Нарықтық экономикасының идеалдық моделі


- Нарықтық экономикасының “идеалдық” моделі.
Нарықтық экономикасы тәжірибеде өзінің жоғарғы тиімділігін дәлелдейді, оған мына төменде көрсетілген процестерді кәсіпорын деңгейінде шешуде пара-пар келетін басқа әдіс жоқ. Өндіріс пен тұтынудың өзара байланысын қамтамасыз ету. Нарық бұл қызметін төлем қабілеті бар сұранысты қанағаттандыруға арналған ұсыныстар ассортиментімен сәйкестендіру арқылы атқарады. Өз алдына тәуелсіз шаруашылық жүргізетін өндірушілер еңбегі нәтижесін қоғамдық бағалау. Осы бағалау механизмі қарапайым, тиімді және объективті. Сатып алу және сату орнықты ма әлде жоқ па? Сатып алу мен сатуды болжау қиын болғандықтан, рынок экономикасында сатушы-өндірушілер мен сатып алушы-тұтынушылар тұрақты түрде «нарықтың» жағдайын зерттеп отыру қажет. Бағаның еркін қозғалысы. Нарықтық бағаның мөлшері мен динамикасы, сұраныс пен ұсыныстың еркін өзаа қатынасы процесінде қалыптасады. Бағаның еркін қозғалысын нарық қана қамтамасыз етеді, тікелей айтсақ осының өзі «нарық». Экономиканы «сауықтыру» дербес шаруашылық жүргізушілердің еңбек нәтижесін бағаның еркін қозғалысы арқылы жүзеге асырса, артта қалған өндірушілері озық өндірушіден тым алшақ жатады. Басқаша айтқанда, нарық экономикасы механизмінде артта қалған өндіріс орнын сауықтыру мүмкіндіктері бар. Бәсекенің жалпыға бірдейлігі. Нарық экономикасы дегеніміз бәсеке, оның барлық саласында, барша дәрежесінде пайда іздеу жолындағы жарыс, күрес. Сатушылар арасында үздіксіз жарыс:
а) өндіріс көлемін неғұрлым ұлғайту үшін;
б) шығынды неғұрлым азайту үшін;
в) неғұрлым пайдасы мол салаларда қызмет атқару үшін;
г) сатып алушылар арасында өз табыстарын неғұрлым тиімді жұмсау үшін;
д) сатушы мен сатып алушылар нарық бағасының дәрежесі мен мөлшеріне неғұрлым көбірек әсер ету мақсатында әрдайым бәсекеге түседі.
Нарық экономикасының негізгі қызметі жоғарыда айтылған бәсеке, жарыс бағытында орын алатыны айқын. Осы механизм арқылы нарық экономикасы өзінің тиімділігін дәлелдейді.
Нарық экономикасының әлсіздігі. Жоғарыдан нарық эконо Тауарлар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік жағдайын сипаттаудың екі түрлі әдісі бар. Бірінші -кейде ол макроэкономикада неоклассикалық көзқарас деп аталады-баға нарықты тепе-теңдік жағдайға әкелетін құрал деп жорамалданады. Мұнда «баға» деп тауарлар және игіліктер деңгейлерінің ақшалай бірлікте көрсетілуі ғана емес, сонымен қатар пайыздық мөлшерлеме, нақты еңбекақы қарастырылады, осындай жағдайда нақты және ақша секторлары бір -біріне ықпалын тигізбейді. Екінші -белгілі бір уақыт аралығында кейбір бағалар өзгеруге бейім емес, мұндай жағдайға тепе-теңдік жұмысбастылық көлемі есебінен және жалпы ішкі өнім көлемінен мүмкін болады. Бұл осы көзқарасты сынаған ДЖ. Кейнс атымен кейнстік көзқарас деп аталады.
Екінші көзқарасты жақтаушылар пайымдаудың басқа жолын ұсынады. Оларда кейбір баға аз өзгермелі дегенге жол беріледі. Бұл жағдайда тепе-теңдік айырбасталатын көлем -тауарлар мен қызмет көрсету (ЖҰӨ) және жұмысбастылық көлемі есебінен орнайды.
Бұл көзқарастар түбегейлі әр түрлі қорытындыларға әкелуіне қарамастан, олар бір негізін қалаушы үлгіге негізделеді. Соңғысын талдаудың екі графикалық құралдарымен синтездеуге болады: тауар нарығы мен ақша нарығының өзара әрекеттесуін көрсететін IS-LM үлгісі, еңбек нарығы және тауарлар мен қызмет көрсетуді өндіретін және оларды тауар нарығында сататын фирма іс-әрекетін сипаттайтын сұраныс-ұсыныс үлгісімен.
Алдымен кең анықталған тауар нарығын қарастырайық, яғни, тауарларды ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсетуді де қамтитын нарықты қарастырайық. Талдаудың бастапқы нүктесі-тұтыну және инвестициялық игіліктерге сұранысты білдіретін үй шаруашылықтары. Бұл бөлімде басты назар қысқа мерзімді кезеңге аударылады.
Жабық экономикада соңғы шығындардың саны ретінде алынатын ЖІӨ жеке тұтынуға, жеке инвестицияға және мемлекеттік сатып алуға бөлуге болады. «Бірінші кезеңде» бұл мынаны білдіреді.
Y 1 = C 1 + I 1 + G 1 (1)
1-ші кезеңдегі тұтыну және инвестициялардың функциялары мынадай:
G 1 = C (Ω, Y d ) (тұтыну функциясы) (2)
I 1 = I (r 1 ) (инвестиция функция)
G 1 = G (мемлекеттік сатып алулар)
T 1 =T (таза салықтар)
Тұтыну (С) жеке байлықтан (Ω) және қолдағы табыстан Y d = Y-T оң тәуелділікте.
Нақты пайыздық мөлшерлеменің тұтынуға ықпалы тұрақты оң немесе теріс болмағандықтан, мұнда тек жанама ықпалы қарастырылады; пайыздық мөлшерлемесінің өсуі үй шаруашылығының байлығын, соның әсерінен оның тұтынуын да азайтады. Инвестицияны қарапайымдандыру мақсатымен -инвестиция функциясы пайыздық мөлшерлемеден ғана тәуелді деп қарастырылады; нақты пайыздық мөлшерлемені үлкейту капиталдың баламалы құны есебінен инвестиция тартымдылығын азайтады.
(1) теңдеу - тауар нарығындағы тепе-теңдіктің шарты. Сол жағы шығарылатын ұсынысты көрсетеді, ал оң жағы - оның сұранысының сипаттамасы болып табылады. Ұсыныс экономиканың өндіргіш күштерімен, яғни капитал қорларымен, жұмысшылардың біліктілігімен және техникалық даму деңгейімен анықталады.
Тауарларға және қызмет көрсетулерге сұраныстың талдауын ұсынысты қарастыру арқылы толықтырайық.
Өндіріс факторлары және өндіріс функциясы өнім шығару көлемін анықтайды:
Y = F ( K, L ) = Y
Енді өндірілген өнімге сұранысты және ұсынысты сипаттайтын осы теңдеулерді біріктірейік. Егер біз ұлттық шоттар теңдеуіне тұтыну функциясы мен инвестициялық функцияның оң жағын қойсақ, онда мынаны аламыз:
Y = C ( Y - T ) + I (r) + G
G және T айнымалыларының мәндері экономикалық саясатта берілетін болғандықтан, ал өндіріс деңгейі берілген өндіріс факторларының қоры мен өзгермес өндіріс функциясы жағдайында тұрақты болғандықтан, былай жаза аламыз:
Y = C ( Y - T ) + I (r) + G
Бұл теңдеу өнім ұсынысы өнім сұранысына, ал ол өз кезегінде тұтыну, инвестиция және мемлекеттік сатып алулар сомасына тең екендігін көрсетеді.
Пайыз мөлшерлемесі r маңызды рөл атқарады, ол тауарға сұраныстың оның ұсынысына теңдігіне кепіл бере алатындай өзгеруі керек. Пайыз мөлшерлемесі жоғарылаған сайын, инвестиция көлемі азаяды, демек тауарға сұраныс және ұсыныс та азаяды. C + I + G . Егер пайыз мөлшерлемесі жоғары болса, инвестициялар өте төмен және тауарға сұраныс ұсыныстан төмен болады. Егер пайыз мөлшерлемесі төмен болса, инвестициялар өте жоғары және тауарға сұраныс ұсыныстан асып кетеді. Пайыз мөлшерлемесінің тепе-теңдік жағдайында тауарларға және қызмет көрсетуге сұраныс олардың ұсынысына теңеледі.
Классикалық экономика теориясы екі негізгі жобаға негізделеді. Біріншіден, ресурстардың толық жұмсалуымен өндірілген өнімді сатып алу үшін жиынтық шығын деңгейі
Y = C + I + G +X n
Яғни ( AD=AS) жағдайы болуы мүмкін еместігіне сенімділік білдіреді
Екіншіден, егерде осы жағдай болса да, онда еңбекақы, баға және нарықтық пайыз мөлшерлемесі тез өзгереді және жиынтық сұраныстың төмендеуінен кейін, жағдайды тұрақтандыратын тез және болымсыз өндірістің құлдырауы болады. Ақша нарығы әрқашан инвестициялар мен қор жинақтарының теңдігіне, яғни ресурстардың толық қамтылуына кепілдік береді. Тек табиғи деңгейдегі «ерікті» жұмыссыздық болуы мүмкін. Бұл AD және AS тепе-теңдік нүктесінде, өндіріс көлемі У мен әлуетті У ж теңдігін білдіреді.
Кейнстік экономикалық теория бұл өзін өзі реттеу механизмінің болуын сынайды. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі ресурстардың толық қамтылуымен әдетте, сәйкес келмейді: А нүктесіде AD=AS теңдігі орнайды, бірақ тепе-теңдік өндіріс көлемі Y 0 <Y *
Y 0 <Y *
22 - сурет
Бұл сәйкес келмеушіліктің себептерінің бірі - әр түрлі мотивтермен, әр түрлі экономикалық агенттермен іске асырылатын инвестиция және қор жинағы жоспарларының сәйкес келмеуі.
Үй шаруашылығы қор жинағының мотивтері:
А) Қымбат тауарларды сатып алу;
Б) Кәрілікті қамтамасыз ету;
В) Кездейсоқ жағдайлардан сақтану;
Г) Балалардың болашағын қамтамасыз ету.
Фирма инвестицияларының мотивтері:
А) Таза пайда нормасын барынша көбейту;
Б) Нақты пайыз мөлшерлемесі.
Классикалық теорияға сәйкес, қор жинағының және инвестициялардың динамикасын анықтайтын фактор пайыз мөлшерлемесі болып табылады: егер ол өссе, онда үй шаруашылығы табыстың әрбір қосымша бірлігінен салыстырмалы түрде көбірек қор жинап, азырақ тұтына бастайды. Үй шаруашылықтарының қор жинағының өсуі уақыт өте келе инвестициялардың өсімін қамтамасыз ететін несие бағасының төмендеуіне әкеліп соғады.
Кейнс теориясына сәйкес экономиканың тепе-теңдігін қалыптастыратын негізгі фактор пайыз мөлшерлемесі емес, үй шаруашылықтарының қолда бар табыс көлемі тұтыну және қор жинау динамикасын анықтайтын фактор болып табылады. Сонымен қатар барлық тұтыну шығындарын жасағаннан кейін қалған табыс бөлігі сақталып, жиналады. Пайыз мөлшерлемесінің екінші әсері табыстың тұтынуға және қор жинауға әсеріне қатысты салыстырмалы шағын рөл атқарады. Солай бола тұра инвестициялар динамикасы ең алдымен пайыз мөлшерлемелерінің динамикасымен анықталады. Бұл тұтыну, қор жинағы және инвестициялар функияларында бейнеленеді.
C= a + b (Y- T)
C- тұтыну шығыны
a- автономды тұтыну
b- тұтыну шекті бейімділігі
Y- табыс
T- салықтық аударымдар
(Y-T) - қолда бар табыс (Y d немесе DI )
МРС - тұтынудың шекті нормасы.
С- тұтынудың шығындарының өсімшесі .
У - қолда бар табыстың өсімшесі .
AРС - тұтынудың орташа бейімділігі.
С- тұтынудың шығындарының көлемі .
У - қолда бар табыстың көлемі .
Қор жинағының қарапайым функциясы.
S = - a + ( 1 - b ) ( Y - T )
S- жеке меншік секторға қор жинағы.
( 1 - b ) - тұтынудың шекті бейімділігі функциясы.
МРS -қор жинағының шекті бейімділігі.
S- қор жинағының өсімшесі.
APS =
APS- қор жинағының орташа бейімділігі
S- қор жинағының көлемі
Y d -қолда бар табыс
Қысқа мерзімді кезеңде ағымдағы қолда бар табыс өскен сайын AРС кемиді, ал APS өседі, яғни отбасы табысының өсуімен тұтынуға кеткен шығын бөлігі салыстырмалы қысқарады және қор жинағы салыстырмалы өседі. Бірақ ұзақ мерзімді кезеңде тұтынудың орташа бейімділігі тұрақтанады, өйткені тұтыну шығындарының көлеміне ағымдағы қолда бар табыс көлемі ғана емес, сонымен қатар отбасының жалпы өмір сүру деңгейі және күтіп отырған тұрақты табыс көлемі де әсерін тигізеді.
Тұтыну және қор жинағының динамикасын анықтайтын факторлар:
- Үй шаруашылығының табысы;
- Үй шаруашылығында жиналған байлық ;
- Баға деңгейі;
- Экономикалық күту;
- Тұтынушы қарыздарының көлемі;
- Салық салу деңгейі.
Тұтыну және қор жинау көлемі салыстырмалы тұрақты болады, мемлекет оларды өзгерту үшін арнайы шара, соның ішінде салық салу жүйесі арқылы қолданбайды. Бұл көлемдердің тұрақтылығы үй шаруашылығының «тұтыну» немесе «қор жинау» шешімдеріне байланысты.
Әлемдік шаруашылық жүйесіндегі халықаралық экономикалық интеграция
Шаруашылық өмірді интеграционалдандыру қазіргі дүниежүзілік шаруашылық дамуының жетекші мақсаты болып отыр. Бұл тенденцияны қайсібір державаның немесе барынша жоғары дамыған елдер тобының ықпалындағы кең байтақ аймақтардың құрылуынан көреміз, эканомикасы қуатты мемлекеттер интеграциялық орталықты құрап, олардың төңірегіне басқа мемлекеттер топтасып интеграциядағы елдер дүниежүзілік шаруашылық байланыстарындағы өзінше бір жүие болып табылады.
Экономикалық интеграция бұл процеске қатысушы елдердің өндірісі мен капиталын жеделдетуге жағдай жасайды.
Шартты түрде эканомикалық интеграцяға жетелейтін процесті мынадай тізбек арқылы көрсетуге болады; өндіргіш күштердің дамуы халықаралық еңбек бөлінісі, өндіріс пен капиталды интернационалдандыру, экономикалық интеграция. Экономикалық интеграцияға елеулі түрде екі фактор әсер етеді; оларға ғылыми техникалық революция және трансұлттық корпорациялардың қызметі жатады.
Дүниежүзілік шаруашылықтағы интеграциялық процестер дамуының жинақталған тәжірибесі экономикалық интеграцияның қалыптасу мерзімінің төрт кезеңнен өтетінін дәлелдейді.
1. Трайфтерді, тағы басқа шектеулерді жоя отырып, еркін сауда аймақтарын құру;
2. Сауда және еңбек пен капитал қозғалысында бірыңғай трайфтерді орнықтырып, кедендік одақ құру;
3. Қатысушы елдердің экономикалық саясатын үлестіру арқылы ерлікті экономикалық одақ құру;
4. Бірыңғай экономикалық саясат жүргізіп ортақ валюта жасау және ұлттық экономикалардың үстінен қарап, реттейтін ұйым құру арқылы толық интеграцияға қол жеткізу.
Аймақтық интеграция екі деңгейде жүреді. Олар: өздерінің шаруашылық қызметінің барысында интеграциялық процестерге қатысатын жекелеген компаниялар деңгейі және бір топ елдердің еңбек пен капиталды үйлестіруге мақсатты түрде бағытталған қызметі барысында пайда болатын интеграцияның мемлекеттік деңгейі.
Әлем шаруашылығындағы экономикалық интеграция
Шаруашылық өмірді интернационалдандыру, қазіргі дүниежүзілік шаруашылық дамуының жетекші мақсаты болып отыр. Бұл тенденцияны қайсыбір державаның немесе барынша жоғары дамыған елдер тобының ықпалындағы кең байтақ аймақтардың құрылуынан көреміз. Экономикасы қуатты мемлекеттер интеграциялық орталықты құрап, олардың төңірегіне басқа мемлекеттер топтасып, интеграциядағы елдер дүниежүзілік шаруашылық байланыстарындағы өзінше бір жүйе болып отыр.
Экономикалық интеграция бұл процеске қатысушы елдердің өндірісі мен капиталын жеделдетуге жағдай жасайды.
Шартты түрде интеграцияға жетелейтін процесті мынадай тізбек арқылы көрсетуге болады: өндіргіш күштердің дамуы, халықаралық еңбек бөлінісі, өндіріс пен капиталды интернационалдандыру, экономикалық интеграция. Экономикалық интеграцияға елеулі түрде екі фактор әсер етеді
оларға ғылыми техникалық революция және трансұлттық корпорациялардың қызметі жатады.
Дүниежүзілік шаруашылықтағы интеграциялық процестер дамуының жинақталған тәжірибесі экономикалық интеграцияның қалыптасу мерзімінің төрт кезеңнен өтетінін дәлелдейді.
- Тарифтерді, тағы басқа шекреулерді жоя отырып, еркін сауда аймақтарын құру;
- Сауда да және еңбек пен капитал қозғалысында біріңғай тарифтерді орнықтырып, кедендік одақ құру;
- Қатысушы елдердің экономикалық саясаты үйлестіру арқылы ерікті экономикалық одақ құру;
- Біріңғай экономикалық саясат жүргізіп, ортақ валюта жасау және ұлттық экономикалардың үстінен қарап, реттейтін ұйым құру арқылы толық интеграцияға қол жеткізу.
Аймақтық интеграция екі түрде жүреді. Олар: өздерінің шаруашылық қызметінің барысында интеграциялық процестерге қатысатын жекелеген компаниялар деңгейі және бір топ елдердің еңбек пен капиталды үйлестіруге мақсатты түрде бағытталған қызметі барысында пайда болатын интеграцияның мемлекеттік деңгейі.
Экономикалық интеграцияның неғұрлым толық дамуына Батыс Еуропа елдері қол жеткізді. Бұған обьективті экономикалық қажеттіліктермен қатар, көптеген еуропалық қоғам қайраткерлері мен ойшылдардың бұрыннан келе жатқан біртұтас Еуропа туралы идеялары да көмектеседі. Еуропалық Одақтың пайда болып, дамуының қазіргі тарихы 1951 жылдан басталады. Осы жылдың сәуірінде құрамына алты ел франция, ФРГ, Италия, Бельгия, Нидерланды, Люксембург кірген. Еуропалық көмір және болат бірлетігін құру туралы шартқа қол қойылды. Мұның өзі Батыс Еуропалық интеграцияның алғашқы қадамы еді. Ал, іс жүзінде Еуропалық Одақтың пайда болып, дамуы 1957 жылдан басталады.
Дәл осы жылы жоғарыда аталған елдер Еуропалық Экономикалық Одақтастық және Атом Энергиясы бойынша Еуропалық Одақтастық құру туралы шартқа қол қойылды. Одақтастықтың құрамындағы елдердің жоғары даму деңгейі, бұл ұйымның ондаған жылдар бойы экономикалық өсуінің қарқындылығын қамтамасыз етті. Батыс Еуропа елдері интеграцияның елуінші жылдардың соңында басталып, қазірге дейін жалғасып келе жатқан даму процесі бірқалыпты және ешбір қайшылықсыз жүріп жатыр десек, ол шындыққа сай келмес еді. Дегенмен, Еуропалық Экономикалық Одақтастық құру кезінде алға қойылған мақсаттар мен міндеттер айтарлықтай жүйелі және табысты түрде жүзеге асып келе жатыр.
Батыс Еуропалық экономикалық интеграция процесін шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең елуінші жылдар соңы жетпісінші жылдардың орта шені. Одақтастық өмірінің «алтын ғасыры» деп аталады. Осы уақыт аралығында жедел түрде Кедендік Одақ, Аграрлық рынок қалыптасып, Еуропалық Экономикалық Одақтастық құрамына жаңа үш ел Ұлыбритания, Дания, Ирландия қабылданды.
Еуропалық Экономикалық Одақтастықты немесе «Ортақ рынокты» құрудағы нақты мақсаттарға мыналар жатады:
-мүше елдер арасындағы сауда болуы мүмкін кедергілерді жою,
- үшінші елдермен сауда үшін бірыңғай бас тарифін орнықтыру;
-адамдардың, капиталдардың, қызмет көрсетулердің еркін қозғалысына кедергілердің барлығын алып тастау;
-валюта одағын орындау;
-салық жүйесін үйлестіру;
-заңдарды жақындастыру;
- экономикалық саясатты келістіру принциптерін жасау.
Аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін кешенді басқару құрылымы Еуропалық Экономикалық Одақтастықтың Министрлер кеңесі, Еуропалық Одақтастықтың комиссиясы, Еуропалық Одақ, Еуропалық сот, Еуропалық парламент құрылды.
Еуропалық Экономикалық Одақтастық өзінің бірінші мақсаты етіп тауарлардың, капиталдардың қызмет көрсетулердің және жұмысшы күшінің ортақ рыногін қалыптастыру мәселесін қойды. Бұл үшін Кедендік Одақ құрылды. Шындығына келсек Еуропалық Экономикалық Одақтастықтың негізін Кедендік Одақ құрайды.
Кедендік Одақ шеңберінде:
- Мүше елдердің өзара сауда қарым қатынастарындағы кедергілер жойылады.
- Үшінші елдерге қатысты бірыңғай баж тарифтері орнықты.
- капиталдар, несиелер, ақша аудару қозғалыстарында еркіндікке қол жетті.
- жұмысшы күші миграциясы мен мекенжайлары таңдау еркіндігі қамтамасыз етілді.
Міне осы шаралардың бәрі өнеркәсіптік интеграцияның жедел жүруіне оң әсерін тигізді. Сонымен қатар ұжымдық протекционизмді орнықтыру нысанында ауыл шаруашылығы қоры арқылы қаржыландырумен орнын толтыру жұмыстары жүргізіліп, аграрлық интеграцияға қол жеткізуге ұмтылыстар жасалды. Еуропалық Одақтың аграрлық саясаты мүше елдер үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің көпшілігіне мейлінше төмен баға орнықтыру арқылы жасалатын бірыңғай баға жүйесін қалыптастыруға бағытталады. «Ортақ рынокты» қалыптастыру Еуропалық Экономикалық Одақтастық елдердің ұлттық монополияларының трансұлттық монополияларға айналуын жеделдетіп, серіктес елдердің экономикасына әсерін күшейтті.
Еуропалық Экономикалық Одақтастық елдердің дамуы одақтастыққа мүше елдердің тұйықталған ұлттық шаруашылық шеңберінен шығып, сыртқы рынокқа бейімделген, ашық типтегі экономикаға қарқынды түрде бет алысып көрсетті.
Екінші кезең: жетпісінші жылдардың ортасы мен сексенінші жылдардың ортасына дейін Еуропалық Одақ тарихында негізінен тоқырау кезеңі болып есептеледі. Әділін айту керек, Еуропалық Одаққа мүше елдер бұл кезеңде еуропалық валюталық ынтымақтастық бағдарламасын қабылдап, сыртқы саясат жөніндегі консультациялар механизмін жасады. Дегенмен, көрініс бере бастаған негативті тенденциялар Батыс Еуропалық Экономикалық интеграцияны едәуір дағдарысқа ұшыратты. Бұл дағдарыс «еуросклероз» деген атқа ие болды. Жетпісінші жылдардың соңы мен сексенінші жылдардың басында Еуропалық Одақ елдерінің даму деңгейіндегі алшақтық ұлғая берді. Еуропалық Одаққа 1981жылы Грецияның қабылдануына байланысты бұл алшақтық кеңейе түсті, себебі Одақтастықтың бақа мүшелерімен салыстырғанда Грецияның экономикалық деңгейі анағұрлым төмен болатын.
Үшінші кезең: сексенінші жылдарды еінші жартысы мен тоқсаныншы жылдардың басы Одақтастықтың құрамын одан әрі кеңейту кезңі. Одақтастыққа 1986 жылы Испания мен Португалияның қосылуы бұрында орын алған еларалық сәйкессіздіктерді ушықтыра түсті. Еуропалық Одаққа кірген шақтағы Португалияның жан басына шаққандағы табысы мүше елдердің жан басына шаққандағы табысының жартысындай болды.
Аталған елдердің жұмысшы күшінің әрбір бесеуінің біреуі ауыл шаруашылығында істеді, ал басқа мүше елдердің халық шаруашылығындағы жұмысшы күшінің он үшінің бірі ғана ауыл шаруашылығында істеді. Дегенмен нақ осы кезеңде Батыс Еуропалық интеграция біртұтас еуропалық актінің қабылдануына байланысты елеулі екпін ала бастады.
Осы дәуірдегі Қазақстанның әлем экономикасындағы интеграциялық бағыттары
Қазіргі заман жағдайында мемлекеттің табысты дамуының негізгі макроэкономикалық тұрақтылық инфляцияға ұшырамаған ақша-несие саясаты, бюджет тапшылығына қатаң бақылау жасау мен қалыпты баға белгілеу, сондай-ақ сыртқы саудадағы ашықтық- экспорты ынталандыру импорты барынша шектеу, біртұтас импорт тарифы, ұлттық валютаның икемді құны мен сыртқы инвестиция үшін қолайлы ахуал болып табылады.
«Қоғамдық өмірдің шешуші саласы экономика саласындағы стратегия мен тактиканың мәні құрылымдық және технологиялық артта қалушылықты бір мезгілде жоя отырып, наықтық жүйеге көшуді одан әрі жалғастыру болып табылады».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz