Ақшаның экономикалық мәні, қызметтері және түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 2
І. Ақшаның мәні және қызметтері 3
1.1 Ақшаның пайда болуы және жаратылысы 3
1.2 Ақшаның экономикалық мәні, қызметтері және түрлері 6
ҚОРЫТЫНДЫ 14
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 15

Мол ақша табу – батырлық;
оларды сақтай білу – ақылдылық,
ал тиісінше жұмсай білу - өнер.

Б. Ауэрбах

Ақша ашпайтын құлып жоқ.
Қазақ мақалы.

КІРІСПЕ

Ақша - адамзаттың ойлап тапқан керемет өнертапқыштығының бір куәсі
деуге болады. Біздің заманымызда ақша көптеген адамдар үшін өмірдің негізгі
мәні болып отыр. Адамдар ақшалай табыс табу үшін өзінің барлық уақытын сарп
етуге дайын.
Ақша – бұл тарихи даму үрдiсi барысында қалыптасқан экономикалық
категория болып саналады. Ол қоғам дамуының әрбiр кезеңiндегi өндiрiс және
айырбас процестерiнде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды
көрсетедi. Қоғамның экономикалық дамуы күрделенген сайын, ақшаның маңызы
арта түседi. Ақша – тауарлы өндiрiстiң өнiмi. Ақша- кез-келген тауар
айналысының құрамдас бөлiгi және оның нәтижесi. Тауар және ақша бiр-бiрiнен
ажырамайды, себебi ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да
мүмкiн емес.

Ақша тауардан дами отырып тауар болып қала бердi, бiрақ
тауардың жалпылама эквивалентi ретiнде. Расында да, ақша адамдарға ежелден-
ақ таныс. Бiрақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және
өмiрiндегi мәнi көп уақытқа дейiн беймәлiм болды. Бұл сұрақтарға қоғам
өмiрiн зерттей келiп, көптеген ғалымдар ақшаның тауар айналымында атқаратын
маңызын жан- жақты ашып, жауап бердi.
Ақша – бәріміздің де сұранымдарымызды қанағаттандырудың ортақ символы
іспеттес қоғамдағы әмбебап құрал.

І. Ақшаның мәні және қызметтері

1.1 Ақшаның пайда болуы және жаратылысы

Ақшаның пайда болуын б.ғ.д. 7 ғасырға жатқызады. Бұл кездерде өмір
сүрген тайпаларда белгілі бір затты тұтынуда артықшылық пайда болды. Ол
затты олар басқа затқа алмастыра алды. Көбінесе тайпалар малды, бағалы
тастар, металды үлкен ауқымда пайдаланды. Менің ойымша зат ақша ретінде
белгілену үшін ол ең алдымен сатушылар мен сатып алушылар арасында қолдау
табу керек.
Ақша қоғамның өзімен анықталады. Қоғамның айырбас ретінде
қабылдайтынның бәрі ақша деп танылады.
Ақшаны пайда болу тарихының екі концепциясы бар: біріншісі –
рационалистік, екіншісі – эволюциялық.
Рационалистік тұжырымдама бойынша ақша айырбасқа қатысатын адамдар
арасындағы жалпыға ортақ бірліктің қажеттігіне байланысты келісім
