Ежелгі ақша түрлері
Ежелгі ақша түрлері
Ақша, өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар
және толық құнсыз ақшалар[1].
Толық құнды ақшалар – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты
құнымен сәйкес келетін ақшалар.
Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және
алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі формада болған.
Монета түріндегі формасы - бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы –
аверс, артқы жағы - реверс және жаны – гурт деп аталады.
Монета сөзінің шығуын Римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнона-
Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуіден берілген ақшалай
қаражаттың көмегімен Римдердің эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.д. 275 ж.)
жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. “Монета” сөзі латынша “moneo” – “кеңес
беремін, көңіліңнен шығамын” дегенді білдіреді[2].
Алғашқы монеталар VІІ ғ. б.э.б Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия
мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы ІХ
– Хғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталарымен қатар, күміс
монеталар да қоса жүреді.
Алтын айналысына бірқатар елдер де ХІХ ғ. екінші жартысында өтті. Бұл
елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен
бірге ағылшын елі алған.
Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының
мынадай объективті қажеттіліктері болған:
• алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде
айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады.
• жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады.
• алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын
ынталандырмады.
Алтын айналысы не бары бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды және
соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай
белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан
шыға бастайды.
Толық құнсыз ақшалар (құнның белгілері) - номиналдық құны нақты
құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып
келетін ақшалар.
Оларға мыналар жатады:
• құнның металлдық белгілері – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ
монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
• құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге
бөлінді: қағаз ақшалар және несиелік ақшаларға.
Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста
жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды.
Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс
құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.
Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептері мынадай[3]:
• металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
• металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің
нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металлдық құрамын
төмендетуі барысында бүлінуі;
• бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа
түсуі;
• эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың
нақты құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды
шығаруы;
• бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.
Алғашқы қағаз ақшалар б.э. ХІІ ғ. Қытайда, 1690ж.. Ұлыбритан отары
болған Солтүстік Америкада, 1762ж. Австрияда және 1769ж. Ресейде пайда
болды. Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдары қағаз ақашалар барлық елдерде
шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде
(АҚШ, Италия, Индия, Индонезия және т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО -да
1961ж. болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1, 3, 5 рубльдік
қазыналық билет формасында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен
Ресейдегі 1991-92 жж. және Қазақстандағы 1993 ж. ақша реформасы нәтижесінде
айналымнан алынды.
Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында
шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген
өзіндік номиналы бар құнның белгілері.
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін
атақарды. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетпіспеушілігіне
байланысты шығаруымен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан
тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептеріне:
айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуын, эмитентке деген сенімнің
төмендеуін және төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады.
Несиелік ақшалар - тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып
алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты
пайда болған ақшалар.
Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен
байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету;
нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік
жасау.
Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота, және чек.
“Вексель” сөзі ағылшынша bіll note – міндеттеме шоты дегенді білдіреді.
Вексель - белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және
белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.
Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы.
Вексельдің түрлеріне “ҚР-ғы вексель айналысы туралы” (28.04.97) ҚР
заңында[4] мынадай түсініктемелер берілген:
- Жай вексель (соло) – вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген
соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу
туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін
сипаттайтын вексель.
- Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген соманы білгілі
бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы
үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш
нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.
Трассат тратта бойынша төлеуге келісімін бергеннен бастап, борышқор
болып табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссамент (басқа
біреуге аударуып жазу) көмегімен айналыста жүре береді. Аудару туралы
қолдардың көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр
индоссант вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді.
Жай және аудармалы вексель - коммерциялық вексельдің түрлері ретінде
қарастырылады.
Сонымен қатар, экономикалық әдебиттерде[5] вексельді мынадай түрлерге
бөледі: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.
Қаржылық (банктік) вексель – белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден
туындайтын қарыздық міндеттеме.
Қазыналық вексель – бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет
тарапынан шығарылатын, оның міндеттемесі. Қазыналық вексель бойынша
мемлекет борышқор болып саналады.
Достық вексель кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бірі
біріне беріледі.
Бронзалық вексель нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені
білдіреді.
Вексельдің келесідей өзіне тән қасиеттері бар:
• дерексіздік, яғни вексельде мәміленің нақты түрінің көрсетілмеуі;
• даусыздық, яғни протест туралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті
шара қолданылға дейінгі қарыздың міндетті түрде төленуге тиістігі;
• айналымдылық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент)
төлем құралы ретінде вексельдің берілуі.
Қазақстанда жоғарыда аталған заң қабылданға дейін және онан кейін де
вексель айналысы дамып келеді.
Вексель айналысын бірінші болып қолдаушылардың қатарында Казкоммерцбанк
тәжірибесін атап кетуге болады. Бұл банк 1996 жылы ҚР Үкіметінің астық
жинау бағдарламасына сәйкес өзінің 500, 1000 және 5000 АҚШ долларындағы
“астық” вексельдерін айналымға шығарып, оларды несие құралы ретінде
клиентеріне берді. Сол клиенттерінің ішінде атап айтсақ сыртқа астық
сатумен айналысатын “Астық” акционерлік компаниясы 5000 АҚШ долларындағы
вексельді тендер бойынша жеңіп алып, оны өзінің жабдықтаушылары арасында
төлем құралы ретінде пайдаланды.
Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант ретінде “Қазақстан темір
жолы” ҰК-ның 200,0 млн теңгеге бағалаған вексельдерін өтеді.
Мұндағы, “домицилиант” – вексельде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын,
вексельде делдал ретінде қатысатын банк[6].
Банкнота (ағыл. сөзінде “Bank-note” аударғанда “банк билеті”) орталық
банктің айналысқа шығарған әр түрлі номинальдағы ақша бірліктері.
Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның
вексельден төмендегідей айырмашылығы бар:
мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздық міндеттеме
болса (3-6 айлық), ал, банкнота – мерзімсіз қарыздық міндеттеме;
кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және
оның жеке кепілдігі болады, ал, банкнотаны қазіргі кезде орталық банк
шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.
Экономикалық әдебиттерде банкнотаны екі түрге бөледі: классикалық және
жай.
Классикалық банкнота – бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы
ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген
Орталық банктің билеті.
Классикалық банкнотаның қағаз ақшалардан өзіндік айырмашылығы бар:
• жаратылысына қарай - қағаз ақшалар ақшаның айналыс құралы ретіндегі
қызметінен туындаса, ал банкнота – ақшаның төлем құралы қызметінен пайда
болған;
• эмиссиялау әдісі бойынша - қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық шығарса,
ал, банкнотаны – Орталық банк шығарады;
• қайтарылуына қарай – классикалық банкноттар вексель мерзімінің аяқталуына
байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал, қағаз ақшалар қайтарылмайды,
яғни олар айналыста қала береді;
• ауыстырылуына қарай – классикалық банкноталар банкке қайтуына байланысты
алтынға немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар қашаннан
ауыстырылмайтын болған.
Банкноталардың алтынға ауыстырылуы тоқталғаннан бастап, банкнота
алтынмен қамтамасыз етілуі қысқарып, оның вексельдік қамтамасыз етілуі де
күрт нашарлай түсті, себебі орталық банктің вексельдік портфелі, көбірек
қазыналық вексельдер мен міндеттемелерге толықты.
Жай банкнота – бұл қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Орталық банк
билеті.
Олар металға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктің барлық
активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі айналыста жүрген орталық
банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ
олардың белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған,
сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.
Қазіргі кезде ҚР Ұлттық банкісінің жай банкноталардың эмиссиялануының
төмендегідей үш жолын бөліп көрсетуге болады:
• Шаруашылықты несиелеу жолымен;
• Мемлекетті (үкіметті) несиелеу, яғни мемлекеттік қарыздық
міндеттемелердің орнына банкноттардың шығарылуы барысында. Шынында да,
еліміз тәуелсіздік алған жылдардың басында экономикадағы тұрақсыздықтың
нәтижесінде 1993-1998 жж. мұндай көріністің куәсі болдық. Айталық, 1995-
96 жылдары бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 5,5 (-на дейін жетті, ендеше сол
уақыттары республикалық бюджет тапшылығының 80(-ға жуығы Ұлттық банктің
Үкіметке берген несиелері есебінен жабылғаны белгілі. Әрине, бұл жолдың
теріс жақтары да болды, оның бірі елімізде гиперинфлияцияның орын алуы.
• ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қамтамсыз ету және еліміздің сыртқы
қарыздарды өтеу үшін мемлекеттің валюталық резервтерін арттыру мақсатында
айналысқа қосымша ақша эмиссиялау жолымен.
Чек, вексель мен банкнотаға қарағанда, коммерциялық банктердің құрылып,
олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың жинақталуына байланысты
несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда болды.
Алғашқы чектер 1683ж. Англияда пайда болды.
Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы
төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне
берген жазбаша бұйрығы.
Чектің мынадай түрлері бар:
ақшалай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz