Монополиялық бәсекелес фирманың қысқа мерзім кезеңіндегі жұмысын талдау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
1. Монополиялық бәсеке 2
2. Монополиялық бөсеке нарығының ерекшеліктері 2
3. Монополиялық бәсекелес фирманың қысқа мерзім кезеңіндегі 3
жұмысын талдау 3
4. Монополиялық бәсекелес фирмалардың ұзақ мерзімдік кезеңі 5

1. Монополиялық бәсеке

Микроэкономиканың бұл бөлімі нарықтың монополиялық бәсеке моделіне
арналады. Нарықтың осы құрылымы нақты өмірде жиі кездеседі. Монополиялық
бәсеке нарығының ерекшеліктері жетілген бәсеке мен монополияға тән кейбір
қасиеттерге сәйкес келеді. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі, жиһаз жасау, кітап
басып шығару, қызмет көрсетудің басқа да көп түрлері монополиялық бәсеке
нарығының іс-әрекеті.
Нарық құрылымының бұл моделін қарастырғанда фирмалардың ұзақ және
қысқа мерзім кезеңдерінде өнім шығару көлемін қалай анықтайтынын және
тауарлар мен қызметтердің бағасын қалай белгілейтінін талдап түсіндіреміз.
Соның нәтижесінде монополиялық бәсеке нарығындағы фирма жұмысының
тиімділігін анықтап бағалауға болады.

2. Монополиялық бөсеке нарығының ерекшеліктері

Монополиялық бәсеке нарығы төмендегідей негізгі ерекшеліктермен
сипатталады:
1. Нарықта тауарды сатушылар мен сатып алушылар саны көп болады.
Тауарды өндіруде, сатуда көбінесе ұсақ фирмалар жұмыс істейді, тіпті ірі
фирмалар жоқ деп айтуға да болады. Болған күнде де ұсақ фирмалардың
жұмысына кедергі келтірмейді:
а) монополиялық бәсеке саласына кіруге жаңа фирмаларға тосқауыл
оншалық қойылмайды және бұл саладан шығып кету де оңай. Мысалы, шаштараз
немесе жиһаз жасайтын шағын шеберхана салуға өте көп қаражат қажет емес,
сондықтан бұндай кәсіпкерлікпен кез келген фирма айналысуы мүмкін, ал осы
фирма саладан кете қалса, онда бұл істі жалғастырушылар әр уақытта
табылады.
б) нарықтағы өнім көлемі, баға және басқа да жағдайлар туралы деректер
ашық белгілі болады:
в) өндірілетін тауарлар біртектес емес, олардың әрқайсысының өзіндік
ерекшеліктері болады. Бұл тауарлар бірін-бірі ауыстыра алады. Бірақ әр
фирма өзінің тауарына ерекшелік беруге тырысады, мысалы тіс жуғыш
пасталардың дәмінің, химиялық құрамының өзгешеліктері және т.б. Сонымен
қатар фирмалардың сату маркалары, тауарды көрнекті орап-бууы, жарнама
жасауы да олардың тауарларына өзгешелік қасиет береді.

3. Монополиялық бәсекелес фирманың қысқа мерзім кезеңіндегі

жұмысын талдау

Бірінші көңіл аударатын жағдай, монополиялық бәсекелес фирманың
сұраныс қисығы (D). Бұл қисық бәсекелес фирмалардың сұраныс қисығы сияқты
абсолютті икемді болмайды. Басқаша айтқанда, абцисса өсіне параллельді
емес, теріс көлбеулі болады. Бұның басты себебі монополиялық бәсекелес
фирманың тауарларының өзіндік қасиеттері болуы. Монополия кезіндегі
фирманың сұраныс қисығы саладағы сұраныс қисығымен бірдей дедік, себебі осы
тауарды өндіру саласында фирма - тек бір ғана өндіруші болады. Ал,
монополиялық бәсеке кезінде фирма тауарының өзіндік қасиетіне байланысты
нарықтағы өз сегментінде ғана монополист больт есептеледі. Сондықтан оның
сұраныс қисығы теріс көлбеулі болады: баға төмендеген сайын сату көлемі
көбейеді.

1 сурет Монополиялық бөсекелес фирманың қысқа мерзімдегі кезең
А. Фирманың пайдасын барынша көбейту жағдайы. Б. Фирманың шығынын
төмендету жайдайы.

Екіншіден, фирманың ұтымды өнім өндіру механизмі белгілі. Басқа
нарықтық құрылымдардағы сияқты монополиялық бәсекелес фирма пайдасын
мейлінше арттыру мақсатында шекті шығын шекті түсімге тең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Монополиялық бәсеке туралы
Монополиялық бәсеке туралы түсінік
Монополия. Монополиялық билік пен бәсеке
Бәсеке - негізгі нарықтың элементі
Монополия және монополиялық билік туралы
МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНДА ФИРМАНЫҢ ҚЫСҚА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗIМДI IС-ӘРЕКЕТI
Монополиялар
Монополиялық бәсеке нарығы
МОНОПОЛИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Монополиялық бәсеке
Пәндер