болғандығымен түсіндереді. Аристотель өзінің Никомахтың этикасы атты
жұмысында былай деп жазады: Айырбасқа қатысатын барлық заттың баламасы, не
бағамы болуы тиіс... Айырбас жасау үшін белгілі шарттылыққа негізделген
бірлік болуы қажет.
Эволюциялық тұжырымдамаға сай ақша тауарлар әлемінен бастау алып, ұзақ
тауарлық айырбас барысында тауарлар әлемінің арасынан ақша роліне барынша
лайықты болған тауарды жеке-дара бөлініп шығуынан басталады. Ақшаның пайда
болуының эволюциялық тұжырымдамасын біршама толығырақ қарастырайық.
Қоғамдық дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз
тұтынуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімін анда-санда
кездейсоқ кездескенде басқа бір қауымның өніміне айырбастайды. Сонда, адам
еңбегінің нәтижесі - өнім (зат). Ал оны өндірушілердің белгілі бір қоғамдық
қатынастарын, яғни өнімді сату-сатып алу қатынастарын дәлелдейтін түрі -
тауар. Тауар дегеніміз сату-сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек өнімі,
немесе тауар - еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы. Тауар ең алдымен
өндірушінің басқа өнімдерге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек өнімі
түрінде айырбас кезінде, яки нарықта көрінеді. Егер өнім өндірушінің өзінің
тұтынуы үшін жұмсалса, ондай еңбек өнімі тауар сипатын алмайды. Мәселен,
етікші өзі тіккен етікті өзі пайдаланса, онда ол тауар емес, тұтыну заты.
Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектің нәтижесі
- тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса, қоғам оны мойындамағаны, онда оны
жасауға жұмсалған уақыт босқа кеткен уақыт болғаны да, зат тауар түріне ие
бола алмағаны, себебі ол қоғамға керексіз зат. Тауардың басқа адамдардың
қажетін қанағаттандыратын қасиеті тауардың тұтыну құны болады, яғни
тауардың қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тұтыну құны тауарды
өндірушінің өз қажетін емес, басқа өндірушінің тауарына айырбастау аркылы
басқа адамдардың қажетін өтейді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу
қасиетін оның айырбас құны деп атайды. Айырбас құнын тауарлар сатылғанда
ғана ілесе жүретін бағалық көрсеткіш айқын көрсетеді. Сонымен тауардың
тұтыну құны басқа адамдардың қажетін қанағаттандыру қасиетінен шығады да,
ал басқа тауарларға айырбасталу касиетінен айырбас құны шығады. Әрбір тауар
өзінің өндірушісіне айырбас құны ретінде тұтыну құнын алатын құрал болады.
Айырбас кұны, яғни тұтыну құндары айырбасталуының пропорциясы, ол - құнның
айырбас актісіндегі сыртқы көрінісі.

1-сұлба. Ақшаның пайда болуы туралы концепциялар

Айта кететін жәйт, кез келген пайдалы зат құн бола алмайды. Себебі
адам еңбегі жұмсалмаған заттардың құны жоқ. Мысалы, өңделмеген тың жер,
өзендер мен теңіздер, жабайы жемістер, т.б. Сонда құн деген не? Құн
дегеніміз - тауар өндіргенде жұмсалатын еңбек жиынтығы. Қоғам дамуының
негізі - еңбек. Сондықтан, тауарға сіңген қоғамдық еңбек тауардың құны
болады. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан еңбек шығындары өздігінен өнімді
құн ете алмайды. Құнды көруге, сезінуге бола ма? Өнімнің құны болуы үшін
белгілі-бір қоғамдық жағдай болуы қажет - ол тауар өндірісі, яғни
өндірістік қатынастар, оның ішінде айырбас қатынастары болуы шарт. Ол тек
тауар өндірушілердің ғана қатынастары. Айырбас кезінде олардың белгілі бір
тауарды басқа тауарларға теңестірулері кезінде, яғни айырбас құны арқылы
көрінеді. Тауарлардың құнын зертханада физикалық, ия болмаса химиялық
талдау жасап байқауға болмайды. Оны тек қоғамдық сипатта - нарықта, айырбас
кезінде байқауға болады. Сөйтіп құн деген заттың қоғамдық қасиеті.
Құн - тарихи категория. Құнның негізі - адам еңбегі. Құн - еңбектің
нәтижесі, еңбек жемісі. Құн деген идея адамзат тарихында көптен бар. Ал
оның еңбек теориясының негізін қалаушылар ХVІІ ғасырдағы ағылшын экономисі
У.Петти, ХVІІ ғасырда өмір сүрген шотландық А.Смит, XIX ғасырдағы ағылшын
бизнесмені Д. Рикардо болды. Ал құнның еңбек теориясына басты үлесті XIX ғ.
К. Маркс қосты. Ол тауарға жұмсалатын еңбектің екі жақты сипатын, яғни
белгілі бір тұтыну құнын жасайтын нақты еңбекті және құнның сыртқы
көрінісін жасайтын абстрактылы еңбекті ашып, оны жан-жақты талдады.
Тауардың екі жағының - тұтыну құны мен құнының - қайшылықтары болғанымен,
ол ажырағысыз бірлік түрінде көрінеді.
Тауардың ішкі қайшылықтары қандай жағдайда шешіледі деген сұраққа
жауап іздестірейік. Қоғамдық еңбек, яғни басқалар үшін еңбек ету қоғам
дамуының барлық сатыларында болады. Алғашқы қауымда да, патриархаттық
отбасында да адамдар өз күш-қуатын жұмсай отырып, өз отбасына қажетті өнім
шығарып, бір-біріне еңбек етті. Алайда мұнда құн пайда болған жоқ. Себебі
тауар пайда болған жоқ, яғни еңбек өнімдері айырбасқа түскен жоқ. Тауар
болу үшін өнімнің басқа бір өнімге айырбасталу қасиеті ол өнімді сату-сатып
алу кезінде, яғни нарықта оны тұтыну құны және құн етеді. Өйткені, егер
өнім (зат) сатылса, оның тұтыну құны басқаның қажетін өтеуге керек болғаны.
Бұл біріншіден. Екіншіден, оның құнының бар екені дәлелденгені. Міне дәл
сатып алу-сату жағдайында (нарықта) тауардың ішкі қарама-қайшылықтары
шешіледі.
Осылайша, мынадай қасиеттері бар тауар бөлініп шықты:
1) Ұзақ сақталатындығы.
Ақша ретінде сақталғыштығы төмен затты алу мұлде тиімсіз екенімен
келісетін шығарсыз, себебі біршама уақыттан соң ол бұзылып өзінің ролін
атқара алмайтын болса оның қажеті шамалы емес пе?
2) Жинақтылығы (яғни, көлемі кішкентай болғанымен құнының жоғары
болуы).
3) Экономикалық бөлінгіштігі.
Кез келген пропорцияда бөліне алмаса ол онда ақша ролін атқара
алмайды.
4) Табиғатта аз кездесетіндігі.
Адамзат қоғамының даму сатыларында айырбас қатынастары да дамып, одан
әрі жетіліп, нарықта тауарлар тек натуралды зат ретінде ғана бір-біріне
айырбасталып қоймай, бүкіл тауарлар дүниесінен ерекше бір тауар, яғни тауар-
ақша пайда болды. К. Маркстың сөзімен айтқанда: "Айырбас құны, тауарлардан
бөлініп және сол тауарлармен қатар дербес тауар ретінде жүретін тауар, ол -
ақша" Әрбір жеке тауар тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны белгісіз,
ол тек тауарды ақшаға теңгергенде ғана анықталады. Тауар мен ақша айырбас
процесінде бірін-бірі алмастырады және біріне-бірі теңгеріледі.
Ақша деген тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның
эквиваленттік формасымен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Немесе
ақша деген тауар өндіру мен оны айрыбастау процесінде басқа тауарлардан
бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айырықша қызметі - барлық тауарларға
ортақ балама (эквивалент) ролін атқару.

2-сұлба. Ақша қасиеттері

1.2 Ақшаның экономикалық мәні, қызметтері және түрлері

Жоғарыда айтылғандай, бір тауарды екінші тауарға айырбастау мүмкін
болмаған кезде, оның иесі өз тауарын басқа бір, көбірек тараған, құндырырақ
тауарға айырбастады, сонан соң, сол тауарды өзіне керек тауарға
айырбастайтын болды.
Осылайша бір тауардың құнын екінші бір тауардың құнымен баламалап
анықтайтын құнның жалпыға бірдей нысаны пайда болды. Алғашқы кезде жалпы
құнның баламасының міндетін әртүрлі тауарлар орындады. Бара-бара, ол
міндетті орындау үшін көбірек пайдаланатын бірақ тауар іріктеліп алынды.
Бұл жөнінде К.Маркс былай деген: "Натуралдық нысаны балама нысанымен
қоғам бойынша, тұтасып кеткен ерекше тауар, ақшалай тауар болып табылады,
яғни ол ақша болып жұмыс істейді". Осыған байланысты ақшаның мәнін былай
деп келтіруге болады. Ақша ерекше тауар, жалпыға бірдей балама, яғни, басқа
тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны.
Ақша - тауардың ерекше қасиеті, оның кез келген басқа тауарлардың
құнын көрсете алатындығы, оның жалпыға бірдей балама болып жұмыс
істейтіндігі, яғни, алмастырудың жалпыға бірдей құралы екендігінде. Ақшаның
тағы бір ерекше қасиеті құнның сақталуын қамтамасыз ететін күші болып
табылады. Мысалы, құнды товарға салса, оның ақшалай көлемі күн санап азая
береді. Өйткені, ол тауарды сақтау үшін белгілі көлемде шығын шығарылады.
Ал, егер, құн ақшаға салынса, ондай шығын болмайды.
Ақшаның мәнін көрсетуші оның атқарымы болып есептеледі. Экономиканың
кез келген үлгісінде ақшаның атқарымы өзгермей, бір қалыпта қалады. Қазіргі
жағдайда да (нарық жағдайында да) ақшаның атқарымдары бұрынғыдай:
1) Ақша құнды өлшеуші ретінде.
2) Ақша, айналым құралы ретінде.
3) Ақша төлем құралы ретінде.
4) Ақша қорлану құралы ретінде.
5) Дүниежүзілік ақша атқарымы ретінде,
Айта кететін нәрсе, көрсетілген атқарымдарды тек ақша ғана орындай
алады.
Ақша құн өлшемі ретінде. Ақшаның бұл атқарымы оның көлемі мен тауардың
өзіндік құны анықталған кезде байқалады. Бұл жерде тауардың өзіндік құны,
оны өндіру жолындағы, қоғамдық қажетті шығынмен тең. Олай болса, тауар
өндіру, болмаса басқаша қызмет көрсету үшін алдымен еңбек бұйымдарын табу
керек, тек содан кейің солардың көмегімен керекті өнім шығарылады, болмаса,
қызмет көрсетіледі. Осыған байланысты жаңадан шығарылған тауардың
(көрсетілген қызметтің) өзіндік құны екі элементтен тұрады. Біріншісі,
жоғарыдағы айтылған еңбек құралдары мен еңбек бұйымдарының құны. Өйткені,
ол түгелімен жанадан шығарылған өнімнің (көрсетілген қызметтің) өзіндік
құнына ауысады. Екіншісі, осы өнімді өндіру жолындағы жұмсалатын тірі еңбек
күшінің құны. Сонымен қатар, жаңа өнімнің өзіндік құнына қосылатын еңбек
құралдарының және еңбек бұйымдарының құны да, тірі еңбек күшінің құны да
әрбір тауар өндірушілерде бірдей болмайды. Өйткені, барлық тауар
өндірушілердің техника мен жабдықтандырылуы, мамандық дәрежесі және
үнемшілдігі әр түрлі. Сондықтан әрбір өндірушінің өндірген бір түрлі
тауарларының, өзіндік құны әртүрлі болады. Алайда, кез келген тауар, тек
қоғамдық қажетті шығынға байланысты бағаға сатылады.
Осыдан біз ақшаның құн құралы ретіндегі атқарымын көреміз.
Ақша айналым құралы ретінде. Барлық тауарлар, қай жерде шығарылғанына
қарамастан, қандай меншіктің шығарғанына қарамастан, керекті уақытында
сатылуы керек. Яғни, құнның тауарлық нысаны ақшалық нысанға ауысуға тиісті.
Сонымен қатар, әрбір тауар өндіруші, сатылған тауардан түскен ақшаға
жаңадан құрал саймандар мен еңбек бұйымдарын сатып алады, еңбек ақы
төлейді, және басқа да шаруашылықтың қажеттерін қанағаттандырады. Сөйтіп,
өндіру мен өткізу процесін үздіксіз жалғастырады (ұдайы өндіріс).
Сонымен, ақшаның айналым құралы ретінде жұмыс істеуі ақшаның тауарға,
тауардың ақшаға айналуының толассыз тізбегі болып табылады. Осылайша ақша
үздіксіз айналымда жүреді.
Бұл атқарымның өзіне тән бір ерекшелігі, ақша мен тауардың біріне-
бірінің қарсы қозғалатындығында: ақша сатушыға қарай қозғалса, тауар сатып
алушыға қарай қозғалады.
Айта кететін бір жайт, осы айналымның құралы ретінде жұмыс істеу, тек
ұлттық ақшаға ғана тән. Заң бойынша елдің ақша айналымында басқа
мемлекеттің ақшасы болуға тиіс емес. Өйткені, олай болған күнде айналымдағы
ақшаның саны көбейіп, сапасы азайып, құнсыздандыруына апарып соғады.
Басқаша айтқанда, айналымда жүрген ақшаның саны (ақшаның көбейуі) осы
атқарымның дұрыс орындалуымен тығыз байланысты. Егер, ақша айналымы тезірек
жүрсе, айналымға керек ақшаның саны азаяды. Керісінше, айналымның қозғалысы
баяулап кетсе, айналымда көбірек ақша жүруі керек.
Ақша төлем құралы ретінде. Бұл атқарымға тауардың қозғалысы мен
ақшаның қозғалысындағы айырмашылық тән. Өйткені, тауар, оны сатып алушының
қарауына, ақшаның, сатушының қарауына түсуіне қарағанда, әлдеқалай көп
түседі. Егер сатушы мен сатып алушының арасындағы келісім бойынша тауардың
құны алдын ала төленетін болса, ақша сатушыға ертерек түседі. Сөйтіп,
келтірілген екі нұсқада да тауар мен ақшаның қозғалысы екі бөлек.
Тарих тұрғысынан қарағанда, ақша төлем құралы ретіндегі атқарымда
тауарды несиеге берумен байланысты пайда болған.
Бұл жөнінде К.Маркс былай деп жазған: "Бір тауардың иесі өзінің қолда
бар тауарын сатады, ал басқа біреу оны сатып алады, тек ақшаның өкілі
ретінде, тіпті болашақ ақшаның өкілі ретінде. Сатушы несие беруші болады
да, сатып алушы қарыздар болып қалады".
Ақшаның бұл атқарымы, несие беріп және оны қайтарғанда, қаржы
органдарымен ақшалай қарым-қатынаста (салық бөлімдері), халыққа қызмет
ететін кәсіпорындар мен көрсетілген қызметі үшін есеп ажырасқанда, жеке
тұлғаларға еңбек ақы, зейнет ақы, жәрдем ақы, стипендия және басқа да
ақшалай төлемдерді өтегенде байқалады. Көбінесе жоғарыда айтылған төлемдер
қолма-қол ақшасыз, яғни бір шоттан екінші шотқа аудару арқылы жүргізіледі.
Қолма-қол ақша тек, есеп ажыратушылардың бір жағы (біреуі) жеке тұлға
болғанда ғана қолданылады.
Ақшаның осы атқарымында, қолма-қол ақшасыз есептесетін жеке
тұлғалардың үлесі қаншалықты төмен болса, қолма-қол ақшамен есептесетін
заңды тұлғалардың үлесі соншалықты төмен (егер есеп ажыратудың барлық
ережелері бұзылмаған болса).
Ақшаның төлем құралы ретінде атқарымының жоғарыда айтылған айналыс
құралы ретіндегі атқарымынан айырмасы, бұл атқарымды, ұлттық ақшамен қатар,
басқа елдердің ақшалары да орындай алады. (сақтық кассаларға ақша салып,
оны қайтып алғанда, экспорттық және импорттық мәмілелер жүргізгенде, басқа
елдермен және олардың азаматтарымен басқа да төлемдер жүргізгенде).
Ақша қорлану құралы ретінде. Бұл атқарымды, айланыс құралы, болмаса
төлем құралы ретінде айналыста жүрген ақшалар емес, айналысқа қатынаспай
жүрген ақшалар ғана орындайды. Оның ішінде халықтың қолында жүрген ақша,
банкілердегі есеп шоттарда қалған жеке және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша - жалпыға ортақ тауардың эквиваленті
Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы
Ақша айналысы мен заңы
Ақша айналымының құрылысы
«Қоғамдық ұдайы өндірістегі ақшаның мәні, функциялары және рөлі»
Ақшаның мәні мен қызметтері
Ақша айналысы және Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібін талдау
Ақшаның маңызы мен қажеттілігі, шығуы
Ақша жүүесінің мәні, түрлері және даму тенденциялары
Ақша айналысы, оның маңызы мен құрылымы
Пәндер