ТЕҢГЕ - ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ТЕҢГЕ - ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ

Еліміз егемендік алып, тәуелсіздік туын тіккелі қаншалықты қиын болса да нарыққа бағдарланған экономика қалыптастыру жолымен ілгерілеп келеді. Жетпіс жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеген социалистік жоспарлы экономика механизмдері орнына нарықтық экономика механизмдерін енгізудің оңайға түспейтіні көзі қарақты адамдардың бәріне түсінікті болса керек. Қазір бұған былайғы жұрттың да көзі жеткендей. Әрі бұл бір ғана Қазақстанның басындағы жағдай емес, мұндай ауыртпалық ТМД елдерінің бәріне де ортақ. Тек содан шығудың жолдарын әркім өзінше қарастыруда.

Қазақстанның дербес экономикалық саясат ұстанып, реформаларды шындап жүргізуге көшуі өзінің ұлттық валютасын енгізгеннен кейін барып басталды. 1993 жылғы 15 қараша қазақ теңгесінің дүниеге келген күні болып мемлекетіміздің тарихына енді. Оған дейін Ресей сомы аймағында болуға тура келді.

Егемендіктің бастапқы кезеңінде бірден ұлттық валютаны енгізу - тәуекелі көп қауіпті қадам болған болар еді. Өйткені, ол тұста Ұлттық банк те атына сай жұмыс істей алған жоқ, өз дәрежесінде қалыптасып үлгермеді. Ақша-қаражат, несие жағын басқарып, реттей алатын мамандар да аз болатын. Мұның бәрін жаңа-жаңа үйреніп жатқан кез еді. Ұлттық ақшаны енгізу үшін тиісті мөлшерде валюталық резерв керек. Ол да болмады. Бәрі де Мәскеуден, орталықтан басқарылғандықтан бізден шетелге қанша өнім кетіп, одан не түсіп жатыр - оны ешқашан білген емеспіз. Есеп жоқ.

Қазақстан сом аймағында қала отырып, Ресей Үкіметінің, Орталық банкі мен парламентінің экономикалық саясатына тәуелді болды, Ұлттық валюта енгізіп, бағамын реттеуге, өзінің қаржы институттарын құруға Қазақстанның уақыты да, тәжірибесі мен ресурстары да жетпеді. Сондықтан жағдай Ресейдің стратегиясын еріксіз қабылдауға мәжбүр етті. Осындай қиналыстармен 1992 жыл өтті. 1993 жыл алға жылжыды.

Ресей барлық республикалар үшін корреспондентгік шот ашты. Бұл республикалар арасында бір-бірімен ақшалай байланыстың есебі болатындығын білдіреді. Сөйтіп, Ресей өзінің жаңадан ұлттық ақшасын шығаруға аяқ басқанын байқатты. Одан кейін 1993 жылғы 26 шілдеде жаңа үлгідегі Ресей сомын қолданысқа енгізді. Шын мәнінде бұл олардың сом аймағында қалуға ұмтылып жүргендерге мәселені ашық қойып, "енді өздерің біліңдер" дегені еді.

Бұл жылдары біз егемендік алдық дегенімізбен, ол саяси ғана егемендік болатын. Экономикалық тәуелсіздік деуге келмейтін. Өйткені, қаржы-қаражатты, валютаны кім басқарады, соған байланысты саясатты кім белгілейді - соның билігі жүреді. Бұлар біздің еншімізде еместі. Қолданыста Ресей сомы жүргендіктен оның эмиссиясын, қаржы-қаражат саясатын жүзеге асыру Ресейдің Орталық банкісіне тиесілі болды. Ендеше, ол барлық процесті Ресейдің мүддесіне қарай реттейтіні түсінікті. Бізге тек солар қандай шаралар қолданса, соны еріксіз қайталап отыру ғана қалды.

Қазақстанның сом аймағында қалу жөніндегі әрекеттерінен ештеңе шықпасы белгілі бола бастады. Бұл туралы екі ел арасындағы бұған дейінгі келісімдер түрлі кедергілерге кезігіп, тежеле берді. Ақыр соңында, 1993 жылдың қараша айында Қазақстан өзінің ұлттық валютасын енгізуге шешім қабылдады. Осыдан кейін ғана республика Үкіметі мен Ұлттық банктің экономикалық саясаты біршама баянды және қисынды бола түсті.

Әрине, теңгенің жылдам құнсыздануына оның жеткілікті дайындықсыз енгізілуі мықтап әсер етті. Валюталық резерв жетіспеді, ол болып та жарымады. Екіншіден, ақша айырбастау тым қарапайым (механикалық түрде) жүргізіліп, 500 сом 1 теңгеге теңестірілді де, Ресей сомының бағамы бойынша 4, 7 теңге 1 АҚШ долларына бағаланды. Бұдан соң құлдырау тым жылдам жүрді. Бұл - инфляция қарқыны жоғары болды деген сөз. Міне, осындай жағдайда қолда бар жиналған капитал шетке ағылды. Бұған объективті факторлардың да әсері болды. Бірақ қателіктер де жіберілгенін айтуымыз керек.

Ресей сомы кезінде несие саясаты дұрыс жолға қойылмады, жөнді тәртіп болмады. Мысалы, бір айда берілген несие сомасы 180 процентке дейін өсіп отырды. Эмиссия келемінің бұлайша артуы несие саясатының бетімен жіберілгенінің айғағы. Кейбір адамдар таныстығына, жең ұшынан жалғасқан байланыстарына қарай несиені қалай болса солай алды, қажетінше қарпып қалды. Сондай келеңсіздік теңге қолданысқа енген бастапқы кездері де қайталанды. Шындап келгенде банк, кішігірім өндіріс ашқандардың көпшілігінің үкіметтің ақшасынан басқа қаржы көзі болмады. Ұлттық банктің өзі де коммерциялық банктер секілді адамдарға несие беруге көшті. Ал оның қалай қайтарылатындығы әрдайым ескеріле бермеді. Сондықтан мұндай жағдай экономикаға ауыр тиді.

Көптеген елдерде нарыққа өткен кезде, ұлттық валютаның тұрақтылығы үшін күрескен тұста, тұрақты бағам қолданылғанды. Мысалы, Жапония 70-ші жылдарға дейін солай етті. Германия, Чехославакия, Польша тұрақты бағам ұстанды. Сол арқылы экоиомикасын тезірек жолға қойып алды.

Асыра белгіленген бағамның да тиімсіз жақтары бар. Бұл кезде импорт көбейеді де, экспорт азаяды. Біздің жағдайымызда экспорттың көбейіп шыққаны дұрыс. Өйткені, содан түскен валютаны ең тиімді деген мақсаттарға жұмсауға қол жеткізер едік. Бірақ біз валютаны, экспорт пен импортты бақылауды жолға қоя алмадық. Оның үстіне экспортты кім болса сол шығарды. Лицензия да көрінгеннің қолында кетті. Сөйтіп, бір процестің алдын екінші бір процесс орап кетіп жатты. Бұл 1995 жылдың аяғына дейін жалғасты. Сондықтан инфляция деңгейі де жоғары болды.

Дегенмен, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың сипаты мен мәні 1992-1994 жылдардағыға қарағанда едәуір өзгеше. Бұл, әсіресе : үстіміздегі жылға қатысты. Оның ең басты белгісі ретінде инфляция 1994 жылғы 1200 проценттен астам деңгейден 1995 жылы 60, 3 процентке немесе айға есептегенде 4 процентке дейін тежелгенін айтуға болады. Бұл үрдіс биыл да жалғасуда. Инфляция қарқыны алғашқы жарты жылдықта 116, 8 процент құрады немесе орташа айлық деңгейі 2. 6 процентке, жылға есептегенде 36 процентке тең. Ал өткен жылдың бірінші жартысында бұл көрсеткіш 132, 4 процент болған Мұның өзі үстіміздегі жылы біршама макроэкономикалық тұрақтылыққа жету мүмкіндігінің бар екендігін аңғартады.

Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетінің деректеріне қарағанда, өндіріс саласында сәл де болса оңалу байқалады. Өнеркәсіп өндірісі көлемі 1995 жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда 0, 2 процентке ұлғайды.

Соңғы бір жарым жылда ұлттық валютаның бағамы айтарлықтай түрақтанды. Макроэкономикалық тұрақ-танудың мұндай белгілері және өндірістің құлдырауының тежелуі монетарлық саясаттың тікелей нәтижесі.

Мейлінше маңызы оң ілгерілеу сыртқы экономикалық қызметте анығырақ көрінеді. 1995 жылы экспорт көлемі 11, 5 есе өсіп, 4965 миллион АҚШ долларына жетті. Немесе ішкі жалпы өнімге есептегенде 30 процент шамасында болды. Ал импорт 14 процентке ғана ұлғайып, 3176 миллион доллар болды. Бұл ішкі жалпы өнімнің 22 процентін құрайды. Бұрынғы КСРО елдерімен сауда балансы біздің пайдамызда болмай отыр. Әйтсе де мұндағы тапшылық екі есе қысқарды. Ал алыс шетелдермен сауда балансында 160 миллион АҚШ доллары көлемінде оң сальдо қалыптасты. Мұндай үрдіс биыл да сақтануда.

Экспорттың ұлғаюына экспорттық сектор кәсіпорындарын басқаруға беру, ал кейіннен акциялардың бақылау пакеттерін шетелдік компанияларға сату жәрдемдесуде.

Бұл айтылғандарға қарап, өндірістік салада бәрі ойдағыдай деуге болмайды. Өнеркәсіп өндірісінің тұрақтануына экспорттық өнімдер өндіру көлемінің өсуі есебінен ғана қол жетіп отыр. Сонымен бірге ішкі сұраным тек импорт арқылы қанағаттандырылуда. Былайша айтқанда, өзіміз тұтынбайтын нәрсені өндіріп, өндірмейтін дүниелерімізді тұтынудамыз.

Өнеркәсіптегі жағдай қазір іс жүзінде экспорттық сектор кәсіпорындарын - отын өнеркәсібі мен металлургия кәсіпорындарын иеленіп отырған шетелдік фирмалардың қызметімен байланысты.

Республика экономикасының жетекші салаларының бірі - ауыл шаруашылығы дағдарыстан шыға алар емес. Онда жалпы өнім көлемі 1995 жылы оның алдындағы жылмен салыстырғанда 27 процентке қысқарса, үстіміздегі жылғы 6 айда еткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тағы да 13, 2 процентке кеміп кетті.

Қазір байқала бастаған макроэкономикалық тұрақтанудың белгілері үкіметтің кез келген жаңсақ қадамынан бүліну мүмкіндігі қаупі сақталуда. Бұл ең алдымен төлем проблемасына байланысты. Бүгінгі таңда ол аса зор көлемде болып отыр. Төлемсіздіктің өсуі инфляция қарқынынан жоғары болуда. Сондықтан бұл мәселені ең алдымен шешу қажет. Ол реттелсе халықта ақша пайда болады. Оның бір бөлігі банктік салымдарға айналып, несие ресурстары артады.

Тағы бір маңызды нәрсе - жалақы, зейнетақы, жәрдемақы жөніндегі қарыздардан құтылу қажет. Бірақ мұны инфляцияның жаңа бір айналымын туғызбай қалай шешуге болады? Бұл да төлем дағдарысын шешуге барып тіреледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның ұлттық валютаның (теңгенің) болашағы
Теңге- тәуелсіздік нышаны
Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - халқымыздың бақыты
Теңге бағамының айналысқа шығу тарихы
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына біздің жеткен жетістіктер
Тәуелсіздік - мәңгілік еліміздің тұғыры
Қазақстан – менің өлкем!
Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтағы валюта жүесі
Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет
Экологиялық қауіпсіздікті нығайтудың құқықтық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz