Рынок экономикасының қазіргі көріністері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Рынок экономикасының қазіргі көріністері1

Рынок экономикасының “идеалдық” моделі2

Рынок экономикасының әлсіздігі3

Макро және микроэкономика4

Тапшылық және оның түрлері5

Рынок инфрақұрылымы6

Рынок конъюнктурасы7

Рынок экономикасының көп секторлығы8

Рынок экономикасының қазіргі көріністері

Рынок қазір өз алдына қызмет ететін жүйеге айналды да, оның басты тетіктері “сұраныс”, “баға” және “ұсыныс” т. б. болды, олардың бірлігі “рынок” деген ұғымды құрайды.

“Рынок экономикасы” деген ұғым “рынок” ұғымынан кең, оған екі сала, “өндіріс” және “тұтыну” жатады. “Әлеуметтік реттелетін рынок экономикасы” деген ұғым одан да кең, ол рынок экономикасына, яғни сұраныс, баға, ұсыныс, өндіріс және тұтынуға реттеуші механизмді тікелей және жанама қоса тіркейді. Реттеуші механизміне мемлекет, рынок институттары, әлемдік экономика әсерлері жатады.

Рынок әлеуметтік реттеуші деп аталады. Реттелуге жататын субъект бүкіл қоғам, оның институттары, реттелетін объект - “қоғамдық экономика”, яғни рыноктық процестер, оның институттары мен факторлары (олар фирмалардың өндіріс ішіндегі қызметі емес) ; реттеудің мақсаты - қоғамдық қажеттерді қамтамасыз ету, рынок экономикасы басқа салаларының жалпы проблемаларын шешу.

Рынок бүгінде сатып алу, сату объектісіне тән дәстүрлі тауарлармен бірге қызмет көрсету, еңбек, ақша, капитал, бағалы қағаздар, информация және интеллектуалды жетістіктерді біріктіреді. Соңғылары өте ерекше тауарлар, оларды сатып алу, сату рыноктың жаңа сапада болуын талап етеді. Ол рыноктың материалдық-техникалық жүйесі; сатушы мен сатып алушылардың кәсіпкерлік білімі және айырбастың механизміне де сапалық өзгерістер енгізеді. Рынок экономикасы жүйесінде сұраныс (тұтынудың) рөлі өзгереді. Әрине, қандай болмасын экономиканың “өзегі” әрқашанда өндіріс болып қала береді. Ал енді рынок экономикасы үшін өндіріс нәтижесін бағалау бұрын тарихта болмаған сипат алатынын айту керек. Бұл ең алдымен ғылыми-техникалық революцияның жетістіктері нәтижесінде өндіріс технологиясында түбірлі өзгерістердің жасалуына байланысты. Осы өзгерістер адамзат тарихында тұңғыш рет постиндустриалды елдерде халықтың басым көпшілігінің негізгі материалдық қажетін толық өтеуге мүмкіндік берді. Әңгіме бір жағынан тұрғын үй, тағам, киім, аяқ киім туралы болса, онымен бірге жоғары білім және денсаулық сақтауға қажеттілікті өтеуге де саяды.

Рынок экономикасының “идеалдық” моделі

Рынок экономикасы практикада (тәжірибеде) өзінің жоғары тиімділігін дәлелдейді, оған мына төменде көрсетілген процестерді кәсіпорын деңгейінде шешуде парапар келетін басқа әдіс жоқ.

  1. Өндіріс пен тұтынудың өзара байланысын қамтамасыз ету. Рынок бұл қызметін төлем қабілеті бар сұранысты қанағаттандыруға арналған ұсыныстар ассортимантімен сәйкестендіру арқылы атқарады.
  2. Өз алдына тәуелсіз шаруашылық жүргізетін өндірушілер еібегі нәтижесін қоғамдық бағалау. Осы бағалау механизмі қарапайым, тиімді және объективті. Сатып алу және сату орнықты ма, әлде жоқ па? Сатып алу мен сатуды болжау қиын болғандықтан, рынок экономикасында сатушы - өндірушілер мен сатып алушы - тұтынушылар тұрақты түрде “рыноктың” жағдайын зерттеп отыру қажет.
  3. Бағаның еркін қозғалысы. Рыноктық бағаның мөлшері мен динамикасы, сүраныс пен ұсыныстың еркін өзара қатынасы процесінде қалыптасады. Бағаның еркін қозғалысын рынок қана қамтамасыз етеді, тікелей айтсақ осының өзі “рынок”.
  4. Экономиканы “сауықтыру” (санация) дербес шаруашылық жүргізушілердің еңбек нәтижесін бағаның еркін қозғаласы арқылы жүзеге асырса, артта қалған өндірушілерді озық өндірушіден тым алшақтатады. Басқаша айтқанда, рынок экономикасы механизмінде артта қалған өндіріс орнын сауықтару мүмкіндіктері бар.
  5. Бәсекенің жалпыға бердейлігі. Рынок экономикасы дегеніміз бәсеке, оның барлық саласында, барша дәрежесінде пайда іздеу жолындағы жарыс, күрес. Сатушылар арасында үздіксіз жарыс: а) өндіріс көлемін неғұрлым ұлғайту үшін; б) шығынды неғұрлым азайту үшін; в) неғұрлым пайдасы мол салаларда қызмет атқару үшін; сатып алушылар арасында өз табыстарын неғұрлым тиімді жұмсау үшін; сатушы мен сатып алушылар рынок бағасының дәрежесі мен мөлшеріне неғұрлым көбірек әсер ету мақсатында әрдайым бәсекеге түседі. Рынок экономикасының негізгі қызметі жоғарыда айтылған бәсеке, жарыс бағытында орын алатыны айқын. Осы механизм арқылы рынок экономикасы өзінің тиімділігін дәлелдейді.

Рынок экономикасының әлсіздігі

Жоғарыда рынок экономикасын дәріптеуден оның күшқуаты шексіз мол деген ұғым тумауы керек. Дәлірек айтсақ бірсыпыра өте маңызды қоғамдық қажеттіктерді өтеуді рынок экономикасы шешу алмайды. Бұл қажеттіліктерді рынок қатынастарына арнаулы институттарды қатыстырмай қамтамасыз ету мүмкін емес.

  1. Макроэкономикалық пропорциялар. Рынок экономикасы халық шаруашылығы салалары арасындағы қарым-қатынастарды, пропорцияларды реттей алмайды, керісінше, диспропорциялар туғызады. Бұл өте қауіпті, құрылымдық дағдарыстар туғызады. Сондықтан мемлекет құрылымдық дағдарыстарға жол бермеу жағын қарастырып отыруы керек.
  2. Ғылыми-техникалық прогресс. Рынок экономикасы ғылыми-техникалық жаңалықтарды қолдануға, ерекше ұмтылғанымен осы жетістіктерді пайдалануға сарандық жасайды. Ол түсінікті де, себебі: ҒТП - тәуекелділікпен жұмсалатын көп қаржы-капитал. Рынок экономикасының бұл кемшілігін ғылыми-техникалық прогресс саласындағы капиталды қолдайтын мемлекеттік бюджеттен арнаулы қаржы бөлу арқылы бәсендетуге болады.
  3. Стратегиялық инвестициялар. Капиталдың айналымын тездетуді көздейтін рынок экономикасы күрделі құрылыс жоспарына қаржы жұмсауға ынталы емес, себебі, бұл салада қаржы айналымы ұзақ мерзімге созылатындықтан бұл қызметті қоғам атқаруы керек.
  4. Рыноктық емес секторларды қолдау. Рынок экономикасы рынокқа тікелей жатпайтын салаларды (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет) қаржыландыруға немқұрайды қарағандықтан бұл міндетті де мемлекет өз мойнына алуға тиіс.
  5. Әлеуметтік қорғау. Рынок экономикасы өте күрделі әлеуметтік проблемаларды тудырады. Оған жататындар - жұмыссыздық, табыстардың күрделі жіктелуі, инфляция. Рынок экономикасының осындай қиындықтарын, азайту мемлекеттің ерекше назарында болуға тиіс (жұмыссыздарға жәрдем, табыстарды салық арқылы қайта бөлу, тұрақты табыстарды, зейнет ақы, стипендияны индексациялау) .

Макро және микроэкономика

Рынок экономикасы екі дәрежеде қызмет атқарады, ол “макроэкономика” және “микроэкономика” болып бөлінеді, осыған сәйкес талдау да - “макроанализ” және “микроанализ” деңгейінде жүргізіледі. Осылай талдау жасаған Дж. М. Кейнстің 1936 жылғы “Еңбекке тарту, процент пен ақшаның жалпы теориясы” деген еңбегі батыс экономистері арасында кең қолдау тапқан.

Микроэкономика жеке бизнес немесе негізгі экономикалық буынның (фирманың) қызмет ету саласы. Микроэкономиканың нарық жағдайындағы басты сипаты және негізгі мақсаты - табыс табу.

Макроэкономика - бұл жалпы экономикалық процестер саласы, қоғамдық “фирмалардың жиынтығы” болып саналады.

Макроанализ назарында агрегатты өлшемдер (жалпы өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) болады. Егер де микроэкономика тұрақтылыққа, тепе-теңдікке бет бұрса, макроэкономика қоғамдық өндірісті динамикалық өсіпөркендеуге бейімдейді.

Тапшылық және оның түрлері

Рынок экономикасының қолайсыз бір жағы - тапшылықтың болуы (дефицит деген латын сөз - тікелей аудармасы тапшылық немесе жетіспеушілік) . Бізге белгілі тапшылық “тауар тапшылығы” тәрізді тапшылық сирек кездеседі. Ол, айталық жаңа тауарлар өндіру енді қолға алына басталған кезеңде ғана болуы мүмкін.

Рынок экономикасына тән тапшылық түрлері:

  1. Арзан ресурстар тапшылығы болғандықтан өндірушілер оларды неғұрлым үнемдеуге (ал рынок экономикасында ерекше ресурс еңбек болғандықтан, оған төленетін ақы да жоғары) мәжбүр.
  2. Төлем тапшылығы - тауар тапшылығы емес, төлем құралы (ақшаның) жетіспеуі. Ол жағдай мол табысты қызмет атқаруға ынталандырады, бірақ та бұл жағдай ұсыныстан сұраныс артық болған кезде орын алады.
  3. Бюджет тапшылығы - мемлекеттік шығындардың мемлекет табысынан артық болуы (ең алдымен әлеуметтік қорғау міндеттеріне сәйкес) .
  4. Сауда балансы тапшылығы - импорттың экспорттан артық болуы немесе шет елден келген таурлардың шетке шығаратын тауарлардан артық болуы.
  5. Төлем балансының тапшылығы - басқа елдерге берешектің олардан алатын төлемдерден артуын көрсетеді. Төлем балансы экспорт-импорт операцияларымен қатар көлік-тасымал шығындарын, туристік қызмет, сақтандыру, халықаралық кредит (несие) және проценті қамтиды.

Осы тапшылықтардың әрқайсысы ерекше шара қолдану арқылы азайтылады. Мәселен, бюджет тапшылығын - мемлекеттік бағалы қағаздар (бон, вексель, облигация, міндеттемелер), төлем балансының тапшылығын - шетел капиталы мен несиесін пайдалану арқылы төмендетуге болады. Рынок экономикасы бағаны ырықтандыру жолымен де тапшылықтың көбінен құтыла алады.

Рынок инфрақұрылымы

Рынок - сұраныс пен ұсыныстың баға арқылы өзара қарым-қатынасы. Экономикалық теория сұраныс, баға және ұсыныс арасындағы байланысты білдіретін түрлі жобалар жасап, оларға жеке факторлардың ықпалын зерттейді. Онымен бірге рынокты ұйымдастырудың нақталы формаларын зерттеу қажет. Рыноктың нақты формалары төмеедегі элементтерден тұрады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
РЫНОКТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ТАЛДАУДАҒЫ (ЗЕРЕТТЕУДЕГІ) ФОРМАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТТІК БАҒЫТТАР
Рынок экономикасы
Әлемдегі нарық шаруашылығы және экономикасы
Нарық және иерархия
Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі кезеңдері
Қазақстан экономикасынығ нарықтық экономикасы
Экономикалық теорияны зерттеу әдістері
Экономикалық теория ғалымы ретінде және оның әдісі
Экономикалық теория туралы
Өндірістік шығындар жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz