ТАУАР ЖӘНЕ АҚША ТЕОРИЯСЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ТАУАР ЖӘНЕ АҚША ТЕОРИЯСЫ

  1. Тауарлы шаруашылық пайда болу шарттары, негізгі белгілері мен типтері.
  2. Тауар және оның қасиеттері. Тауар мен құн қасиеттерінің альтернативті (балама) теориялары.
  3. Ақша тауар өндірісінің категориясы: пайда болуы және мәні. Ақша теориялары.
  4. Ақшаның қызметтері.
  5. Ақша айналысының жүйесі: мазмұны мен белгіленуі. Ақша айналысы мен ақшаның эволюциясы.

1-сұрақ. Егер адамдардың экономикалық әрекетіне ретроспективада қарайтын болсақ, шаруашылық жүргізу формаларының қалай өзгеретінін байқауға болады.

Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың тарихи бірінші типі - натуралды шаруашылық.

Натуралды деп адамдар өнімді айырбасқа, рынокқа жеткізуге ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндіретін шаруашылықты айтамыз. Ол универсалды қол еңбегіне негізделуі анағұрлым таза түрінде қоғамдық еңбек бөлінісінен хабары жоқ және өнімдерін өзара айырбастамаған алғашқы қауымдық халықтарда болды. Өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайымдылығымен сипатталады; өндірілетін өнімдер жииыны ғасырлар бойы өзгерместен, жылдан-жылға бірдей көлемде өндіріледі ( жай ұдайы өндіріс)

Үш басты сұрақ: нені? Қалай? Және кім үшін өндіреміз? Деген мәселелерді өз шаруашылықтарына ( патриархалды отбасы) сұранымын ескере отырып, шаруашылық иелері өздері әр жұмыскерлер шешті. Натуралды шаруашылықта қалыптасқан әдет-ғұрып пен көсемнің еркі үлкен роль атқарды.

Басым форма ретінде натуралды шаруашылық оған тарихтың өлшеп берген жолын әлдеқашан жүріп өтті. Алайда, өндірдік тұтындық прицпі бойынша байланыс (айырбассыз және қоғамдық бөлусіз) аса тұрақтылығын көрсетті, оның элементтеріән қазіргі заманға қоғамның микромакро деңгейлерінен де көрінеді. Миикродеңгейдегі натуралды шаруашылыққа экономикалық күйзеліс кезхіндегі мемлекет аса қолдау көрсететін

бау-бақша жерлеріндегі жұмыс мысал бола алады. Мұндай саясат елдің әлемдік рыныкта оқшаулануына экономикалық дамуының артта қалуына әкеледі, шаруашылықты тәуелсіздікке жеткізбейтіндіктен реакциялық болып келеді.

Натуралды шаруашылыққа қарағанда тауарлы шаруашылық анағұрлым күрделі.

Тауарлы деп өнімдер сату үшін өндіріліп ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс рыныктың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады.

Тауарлы шаруашылық деп пайда болуының қажетті шарты - нақты бір өнім шығаруға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі.

Қоғамдық еңбек бөлінісі тарихы 3 кезеңнен тұрады. Біріншісінде, мал шаруашылығы егіншіліктен бөлініп шығып, тайпалар арасындағы ұдайы айырбастың болуына жағдай жасады. Екіншісінде, - қолөнер егіншіліктен бөлініп шықты да, нәтижесінде тауарлы шаруашылық пайда болды. Үшінші кезеңде сауда өндірістен оқшауланды және көпестік капитал бөлініп шықты. Осы кезеңде рын, ыктық байланыстар ұдайы қалыптасты.

Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір-бірінен оқшаулануы. Ал жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көрсетті.

Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен рыноктың дамуына байланысты.

Рыныктың мынандай үлгілері белгілі: дамымаған, еркін, реттелетін, деформацияланған. Әр рынок үлгісіне тауарлы өндірістің ерекше моделі сәйкес келеді.

  1. дамымаған рыноктың тауарлы өндірісі;
  2. еркін рыноктың тауарлы өндірісі;
  3. реттелетін рыноктың тауарлы өндірісі;
  4. деформацияланған рыноктың тауарлы өндірісі.
  1. Дамымаған рыноктың тауар өндірісі(жай товар өндісісі қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс құралдарына жеке меншіктің болуына, тауар өндірушілердің өз еңбектеріне негізделген. Жай тауарлы өндіріс кезінде шығарылған өнімнің тек белгілі бір бөлігі ғана рынокқа шығарылады. Сондықтан, ол бүкіл экономиканы қамти алмағандықтан жалпыға ортақ емес.
  2. Еркін рыноктың тауарлы өндірісі(рыноктық экономика) түбегейлі жаңа белгіге ие болды, ол жалпы ортақ сипат алды, яғни ол келесі құбылыстарды білдіреді:

а) адамның жұмыс күші тауарға айналды және өдірушінің өз еңбегінің орнына жалдамалы еңбек келді;

б) қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, рынок арқылы сатуға арналады.

Бұл кезеңдерді тауарлы өндіріс еркін бәсекенің болуымен сипатталынатындықтан, оны әлі күнге дейін еркін бәсеке дәуірінің капитализмі немесе «еркін экономика» деп атайды. Мемлекеттің шаруашылық өміріне тіпті араласпауы оны «таза» - laisser faire, яғни «қалай жүрсе, солай жүрсін» дегенді білдіретін капитализм деп атауға мүмкіндік береді.

Іс-әрекетті үйлестіру мақсатында барлық жерде рынок пен баға жүйелерін қолдану бұл тауарлы өндірісті рыноктық (капиталистік) экономика деп атауға негіз болды.

Рыноктық экононмика машиналы өндіріс сатысында қалыптасты.

  1. Реттелетін рыноктың тауарлы өндірісэкономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталынады.

Бұл екеуінің елдегі барлық ресурстар мен материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтынудағы үлестері жоғары. Мемлекет белсенді түрде рыноктық экономикаға араласқанымен, рыноктың реттеуші ролі - «көрінбейтін қолды» жоққо шығармайды. Реттелетін рынок экономиканың мәселесі пайда болатын кезде қалыптасалы. Мемлекеттік реттеудің басты формаларына заң шығару, салықтық және қаржылық формалар жатады.

Реттелетін рыныктық тауарлы аруашылықтың бірнеше модельдері бар:

а) әлеуметтік рыныктық шаруашылық;

б) аралас экономика;

в) .

Олар, ең алдымен мемлекеттік бағдарламалардың мақсатты бағытталуымен ерекшеленеді. Әлеуметтік шаруашылықтағы басты мақсат - азаматтар мүдделерін қорғау; аралас экономикада кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасау; корпаративтік экономикада - ірі бизнес мүдделерін қорғау. Біріншісі, көбінесе Германияға, екіншісі, - АҚШ-қа, үшінші модель - Жапония мен Швецияға тән.

  1. Деформацияланған рыноктың тауар өндірісіәміршіл-әкімшілік экономикаға тән және дамыған қоғамдық еңбек бөлінісін, дамыған машиналы өндірісті, ұлттық экономиканы ұдайы реттеуді, еркін нарықтық қатынастарды басып тастауды білдіреді.

Бұл экономиканың екі моделі бар: жоспарлы-директивалық және нормативті.

Жоспарлы-директивалық жүйе шаруашылық қызметін ресурстарды таратуда қалай болса, баға тағайындауда да сондай орталықтандыруға негізделген. Нормативті модель тауар өндірушілердің дербестігіне рұқсат береді. : әр кәсіпорынның орындауы міндеьтті жоспар-директива, нормативтер, бағдарламалар және анағұрлым бәсең жоспарлаумен алмастырылады.

Қазақстан экономикасын реформалау әміршіл-әкімшіл жүйеден рыноктық әдістерге өтуді білдіреді. Мәселе біздің қандай модельді таңдап және қандай экономика құрғымыз келетіндігінде.

Рыноктық экономика моделін таңдау - бұл ұлттық экономикаға мемлекеттің ықпал етуінің әдістері жүйесін таңдау.

Либералды экономикаға (АҚШ) рынокқа ықпал етудің қаржы жүйесінің монетарлық құралдары тән. Әлеуметтік бағдарланған рыноктық экономикада белсенді салықтық-бюджеттік саясат жүргізумен байланысты әдістер басым.

Мемлекет тарапынан ұлттық экономикаға үлкен қолдау жасайтын және тиімді қайта бөлу процестерін жүргізетін әлеуметтік бағдарланған экономиканың анағұрлым ұнамдырақ екені айқын. Тауарлы өндірістің даму кезеңдеріне жасалған қысқаша шолу тауарлы өндіріс пен рыноктық экономика арасында абсолютті теңдіктің жоқ екендігі жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Рыноктық экономиканың негізі тауарлы шаруашылық екені даусыз. Алайда, тауарлы шаруашылық рыноктық (капиталистік) шаруашылықтан бұрын пайда болды және оның орнығуына дейін бірнеше жүзжылдықтар бойы әрекет етіп келді. Мұнан өзге тауар-ақша қатынастары әкімшіл-әміршілдік жүйеде де орын алған. Сондықтан «тауарлы өндіріс» ұғымының «рыноктық экономикаға» қарағанда анағұрлым кең екендігін мойындау қажет.

2-сұрақ. Тауарлы өндірісте шешуші категория тауар болып табылады. Оның мәнін әркім әр түрлі түсінеді. Олардың жоқ дегенде екеуін қарастырайық.

1. Маркстік теорияда тауар сатуға арналған, адамға пайдалы еңбек өнімі ретінде қарастырылады. Бұдан

а) тауар тек адамның қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыратын зат болып, табылады.

б) тауар еңбек жұмсалған зат, мысалы ормандағы жидектер оларды теруші үшін тауар емес, бірақ оларды теруге еңбек жұмсалғаннан кейін тауар бола алады.

в) тауар сатуға арналған.

2. Австриялық экономикалық мектебінде (оның көрнекті өкілі К. Менгер) тауар айырбастау үшін өндірілген ерекше экономикалық игілік ретінде анықталады. Экономикалық игіліктерге К. Менгер экономикалық қызмет нысаны немесе нәтижесі болып табылатын және қажеттіліктермен салыстырғанда шектеулі мөлшерде алуға болатындарды жатқызады.

Бұл екі анықтамалардың ұқсастығы сонда, екеуінде де тауар еңбек нәтижесі ретінде қарастырылады. АЙырмашылығы - екінші анықтама игілікке деген қажеттілік пен осы біріншісінде ескерілмейді.

Әр түрлі көзқарастардың болуына қарамастан, барлық мектептер еңбек арқылы өндірілген пайдалы өнімдер де, еңбек жұмсалған табиғат сыйларымен әр түрлі қызметтердің де тауар бола алатынын мойындайды.

Қызметтің ерекшелігі сонда, оның заттай формасы болмағанмен,

Пайдалы мәні бар, адам іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады.

Тауарлар материалдық және материалдық емес сипатта болуы мүмкін.

Тауардың екі қасиеті бар:

-қандай да бір адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті, мән-мазмұн ерекшелігі;

-басқа тауарларға айырбасталу қасиеті.

Тауардың қандай да адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті тұтыну құны деп аталады. Ол тек оны өндірушінің ғана емес, басқа да адамдардың қажеттіліктерін өтей алады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Ал, өндірушінің өзін ол басқа тауарларға айырбастала алатындығы үшін ғана қызықтырады.

Тауардың белгілі бір сандық пропорцияда басқа тауарларға айырбасталу алу қасиеті айырбас құны деп аталады.

Айырбас негізінде не жатыр және бір тауардың басқа тауарға айырбасталуының сандық пропорциясын не анықтайды деген сұрақты алғаш Аристотель қойды.

Кейіннен әр түрлі экономистер оған әр түрлі жауап берді.

Еңбек құн теориясы ХУІІІ және ХІХ ғ. Бойы қалыптасты. Оның негіздерін құнды тауар өндірісіне кеткен еңбек арқылы анықтаға саяси экономия классиктерінің еңбектерінен табамыз. К. Маркс пен Ф. Энгельс құн негізінде қоғамдық абстрактілі еңбек жатыр деп есептеген. Маркстің ойы бойынша, тауар өндіруші еңбегі екі жақтылы. Бір жағынан, бұл белгілі бір түрдегі еңбек, ол белгілі бір еңбек құралдарын қолдану, жұмысшының белгілі бір кәсіби дағдылы мен нақтылы нәтижесі - белгілі бір тұтыну құнының болуымен сипатталады. Екінші жағынан, еңбек-бұл нақты формасына қатыссыз, жалпы жұмыс күшінің шығыны, жалпы қоғамдық еңбектің бөлшегі және өлшеуіші. Ол абстрактілі еңбек деп аталады. Осы еңбек қана құн түзеді, себебі осы ғана әр түрлі тұтыну құндарын бір-біріне теңестіруге мүмкіндік беретін, әр түрлі мамандар еңбегіндегі ортақтық болып табылады.

Құн өлшеміне деген көзқарастар да әр қилы. А. Смит құн өлшемі ретінде жұмыс уақытын, Д. Рикардо -нашар өндіріс жағдайларындағы тауар өндірісіндегі жұмыс уақытын алды, ал Маркс құнды қоғамдық қалыпты өндіріс жағдайлары, еңбектің шеберлігі мен интенсивтілігінің орташа деңгейіндегі өнім өндірісіне кететін қоғамдық қажетті жұмыс уақыты деп атады. Шекті пайдалылық теориясы австриялық мектеп өкілдері: К. Менгер, Е. Бем-Баверк, Л. Вальрас, У. Джевонс және т. б еңбектерінде айқын көрінді.

Бұл концепцияны қолданушылар құнды сатып алушылардың суьективі бағалауларына қарап анықтады. Ал, тауардың субьективті құндылығы екі факторға тәуелді: осы игіліктің бар қоры (сиректігі) мен оған қажеттіліктің қанағаттандырылу дәрежесі. Мысалы, егер сіз шөлде келе жатып, сізді шөл қысатын болса, осы шөлде су сиректік болса, онда алғашқы ыдыс су сіз үшін баға жетпес игілік. Шөліңіз қанған сайын әрбір келесі ыдыстың пайдалылығы сіз үшін азая береді. Ең соңғы судың сіз үшін пайдалылығы және құндылығы анағұрлым аз болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшаның қызметі және қажеттілігі
АҚШАНЫҢ НОМИНАЛИСТІК ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАҒАЗ АҚШАНЫҢ АЙНАЛЫС ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
И. Фишердің сандық теориясы
Ақшаның сандық теориясы
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні
Ақша жүйесі туралы
Маркстың экономикалық теориясы, қосымша құн және қанау теориясы
Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы
Ақшаның металдық теориясы
Макроэкономикалық теорияға негізделген фишердің теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz