ӨНДІРІС ШЫҒЫНЫ ТЕОРИЯЛАРЫ ТУРАЛЫ


ӨНДІРІС ШЫҒЫНЫ ТЕОРИЯЛАРЫ
Экономика ғылымындағы әртүрлі мектептің өкілдері (К. Маркс, А. Маршалл, Д. Милль, Д. Робинсон) шығындарды зерттеуге қомақты үлес косты. Шығынның маркстік тұжырымдамасы екі маңызды нәрседен басталады: өндіріс шығыны және айналым шығыны.
Өндіріс шығыны өзіне шикізат, материал, жанармай, электроэнергия, теракты капиталдың өткізілген бөлігі (амортизациялық) мен жұмыс күшін сатып алуға кететін шығындарды енгізеді. Тауарды дайындауға кәсіпорынның жұмсаған шығындары тұрақты және өзгермелі капитал сомасына (c+v) тең. Айналым шығындар категориясы тауарды өткізу және сатып алумен байланысты. Бұл жағдайда К. Маркс бағаның құннан ауытқу мәселесінен қараған. Ол өз ойын мынаған негіздеді: тауар бірлігінің құнын-өндіріс шығыны мен айналым шығыны құрайды. Айналым шығындары өндіріс процесінің айналым саласында жалғасатындығын көрсетеді, сөйтіп тауардың өлшем-орауын, сорттауын, тасымалдануьш және сақталуын енгізеді.
Батыс елдері ғалым-экономистерінің жасаған өндіріс шығындарыныц қазіргі тұжырымдамасы бұл үғымды тіпті басқаша түсіндіреді. Олар экономикалық ресурстардың барлық тұрлерінің шектеулігімен және оларды баламалы қолдану мүмкіндіктерін ескереді.
«Мәселе мынада: барлық керекті түгыныстарды қанағаттандыру ұшін ресурстар ешқашан жеткілікті болған емес. Осы жағдайға катысты өндіріс туралы мәселені қайсы бір шешу кейбір заттардан бас тарту қажеттілігін туғызады. Сондықтанда барлық шығындар балама шығындарды құрайды. Балама өндіріс шығындары басты кедергі болып табылады және олармен фирма өткеру процесінде өзінін пайдасын көбейту мүмкіндігінде үшырайды».
Батыс мектебі өкілдерінің есептеуінше, өндіріс шығындар екіге бөлінеді: тұрақты және өзгермелі.
Тұрақты шығындар (ТҒС) - бұл сырткы өндіріс факторын тікелей колданумен байланысты шығындар. Бұған жалгерлік акы, жабдықтар үшін шығын, қызметкер жалақысы, салық төлеу, амортизациялық төлемдер, займ бойынша пайыз және т. б. жатады. Тұракты шьнындар өндіріс көлеміне байланысты емес.
Өзгермелі шығындар (TVC) - бұл ішкі ресурстарды колданумен байланысты шығындар. Олар шикізатты, материал мен жұмыс күшін және т. б. сатып алуға кеткен шығындардан тұрады. Өзгермелі шығындар өндіріс мөлшеріне тікелей байланыста өзгереді.
Тұрақты және озгермелі шығындар сомасы өндірістің жалпы шығынын күрайды (ТС) .
ТС = ТҒС + TVC
Жалпы шығыңцар тауар санымен (Q) орташа шығындардың (AC) көбейтіндісіне тен
ТС = Q х AC
Тұрақты және езгермелі шығындардың өндірісті ұлғайтқандағы ара-қатынасы графикалық тұрде 8-1 суретте былай бейнеленеді.
Жалпы шығындар
Өзгермелі шығындар
I Тұрақты шығындар
Сурет 8-1. Шығындардын арақатынасы.
Өнімнің бірлігіне қарай шығындары өлшеу үшін орташа шығындар қолданылады. Ол жиынтық (жалпы) шығындарды (ТС) өнімнің көлеміне бөлумен анықталады:
АС =
Q
Орташа өндіріс шығындары кисығы 8-2 суретте бейнеленген.
АС - орташа шығындар AVC-орташа өзгермелі шығьшдар
АҒС-орташа түракты шығындар
Өндіріс өнімі Сурет 8-2. Шығындар кисығы.
Сондай-ақ орташа түрақты (АҒС) және орташа өзгермелі (AVC) шығындар анықталады.
Орташа шығындар үғымы К. Маркстың «Капиталында» баяндалған. Маркс шығындар түрінін негізінде капиталға келетін өндіріс бағасы мен пайданың орташа мөлшері түжырымдамасын жасаған.
Пайданы көп алу үшін өндіріс көлемін есептеу қажет, ол өз кезегінде шекті шығындарды анықтау қажеттілігін тудырады. Шекті шығындар әрбір өндіріс бірлігін қосымша өндіру үшін қосымша шығындарды жүмсауды көрсетеді. Шекті шығындар өндіріс шығындарын п бірлігімен (ТСп) және ондіріс шығындар п-1 бірлігі (ТСп-1) арасыңдағы айырмамен анықталады:
немесе МС = ТСп - ТСп_\
Кәсіпкерлік қызметте мынадай міндеттерге жиірек жолығуға болады: өндірісті қандай келемге дейін дамытуға болады? Осының барлығыда кептеген шығындарды талап етеді. Осы шығыңдар өзін ақтай ма? Олар белгілі табыс әкеле ме? Егер өндіріс өссе, шекті шығындар алғашкьща кемиді, кейін ұлғаяды. Осы процес фирмағіын максималды тиімділік нүктесі енім шығарудың максималды және минимадды деңгейінің арасында болған жағдайда ғана жүзеге асады. Егер шығарылған өнім ұлғайып, бірақ сол нүктеге жетпесе, әрбір қосымша енім бірлігін (шекті шығындар) өндіру шығындары төмендетеді. Максималды тиімділік нүктесіне жеткеннен соң, табыстың темевдеу заңы кұшіне енеді және шекті шығындар өседі.
Мысал келтірейік. Айталық, 300 мың долл. шығынданғанда 1 млн. долл. табыс табуға болады, ал басқа тауарға бағыт бүрғаңца, сол 1 млн. долл. табысты табу үшін шығындар 200 мың. долл. өседі. Мүндай талдау ең дүрыс тиімді шешімді тандау үшін қажет.
Фирманың пайдасы максималды болғанда, өндіріс көлемін анықтау үшін екі әдісті қолданады:
1. Жалпы өндіріс шығындары (ТС) абсолюттік мелшері мен жалпы өткерілген өнімнен (жалпы табыстын TR) түскен түсімді салыстыру үшін пайда мына формуламен анықталады:
Pr=TR- ТС
2. Шекті шығындар (МС) мен шекті табысты (MR) салыстыру. ТМД елдері мен Қазақстаңда дәстүрлі бірінші әдіс қолданылады.
Кесте 8-1.
(Шарты: баға мөлшері мен жалпы шығындар белгілі, басқа керсеткіштерді есептеу керек)
Қазіргі нарықтық экономикада өндіріс көлемін есептеу шекті табыс пен шекті шығынды салыстыруды карастырады, себебі кезкелген өндіріс көлемін ұлғайту пайданың өсуіне алып келмейді. Демек, фирма одан барынша табыс табатындай өндіріс көлемін тандауы қажет. Өндіріс көлемін онтайландыруды анықтаудын екі әдісі бар:
- бухгалтерлік - аналитикалық әдіс, бұл практикада жиі колданылады (кесте 8-1-ді караныз) ;
- графикалық әдіс, теорияда колданылады, практикада сирек кездеседі (кесте 8-3-ті караңыз) .
Тауардың екінші бірлігін шығарғанда шекті шығындар, (МС) калай анықтауға болады? Жиынтық шығындармен (ТС) белгіленген ұшінші бағананы аламыз. Бірінші бірліктегі бұйымдардың екінші өндіріске өткенінде = шығындар 1000 теңгеге өсті (2500 теңге - 1500 теңге = 1000 тенге) . Бұл шекті шығындар мен ол екінші бірліктегі бұйымдар өндірісімен жөне т. б. байланысты дегеніміз. Енді шекті табысты (MR) анықтаймыз. Егер бұйымдарды өндіру шекті аз мөлшерге ұлғайса, яғни 1 ғана бірлікке (айталық, бірінші бірліктен екінші бірліктегі бұйымға көшкенде), онда жиынтық табыс -(TR) бейнеленген 4-ші бағананы табамыз. Екінші бірліктегі бұйымдарды шығарған кездегі жиынтық табыстың бірінші бірліктегі шығарғанмен салыстырғандағы айырмасы жиьштықтабыс өсімін -(TR) береді, ол 2000 теңге тең (TR6000-TR4000) .
Есептеулер көрсеткендей, өндіріс көлемінің ең пайдалылығы үщ бірліктегі көлем болып табылады, онан соң шекті шығындар шекті табыстан аса бастайды. Демек, фирмаға үш бірлікке дейін өндіру пайдалыоақ, ал фирма бұл мелшерден артық өндірмеуі тиіс.
Екінші әдіс - графикалық. Ол шекті шығындар мен шекті табысты салыстыру негізінде құрылады. Фирмалар үшін бағыт-бағдар төмендегідей болып қалыптасады.
МС
Шекті
Табыс
Шекті шығындар
(бұйымдар саны)
Сурет 8-3 Шекті табыс пен шекті шығындарды графикалық бейнелеу.
1. Егер шекті табыс шекті шығыннан жоғары болса (көлем ұш бірлікке дейін болғанда) (MR>MC), онда өндірісті ұлғайтуға болады.
2. Егер шекті табыс шекті шығыннан кем болса (бұйымдарды ондіруұш бірліктен жоғары) (MR<MC) өндіріс пайдалығы шамалы, оңда оны қысқарту керек.
Фирманың тепе-тендік нүктесі және максималды пайдасы шёкті табыс пен шекті шығындар тепе-тендігі жағдайында (MR=MC) кол жеткізіледі (сурет 8-1 қараңыз) . Фирма осындай арақатынаска қол жеткізгенде, онда ол өндірісті енді ұлғайтпайды, өнім шығару тұракталып, «фирманың тепе-тендігі» сакталады.
Батыс елдерінің экономикалық ғылым мектептерінде мынандай экономикалық категорияларды «айкын» және «айқын емес» шығындар, «ішкі» және «сыртқы» шығындар қолданылады. Шаруашылық практикасында ішкі шығындар - бұл өзіндік щн, сырткы шығывдар - бұл басқа фирмалардан ресурстарды алуға кеткен жұмсалымдар.
8. 2. ПАЙДА ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Әрбір дәуірдің есті екілдерін пайда теориясы толғандырды және әр дәуір оны езінше анықтады, сейтіп осы теорияға өз козқарастарын білдіріп толықгырды. Пайданың кайнар көзін түсіндіру талпынысының алғашкылары болып XV-XVII ғасырларда мерканталистер жасаған. Олардың пайымдауынша, пайда сырткы саудада туындаған. Тауарды шет елде жоғарғы бағамен сату арқылы, адамдар пайда табады.
Пайда теориясына экономикалық теория классиктері А. Смит пен Д. Рикардо сүбелі үлес қосты. Пайданың қайнар көзін олар өндірістен таба бідці. А. Смит өзінің басты еңбегі «Табиғатты зертеу және халықтар байлығынын себептері» (1776 ж) деген еңбегінде былай деген: «жұмысшылардың материалға қосқан құнының өзі екі бөлшекке бөлінеді-біреуі олардың жалакысын төлеуге, екіншісі - кәсіпкердің пайдасын төлеуге кетеді». 1 А. Смит пайданы кәсіпкердің жалдамалы жұмысшы еңбегі өнімнен шегеру ретінде қарастырған. А. Смит ойын былай корытындылаған: пайда - бұл жұмысшыныц төленбеген еңбегі, алайда оның корытындылары карама-қайтшылықта болды. А. Смит өнім кұнының осы бөлігі кәсіпкерге оның капиталының қызмет жасағандығын «марапаттау» ретінде жүзеге асканын айтқан.
А. Смиттің пайданы - бұл кәсіпкерге оның капиталыныц қызмет жасағандығын марапаттау идеясы, өзінің ізбасарлары тапты: кейініректеу «үстамдылық», «күтушілік», «тәуекелділік» теориялары пайда болып, бірақ ол теориялардың мәні - пайданыц нағыз қайнар кезін жасыруында болды.
Д. Рикардо езінің пайдаға көзқарасын «Саяси экономия және салық салуды бастау» деген еңбегінде баяндаған, онда ол жалақы молшері мен пайда бір-біріне кері қатынаста болатындығын дәлелдеуге тырысқан. « . . . Пайданың жоғарылуы немесе томендеуі, жалақының томен немесе жоғары болуымен байланыстылығын» айткан. 2 Демек, Д. Рикардоның айтуынша, иайда - бұл жұмысшылар өндірген қосымша күн.
К. Маркс өзінің «Капитал» деген еңбегінде пайданы егжей-тегжейлі карастырып қомақты үлес қосты. Ол былай деген: «Пайда қосымша күнның өзгерген түрі»3, сөйтіп барлық авансыланған капитал қызметі нәтижесінің түрін бейнелеген. К. Маркс пайданың нағыз қайнар көзі ретіңде жалдамалы жұмысшыға толенбеген қосымша еңбекті есептеген.
Маркстың ойы бойынша, сыртқы қүбылыста корінетін нәрсе сол-пайда айналым сапасында тауарды сатқан кезде омірге келеді. Шын мәнінде пайда бұл откерілетін қосымша қүн, бұл қосымша қүнның озгерген түрі және өндіріс саласында жалдамалы жұмыс күшімен жасалады.
Батыс экономистері жасаған қазіргі пайда тұжырымдамасы бұл ұғымды әртүрлі көзқараста баяндаған. Ол өндіріс факторларын (жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қызмет пен ақпаратты айтамыз) қолданған табыс ретінде қарастырылады.
Американ ғалым-экономисті Пол Самуэльсон пайдаға деген бірнеше көзқарасты атап қөрсетті:
1. пайда ондіріс факторынан алынған «шартсыз» табыс ретінде және оны кәсіпкерлердің өзі тікелей қолданады;
2. пайда кәсіпкерлік қызметті марапаттау ретінде және техникалық жетілдіруді ендіру;
3. пайда түрақсыздық жай-күйді тудырушы ретінде және тәуекедділік үшін толем;
4. пайда моноподды табыс ретінде.
Осындай козкарас американ жоғарғы оку орны студенттерінің «Экономикс» окулығьшың авторлары Кэмбелл Р. Макконнелл мен Стенли Л. Брюде қалыптаскан. «Экономический образ мышления» окулығының авторы П. Хейне былай дейді: пайданыц дұрыс анықтамасы жоқ, себебі бұл көп қырлы үғым және онын мазмұнын «екшеп сорттау қажет, егер біз экономикалық жүйе қызметінің механизмін түсінгіміз келсе». 2
Осы әртүрлі кысқаша шолу пайданың кайнар көзіне көп түрлі көзкарастьщ барлығын көрсетеді. Таза сандық, көзқарас түрғысынан пайданы қолға түскен шағын табыс пен жалпы шығындардыц арасындағы айырма ретінде анықтаған абзал.
Кез-келген тауар өндірушінщ мақсаты барынша коп пайда табу. Алайда нарыққа оз тауарымен шыға отырып, ол алдыменен белгілі ақшалай қолға түсетін шағын түсімді (табыс) алуды жоспарлайды. Тауар өндірушініц колға алатын түсімін талдай отырып, табыстың үш түрін бөлектеуге болады: жиынтық, орташа және шекті:
а) жиынтық табыс (TR) - белгілі тауар мөлшерін сатқанда алынатын акшалай сома. Жиынтық (жалпы) табыс тауар санын(а) онын бағасына (р) көбейткенге тең:
TR = QxP
ә) орташа табыс (AR) - салынатын бір тауар бірлігінен алынатын. табыс:
AR-™: в
б) шекті табыс (MR) - бұл қосымша тауар бірлігін сатқандағы алынатын, қосымша табыс. Шекті табыс жыйнтық (жалпы) табыстын п бірлігі тауары мен жиынтық (жалпы) табыстын п=1 бірлігі тауарынын арасындағы айырмаға тең:
A TR
немесе TRn ~ TRn_\:
баға
Сурет 8-4. Таза бәсеке жағдайындағы жиынтық, орташа жэне шекті табыстар.
Тауар өндіруші өндіріс көлемі мынандай болғанда максимум пайдаға кол жеткізеді, қай кезде шекті табыс шекті шығынға тен болған жағдайда: MC=MR.
Өндіріс факторлары бірін-бірі өзара толықтырып отырады. Бұл кезде өндіріс келемін кысқартпайды және факторлардың езара алмасуы мүмкін. Ең карапайымы ондірістік функция болып табылады, соның көмегімен тек кана екі өндіріс факторы-еңбек (L) пен капитальды (К) озара байланысы ашылады. Бір өндіріс факторының (L) өзгеруіне карай жэне басқа фактордың (К) нчгермеуімен шығарылу өзгеріле бастайды.
ІУІаксималды пайдалылықтың тепе-тендігін талдау мен анықтау ушін жаңа экономикалық ұғымдарды енгіземіз: жиынтық (жалпы) өнім, орташа өнім және шекті өнім.
Жиынтық (жалпы) өнім (ТР) - бұл өнімнін жалпы саны, осы фактордың сандық анықталуы кезінде және басқада өзгермейтін өндіріс факторында өндіріледі.
Орташа өнім (АР) - бұл жиынтық өнім өзгермелі факторының осы фактор санының (L) колданбағанды ғына қатынасы;
Шекті өнім (МР) - бұл қосылған өнім, осы өндіріс факторыныц бір бірлігіне улғайған кезде алынады:
немесе МР = TRn - 7К__ ;
Белгілі уақыт кезеңінде енімді шығарудьщ шартты берідуін кесте Х-2 түрінде керсетеміз.
Шекті өнім еңбегінін калай өзгеретіндігін байқастық. Белгілі мәнділікке дейін ол өсе түседі; онан соң төмендей бастайды. Бунда шекті еңбек енімділігі төмендеуінін іс-әрекеті байқалады. Онын \шн-мағьшасы мынада: егер бір фактор ұлғайса, ал басқа факторлар ө згеріссіз қалады. онда өндіріс факторының қосымша өнімі кеми бастайды.
Квсше 8-2
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz