Урбанизация ұғымы


Урбанизация
1. Қала халқы: рөлінің артуы. Сендер қалалардың Ніл, Тигр, және Евфрат өзендерінің атырауында әкімшілік биліктің сауда мен коленердің орталығы, әскери бекіністер ретінде оте ертеде пайда болғанын тарих курстарынан білесіңдер. Капитализмнің дамуына және ірі машина индустриясының, көлік пен дүниежүзілік рыноктың өсуіне орай оларда өнеркәсіп барған сайын шоғырлана түсті, көптеген қалалар жол торабына және сауда-бөлу орталықтарына айналды. Олардың әкімшілік және мәдени орталық ретіндегі мәні де артты. XX ғасырдың екінші жартысында қалалардын қызметі, ең алдымен, өндірістік емес салалардың нәтижесінде бұрынғыдан да кеңейді. Әдетте, осы заманғы қала бірнеше қызмет атқарады. Алайда, кең өнеркәсіптік, ғылыми, курорттық және тіпті астаналық қалалар секілді бір ғана қызмет атқаратын қалалар да бар. [14] . Кейбір қалалар астана болу үшін арнайы салынған. [15] .
Қазіргі кезде халықтардың орналасуы барган сайын қалалардың географиясына байланысты. Жер шарындағы қалалардың жалпы саны ондаған мың болып есептеледі. Қалалар бүкіл өзін қоршаған жерге - табиғи ортаға да, ауылдық қоныстарға да барған сайын күшті әсер етуде. Н. Н. Баранский қалаларды әрбір ел аумағының «командалық құрамы» деп бекер айтпаған.
2. Урбанизация ұғымы. Урбанизация казіргі заманның аса маңызды әлеуметтік-экономикалық процестерінің қатарына жатады.
Қалалардың өсуін, елде, аймақтағы, дүние жүзінде қала халқыныц үлес салмағыныц артуын, барған сайын қалалардың күрделі желісі мен жүйесініц пайда болуы мен дамуын урбанизация (латынның иrbs - қала деген сөзінен шыққан) деп атайды. Демек, урбанизация дегеніміз қоғам өмірінде қалалардын рөлін көтеретін тарихи процесс, оны еңбектің сипатына, халықтың өмір салты мен мәдениетіне, өндірістің орналасу ерекшеліктеріне қарай біртіндеп, негізінен қалалық коғамға айналдыру. Урбанизация - әлеуметтік-экономикалық дамудың ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі.
Қазіргі урбанизацияланудың бүкіл дүниежүзілік процесс ретінде көпшілік елдерге тән үш ортақ белгісі бар.
Бірінші белгісі - әсіресе, орташа дамыган елдерде қала халқының тез қарқынмен өсуі.
Мысал. 1900 ж. дүние жүзі халқының шамамен 14%-і, 1950 ж. - 29%-і, ал 1995 ж. - 60%-і қалаларда тұрды. Орта есеппен алғанда, қала халқы жыл сайын шамамен 50 млн. адамға артып отырады. Демографтардың болжамына қарағанда, 2000 ж. қарай қалалықтардың үлесі 47, 9%-тен асып түсуі мүмкін.
Екінші белгісі - халық пен шаруашылықтың негізінен ірі қалаларда шоғырлану., Бұл ең алдымен, өндірістің сипатынан, оның ғылыммен, біліммен байланыстарының күрделінуінен туындайды. Сонымен қатар, ірі қалалар әдетте адамдардың рухани тілектерін толығырақ қанағаттандырады, тауарлар мен тұрмыстық қызметтің алуан түрімен жаксы қамтамасыз етеді, ақпарат қоймаларына жол ашады. «Үлкен қалалар, - деп жазды атакты француз сәулетшісі Ш. Э. Ле Корбюзье, - бұлар әлемнің тандаулы шығармалары жасалатын рухани шеберханалар».
Мысал. XX ғасырдың басында дүние жүзінде 360 ірі қала (100 мыңнан астам түрғыны бар) болды. Оларда бүкіл халықтың 5%-і ғана тұрды. 80-жылдардың соңында мұндай қалалардың саны 2, 5 мыңға жетті, ал олардың дүние жүзі халқындағы үлесі 1/3-ден асып түсті. XXI ғасырдың басына қарай үлкен қалалардың саны 4 мыңға жететін болады.
Үлкен қалалардың ішінде халқы 1 млн. тұрғыннан асатын өте ірі миллионер қалаларды ерекше атап көрсету қабылданған. Тарихта мұндай тұңғыш қала Юлий Цезарь заманындағы Рим болды. XX ғасырдың басында олардың барлық саны 10 болса, 80 жылдардың басында - 200-ден асты, 1995 ж. - 325, ал ғасырдын аяғына қарай олардың саны 400-ден асатын болады. Ресейде 1992 ж. осындай 13 қала болды.
Үшінші белгісі - қалалардың «жайылып кетуі», олардың аумагының кеңеюі. Қазіргі урбанизациялануға жинақы шағын қаладан қала агломерацияларына - қала және ауыл қоныстарының аумақтық топтарына көшу ерекше тән. Көп ретте астаналар, неғұрлым маңызды өнеркәсіп және айлак (порт) орталықтары аса ірі қала агломерацияларынын өзегіне айналуда. Мысал. 1970 ж. дүние жүзінде халқының саны 10 млн. астам не бәрі үш қана қала агломерациялары - Токио, Нью-Иорк және Шанхай болды. 1990 ж. мұндай «өте ірі қалалар» 12 болса, ал 2000 ж. олардың саны 20-ға жетті. Соның ішіңде дүние жүзінің ең ірі агломерациясы Токио болуда, ал кейін олардың ретінде өзгеріс болмақ.
Олардың көпшілігі бұдан да ірі құрылымдарға урбанизацияланған аудандар мен зоналарға айналады.
3. Урбанизация деңгейі мен қарқыны: оларды қалай реттеу керек? Түрлі елдер мен аймақтардағы урбанизацияланудың бүкіл дүниежүзілік процесс ретіндегі ортақ белгілері болуына қарамастан, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Мұндай ерекшеліктер, ең алдымен, урбанизацияланудың әр түрлі денгейі мен қарқынынан байқалады.
Урбанизация деңгейі жөнінен дүние жүзінің барлық елдерін үлкен үш топқа бөлуге болады. Бірақ, мұңдағы негізгі шекара едәуір және орташа дамыған елдер арасымен өтеді. Урбанизация деңгейі 90-жылдардың басыңда дамыған елдерде орта есеппен 72%, ал дамушы елдерде - 33% құрды.
Урбанизация қарқыны көп жағдайда оның деңгейіне байланысты. Урбанизациялану жоғары деңгейге жеткен көптеген экономикасы дамыған елдерде соңғы кезде қала халқының үлесі айтарлықтай баяу есуде, ал астаналар мен баска да ең ірі қалалардағы тұрғындардың саны азайып келеді. Көптеген қалалықтар қазір үлкен қалалардың орталықтарында емес, қала маңы мен ауылдық жерлерде тұруды қалайды. Бұл инженерлік құрылымдардың қымбаттауына, инфрақұрылымның тозуына, көлік мәселесінің барынша күрделенуіне, айналадағы ортаның ластануына байланысты.
Дегенмен, урбанизация онан әрі тереңдеп, жаңа сипат алып келеді.
Урбанизация деңгейі төмен дамушы елдерде урбанизациялану жан-жақты өсуде, ал қала халқының саны тез артып келеді. Қазір қала тұрғындары санының жыл сайынғы жалпы өсімінің 4/5 бөлігінен астамы осындай урбанизацияланудың үлесіне келеді, ал қалалықтардың абсолют саны қазірдің өзінде олардың экономикасы дамыған елдердегі санынан әлдеқайда асып түсті. Мысал. Қала түрғындарының жалпы саны бойынша дамушы елдер 1970 ж. ортасында-ақ экономикалық дамыған елдермен теңесті. Ал, 90-шы жылдардың соңында мұндай басымдылық екі реттен асып 2 млрд және 900 млн. қалалықтар болып отыр. Дамушы елдерде миллионер-қалалар мен өте ірі қалалардың көпшілігі орналасқан. Олардың үлесі әсіресе (1/2-ге дейін) шетелдік Азияда жоғары.
Ғылымда қалалық жарылыс деп аталған бұл құбылыс дамушы елдердің бүкіл әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды факторының біріне айналды. Алайда, бұл аймақтардагы қала халқының өсуі олардың нақты дамуынан әлдеқайда озық болып отыр. Оның себебі, көп жағдайда ауылдағы «артық халықтың» ұдайы қалаларға, әсіресе ірі қалаларға кетуінен болып отыр. Мұның өзінде, халықтың кедей бөлігі, әдетте, үлкен қалалардың шеттеріне қоныстанып, бұл жерлерде қайыршылық белдеуі, шеткері белдеуі пайда болады. Мұндай, кейде айтып жүргеніміздей, «шеткері урбанизация» өте кең аймақты қамтуда.
Бірқатар халықаралық құжаттарда дамушы елдердегі урбанизация дағдарысы жөнінде айтылатыны, міне, сондықтан. Бірақ урбанизация негізінен ұйымдастырылмаған әрі реттелмеген күйінде қалып отыр.
Экономикасы дамыған елдерде, керісінше, урбанизация процесінреттеуге және оны басқаруға зор күш-жігер жұмсалуда. Бірқатар жағдайларда байқап көру және қателікке ұрыну әдісімен жүзеге асырылатын бұл жұмысқа мемлекеттік органдармен қатар, сәулетшілер, демографтар, географтар, экономистер, социологтар, басқа да көптеген ғылымдардың өкілдері қатысады. Зерттеушілердің бірінің сөзімен айтканда, «баршасы бір ағынға түрлі жағадан секіреді».
Үлкен қалалар проблемасын шешу жолдарының бірі ретінде зәулім биік ғимараттар жобаланып, салынуда. Жер асты қалалары, қалқыма қалалар, су асты қалалары, конус қалалар, ағаш тәріздес қалалар, мұнара қалалар, шұңқыр тәріздес қалалар, көпір қалалар және т. с. с. салу туралы жартылай қияли жобалар ұсынылуда.
5. Ауыл халқы: ауыл және ферма.
Қалалардың тез өсуіне қарамастан, дүние жүзі халқының жартысынан астамы әлі де ауылдық жерлерде тұрады, ал ауылдық елді мекендердің жалпы саны 15-20 млн. -ға жетеді.
Ауылға қоныстанудың басты екі түрі бар, топтанып және шашыранды қоныстану. Олардың таралуы тарихи, экономикалық дамуға, табиғи зоналық ерекшеліктеріне байланысты.
Топтанып (ауылдық) қоныстану Ресейде, шетелдік Еуропада, Қытайда, Жапонияда, дамушы елдердің басым көпшілігінде кең тараған. Мұнда ауылдардың жобасы алуан түрлі болуы мүмкін. Фермалар АҚШ-та, Канадада, Австралияда барынша таралған. [19] . Қоныстанудың аралас түрі де бар, ал көшпелі мал өсіретін аудандарда тұрақты қоныстар мүлде жоқ.
6. Халық және айналадағы орта: урбанизацияланудың ықпалы. Сендер қазір урбанизацияланудың айналадағы ортаны өзгертудің негізгі факторларының бірі болғанын білесіндер. Жалпы ластанудың 3/4 бөлігі нақ осы урбанизацияалуға байланысты. Қалалар құрлық ауданының небары 2-3%-ін алып жатқанын, бірақ оларда дүние жүзі халқының жартысы дерлігі және өндірістің негізгі бөлігі шоғырланғанын ескерсек, бұған танданатын ештеңе жоқ. Негізгі ластанушылардың қатарына жататын үлкен қалалар мен агломерациялар айналадағы ортаға өте күшті әсер етеді [20] . Ауаның ластануын бірінші орынға қоюға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz