздарды алуды ұсынулары міндетті. Қоғамның қарапайым акцияларына ие акционер қарапайым акциялар немесе басқа да бағалы қағаздарды ерекше сатып алуға құқылы. Қоғамның артықшылықты акцияларына ие акционер қоғамның артықшылықты акцияларын ерекше сатып алу құқығына ие.
ПИҚ қандай артықшылықтарға ие?
ПИҚтың негізгі артықшылығы, инвестор айтарлықтай аз ғана қаражатпен ұжымдық инвестициялауға қатысу арқылы қор нарығында кәсіби басқарудың барлық артықшылықтарын қолданады. ПИҚ арқылы инвестицияланған кішігірім қаражаттың өзі диверсифицияланады, яғни пайлық қордың активтері тәуекелді азайту үшін бір мезгілде бағалы қағаздың тек бір түріне ғана салынбайды. Қордың қызметі туралы ақпарат айтарлықтай жетімді. Мемлекет тарапынан қатаң бақылау. Жеңілдікті салық салу.
ПИҚ мүліктері кімге қарайды?
Қорды құрайтын мүлік инвестициялық пай иелерінің жалпы мүліктері болып табылады. Ол үлестік меншік құқығы бойынша оларға тиесілі.
Дефолт деген не?
Дефолт - эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге қаржы құралдары бойынша эмитенттердің өз міндеттерін орындамауы.
Шектеу деген не?
Шектеу - бағалы қағаз ұстаушыларының тізілім жүйесінде және бағалы қағаздардың сақталуын кепілдендіру мақсатында жүзеге асырылатын атаулы ұстаушылардың есеп жүйесінде бағалы қағаздармен байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге уақытша салынатын тыйым.
Эмиссиялық консорциум деген не?
Эмиссиялық консорциум - эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнінде эмитентке көмек көрсету мақсатында бірлескен қызмет туралы келісімшарт негізінде жасалған андеррайтерлер бірлестігі
Андеррайтер деген кім?
Андеррайтер -брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру лицензиясына ие және эмитенттерге арнап эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және орналастыру жөнінде қызмет көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.
Тикер деген не?
Тикер - 1) биржадағы соңғы мәміленің бағамын тіркейтін әрі оларды ақпарат таблосында жүгіртпе жолдар түрінде беретін электрондық жүйе; 2) ағымдағы қаржы ақпаратын қағаз таспада жедел беретін телеграфтық аппарат.
Дилер деген кім?
Дилер - өз атынан және өз есебінен делдалдық сауда операциясын жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға. Тауар өткізу жүйесінде дилер өз қызметімен түпкілікті тұтынушыға жақын.
Миноритарий» немесе «миноритарлық акционер» деген кімдер?
«Миноритарий» немесе «миноритарлық акционер» дегеніміз акционерлік қоғамның дауыс беруші акциясының кемінде он пайызына ие акционер.
Кастодиан деген кім?
Кастодиан - клиенттердің қаржы құралдары мен ақшаларын жүзеге асыратын, есеп және олар бойынша құқықтарын растау, оларды сақтау жөнінде өзіне міндеттеме қабылдап клиенттердің құжаттамалық қаржы құралдарына сақтау және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес басқа қызмет жүргізетін бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы
... жалғасыТрансфер-агент деген кім?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz