Макраэкономика пәні


Макраэкономика пәні
Макраэкономика ғылым ретінде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас жүйе ретінде қаоастырыла отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейді. Сондай-ақ макраэкономика өндіріс көлемінің, жұмысбастылықтың, тауар және ақша нарықтарындағы тепе-теңдіктің ұзақ мерзімдегі өзгерістермен қатар, экономикалық айнымалылардың қысқа мерзімді тербелістерін зерттейді.
- Кіріспе
Макраэкономика Ұлы депрессия кезеңінде ғылым болып қалыптасты. Яғни, ағылшын экономисі Джон М. Кейнстің зерттеулерімен және оның 1936 жылы жарық көрген «жұмысбастылық, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» атты кітабымен байланысты. Кейнс макраэкономикалық анализдерді енгізді.
Әдетте экономика өзара әрекеттесетін төрт сектордан құрылады: үй шаруашылықтары, фирмлар, мемлекет және шетелдік.
Үй шаруашылықтары жұмыс күшін ұсынады, игіліктерге сұраныс білдіреді, алатын табысын тұтыну мен жинақтар арасында бөледі. Өз әрекеттерімен үй шаруашылықтары әл-ауқатын жақсартуға тырысады.
Кәсіпкерлік секторды ел ішіндегі барлық фирмалар құрайды. Фирмалар өндіріс процесінде қолданылатын ресурстарға сұраныс тұдырады, тауарлар мен қызметтерді ұсынады, инвестициялар жасайды. Әдетте фирмалардың мақсаты пайданы барынша арттыру болып табылады.
Мемлекеттік секторға , ең бастысы, қоғамдық игіліктерді өндіріп шығаратын барлық мемлекеттік ұжымдар кіреді. Ол мысалыға қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, әлеуметтік қамсыздандыру, ғылым және білім аясындағы жетістіктер. Мемлекет елдің тиімді экономикалық дамуына қолайлы шарттар құруға ұмтылады. Ол салық жинау, трансферт төлеу, тауарлар мен қызметтерді өндіру және сатып алу, ақша ұсынысын және сыртқы экономикалық қызмет ету шарттарын белгілеу арқылы экономикалық саясатты құрып жүзеге асырады.
Сыртқы сектор дегеніміз шетелдегі экономикалық субъектердің жиынтығы, сонымен қатар шетелдік мемлекеттік институттар. Олар елдің экономикасына халықаралық сауда, капиталмен және ұлттық валюталармен өзара тиімді айырбастау арқылы әсер етеді.
Макроэкономикада экономиканы бір тұтас жүйе ретінде сипаттайтын агрегатталған көрсеткіштер қолданылады: жалпы ішкі өнім, бағалар деңгейі, инфляция қарқыны, жұмыссыздық деңгейі, нарықтық пайыз мөлшерлемесі және басқа көрсеткіштер.
Макраэкономикалық деңгейде әрбір елдің қызмет етуінің негізгі экономикалақ мақсаттары анықталады:
- Тұрақты экономикалық өсу;
- Ресурстардың толық жұмыстылығы;
- Инфляция деңгейін барынша төмендету;
- Төлем балансының тепе-теңдікке жетуі.
Экономикалық өсу мақсатына жету үшін макраэкономикалық саясаттың негізгі 2 құралы қолданылады:
- Бюджет салық саясаты немесе фискалдық саясат. Мемлекет тарапынан жүзеге асырылады;
- Ақша-несие саясаты немесе монетарлық саясат. Оны орталық банк жүзеге асырады.
Фискалды саясатты, көбінесе кейнсиандық мектеп қолдайды. Ал, монетарлық саясатты классикалық немесе неоклассикалық колдайды.
Инфляция - ел ішіндегі тауарлардаң бағасының өсуі.
Ресурстардың толық жұмыстылығы. Ресурстардың түрлері: материалдық, табиғи, адам және т. б. Ресуртар толығымен қолданылмауы мүмкін. Барлық табиғи ресурстардың тиімді қолданылуы потенциалды деп аталады. Әрбір ел осы потенциалдыққа ұмтылады.
Төлем балансының негізгі 2 шоты бар:
1-шісі. Капитал қозғалысының шоты - ел ішіндегі инвестициялар мен жинақтардың ағымдары кіреді.
2-шісі. Ағымдағы операциялар шоты - елдергі экспорт пен импорт қадағаланады.
Макроэкономикада агрегатталған әдісі қолданылады. Яғни, барлық көрсеткіштер жинақталған көрсеткіштер боп табылады. Мысалы: ЖҰӨ, жалпы бағалар деңгейі, жалпы капитал қоры, жалпы инвестициялар көлемі және т. б.
Макроэкономикалық моделдер мен айнымалылар.
Жиі экономикалық теориялар модельдер түрінде түсіндіріледі. Макраэкономикалық модель дегеніміз - экономикалық құбылыстар мен процесстердің жеңілдетілген абстрактылы көрінісі, экономикалық айнымалылардың арасындағы өзара байланыстар және арақатынастарды анықтайды. Әрбір модель белгілі бір мақсатта құрылады: экономикалық құбылысты түсіндіру, экономикалық заңдылықтарды зерделеу, жоспарлау және болжау. Модельдер логикалық, графиктік және алгебралық түрінде құрылуы мүмкін. Макраэкономикалық модельде экзогенді (сыртқы) және эндогенді (ішкі) айнымалылар ажыратылады.
Экзогенді айнымалылар - модельден тыс анықталады. Ол алдын-ала белгілі статистикалық деректер. Мысалы: ЖҰӨ, мемлекеттік шығыстар, салық мөлшері және т. б. Ал, эндогенді айнымалылар - модельдің ішінде құрылатын, яғни модельдің нәтижесі болып табылатын айнымалылар. Мысалы: тұтыну көлемі, инвестициялар, нақты пайыз мөлшерлемесі және т. б.
Сонымен қатар, макраэкономикада экономикалық айнымалылардың 2 түрі ажыратылады:
- Қор айнымалысы;
- Ағын айнымалысы.
Қор айнымалысы (белгілі уақыт мезетінде) кез-келген мөлшерде уақыттың берілген мезетінде анықтайды. Мысалы: капитал көлемі, мемлекеттік қарыз, ұлттық байлық және т. б.
Ағын айнымалысы. Уақыт бірлігіне тиісті мөлшерді анықтайды. Мысалы: ЖҰӨ, тәуліктік жалақы, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, 1 ай аралығында жұмыстан босатылған адамдардың саны.
Экономикада уақыт аралығында бағалар өзгеріп тұрады. Бірақ бұл лезде орын алмайды. Себебі бағалар мен жалақы қатаң болады. Макроэкономикада қысқа мерзімді және ұзақ мерімді уақыт кезеңі ажыратылады. Экономистердің айтуынша, бағалар ұзақ мерзімді кезеңде икемді және қысқа мерзімді кезеңде икемсіздеу болады.
Қарапайым сызықтық модельдерді келесі түрде жазуға болады:
y = kx + b (1. 1)
мұндағы - x, y - айнымалылар, ал қалған шамалар - модельдің тіркелген параметрлері.
1. 1. Сурет. Түзу сызық
k шамасы - (1. 1) теңдеуімен берілетін сызықтың бұрыштық коэффициенті, b - бұл сызықтың тік осінен кесетін кесіндінің шамасы.
k бұрыштық коэффициентін экономистер сызықтың көлбеуі деп атайды. Ол х айнымалысын 1 бірлікке арттырғандағы тәуелді айнымалы у қанша бірлікке өзгеретінін көрсетеді. Егер k>0 болса, сызықтың көлбеуі оң болады (оңға-жоғары), ал егер k<0 - сызықтың көлбеуі теріс (оңға-төмен) .
(1. 1) теңдеуінің параметрлерінің өзгеруі сызықты жылжытады, оның көлбеуін өзгертеді. k коэффициентінің абсолютті шамасы артқанда сызық тіктеу, ал азайғанда - жатықтау болады. Егер b мәнін өсірсек, сызық өзінен параллель түрінде жоғары жылжиды, егер де кемітсек - төмен жылжиды.
Әрине, практикалық мақсаттарда қолданылатын модельдер (1. 1) -ге қарағанда аса күрделі болуы мүмкін. Олардың құрамында бір емес, алайда бірнеше теңдеулер, оның ішінде сызықтық емесі де болуы мүмкін. Экономикада табиғи ғылымдармен салыстырғанда экспериментер жүргізу мүмкіндіктері өте шектеулі. Сондықтан экономикада модельдердің құрылуы статистикалық мәліметтерге сүйенеді.
Ұлттық шоттар жүйесі және оның негізгі көрсеткіштері.
Кез-келген елде ұлттық шоттар экономикалақ жиынтық өндіріс көлемін өлшеу үшін құрылған. Экономикалық ұлттық шоттар жүйесі жеке фирмадағы бухгалтерлік есепке сәйкес келеді.
Ұлттық шоттар жүйесіне кіретін көрсеткіштерн өндіріс көлемін белгілі уақыт мезетінде өлшеуге және экономикалық қызмет етуін анықтайтын факторларды ашуға көмектеседі.
Ұлттық шоттар жүйесі беретін ақпарат экономикалық қызмет етуін жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясатты құру мен жүзеге асырудың негізі болып табылады. Ұлттық шоттар жүйесінің негізгі көрсеткіші болып жалпы ұлттық өнім болып табылады. Яғни ел ішіндегі барлық субьектердің экономикалық қызметінің жиынтық нәтижелерінін өлшеу үшін ЖҰӨ немесе ЖІӨ көрсеткіштері қолданылады.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) дегеніміз белгілі уақыт аралығында (жыл, тоқсан) елдің территориясында өндірілген барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің құны.
Ал жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) осы елдің тұрғындары иемденетін өндіріс факторларын пайдалану арқылы алынған барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің құнын көрсетеді.
Мысалы, Қазақстан территориясында шетелдік компания шығарған мұнайдың құны еліміздің ЖІӨ есептеліп, оның ЖҰӨ ескерілмейді.
ЖҰӨ = ЖІӨ + шетелден түсетін таза факторлық табыстар
Жабық экономикада ЖҰӨ мен ЖІӨ теңеседі. Әріқарай біз осы екі шаманың біреуін қана қарастырамыз.
Жалпы ішкі өнімді өлшеуінің үш тәсілі белгілі. Шығыстар бойынша есептегенде ЖІӨ экономикадағы барлық түпкілікті сатып алулар сомасы түрінде анықталады:
ЖІӨ = С + I + G + NX,
мұндағы
С - үй шаруашылықтарының жеке тұтынушылық шығыстары,
I - жалпы инвестициялар,
G - тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу,
NX - экспорт (X) пен импорттың (Z) айырмасына тең тауарлар мен қызметтердің таза экспорты.
Бұл теңдік сонымен қатар негізгі макроэкономикалық теңдестік деп аталады.
ЖІӨ кірістер (табыстар) бойынша есептеу. ЖІӨ барлық факторлық табыстардың, сонымен бірге амортизациялық аударымдар мен таза жанама салықтардың сомасы ретінде анықталады. Таза салықтар дегеніміз субсидияларды есептемегендегі салықтар.
ЖІӨ = Ұлттық табыс+Таза жанама салықтар + Амортизация
Ұлттық табыс (NI) келесі компонентерден құрылады:
- Еңбек ақы(жалақы, сыйақы),
- Меншік иелерінің табыстары(шағын фирмалар, дүкендер),
- Рента (қозғалымсыздықтан түсетін табыс),
- Корпорациялардың пайдасы (жұмысшылар мен несиегерлерге төлегеннен кейін қалған),
- Таза пайыздар.
Корпорациялардың пайдасы үш бөлікке бөлінеді: корпорацялардың пайдасына салынатын салықтар, дивидендер, бөлінбеген пайда.
ЖҰӨ мен амортизацияның айырмасы таза ұлттық өнім (ТҰӨ) деп аталады, ал ТҰӨ мен жанама салықтардың айырмасы ұлттық табысқа (NI) тең.
Қосылған құн тәсілі бойынша ЖҰӨ есептеу барысында өндірістің әрбір кезеңінде қосылған құндар қосылады, яғни қос есепті болдырмау мақсатында өндірістің белгілі кезеңінде қолданылған шикізат, дүмбіл, электрэнергия құны есептелмейді. Сондықтан бұл тәсіл өндірістік тәсіл деп де аталады.
Сонымен қатар ұлттық шоттар жүйесінің басқа да көрсеткіштері белгілі. Жеке табыс дегеніміз үй шаруашылықтары және шағын, корпорацияланбаған кәсіпорындардың алатын табысы. Оны келесідей есептеуге болады:
Жеке табыс PI = Ұлттық табыс NI - Корпорациялардың пайдасы
+ Дивидендер
- Әлеуметтік қамсыздандыруға арналған жарналар
+ Трансфертік төлемдер
- Таза пайыздар
+ Пайыз түрінде жеке табыс
Жеке табыстың негізінде басқа маңызды көрсеткіш анықталады.
Қолдағы жеке табыс DI = Жеке табыс PI - Жеке салықтық және салықтық емес төлемдер
Бұл салықтар мен салықтық емес төлемдерді төлегеннен кейін үй шаруашылықтары мен ұсақ меншік иелерінің қолында қалатын табыс.
Жеке қолдағы табыс DI = Тұтыну + Жинақтар
Атаулы және нақты айнымалылар. Өсу қарқыны және индекстер.
Атаулы ЖІӨ өзгеруі өндіріс көлемінің немесе бағалардың өзгеруімен түсіндірілуі мүмкін. Жалпы бағалар деңгейінің өзгеруі инфляция деп аталады.
Атаулы ЖҰӨ ағымдағы жылдың бағаларымен өлшенеді, ал нақты ЖҰӨ - базалық жылдың бағаларымен. ЖІӨ үшін де орынды.
ЖҰӨ дефляторы = Атаулы ЖҰӨ / Нақты ЖҰӨ
ЖҰӨ дефляторымен қатар бағалар деңгейін сипаттайтын басқа да индекс бар - ол тұтыну бағаларының индексі. Біріншісі Пааше индексі, ал екіншісі Ласпейрес индексі деп аталады. Егер (x 1 , x 2 , …, x m ) - тұтынушылық қоржын деп аталатын тұтынушылық тауарлардың тұрақты жинағы болсын десек, онда:
Тұтыну бағаларының индексі CPI = Ағымдағы жылдың тұтынушылық қоржынының құны / Базалық жылдың тұтынушылық қоржынының құны
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz