Монополия және монополиялық билік туралы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Пайданы мейлінше арттыру және жетілген бәсеке нарықтарындағы ұсыныс1

7. 1. Жетілген бәсеке нарығының негізгі сипаттамалары2

7. 2. Жетілген бәсекелес фирманың қысқа мерзімді кезеңде пайданы мейлінше арттыруы3

7. 3. Жетілген бәсекелес фирманың зиянын мейлінше азайту5

7. 4. Қысқа мерзімді кезеңде фирманың қызметін тоқтатуы6

7. 5. Қысқа мерзімдегі жетілген бәсеке фирманың және жалпы саланың сұраным қисықтары7

7. Бәсекелес нарықты талдауда тұтынушы мен өндірушілер ұтымы концепциясын қолдану10

Монополия және монополиялық билік13

1. Монополистің өнім көлемін15

2. Монополиялық биліктің көрсеткіштері19

3. Нарықты монополиялаудың белгілері20

4. Монополиялық бағаны қалыптастыру ережелері20

5. Ұзақ мерзімді кезеңдегі монополиялық21

6. Бір зауытпен жұмыс істейтін монополия21

7. Монополиялық биліктің әлеуметтік шығындары23

8. Мемлекет тарапынан монополияны реттеу24

9. Бағалық дискриминация25

Монополиялық бәсеке27

1. Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері27

2. Монополиялық бәсекелес фирманың қысқа мерзім кезеңіндегі жұмысын талдау27

3. Монополиялық бәсекелес фирмалардың ұзақ мерзімдік кезеңі28

4. Монополиялық бәсеке нарығындағы баға құру саясаты30

Олигополия32

Курно дуополиясының моделі33

2. Олигополия кезіндегі фирмалардың стратегиясы және ойын теориясы35

Картельдің құрылуы38

4. Баға белгілеудегі лидерлік39

Пайданы мейлінше арттыру және жетілген бәсеке нарықтарындағы ұсыныс

“Микроэкономиканың” бұл тарауының мақсаты жеке фирманың нарықтың белгілі бір моделіндегі, яғни жетілген бәсекелестік жағдайындағы іс-әрекетін зерттеу болып табылады. Бұл модель зерттеуді жеңілдететін алғышарттардан туындайтын, нақты экономикада толық күйінде кездесе бермейтін таза нарықтық құрылым болып саналады. Алайда, ол шешім қабылдау барысында өндірушілерге көптеген негізгі жорамалдау кезеңдерге түсінік береді, атап айтқанда, өнім өндіру көлемі мен тауардың бағасы және жеке сатушылардың ұсынысына әсер ететін факторларды анықтауға көмек береді. Нақты нарықтық құрылымдардағы фирмалардың тауар өндіру және қызмет көрсету процесін толық түсіну үшін аталған модельді қарастырудың маңызы зор.

Сонымен зерттеу нысаны бәсекелес фирма болып табылады, ал оның мақсаты - тауар өндіру мен қызмет көрсету және оларды нарықта сату барасында пайданы мейлінше арттыру. Бұл арада зерттеуді жеңілдету үшін фирмы бір талдауымыздыңмақсаты - осы оқу құралының алғашқы бөлімдерінгі нұсқауларды қолдана отырып, біріншіден, бәсекелес өндірушінің қысқа мерзімді кезеңде өндіріс көлемі жөнінде қалай шешім қабылдайтындығын және оның ұсынысына қандай факторлар ықпал ететіндігін көрсету. Екіншіден, жеке бір фирма және жалпы сала үшін ұзық мерзімді өзгерістердің табиғатын зерттеу. Үшіншіден, мемлекеттік реттеу мен жүргізілген экономикалық саясаттардың нәтижелерін анықтау әдістерін қарастыра отырып бәсекелес нарықтың тиімділігін бағалау.

7. 1. Жетілген бәсеке нарығының негізгі сипаттамалары

Жетілген бәсеке нарығы дегеніміз - төмендегідей шарттар орындалатын нарық;

  1. нарықта сатып алушыға стандартты немесе біртекті өнім ұсынатын тәуелсіз сатушылар саны өте көп болған жағдай. Мысалы, ауыл шаруашылығы өнімнің нарықтары;
  2. әр фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесі елеусіз. Сондықтан оның өнім көлемі туралы өндірістік шешімдері жалпы ұсынысқа ықпал етпейді, соған орай ол өнімнің нарықтық бағасына да әсер ете алмайды;
  3. баға, технология және ықтимал пайда жөніндегі ақпараттар белгілі болады;
  4. жаңа фирмалардың салаға кіруіне немесе одан шығуына тосқауылдар қойылмайды.

Бәсекелес фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайтын болғандықтан, ол бағаны сырттан белгіленген баға ретінде қабылдайды. Бұл - өндірілетін өнімнің кез келген мөлшерін фирма бір ғана бағамен сатады деген сөз. Жеке өндірушінің сұраныс қисығы горизонталь сызық болып табылады.

1-сурет. Бәсекелес фирманың сұраныс қисығы

Ескерту. Аталған қисықты нарықтық сұраныс қисығымен шатастыруға болмайды.

Өнімнің өндірілген әрбір қосымша бірлігі тұрақты Р 0 бағамен, жалпы түсім өсімі немесе шекті түсім MR нарықтық бағаға тең болады, яғни MR= Р 0 . Сондықтан жетілген бәсеке жағдайында шекті түсім ( MR ) қисығы жеке фирманың сұраныс қисығымен ( D ) сәйкес келеді. Фирмаға белгіленген Р 0 бағасы нарықтық сұраныс пен нарықтық ұсыныстың сәйкестегінің нәтижесі екендігін көрсетеді.

7. 2. Жетілген бәсекелес фирманың қысқа мерзімді кезеңде пайданы мейлінше арттыруы

Шекті және графиктік талдау.

Пайда дегініміз - жалпы түсім ( TR ) мен жалпы шығындар ( ТС ) арасындағы айырма:

П = TR - NC (1)

Бұл жерде және әрі қарай экономикалық пайда туралы сөз болады. Фирманың мақсаты - белгіленген баға арқылы мейлінше көп пайда алуға немесе мейлінше аз зиян шегуге мүмкіндік беретін өндіріс көлемін таңдап алу болып табылады. Қысқа мерзімді кезеңде бәсекелес фирманың құрал жабдығы тұрақты болады да, ал өнім шығару көлемі өзгерген кезде тек айнымалы ресурстар ғана өзгереді, осыған сәйкес айнымалы шығындар өзгереді.

Енді, қысқа мерзімді кезеңде нарықтық баға мен өз шығындары туралы ақпараттарды ескере отырып, фирма өнім шығару көлемі туралы шешімді қалай қабылдайтындығын көрсетейік.

Бәсекелес өндірушінің алдында өзара байланысты 3 сұрақ туындайды:

  1. өндіру қажет пе?
  2. Егер өндіру қажет болса, қандай мөлшерде?
  3. Алынатын пайда мөлшері немесе зиян қандай болады?

Егер өнім өндіру пайда әкелетін болса, онда бірінші сұраққа жауап дайын. Егер өндіріс зиян шегетін болса, онда фирманы жапқан жағдайдағы шығындарды және шығындарын анықтау қажет. Өндіріс жабылғанда зиян ( У ) тұрақты шығындарға ( FC ) тең болады:

У = FC.

Егер фирма өндіріс көлемінің белгілі бір мөлшерінде FC -тан кем зиян шегетін болса, онда ол өз өнімін қысқа мерзімді кезеңде өндіруге тиіс болады. Сонымен, бірінші сұраққа былай деп жауап беруге болады: егер бәсекелес өндіруші экономикалық пайда алатын болса немесе ТFC -тан кем зиян шексе, онда өндіріс жүргізуге болады.

Екінші сұрақтың жауабы өндірушінің мақсатынан туындайды: фирма мейлінше көп пайда алып немесе мейлінше аз зиян шегіп жұмыс істеуге сәйкес келетін өнім көлемін өндіреді. Үшінші сұраққа жауап берерде (1) формуланы қолдану жеткілікті.

Қойылған сұрақтарға толық және нақты жауап беру үшін белгілі бір өндіріс стратегиясын таңдап алуға болатын 3 ықтимал жағдайды қарастыру қажет. Барлығы да өнімнің нарықтық бағасына байланысты болады. Бұл тәуелділікті түсіндіру үшін формуланы мына түрде жазайық:

П = P · Q - AC· Q = (P - AC) · Q (2)

Бірінші жағдайды қарастырайық - пайданы мейлінше арттыру. Баға орташа жалпы шығындардың ең төменгі деңгейінен жоғары делік, яғни

Р > АС min (3)

Онда, (2) формула бойынша есептек фирма экономикалық пайда алады. Оны мейлінше арттыру үшін өндіруші өндірісті әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігінің жалпы түсімге ( R ) қосатын өсімі оның жалпы шығындарға ( ТС ) қосатынөсімінен артық немесе тең болғанша ұлғайтуы қажет: МR ≥ MC немесе жетілген бәсеке жағдайында Р ≥ МС , өйткені МR = P . Сондықтан фирма менеджерлері әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігіне шаққандағы шекті шығындарды өнім бағасымен салыстырулары тиіс. Бұл жағдайда осы өнім бірлігін сату(1) формулаға сәйкес, жалпы пайданы өсіреді.

Мейлінше көп пайда мынадай тендік орындалған жағдайда шығарылатын өнім көлеміне Q * сәйкес келеді.

Р = MC.

Бұл шарт жетілген бісекелес фирма үшін пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізетін шарт болып табылады.

Пайданы мейлінше арттырудың графиктік талдауы төмендегі суретте көрсетілген.

2-суретте фирманың шекті ( МС ) және орташа ( АС ) шығындарының қисықтары мен сұраныс қисығы Р = MR көрсетілген. МС қисығы сұраныс қисығымен В нүктесінде қиылысады. Оған сәйкес өнім көлемі - Q . ABCD тік төртбұрышының биіктігі өнім көлемінің бір бірлігіне шаққандағы пайда немесе төмендегі көрсеткіштердің айырмасына тең ( Р - АС ) .

Р. АС

MC

Р A B

AC

D

min

Q* Q

2-сурет. Жетілген бәсекелес фирманың пайдасын мейлінше арттыру

Оның ені - өндірілген тауарлар саны. Сонымен, фирманың пайдасы ABCD тік төртбұрышының айданына тең болады. Мейлінше көп пайда өнім шығару көлемі Q* -ға тең болғанда алынады, ал бұл өнім көлемі үшін орташа шығындардың ең аз мөлшерде болуы міндетті емес.

7. 3. Жетілген бәсекелес фирманың зиянын мейлінше азайту

Екінші жағдайды, яғни шығындарды мейлінше азайтуды қарастырайық. Өнім бағасы мүмкін болатын жалпы орташа шығындардың ең төменгі мөлшерінен төмен, ал орташа айнымалы шығындардың ең төменгі шамасынан жоғары деп жорамалдайық.

AVC min < P < AC min (5)

Бұл жағдайда фирма зиян шегеді және оның алдында өндірісті тоқтату немесе қысқа мерзімді кезеңде қызметін жалғастыру сияқты екі тандау тұрады. Барлығы да зиян мөлшеріне байланысты болады. Өндірісті тоқтатқанкезде, фирма тұрақты шығындарға тең зиян шегеді, яғни, Y = TFC . Өз қызметін жалғастыра отырып, фирма жалпы айнымалы шығындарды толық өтеп, ал тұрақты шығындардың белгілі бір бөлігін ғана жабатын, жалпы түсім ала алады. Бұл жағдайда өндірісті жалғастыра отырып, фирма өз өндірісін тоқтатқаннан гөрі аз зиян шегеді. Зиян мөлшері өте аз болатын өндіріс көлемі (4) теңдеу арқылы анықталады.

График түрінде оны былайша көрсетуге болады.

Р

AVC

AC

D

P B

A

F E

Q* Q

3-сурет. Жетілген бәсекелес фирманың зиянын мейлінше азайту

3-суретте баға сызығы AVC және АС қисықтарының арасынан өтеді. Өндіріс көлемі Q* -ге тең болғанда, Р = MС , зиян мөлшері өте аз немесе ABCD тік төртбұрышының ауданына тең болады. Өнімінің І бірлігіне шаққандағы зиян ( СВ ) мөлшеріне тең. Бұл жағдайда өндірісті тоқтатқанда фирма көп зиян көретінін оңай көрсетуге болады. Шынында да, тұрақты шығындр DCEF тік төртбұрышының айданымен анықталуы мүмкін, оның СЕ биіктігі ( АС - AVC ) айырмасына тең, яғни АFС . Сонымен DCEF ауданы:

S DCEF = AFC · Q*=TFC.

Ал, S FDCD < S DCEF екендігі белгілі.

7. 4. Қысқа мерзімді кезеңде фирманың қызметін тоқтатуы

Үшінші жағдайды қарастырайық - фирманы жабу. Баға ең ықтимал орташа айнымалы шығындардың ең төменгі деңгейінен аз делік, яғни:

Р AVC min (6)

Бұл жағдайда, фирма өзінің айнымалы шығындарын жабатын өндіріс көлемін де шығара алмайды. Өндірісті жалғастыратын болса, ол тұрақты шығындарының құнынан да көп зиян көреді, яғни зиян барлық шығындар шамасына ТС -ға тең болады. Сондықтан, фирма өз жұмысын тоқтатқаны жөн. Зиянның ең аз мөлшері FC -ті құрайды. Бұл жағдай 4-суретте көрсетілген, ондағы баға сызығы AVC қисығынан төмен орналасқан.

4-сурет. Фирманың жабу жағдайы

7. 5. Қысқа мерзімдегі жетілген бәсеке фирманың және жалпы саланың сұраным қисықтары

Жоғарыда, қарастырылған жағдайларды қорытындылай отырып, “Қысқа мерзімді кезеңде фирма өз өндірісін жалғастырғаны дұрыс па?” деген сұраққа нарықтық баға (3) немесе (5) теңсіздіктерді қанағаттандырған жағдайда ғана жауап беруге болады. Бірінші жағдайда фирма пайда алады, екіншіде зиян шегеді, алайда ол зиян өндірісті жабудан келетін зияннан әлдеқайда аз. Фирма мейлінше көп пайда немесе зиянды мейлінше азайтатын өнім мөлшерін анықтау үшін (4) теңсіздікті қолдану қажет. Жеке фирманың ұсынысын график түрінде былай көрсетуге болады.

P > AVC min (P > P 0 ) бағасына сәйкес МС қисығына дейін көлденең сызық жүргізу қажет, мысалы Р 1 бағасында - Р = Р 1 сызығын, Р 2 бағасында - Р = Р 2 сызығын.

Қиылысу нүктелерінен (сәйкестілік бойынша В немесе С ) өнім көлемі көрсетілген оське перпендикуляр түсіретін болсақ, онда фирманың берілген бағамен өндіретін және ұсынатын тауарының ұтымды көлемін табуға болады. Олар Р 1 бағамен ұсынылатын Q 1 және Р 2 бағаға сәйкес Q 2 көлемдері. Р < Р 0 бағасында фирма ештеңе өндірмейді. Бұдан фирманың ұсыныс қисығы шекті шығындар қисығының - AVC -ден жоғары орналысқан бөлігі деп айтапмыз. 5-суретте ол А нүктесінен жоғарырақ МС қисығында орналасқан және қара сызықпен көрсетілген.

С

min

В

А

5-сурет. Қысқа мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелес фирманың ұсыныс қисығы

Нарықтық ұсыным дегеніміз - саладағы фирмалардың кез келген мүмкін болатын бағамен сатқысы келетін нарықтағы өнім көлемінің сомасы.

Бұларды төмендегі графиктен көрсетуге де болады.

Нарықтық ұсыным қисығы дегеніміз нарықта қызмет етуші барлық фирмалардың шекті шығын қисықтарының көлденең жиынтығы.

Мысалы, егер сала әрқайсының ұқсас шекті шығындары МС бар 1000 ұқсас фирмадан құралатын болса Р 0 бағасындағы жалпы өнім Q = 1000 · Q* -ге тең болады.

6-сурет. Қысқа мерзімдегі өндіріс саласының ұсыныс қисығының қалыптасуы

Мұнда, Q* - дәл осындай фирманың Р 0 бағасымен ұсынатын өнім мөлшері.

Қысқа мерзімді нарықтық ұсынысқа ықпал ететін факторлардың бірі осы саладағы фирмалар қолданатын айнымалы ресурстар бағасы және салада қолданатын технология болып табылады. Осы факторлардағы өзгерістер фирманың шекті шығын қисығының айысуына әкеліп соғады. Мысалы, айнымалы ресурстар бағасының өсуі МС қисығын жоғары жылжытады, өйткені фирманың шекті шығындары өседі. Нәтижесінде нарықтағы ұсыныс азаяды, салада жаңа технологияны пайдалану өндірістің шекті шығындарын азайтады, соның нәтижесінде әр фирманың МС қисықтары төмен жылжиды. Бұл тауарды ұсыну көлемінің өсуін көрсетеді.

Бәсекелес фирманың іс-әрекеті

Ұзақ мерзімді кезеңде фирма өз өндірісінде қолданатын факторларының барлығын өзгерте алады, соның ішінде кәсіпорын ауқымын да өзгертуі мүмкін. Ол өз өндірісін ұлғайта алады немесе саладан шыға алады. Егер экономикалық пайда алса, онда өндірісті ұлғайтуға тырысады. 7-суретте ұзақ мерзімді кезеңде пайданы мейлінше арттыру график түрінде келтірілген.

B

7-сурет. Ұзақ мерзімді кезеңде пайданы мейлінше арттыру

Р 0 бағасына қысқа мерзімді кезеңде фирманың пайдасы ABCD ауданына тең. Егер ұзақ мерзімді кезеңде баға өзгермейтін болса, фирма өндіріс көлемін Q 1 -ден Q 2 -ге көбейте отырып, пайданы AEFG ауданына дейін арттыра алады, яғни, баға шекті шығындарға тең болғанша өндіріс көлемі ұлғайтылады. (LRMC) : P 0 = LRMC .

Алайда фирма мұндай пайданы ұзақ бойы ала алмайды. Пайда алуды мақсат тұтқан фирмалар осы салаға келе бастайды, нәтижесінде саланың өнімінің нарықтық бағасы төмендей бастайды бұндай жағдай баға ұзақ мерзімдегі ықтимал орташа шығындардың ( LRAC ) ең мөлшеріне дейін төмендегенше байқалады, яғни Р = LRAC min (біз осы саладағы барлық фирмалардың шығындар функциясы бірдей деп қарастырамыз) .

Нәтижесінде фирманың өнім шығару көлемі Q 3 -ке дейін төмендейді, ал экономикалық пайда нольге тең болады. Сонымен фирма инвестицияланған капиталға тек қана кәдімгі (нормалды) пайда алады.

Ал егер Р = LRAC min болса, онда фирмалар бұл саладан кете бастайды, бұл жағдай баға жоғарылап, экономикалық пайда нольге тең болғанша жүріп отырады.

Өндірістік операцияларды осылайша реттеу нәтижесінде салада ұзақ мерзімдік бәсекелестік тендестік орнайды. Ол біріншіден, қызмет етіп тұрған фирмалардың өндірісті не ұлғайтуға, не азайтуға ынтасы жоқ екендігін көрсетеді, өйткені барлық фирмалар Р = LRAC min болғандықтан экономикалық пайдалары нольге тең болады. Екіншіден, әр фирма ұзақ мерзімді кезеңде Р = LRAC min -ға тең болатын өнім өндіре отырып пайдасын мейлінше арттырады. Үшіншіден, саланың жиынтық ұсынысы жиынтық тұтыну сұранысына тең.

7. Бәсекелес нарықты талдауда тұтынушы мен өндірушілер ұтымы концепциясын қолдану

Жетілген бәсеке нарығындағы теңдестік баға мен тауардың теңдестік мөлшері тұтынушылар мен өндірушілердің жалпы экономикалық хал-әухатын артырандығын көрсетейік. Бұл үшін тұтынушылар мен өндірушілердің ұтымын қарастырамыз. Тұтынушының ұтымы ( CS ) дегеніміз - оның тауарға төлеуге даяр бағасы мен төлеген бағасы арасындағы айырмаға тең болатын тұтынушылардың таза пайдасы. 8-суретте сұраныс қисығы мен нарықтық баға сызығы арасындағы аудан көрсетілген.

CS

PS

Q 0 Q

8-сурет. Тұтынушы мен өндірушінің ұтымдары

Өндірушілер де осындай пайда көреді ол өндірушінің ( РS ) берілген тауарды сатудан алатын ұтымы деп аталады. Тауардың әр бірлігі үшін бұл - нарықтық баға мен оның өндірісі барысындағы шекті шығындар арасындағы айырма. Жалпы нарық үшін - бұл пайда мен өндіріс факторларына жиналатын кез келген рентаның қосындысы. РS график түрінде былай көрсетіледі - ұсыным қисығының жоғары жағынан басталып, нарықтық баға сызығына дейін келіп тірілетін аудан (8-сурет) .

Тұтынушылар мен өндірушілердің ұтымының қосындысы ( CS + РS ) қоғамның әл-аухатын сипаттайды. Қосынды неғұрлым жоғары болған сайын, қоғам жағдайы солғұрлым жақсы болады. РS пен CS-ті пайдалана отырып, мемлекет тарапынан саясат жүргізілген жағдайдағы бәсекелес нарықтың тиімділігін көрсетейік.

Мемлекет тарапынан бағаны бақылау саясатын қарастырайық 9-суретте осы саясаттың нәтижелері график түрінде талданып көрсетілген.

B

A C

Мемлекет бағаны Р m < Р 0 денгейінде белгілеу нәтижесінде қарастырып отырңан таурды сату көлемі Q 0 -ден Q 1 -ге дейін азайып отыр. Тұтынушы ұтымының жалпы өзгерісі CS = A - B. Егер ауданы В ауданынан артық болса, онда ∆ CS > 0. Өндірушілер бақылау саясатындағы тұтынушы мен PS = А -С зиян көреді. Сонда, жалпы зиян: ∆ CS + PS = -В -С бағаны бақылау шараларының тиімсіздігін көрсетеді, себебі тұтынушылар мен өндірушілердің жалпы жағдайы төмендейді.

Е 2

А С

D E 1

10-сурет. Салық нәтижелері

Енді салық салу саясатының қоғам жағдайына тигізетін зиянын көрсетейік (10-сурет) .

Салық (Т) нарықтык бағаны Р 0 -ден Р -ге дейін арттырады. Сатушылардың салықты төлегеннен кейнгі алған таза бағасы (P 1 - T) - ғa тең. Тұтынушылардын, шегетін зияндары: ∆ CS = - A - С.

Салық ауыртпалығынығ тұтынушылар мен өндірірушілер арасында бөлінуі сұраныс пен ұсыныс икемділігіне байланысты болады. Жалпы зиян-

Монополия және монополиялық билік

Нарық құрылымының ерекшеліктерін сипаттайтын ең басты көрсеткіштердің бірі, осы қарастырылып огырған нарықтағы фирмалардың саны боп табылады. Жетілген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар саны өте көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен сатушылар жетілген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және өздерінің бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнім өндірушілердің басты мақсаты пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнім көлемін анықтауға ынталанады. .

Бәсекелесу деген сөздің өзі экономикалық пайданы бөлу және тұтынушының тандауының бар екендігін көрсетеді. Дәл осы себептен де өндірушілер тұтынушының сұранысын арттыру үшін әрекеттер жасайды. Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бір ғана ірі өндіруші тұрады. Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистің өнімін пайдаланып, оның тағайындаған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистің үлкен билікке ие болуына оның тауарының ерекшеленуімен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы да әсерін тигізеді. Бұл 1-суретте бейнеленген.

1-сурет. Монополиянық ерекшеліктері

Берілген тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық - монополия, ал фирма - монополист деп аталады. Монополист берілген тауарды ендіретін жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бір мезгілде нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының бағасын анықтайды. Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгілейді және де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының шығару көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерін тгізе алса, онда ол монополиялық билікке ие болады деп айга аламыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Монополиялық бәсеке нарығы және монополиялық билік
Монополияның жалпы мәні мен түрлері
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесіне және оларды жүзеге асыру әдістерінің негізін қалыптастыру ерекшеліктеріне талдау жасау
Монополия түсінігінің негіздері
Ашық монополия
Монополия және монополиялық тепе-теңдік, Қазақстан Республикасының монополиялық нарығын реттеу
Монополия пайдасын жанама реттеу
Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері
МОНОПОЛИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Монополия. Монополиялық билік пен бәсеке
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz