ҰЛТТЫҚ ЕСЕП ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҰЛТТЫҚ ЕСЕП ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

Жалпы өнімнің ұдайы өндірісін, табыстың қалыптасуы, оны бөлу, қайта
бөлу, пайдалану процестерін, негізгі капиталдың өсуін жан-жақты сипаттау
үшін және сыртқы экономикалық байланыстарды қамтып көрсету үшін ҰЕЖ-де
экономикалық операциялардың нәтижелері шот түрінде беріледі. Әр шот (ұлттық
шоттар тек тұтас экономика үшін ғана құрылмай, сонымен қатар экономиканың
секторлары, салалары үшін де құрылатындықтан шоттар тобы деуге болады)
экономикалық әрекеттің бір аспектісіне қатысты болады.
Екі жақты жазу принципіне сәйкес әр операция шоттарда екі рет
жазылады: бір рет - ресурстарда, екінші рет - ресурстарды пайдалануда.
Шоттар баланстық кесте түрінде беріледі. Ресурстар бөлігінің жиыны
пайдалану бөлігінің жиынына тең болуы керек.
ҰЕЖ-нің кез келген шотының пайдалану бөлігі баланстық статьямен
аяқталады. Баланстық статья шоттан пайдалану және ресурстар бөлігінің
арасында арифметикалық тепе-теңдік сақталу үшін және шоттарды жабу үшін
қолданылады. Әр шоттың баланстық статьясы келесі шоттан ресурстар бөлігіне
көшіріледі. ҰЕЖ-дегі шоттарды мынадай топтарға бөлуге болады.
1. Өндірістік шоттар тобы. Өңдірістік шоттар аралық және ақырғы өнімді
шығаруды, оларға жұмсалған шығындарды есепке алады. Бұл шоттар экономиканың
салалары және секторлары үшін құрылады. Салалар үшін құрылған шоттардың
жиынтығы шығындар - өнім шығару атты кестелерді құрайды. Бұл кестелерден
тауар мен қызмет ағымдарын бақылауға болады.
2. Табыс шоттарының тобы. Бұл шоттар табыстың пайда болуын және
институциялық бірліктер арасында оның қалай бөлінетінін көрсетеді. Сол
сияқты олар салық, басқа да трансферттер арқылы табыстың қайта бөлуін де
көрсетеді.
3. Капитал және қаржы шоттары. Бұл шоттар негізгі қаржылардың
қорлануын және активтерді сатып алуды қаржыландырудың әдістерін айқындайды.
Сол сияқты шоттар экономиканың секторларының сатып алатын және
бөлетін қаржы активтерінің мөлшерін көрсетеді.
4. Ашық және жабық түрдегі баланстық ведомосттар. Мұндай ведомосттар
жылдың басындағы және соңындағы активтер мен пассивтердің сомасын
көрсетеді. Осы мезгілдегі жеке секторлардың немесе институциялық
бірліктердің активтерінің айырмасы меншікті капитал мөлшерін анықтайды. Бұл
шоттарда активтер мен пассивтер құнының өзгеруінің үш түрі қарастырылады:
1) институциялық бірліктер арасындағы операциялардың нәтижесінде
активтер мен пассивтерді сатып алу;
2) активтер мен пассивтердің бір жақты өзгеруі;
3) жеке активтердің бағасының өзгеруіне немесе жалпы бағаның
өзгеруіне байланысты активтердің, пассивтердің құнының өзгеруі.
5. Қалған әлем шоттары немесе төлем балансы. Төлем балансы
макроэкономикалық сараптау және болжаудың негізгі құралы болып саналады.
Бұл шотта резидент және резидент емес бірліктер арасындағы барлық
операциялар көрсетіледі. Төлем балансы тауар мен қызмет экспорты және
импорты, басқа елдерге төленген немесе басқа елдерден қабылданған
табыстар, қаржы операциялары, инвестиция туралы мәліметтерді, экономиканың
барлық секторларын төлеу қабілеті туралы мәліметтерді қамтиды.
6. Салааралық баланс (шығындар - өнім шығару кестесі)
үйлесімді салааралық арақатынастарды, байланыстарды көрсетеді. Бұл
кесте төрт квадранттан тұрады және халықаралық стандартты салалық
классификаторда көрсетілген салалардың басым көпшілігі үшін құрылады. Кесте
жеке кәсіпорындар мен экономиканың салалары арасындағы байланыстарды
талдауға мүкіндік береді. Өзінің мазмұны жағынан салааралық баланс өндіріс
шотына ұқсас.
7. Қаржы операцияларының жиынтық кестесі шаруашылық бірліктерінің
қаржы ресурстарының құрылымының өзгерістерін, экономикалық айналымның
қандай каржы құралдары арқылы іске асқанын көрсетеді.
8. Ұлттық баланстық кесте мазмұны жағынан кәсіпорынның
бухгалтерлік есебіне ұқсас. Бұл кесте тұтас экономика үшін құрылады және
елдің ұлттық байлығының балансы болып саналады.
Экономикалық айналымның жекешеленген сатылары мынадай шоттарда
көрсетіледі:

Ұлттық шоттардың мазмұны мен құрылымы (ішкі экономиканың шоттары)

Шоттың № менПайдалану Ресурстар Баланстық теңдеу
аты
1 2 3 4
1. Өндіріс Аралық тұтыну Жалпы шығарылған Жалпы шығарылған
шоты Жалпы қосылған өнім өнім-аралық тұтыну =
құн жалпы қосылған құн
2. Еңбекақы, Жалпы қосылған Жалпы қосылған құн –
Табыс-тардыңимпортқа, құн еңбекақы - өндіріске,
пайда болу өндіріске импортқа салынған таза
шоты салынған таза салықтар = жалпы пайда
салықтар (жалпы аралас табыс)
3. Берілген Жалпы пайда Жалпы пайда (жалпы
Табыс-тарды меншіктен түскен (жалпы аралас аралс табыс) +
алғашқы бөлутабыс табыс). меншіктен түскен табыс
шоты Қабылданған сальдосы + өндіріске
меншіктен түскен салынған таза салық +
табыс. Өндіріске еңбекақы = алғашқы
салынған таза табыстар сальдосы
салық. Еңбекақы

Алғашқы табыстар
сальдосы
4. Берілген ағымдағыАлғашқы табыстар Алғашқы табыстар
Табыс-тарды трансферттер: сальдосы сальдосы + ағымдағы
қайта бөлу - табыс салығы Қабылданған трансферттер сальдосы =
шоты - әлеуметтік ағымдағы иеліктегі жалпы табыс
сақтандыру трансферттер: (институциялық
- әлеуметтік - табыс салығы бірліктің таза пайдасы)
жәрдемақы - әлеуметік
- басқа ағымдағы сақтандыру
трансферттер -әлеуметтік
жәрдемақы
Иеліктегі жалпы - басқа ағымдағы
табыс трансферттер
5. Ақырғы тұтыну Иеліктегі жалпы Иеліктегі жалпы табыс –
Табыс-тарды табыс ақырғы тұтыну = жалпы
пайдалану Жалпы жинақ жинақ
шоты
6. КапиталғаНегізгі Жалпы жинақ. Жалпы жинақ + күрделі
байла-нысты капиталдың жалпы Қабылданған трансфертер сальдосы –
операция-ларқорлануы күрделі негізгі капиталдың
шоты Материалдық трансферттер жалпы қорлануы –
айналым материалдық айналым
қаржыларының қаржыларының көбеюі
көбеюі –құнды заттарды, жерді,
Құнды заттарды материалдық емес
таза сатып алу активтерді таза сатып
Жерді және алу = таза несиетаза
материалдық емес борыш
активтерді таза
сатып алу
Берілген күрделі
трансферттер
Таза несие (+)
немесе таза борыш
(-)


7. Қаржы Қаржы активтерін Таза несие (+)
шоты сатып алу немесе таза борыш
(-)
Міндетті
қарыздарды
қабылдау

Ұлттық есеп жүйесіндегі негізгі ұғымдар мен категориялар

Ұлттық шоттардың мазмұнын, оларды құру әдістемесін оқып-үйренбес бұрын
ҰЕЖ-де қолданылатын ұғымдар, терминдер, категориялар, топтастырулар,
классификациялармен таныс болу қажет.
ҰЕЖ-де мынадай ұғымдар колданылады: тауар, кызмет, өнім, нарықтық емес
қызметтер, трансферттер, экономикалық өндіріс, өндірістік әрекет,
экономикалық аймақ, резидент, экономикалық мүдде орталығы, аймақтық
анклавтар, еркін аймақтар, институциялық бірлік, ішкі және ұлттық
экономика, сыртқы сауданың жалпы өнімі, импортқа салынатын са-лық,
экономикалық бірлік, сала, сектор, қалған әлем.
Тауар деп материалдық-заттық түрдегі енбек нәтижесін айтады.
Қызмет - жеке адамның, қоғамның белгілі бір қажетін қанағаттандыру
үшін істелген әрекеттің нәтижесі.
Өнім деп сатуға арналған тауар мен қызметті айтады. Әдетте өнім оны
өндіруге жұмсалған шығынды жабатындай бағамен сатылады. Келісім бойынша
қаржы делдалдарының шартты түрде есептелген өнімі және өз үйінде тұрудың
шартты құны да өнім деп есептелінеді.
Нарықтық емес қызметтер деп мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық
ұйымдардың ағымдағы тұтынуы болып саналатын қызметтерді айтады.
Трансферттер - ақша не зат түріндегі табыстың кайта бөлінген бір жақты
ағымдары. Трансферттердің орнына табыс, өнім ағымдары талап етілмейді.
Трансферттер ағымдағы және күрделі болып 2-ге бөлінеді. (Табысты бөлу,
Капиталға байланысты операциялар шоттарында трансферт туралы толық
мағлұмат беріледі).
Экономикалық өндіріс - экономикалық ғылымдағы негізгі концепция, ол
құн және ұлттық табыс пайда болатын салаларды анықтайды. Экономикалық
өндірістің казіргі теориясы бойынша тауар өндіру, қызмет көрсетуге
байланысты істелген барлық әрекет экономикалық өндіріс сферасын құрайды.
ҰЕЖ-де мынадай топтастырулар колданылады:
- шаруашылық бірліктерін салаларға, секторларға топтастыру;
- экономикалық операцияларды топтастыру;
- өнім түрлерінің классификациясы;
- мемлекеттік басқару ұйымдарының шығындарын топтастыру;
- активтер мен пассивтердің классификациясы;
- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша айналысы мен айналымының түсінігі
Ұлттық есепшот жүйесінің мазмұны туралы
Несиелік механизмнің экономикалық мағынасы
Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталу
Коммерциялық ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
«Қаржы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Банк және банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
1930 – 1932 жылдардағы несие реформасы
Несиелік мекемелердің түрлері
Банк жүйесі басқарылатын жүйе
Пәндер