Фирма стратегиясының теориясы және оның шаруашылық жүргізудегі негізгі ережесі


Фирма стратегиясының теориясы және оның шаруашылық жүргізудегі негізгі ережесі
ХІХ-ғасырдың басында француз экономист Жан Батист Сэй (1767-1832 жылдар) кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі ережесін қалыптастырды. «Пайданы көбейту үшін өндіріс шығындарын азайту керек».
Осы классикалық ереже еркін, жетілген нарықтық бәсеке жағдайында бас тартпай жұмыс істеді. Бұл жағдай сол кездегі өнеркәсіп фирмаларының шаруашылық қызметтері, шығарылған өнім ассортименті және өткізу рыноктары салыстырмалы түрде тұрақты болуымен түсіндіріледі. Тұрақты рынокта фирмалар осы нарықта өздерінің белгілі бір үлесі үшін күресті. Фирманың стратегиялық мақсаты сатуда бағаларды және өндіріс шығындарын азайту арқылы өзінің үлесін көбейту болды.
Осы дәуір, еркін бәсеке дәуірі теоретикалық экономикаға баға бәсеке дәуірі ретінде белгілі. Осы уақытта бәсекелестеріне қарағанда сондай өнімге бағасы төмен фирма алға шықты.
Осы бойынша америка ғалымы, экономист, америка жоғары оқу орындарының студенттері үшін белгілі «Экономика» оқулығының авторы П. Самуэльсон: «Тауар өндірушілер бағалар бәсекесіне қарсы тұра алады және өздерінің пайдасын максимум деңгейге дейін көтере алады, тек қана шығындарды минимум деңгейге дейін азайтқанда, бұл өз кезегінде өндірістің ең тиімді әдістерін ендіргенде ғана қол жеткізіледі» - деп жазды. 1
Қазіргі жетілмеген, бағалық емес бәсеке жағдайында өндірістің шығындарын азайту арқылы пайданы көбейту жолын іздеу әрекеті, әсіресе фирмалар арасында бәсеке болғанда ерте ме, кеш пе фирма үшін төлем төлей алмау жағдайына әкеледі.
Әлемдік қауымдастықтың қазіргі экономикасы өтпелі экономика ретінде сипатталады: бір елдер, бұрынғы социалистік елдерді қосып алып нарықтық экономикаға өтуде, дамушы елдердің бір қатары дамудың индустралдыға дейінгі деңгейінен индустралды дәуірге өтуде, индустралды дамыған елдер индустралдықтан ақпараттық дәуірге өтуде.
Ақпараттық дәуірде тұтынушылардың мұқтаждықтары мен сұраныстары көп қырлы және ұлттық рыноктар рамкаларынан алыстауда, сұраныстар мінезі өзіндік сипат алып және де өзінің құрылымы бойынша әр түрлі болуда.
Фирма, егер ол нарықта үлгеруге ұмтылса, мына ережені бұлжытпай орындауы тиіс: табыстарды көбейтуді, шығындарды азайту арқылы емес, сату көлемін арттыру арқылы жүзеге асыру керек, шын мәнінде осы факторлар өзара байланысты болса да.
Жалпы қабылданғандай, фирма басшысы білімді және жан-жақты болса да, менеджерлер мен инженерлердің қандай таланттары мен қабілеттері болғанымен, бағалық емес, қатаң бәсеке жағдайларында, яғни тұтынушылар сұраныстарының құрылымыңда бірінші орынға жаңашылдық, сапа, дизайн, жиі жаңарту мен әр алуан ассортимент, сатудан кейінгі жоғары деңгейдегі сервис қойылғанда, өз фирмасында өндірістік шығындар деңгейін белгілі бір шекарасынан төмен азайту мүмкін еместігіне көзі жетеді.
Микроэкономика саласындағы мамандардың бағаланушы кез-келген фирма үшін кез-келген экономика үшін шаруашылық қызметтің бағдары болып әлемдік сыныпты қазіргі заманға сай кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастыруы болуы тиіс және мына параметрлерге сәйкес келуі тиіс:
біріншіден, үлкен икемділігі, өнім ассортиментерін тез өзгерту және өнімді жиі жаңарту қабілеттері болуы керек. Стандартталған өнімнің қатаң стандартка негізделген жаппай өндірісі тұтынушылардың тез өзгеретін сұраныстарына бейімделуге қабілетсіз және оның салдары төлем төлей алмауға әкеледі;
екіншіден, фирма жана технология мен өндірісті ұйымдастырудың жана нышандарына көшуге ұмтылуы тиіс. Өндіріс технологиясы күрделі екені соншалықты, қазір еңбек бөлінісі мен ұйымдастырудың басқа да нышандарын әсіресе фирма өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі туралы мәселе шынымен қойылған жағдайда қажет етеді;
үшіншіден, фирмаға өзінің өнімінің сапасын және сатудан кейінгі сервистің деңгейіне көтеруге ерекше көңіл бөлуі керек. Тұтынушылардың өнім сапасына деген талаптары бүгін тек, өсіп қана қойған жоқ және де өзінің сипатын түбірімен өзгертті.
Қазір жақсы өнімді шығару аз, сонымен бірге сатудан кейінгі сервисті ұйымдастыруды, тұтынушылардың жоғары деңгейдегі өзіндік сұраныстарына қосымша фирмалық қызметтерді көрсету туралы ойлау керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz