Алматы қаласының қазіргі экономикалық жағдайы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Алматы қаласының қазіргі экономикалық жағдайы

Алматы қаласын 2020 жылға дейінгі кезеңге дамытудың Бас жоспары қалада қолайлы тіршілік ортасын құру мен тұрақты дамыту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғат пен мәдени мұраны сақтау мақсатында Алматының қала құрылысын дамытуды жоспарлайтын негізгі құжат болып табылады.

Бас жоспар Алматы қаласының Қазақстан Республикасының оңтүстік астанасы функциясын, Алматы мен Алматы агломерациясы дамуының өзара байланыстылығын іске асыру ескеріле отырып әзірленген.

Бас жоспар қала инфрақұрылымының перспективті және бірінші кезектегі бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру, табиғи кешендер аумағын сақтау мен дамыту, тұрғын үйлерді реконструкциялау мен өндірістік аумақтарды қайта ұйымдастыру, қоғамдық, іскерлік және мәдени орталықтарды, туризм және демалыс нысандарын дамыту, жан-жақты ретке келтіру және қала тіршілігін эстетикалық тұрғыда ұйымдастыру, Алматының әкімшілік аудандары мен басқа да ауқмақтарын дамытудың қала құрылысы жоспарларын әзірлеу мен іске асыру, қаланы жоспарлау мен құрылыс жүргізу жобалары үшін негіз болып табылады.

Алматы қаласын дамытудың Бас жоспарының басты мақсаты - экологиялық жағынан қолайлы, қауіпсіз және әлеуметтік жағынан ыңғайлы тіршілік ету ортасын құруға бағытталған кешенді қала құрылысы іс-шараларын жүргізу.

Бас жоспардың негізгі архитектуралық-қала құрылысы идеясы: Алматы қаласының «қала-бақ» бейнесін сақтау және қалыптастыру.

Экономикалық қызмет

Алматы аумағында эконмоикалық қызметтің саларалық құрылымдарын қайта ұйымдастыру ұсынылады. Оның ішінде: ғылымның, білімнің, мәдениеттің және жоғары технологиялық өнеркәсіптің ролін сақтау; өндірістік, іскерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды, қызмет көрсету, туризм және рекреация саласын ынталандыру; экологиялық қауіпті және ресурсы сыйымды өндірістерді қайта ұйымдастыру.

Материалдық өндіріс салаларына қайта құрылымдауды жүзеге асыру ғылымды қажет ететін және ресурсты үнемдейтін технологиялар пайдасын көздейді.

Алматы қаласының Қазақстан Республикасының бас қаласы мәртебесін сақтау болжанып, ғылыми-техникалық, білім беру, мәдени, әлеуметтік, өндірістік және инфрақұрылымдық әлеуетті, республикалық және халықаралық маңызы бар нарықтық инфрақұрылымдар институтын қарқынды дамыту болжануда.

Экономиканың мемлекеттік және жеке секторларының бұдан арғы тиімді үйлесуі мен өзара әрекет етуі жоспарланады.

Бас жоспарда өндірістік аумақтарды қайта ұйымдастыру ұсынылған. Бұл олардың экологиялық қауіпсіздігін артыру және осы аумақтарың қаланы дамытуда қала құрылысы әлеуетін барынша тиімді пайдалану мақсатын көздейді.

Қаланың рекреациялық инфрақұрылымы.

Қала туризмі экономикалық қызметтің жаңа саласына қызмет көрсету үшін рекреациялық инфрақұрылымды дамытуға арналған кешенді қалалық бағдарлама қала экономикасының жаңа тиімді секторын құруды мақсат тұтады. Бұл ретте Алматының тарихи-мәдени мұрасы мен керемет табиғат әлемін пайдалану, тарихи мұра мен табиғи әлеуетті сақтау, реставрациялау және жаңғырту істерінің қаржылық мәселелерін шешу көзделген.

Бағдарлама жыл сайын туристер ағынын 253, 5 мың адамға дейін ұлғайтуды, оның ішінде отандық туристер ағынын 138, 5 мың адамға және шетелдік туристер санын 115 мың адамға жеткізуді көздейді. Мұнда туристік мекемелерге деген жиынтық сұраныс 24, 6 мың орын, оның ішінде 14, 71 мың орын отандық туризм үшін ұйымдастырылған және 9, 9 мың орын шетелдік туристерге арналған. Аймақтарды және туристер барып көретін нысандарды көріктендіру, төмендегілерді көздейтін кешенді туризм инфрақұрылымын құру:

Қазақстан Республикасы аумағындағы «Жібек жолы» бөлігіндегі туризм жүйесінің тораптық кешені ретінде Алматының және Алматы аймағының туристік кешенін дамыту; Ұлы Жібек жолының Алматы мемориалдық аймағының туристік мекемелерінің сыйымдылығын 25 мың орынға дейін арттыру, оның ішінде қаланың қонақүйлер желісін 5, 8 мыңнан 7, 8 мың орынға дейін жеткізу.

қаланың біртұтас туристік аймақтары жүйесін қалыптастыру, бұл туристер баратын және көретін орындар шегінде жаяу жүріп қарайтын маршруттарды біріктіруді, туристік мекемелерді орналастыру орындарын, қызмет көрсетуді және бос уақытын қамтамасыз етуді, туристік аймақтарды көлік маршруттары жүйесімен бірлестіруді көздейді;

туристер баратын және көретін нысандарды дамыту, оның ішінде ойын-сауық, спорттық нысандардың және сауықтыру кешендерінің өткізу мүмкіндігін ұлғайту, халықаралық туристік орталық, конгрестер, көрмелер, жәрмеңкелер салу;

қонақүй желісін, сауда-тұрмыстық нысандар желісін және ақпараттық қызмет көрсетуді, туристік бюро мен көлік агенттіктерін дамыту;

әуежайда, теміржол вокзалдарында көліктік туристік қызмет көрсету жүйесін дамыту, арнайы автокөліктер паркін және қызмет көрсету кәсіпорындарын және автомобиль прокатын дамыту, туристік аймақтарда автотұрақтардың сыйымдылығын арттыру;

Алматының қала құрылысы дамуының мақсаты

Алматының қала құрылысын дамытудың басты мақсаты - қаланы тұрақты дамыту және алматылықтардың қазіргі және болашақ буындары үшін өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру. Осы мақсатқа қол жеткізу төмендегілерді білдіреді:

  • тіршілік ету ортасының экологиялық қауіпсіздігі және табиғи кешеннің тұрақтылығы;
  • Қазақстан Республикасының ірі әрі әсем қаласын қала-бақ ретінде қалыптастыру;
  • қала құрылысы шешімдерінің мәдени сабақтастығы; кеңістіктік тұтастық, эстетикалық шешімі, қаланың өмір сүру ортасының үйлесімі мен әр алуандығы;
  • көлік және инженерлік инфрақұрылымның сенімділігі мен қауіпсіздігі, тұрғын үй проблемасын жан-жақты шешу, тұрғын үй аумақтарын реконструкциялау және дамыту, өмір сүру ортасын қалыптастыру;
  • өндірістік аумақты пайдалану тиімділігі;
  • қоғамдық орталықтар жүйесінің дамуы мен қол жетімділігі;

Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу Алматы аумағын қайта ұйымдастыру мен көріктендіру, құрылыстарды реконструкциялау, өмір сүру ортасының сапалық сипаттарын көтеру арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Алматы қаласын қала құрылысы тұрғысынан дамытуға қойылатын экологиялық талаптар:

тұрақты экологиялық қолайсыз аймақтарында өмір сүру ортасын түбегейлі сауықтыру, ең алдымен орталық бөлікте, қаланың оңтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік бөліктерінде;

табиғи кешеннің қолданыстағы аумағын қолайсыз антропогенді әсерлерден қорғау, шаруашылық қызмет нәтижесінде жоғалған шағын өзендер арналарын қайта қалпына келтіру, сондай-ақ резервтік аумақтардағы жаңа жасыл желектерді қалыптастыру бойынша іс-шараларды іске асыру;

өмір сүру ортасының жайлылығын арттыру, оның ішінде аумақты көгалдандыру және қаладағы тұрғын үй және қоғамдық аймақтарда мезоклиматтық және микроклиматтық жағдайды жақсарту арқылы.

Алматыны қала құрылысы тұрғысынан дамытудың қажетті шарттары төмендегілер:

  • халықтың денсаулығына елеулі қауіп төндіретін экологиялық қатерлі аймақтарды жою;
  • күшті техногенді ауыртпалыққа ұшыраған аумақтарды санациялау, реабилитациялау, қайта ұйымдастыру бойынша іс-шараларды іске асыру (рұқсат етілмеген қоқыс төгу аумақтары, магистральды көшелер бойындағы газдылығы мен шуы мол аймақтар және с. с. ) ;
  • жоғары экологиялық қауіптің ошағы болып отырған өндірістерді жою; экологиялық таза қалдығы аз және қалдықсыз технологияны, лас сусыз өндіріс циклын ендіру, өнеркәсіп, энергетика, қала шаруашылығы нысандарын заманауи газды тазартатын, шаң ұстағыш және су тазартқыш жабдықтармен 100% жабдықтау;
  • сығымдалған және нығыздалған газбен жұмыс істейтін автомобильдер санын арттыру есебінен қолданыстағы мотор майларының түрлерінің құрылымын өзгерту;
  • ауыз судың сапа стандарттарының сақталуын және өндірістік және коммуналдық ағын сулары және жер үсті ағындарын тазартуды қамтамасыз ету;
  • үздіксіз қозғалатын автомагистралдар салу;
  • негізінен жүк көліктері және басқа да көліктер жүретін айналма автомагистральдер салу;
  • өндірістік және қатты тұрмыстық қалдықтарды толықтай қайта өңдеу және залалсыздандыру.

Тарихи-мәдени мұраны сақтауға және регенерацияға қойылатын талаптар

Алматы қала құрылысы тұрғысынан дамытудың негізгі бағыттары қаладағы тарихи-мәдени мұраны сақтауға және регенерациялауға қойылатын төмендегідей талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

  • қала құрылысы және архитектуралық құралдармен қаланың бүкіл тарихи табиғи-ландшафты, жобалау, композициялық, археологиялық және орталық негізін сақтау, анықтау және мән беру мәселелерін қамтамасыз ету. Бұған бедердің тарихи белгілері, қалалық және табиғи ландшаф, көшелердің тарихи желілері, алаңдар мен кварталдар, қала құрылысы ансамблдерін салудың тарихи жүйесі, көрнекі доминант, қала кеңістігін көз алдыңа келтіретін аймақтарға мән беру, жылжымайтын мәдени ескеткіштер, құрылыстар мен көріктендірудің тарихи сипаты кіреді;
  • өзінің тарихи сипаттарын барынша толығырақ сақтаған көшелер мен кварталдарға «қорғалатын аумақ» мәртебесін беру;
  • аумақтағы жылжымайтын мәдени ескерткіштер аймақтары үшін олардың шекарасын анықтайтын құқықтық қала құрылысы регламенттерін және көрсетілген аумақтар мен аймақтар шекараларында қала құрылысы қызметін реттеу режимін орнату және сақтау;
  • тарихи табиғи ландшафты қорғау аймақтары үшін көрсетілген аймақтар шекараларын анықтайтын құқықтық қала құрылысы регламенттерін және осы шекаралар шегінде осындай ландшафтардың көрнекі келбетін қорғауды және қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін қала құрылысы қызметін реттейтін режимдер орнату және сақтау;
  • жылжымайтын мәдениет ескерткіштерін реставрациялау және қалпына келтіру, анықтау, есепке алу, жылжымайтын мәдениет ескерткіштерін паспорттау бойынша жұмыс көлемін ұлғайту.

Табиғи

Көлік инфрақұрылымын дамыту

Қала атмосферасын негізгі ластаушы көздер көлік (зиянды заттардың барлығының 80%-ға жуығы) болып табылады. Сондықтан, бас жоспарда жол-көше желілерін жақсарту, метрополитенді енгізу, электр көліктер үлесін арттыру, қозғалмалы құрамды жетілдіру, жанармай құю бекеттері мен техникалық қызмет көрсету желілерін оңтайлы дамыту ұсынылады.

Алматы қаласының қалалық қоғамдық көліктерінің негізгі түрлері: жүрдек-метрополитен;

жай - автобус, троллейбус, трамвай, маршруттық такси.

Бас жоспарда Алматы қаласында метрополитеннің 3 желісінің құрылысын аяқтап, кезең-кезеңмен пайдалануға беру ұсынылады.

Бірінші желі Райымбек атындағы станциядан (Райымек даңғылы мен Фурманов көшесінің солтүстік қиылысы) Фурманов көшесінің астымен Абай даңғылына дейін және Абай даңғылының астымен Сайн көшесіне дейін созылып жатыр. Бірінші желінің бірінші кезегі «Алатау» станциясымен (Гагарин көшесінің шығысы) аяқталады. Ол осыдан басқа желіге қайта отыратын бекет болады. Бірінші желіде барлығы 10 станция көзделген. Желінің жалпы ұзындығы 13, 3 км, бірінші кезек - 8, 5 км.

Екінші желі Орталық демалыс паркіндегі «Горкий паркінен» басталып, Жібек жолы көшесінің астымен Гоголь көшесіне қосылып, Әуезов көшесіне қарай бұрылыс жасап, содан кейін Абай даңғылы бойымен бірінші желіні кесіп өте отырып («Алатау» қайта отыру торабын ұйымдастыру үшін) және бұдан ары Розыбакиев көшесінің бойымен (батыс жағында) Торайғыров көшесіне дейін созылып, Орбита станциясымен аяқталады. Станциялардың барлығы - 9. Бірінші желідегі қайта отыру бекеті - біреу. Желінің ұзындығы - 14 км.

Үшінші желі (бірінші желінің жалғасы болып табылады) Райымбек атындағы станциядан басталып, солтүстікке қарай Алматы І темір жол вокзалына дейін созылады. Ол қолданыстағы Алматы-І станциясы мен Алматы-ІІ станциясын жалғастыратын темір жол бойына орналастырылады. Желінің жалғасы ішінара жер үстінде - ұзындығы 3, 5 км. Бұл желінің жалпы ұзындығы 8, 5 км. Станцияларының барлығы - 4.

Электр депо екі алаңда орналастырылады: біріншісі - Алматы-ІІ станциясының солтүстік шығыс маңында, екіншісі - Сайн мен Торайғыров көшелерінің батыс қиылысында.

Бас жоспарда аудандық деңгейдегі жаңа қозғалысы үздіксіз, реттелетін магистральдар салу және қолданыстағыларын реконструкциялау (жалпы ұзындығы 207 км ) ғ сондай-ақ үш негізгі жүрдек көлік шеңбер жолын ұйымдастыру көзделген:

Үлкен шеңбер жол (ұзындығы 103 км ) :

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызылорда қаласының табиғи – экологиялық жағдайлары
Аймақтық саясат құрылымы
Автокөліктік ластануға экожүйенің әсері
Алматы қаласындағы экономиканы мемлекеттік реттеу ерекшеліктері
Алматы қаласын қалыптастырудағы географиялық және экологиялық мәселелер3і
Оңтүстік Қазақстан өңірінің ірі қалаларының геоэкологиялық жағдайы
Aлмaты қaлaсының тaрихы және экономикaлық-геогрaфиялық жaғдaйы
Алматы қаласы халқының өмір сүру сапасын аудандар бойынша бағалау
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫН БАҒАЛАУ
Алматы ауасының ластануын зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz