ТАУАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ, ТАУАРҒА СІҢГЕН ЕҢБЕКТІҢ ЕКІ ЖАҚТЫ СИПАТЫ. ҚҰННЫҢ НЫСАНДАРЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ТАУАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ, ТАУАРҒА

СІҢГЕН ЕҢБЕКТІҢ ЕКІ ЖАҚТЫ СИПАТЫ.

ҚҰННЫҢ НЫСАНДАРЫ

Тауар дегеніміз айырбастау және сату, тұтыну үшін шығарылатын еңбек
өнімі. Ал ол тауардың айырбасталу, немесе сату үшін өзіндік бір қасиеті
болуы шарт. Мысалы, нан, май, сүт адамдардың жеке тұтыну қажетін
қанағаттандыратын болса, құрал-жабдықтар өндірістік талғамды
қанағаттандырады. Олай болса, заттың екі қасиеті болады екен, заттың қандай
да болсын адамның бір қажетін өтейтін қасиеті оны тұтыну құны етеді,
тауардың белгілі бір қажетті өтеу қасиетінің пайдалы да зиянды да болуы
әбден мүмкін. Тағы бір ескертетін жәйт, адамның бір қажетін өтейтін заттың
бәрін біз тауар деп атай аламыз. Мысалы, ауаны алайық. Адам баласының ең
басты тіршілігін қамтамасыз ететін ауа екені белгілі. Алайда ол тауар емес,
өйткені ол адам еңбегінің жемісі емес, табиғаттың сыйы. Ал осы ауаның
белгілі бір бөлігін оттегі жастығына жиыстырса, ол тауар бола алады.
Өйткені оны ауадан бөліп алуда белгілі бір мөлшерде адам еңбегі жұмсалды.
Оны сатып алуға, сатуға болады, сөйтіп оны адам қажетіне пайдаланады. Енді
қандай да болмасын еңбек өнімі тауар бола ала ма деген сұрақтың қойылуы
мүмкін. Мысалы, шаруалардың, қала тұрғындарының өз шаруашылығында, қосалқы
шаруашылығында өсірген жеміс-жидегі өз отбасының, яғни жеке талғамын өтеуге
пайдаланды делік. Осы өнімдер әлі тауар емес. Ол тауар болу үшін басқа бір
қоғам мүшесінің қажетін қанағаттандыратындай айырбасқа түсуі шарт. Сонымен,
тауардың екі жақсы қасиеті бар: біріншіден, ол адамның қандай да болса бір
тұтыну қажетін қанағаттандыратын зат;
екіншіден, ол басқа бір затқа айырбасталатын зат; заттың пайдалылығы
оны тұтыну құны етеді.
Тұтыну құны — тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажетін
қанағаттандыру қасиеті. Ол тұтыну бұйымдары, не өндіріс құрал-жабдықтары
ретінде адамдар қажетін өтейді. Тұтыну құнының ерекшеліктері:
1. Тұтыну құны негізінен сол заттардың табиғи
қасиетімен байланысты. Мысалы, нан, май, ет, сүт, жеміс-жидектердің
құрамыңда адам организміне қажетті витаминдер, қышқылдар, белоктар
болады.
2. Тұтыну құны сол затты шығаруға жұмсалған еңбек мөлшерінен
байланыссыз. Мысалы, 100 г нанды пісіруге жұмсалған еңбек пен 100 пар
аяқ киімді тігуге жұмсалған еңбек мөлшері әр түрлі. Алайда олардың
пайдалылығы бір-бірінен кем емес.
3. Тұтыну құны әр қоғамда да болып келеді. Бірақ өндіргіш
күштердің дамуымен, өндірістік қатынастардың жетілуіне сай олардың
атқаратын рөлі де өзгеріп отырады. Мысалы, адамның көлігі есебінде ертеде
негізінен ат пен арба пайдаланылса, қазір машина, поезд, ұшақтар атқарып
отыр. Заттардың пайдалылығы да қоғам дамуымен кеңейе береді. Мысалы, ағаш
ертеден құрылыс материалы, отын есебінде пайдаланылса, бүгінде одан
алынатын заттардың түрі де артып отыр.
Жоғарыда атап өтілгендей, тұтыну құны бар затты әлі тауар дей
алмаймыз. Ол үшін екінші бір қасиеті — айырбас құны немесе басқаша құн
болуы керек. Айырбас құны — ең алдымен сан арақатынасы түрінде көрінеді.
Мұнда біртектес тұтыну құндары екінші біртектес тұтыну құралдарына
айырбасталады. Бұл арақатынас уақыты мен орнына қарай ылғи өзгеріп отырады.
Мысалы, 50 кг астық 25 метр матаға айырбасталды делік. Бұл жерде 50 кг
астықтың 25 метр матаға қатысы — осы тауардың айырбас құны болады. Жай
көзге бұл бір кездейсоқ қатынас сияқты. Өйткені 50 кг астықтың бүгін 20
метр, ертең 30 метр матаға да айырбасталуы мүмкін ғой. Алайда осы кездейсоқ
жайдың өзінде бір заңдылық бар. Оның негізі тұтыну құнында емес (екеуінде
екі түрлі), осы тауарларды өндіруге жұмсалған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша айналымын тұрақтандыру
Қоғамдағы тауар - ақша қатынастары
Тауар өндірушілердің жетілуі
Тауарлы шаруашылық: пайда болу шарттары, негізгі ерекшеліктері мен түрлері
ИГІЛІК, ТАУАР, ҚҰН, БАҒАЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ШЕКТІ ПАЙДАЛЫЛЫҚ ТЕОРИЯЛАРЫ
Игілік экономикалық категория ретінде. Тауардың мәні және оның қасиеттері
Өндіріске арналған тауар нарығын сегменттеу
Тауар және оның қасиеттері
Тұтынушы тәртібі нарықты сигменттер және тауар тұрғысы
Маркстың экономикалық теориясы, қосымша құн және қанау теориясы
Пәндер