РЫНОКТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ТАУАРЛЫҚ ӨНДІРІС ДАМУЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ БАСПАЛДАҒЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
РЫНОКТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ТАУАРЛЫҚ ӨНДІРІС ДАМУЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ БАСПАЛДАҒЫ РЕТІНДЕ 1
РЫНОКТЫҚ МЕХАНИЗМНІҢ МӘНІ МЕН НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ 3
РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ 6
РЫНОКТЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ. ТРАНСАКЦИЯЛЫҚ ШЫҒЫНДАР 6

РЫНОКТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ТАУАРЛЫҚ ӨНДІРІС ДАМУЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ БАСПАЛДАҒЫ РЕТІНДЕ

Рынок - әлемдік өркениеттің жетістіктерінің бірі. Рыноктық қатынастар
мәнін анықтауда рынок түсінігінің екі жақты маңызы бар екенінен шығу керек.
Біріншіден, рынок (market) өз мағынасында айырбас, айналым сферасында іске
асырылатын өткізуді білдіреді. Екіншіден, рынок - бұл өндіру, бөлу, айырбас
пен тұтыну процестерін қамтитын адамдар арасындағы экономикалық қатынастар
жүйесі.
Рынок меншіктің тауар-ақша байланыстары мен қаржы-несие жүйесінің
түрлі-түсті нысандарын пайдалануға негізделген экономиканың әрекет етуінің
күрделі механизмі ретінде жүреді. Айналымнан басқа рыноктық қатынастарға
енеді:
екі субъект арасындағы өзара байланыс рыноктық негізде іске асырылатын
кәсіпорын мен экономиканың басқа құрылымдарының жалға берілуімен байланысты
қатынастар;
шетелдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындардың айырбас процестері;
еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдау және пайдалану процестері;
• белгілі бір процентпен несиелерді беру кезінде несиелік қатынастар;
• тауар, қор, валюта биржалары мен басқа элементтерді қамтитын
рыноктық инфрақұрылымдардың қызмет ету процесі.
Рынок белгілі бір жағдайларда қызмет етеді. Рыноктық қалыптасу
жағдайын екі топқа бөлуге болады. Бірінші топ рыноктық байланыстарды
қамтамасыз ететін шаруашылықты жүргізудің жалпы жағдайларын
енгізумен байланысты. Оларға жататындар:
меншіктің сан қырлы нысандарын іске асыру (жеке, кооперативті,
акционерлік, мемлекеттік);
- мемлекеттік реттеуіштерді сақтаған жағдайлардағы өндірісті
демократизациялау, Бұл кезде рыноктщ экономиканың өзі шексіз даму қабілеті
бар өзін-өзі реттеуші жүйе емес екенін есте ұстау керек.
- тауарлар мен қызмет көрсету рыногы, өндіріс факторлары және қаржы
рыногы сияқты үш негізгі элементті біріктіретін рынокты
инфрақұрылымды құру.
Факторлардың екінші тобына құқықтық заңдарды дайындау және
шаруашылықты жүргізудің рыноктық әдістеріне өту жөніндегі экономикалық
ережелерді қабылдаумен байланысты шаралар жүйесі енеді. Біріншіден,
ресурстарды ұрлаумен тиімсіз пайдалануға жол бермейтін меншік пен
шаруашылықты жүргізудің көп қырлы нысандарын қалыптастыру мен игеру жөнінде
анық шаралары қажет. Екіншіден, экономикадағы басым салаларды құрылымдық
қайта құру арқылы тапшылықты игеру. Үшіншіден, экономиканы шетелдік капитал
тарту және аралас кәсіпорындарды құру арқылы ашық жүйеге айналдыру. Рынок
мәні оның қызметтерінде өте толық көрінеді. Ең маңызды қызметтеріне
жататындар:
- тауарлық өндіріс өзін-өзі реттеу қызметі. Ал тауарға деген сұраныс
өскен кезде өндірушілер өз өндірісі көлемін кеңейтеді және бағаны өсіреді.
Соның нәтижесінде өндіріс қысқара бастайды; ынталандырушы қызметі. Баға
төмендеген кезде өндірушілер өндіруді қысқартып, жаңа техника, технологияны
енгізу, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру арқылы шығындарды азайту
мүмкіндігін іздей бастайды;
• өндірілген өнім мен еңбек шығынының қоғамдық маңыздылығын орнату
қызметі. Бұл тапшылықсыз өндіріс жағдайында (сатып алушы таңдай алғанда,
өндірістегі монополиялық жағдай болмағанда және олардың арасындағы жарыста)
әрекет ете алады;
. реттеуші қызметі. Рынок көмегімен зкономикада, өндіріс пен айырбаста
негізгі микро және макро тепе-теңдік орнатылады;
- шаруашылық өмірді демократиялау, өзін-өзі басқару принциптерін іске
асыру қызметі. Әсер етудің рыноктық тетіктері көмегімен қоғамдық өндірісті
оның экономикалық өмірлік қабілеті жоқ элементтерінен босату жүргізіледі
және осының есебінен тауар өндірушілердің дифференциясы іске асырылады.

