МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТАНДЫРУ
Әкімшілдік-әміршілдік жүйеден рыноктық экономикаға өту үшін осы
бағыттағы әлемдік тәжірибеде жинақталған классикалық принциптерді қатаң
басшылыққа алу керек. Макроэкономикалық тұрақтандырудың басты бағыттарына
мыналар жатады:
— мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жою және шамадан тыс, артық ақша
эмиссиясы мен несиелерді шектеу;
— бағаларды ырықтандыру (либерализация). Бағалар ұсыныс пен сұраныс
негізінде анықталады;
— меншік иелерінің құқығын және олардың шаруашылық келісім-
шарттарының орындалуын қамтамасыз ететін заңдарды шыгару;
— мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру, сонымен қатар жеке
тұлғалардың жаңа кәсіпорынды құру құқығын заңдастыру, мемлекет меншігінің
басым бөлігін сату және әр түрлі салалардағы монополияларды жою;
— ашық түрдегі экономиканы қалыптастыру, еркін сауда
қатынастарын дамыту, шетелдік инвестицияларды қорғау, пайданы
репортациялау (әкету) мүмкіндігін және ұлттық валютаның айналымын
қамтамасыз ету;
— экономикаға мемлекеттің тікелей араласуын шектеу. Экономикалық
реформалардың табысты аяқталуы мемлекеттік дәстүрлі рөлін қайта
қарауды қажет етеді. Рыноктық экономика жағдайында мемлекеттің басты
міндеттеріне меншік құқығын жүзеге асыру және жасалған шаруашылық
келісімдерді қамтамасыз ету мен қорғау, монополияға қарсы саясат жүргізу
арқылы рыноктық бәсекеге жәрдемдесу, қоғамға пайдалы салық және ақша
саясатын жүргізу, әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту, инфрақұрылымның негізгі
салаларының дамуына көмектесу және т. б. жатады.
Экономиканы жандандыру жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Бүкіл
дүниежүзілік тәжірибені есепке ала отырып айтарымыз, макродеңгейдегі
тұрақтандырудың басты шаралары бір мезгілде өткізілуі қажет. "Мардымсыз
косметикалық жөндеу" экономиканы айықтыра алмайды. Жартылай шаралар
мәселелерді күрделендіре түседі. Шұғыл "хирургиялық операция" қажет. Бұл
"операция" өте мұқият дайындалып батыл қолмен істелуі керек.
Макроэкономикалық тұрақтандырудың жеке мәселелерін толығырақ, оның
әрпіне ғана емес, классикалық өтпелі бағдарлама рухына сай қарастырайық.
"Тұрақтандыру oпeрациясы" кезіндегі мәселелер ішінде, тез арада өз шешімін
табуды қажет ететін, ең маңызды міндеттердің бірі —инфляция қарқынын
төмендету. Макродеңгейде ұсыныс пен сұраныс теңелуі қажет. Үкімет бағаны
ырықтандыруды жүргізгеннен кейін, біршама уақыттан соң рынок тепе-теңдік
қалпына келеді. Экономиканы жаншыған инфляция режимінен оның ашық түріне
етудегі амалсыз "баға секірісі" инфляцияға қарсы қатаң саясатпен қатар
жүргізілуі тиіс. Баға — жалақы — баға үштігінде болатын серпінді
инфляция процесін тоқтатып, үштікті қирату керек. Бейинфляциялық
(инфляцияға қарсы) саясатты жүргізу дегеніміз бюджеттің тапшылығына
қарсы батыл күрес. Бюджет шығысы тек қана оның кірісі негізінде ғана
анықталуы тиіс, мұның өзі бюджеттің негізгі институты салық жүйесін
түбегейлі түрде реформалауды талап етеді. Рыноктық экономика жағдайындағы
салық жүйесінің бірқатар өзіндік принциптері бар. Оның ең бастысы салық
жүйесі идеологиядан тыс және саяси бейтарап болуы қажет. Рыноктық
экономика жағдайында салық жүйесі теңгермешілік принциптен аулақ болғаны
абзал, өйткені әр түрлі әлеуметтік топтардың материалдық әл-ауқаты оның
ең төменгі деңгейіне қарай есептелуі мүмкін, оған бұрынғы және қазіргі
социалистік елдер тәжірибесі көрнекті мысал бола алмақ. Халықтың люмпендік
топтарының түсінігіндегі әлеуметтік әділеттік принципі жүріп жатқан салық
жүйесі реформасының алғышарты болуы мүмкін емес. Рыноктық экономикада
әлеуметтік әділеттік, "әлсіздерге — қорған, әлдіге — бостандық" тезисі
арқылы жүзеге асырылуы тиіс. "Зиян келтіре көрме!" принципі жаңа салық
баптары мен жалпы салық салу реформасын жасауда қолданылуы қажет.
Салықтық реформа принциптерінің өміршеңдігін көрсететін нақты салықтың
түрлеріне қосымша құнға салық, пайдаға салық, кедендік төлемдер, меншікке
салық т. б. кіреді.
Бюджет тапшылығы, оның кіріс жағын салық есебінен кебейту жолымен ғана
емес, сонымен қатар, шығыс жағын азайтумен де жоюға болады. Үкімет
мүмкіндігінше әскери шығындарды, Бюджеттік бағаларды дотациялауды әр түрлі
өндірістік дотацияларды азайтуы керек. Тұрақтандыру процесі барысында
атқарылған шаралармен қатар, макроэкономикалық сұранысты (жалпы сұранысты)
үздіксіз" бақылап отыру қажет. Сұранысты макродеңгейде реттеу ақшаны қатаң
шектеу шаралары арқылы жүргізілуі тиіс. Бұл саясаттың басты әдістерінің
бірі — несие қаржыларына жоғары өсімдер қою. Ақшаны шектеу саясатын
жүргізуде оның салдарын алдын ала есептеу керек. Кәсіпорындардың толем
қабілетінің кемуі және мемлекеттік кәсіпорындарда жалақының өсу деңгейін
әкімшілік жолмен ықтиярсыз белгілеу аталған саясаттың көріністеріне жатады.
Белгіленген жалақы деңгейінің жоғарылауы мемлекеттік кәсіпорындарды
жеке меншікке бергенде ғана мүмкін болады. "Тұрақтандыру хирургиясы"
процесін жүргізу барысында айтылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өтпелі экономикадағы макроэкономикалық тұрақсыздық
Жалпы ұлттық өнім экономикалық категориясының теориялық аспектілері
Дағдарыс және оған қарсы басқару
Қазақстан Республикасы қазіргі кездегі ақша-несие саясаты және оның даму жолдары
Қырғызстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының кезеңдері
Әлемдік дағдарыстың зардабын игеру
Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу: факторлары, кезеңдері, ерекшеліктері
Экономикалық мемлекеттік реттеу мақсаттары, қызметтері, құралдары
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының ақша-несиелік саясаты
Ақша-несие саясатының теориялары
Пәндер