РЫНОКТЫҚ МЕХАНИЗМНІҢ МӘНІ МЕН НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

Рыноктың экономикалық әрекет етуі жиынтығында рынок жүйесін құрайтын
оның белгілі бір элементтерінің болуын көздейді.
Рыноктық экономиканың бірінші маңызды элементі өндірушілер мен
тұтынушылар болады. Олар еңбектің қоғамдық бөлінуі процесінде, біреулері
тауар өндіріп, басқалары оны тұтынған кезде қалыптасады. Тұтыну жеке өзіндк
және өндіруші болып бөлінеді. Жеке тұтыну көзінде тауарларды өндіріс
сферасынан шығарып, олар халықтың жеке қажеттілігін қанағаттандыру үшін
пайдаланылады.
Өндіруші тұтыну өндіріс процесінің жалғасы ретінде жүреді, бұл кезде
тауар басқа өндірушілер арықарайғы өңдеу үшін пайдаланылады. Бұл жағдайда
өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара әрекет қызмет нәтижелерін
алмасу үшін орнатылады. Рыноктық шаруашылықта ол тұрақтылығымөн
ерекшеленіп, мамандандыру негізінде құрылады және көтерме рынокгық мәміле
нысанында көрінеді.
Рыноктық экономиканың екінші элементі ретінде ендірістік бірліктерді
корпоративті басқару базасындағы меншіктің жеке немесе аралас нысандарымен
ерекшеленетін экономикалық ерекшелік жүреді.
Рыноктық экономиканың үшінші маңызды элементі баға. Ол айрықша
зерттеуді қажет етеді. Біз бұл жерде тек екі ескерту жасағымыз келеді.
Бірінші, баға арақатынасы әрекет етуші конъюнктураға байланысты ауытқитын
сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Екінші, баға осы географиялық
ауданда өндірілетін осы тауарға деген рыноктық қатынастың әрекеті сферасын
анықтайды. Осы сфераның шекарасы трансакциялық шығындармен, яғни айырбаспен
байланысты айналым шығындармен анықталады.
Рыноктық экономиканың төртінші элементі - орталық буыны сұраныс пен
ұсыныс сияқты құрамдас болып табылады. Сұраныс рынокта тауарларға деген
қажеттілік түрінде жүреді. Тұтынушылар осы тауарларды қалыптасқан
бағалармен ақша табыстары кезінде сатып ала алады. Ұсыныс өндірістің ең
үнемді әдістері мен ресурстарды тиімді пайдалануға қатысты ынталандырушы
ретінде жүреді. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен
тұтынушылар арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз ететін рыноктық
механизмнің маңызды элементтері болып табылады.
Рыноктық механизмнің бесінші элементі - бәсеке. Ол пайданы мол табуды
және осының негізінде өндіріс көлемін кеңейтуге жол ашады. Бәсеке рыноктық
субъектілер мен пропорцияны реттеу механизмінің өзара әрекетінің нысаны
ретінде жүреді. Адам Смит бәсекені рыноктың көрінбейтін қолы деп атаған
және сол арқылы өзінің экономикалық пайдасы түріндегі өз бас пайдасын
ойлаған жекелеген адамдардың талпынысы жалпы қоғамның игілігіне айналады.
Бәсекенің негізгі қызметі пайда, процент нормасы, баға және т.б
экономикалық реттеушілер көлемін анықтауда болып табылады.
Рыноктық экономика қызмет етуінің механизмі үш басты принципке
негізделеді:
• маржиналдық (шекті) талдау;
• балама талдау шығындары;
• экономикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рыноктық шаруашылық тауарлық өндіріс дамуының жоғарғы баспалдағы ретінде
Рыноктың шаруашылық тауарлық өндiрiс дамуның жоғарғы баспалдағы ретiнде
Экономикалық ғаламдану
Рыноктың мәні және атқаратын қызметі
Материалдық ресурстар және ғылыми-техникалық ақыл-ой нарығы
Ғаламдану әлемдік экономиканың интернационалдануының ең жоғарғы кезеңі ретінде
Нарықтық экономика: қажеттілігі, мәні, өту жолдары
Экономикалық жүйе: мәні, түрлері және көрсеткіштері
КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТ
Нарықтық экономика жағдайындағы өнім сапасын арттыру және маркетинг
Пәндер