Франчайзинг Қазақстанда



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Sz ЖОСПАР
Франчайзинг Қазақстанда 2
Франчайзнгтiң түрлерi 5

Франчайзинг Қазақстанда

Франчайзинг әлемнiң бiрқатар елдерiнде жете дамып, сол елдердiң әр
түрлi экономика салаларында өзiнiң тиiмдiлiгiн дәлелдеген iрi жүйелердiң
бiрi. Бүгiнде франчайзинг - қоғамның тауар мен қызмет көрсетуге деген
сұранысын қанағаттандырып отырған құралдардың бiрi. Әрине, дамыған елдерде
франчайзинг ел экономикасын дамытудың бiр элементi ретiнде батыл қолданысқа
енгiзiлгенiмен, жас Қазақстан мемлекетi үшiн бұл әлi тиiстi деңгейде
зерттелмеген жаңа құбылыстардың қатарында.
Қазақстанда алғаш рет “Алматы сауда-қаржы банкi” (АТФБанк) мен
Қазақстан франчайзинг қауымдастығы (ҚФҚ) ынтымақтаса отырып, әлемдiк атағы
бар компаниялардың жеңiлдiктерiн алуды қаржыландыратын арнайы Бағдарламасын
жасаған болатын. Кейiнгi 2-3 жылда елiмiзде франчайзинг жүйесi аясында
жұмыс iстеуге шешiм қабылдаған кәсiпкерлердiң саны өсiп келедi. Үш жылдың
iшiнде бiр оңтүстiк астананың өзiнде жаңа жүйемен жұмыс iстейтiн бiрнеше
компания ашылды. Сонымен қатар, әлемге әйгiлi “1С”, МахМара, Bally,
Dolce&Gabbana, Патио Пицца, Планета Суши, Хесбургер, Американский Бар и
Гриль сияқты франчайзингтiк брэндтер iске кiрiскен.
Қазiргi кезде ҚФҚ елiмiзде франчайзингтiк жүйенi дамытуға қабiлетi бар
кәсiпкерлiк қуатын қажеттi деңгейге көтеруде жоспарлы жұмыс атқаруда.
Елiмiзде франчайзингтiк бизнестi бастап, оны дамытуға қажеттi адам
ресурстары жеткiлiктi. Сондықтан басты мақсат-мiндеттердiң бiрi батыстық
iрi бизнес өкiлдерiн Қазақстан және мұндағы рынок туралы қажеттi ақпаратпен
қамтамасыз ету керек болып отыр.
Франчайзингтiк ұйымдардың көмегiне әр түрлi бағыттағы бизнес түрiмен
айналысатын, азды-көптi франчайзинг негiздерi болып табылатын басты
принциптерiмен таныс кәсiпкерлер жүгiнедi. Кәсiпкерлердiң жұмысты бастауға
жеткiлiктi ресурстары бар, экономиканың қатал өтпелi кезеңiнде бизнес
жүргiзуге машықтанған тәжiрибелi кәсiпкерлер. Олар үшiн франчайзинг, бiр
сөзбен айтқанда, “екiншi тынысты” ашудың мүмкiншiлiгi.
Франчайзингке қатысты заң нормаларына тоқталар болсақ, 2002 жылы ҚР
“Кешендi кәсiпкерлiк лицензиясы (франчайзинг) туралы” Заңы қабылданған
болатын. Бұл жалпы ТМД көлемiнде қабылданған алғашқы және жалғыз құжат
болып табылады. Әрине, мұндай маңызды заңның бiзде қабылдануы қуантарлық
жәйт. Дегенмен, мамандар франчайзинг құқының аясы әлi де болса шектеулi
екенiн жиi айтып жүр. Негiзгi заңды толықтыратын бiрқатар қаулылар
қажеттiгi де байқалуда. Әйтсе де, үкiметтiң бұл салаға жеткiлiктi көңiл
бөлуiнiң өзi болашақ жақсы бастамаларға жол ашып бергендей емес пе.
Сонымен франчайзинг жүйесiне оралар болсақ, бұл - бизнестi
ұйымдастырудың бiр түрi. Мұнда басты компания (франчайзор) тәуелсiз тұлғаға
немесе компанияға, фирмаға (франчайзиге) өз өнiмiн сатуға және қызметiн
көрсетуге арнайы құқық бередi. Ал, франчайзи өз кезегiнде бизнестi
жүргiзуге қатысты қабылданған заңдар мен алдын ала франчайзор белгiлеген
ережелер бойынша сатуға мiндеттенедi. Есесiне, барлық ережелердi мүлтiксiз
орындап отырған франчайзи әлгi компанияның тауар маркасын, өнiмi мен
қызметiн сатуға, маркетингтiк технологияларды, сараптамасын және қолдау
механизмдерiн пайдаланады. Басқаша айтқанда, ол - франшиза беретiн фирма
мен тауарды бөлшектеп сататын немесе әр түрлi қызмет көрсету саласында
жұмыс iстеп жүрген кiшiгiрiм немесе жаңадан қайта құрылып жатқан кәсiпорын
арасындағы келiсiм-шарттық қарым-қатынастардың жүйесi. Әдетте, басты
компания аталған кәсiпорындарынан компанияның атынан тауарын сатып, оның
сауда белгiсiн қолданғаны үшiн мезгiлдi бастапқы ақшасын төлеудi талап
етедi. Мұндай төлемақы 10-25 мың АҚШ долларын құрайды, бiрақ айналысып
жүрген бизнестiң түрiне қарай айтылған сомадан бiрнеше есе жоғары не төмен
болуы да мүмкiн. Жасалған келiсiм-шартқа сәйкес басты кәсiпорын не фирма
тұтынушыларға тiкелей қызмет көрсететiн кәсiпорынға негiзгi қорды жалға
берiп, әр түрлi жеңiлдiктер негiзiнде қысқа мерзiмдi несие ұсынады. Сондай-
ақ, сатуға түсетiн шала фабрикаттарды немесе дайын өнiмдерiн берiп, басқа
да алуан түрлi қызмет түрлерiн көрсетедi. Ескеретiн жәйт, франшиза бiрден
100 пайыздық табыс бермейдi. Бiрақ Халықаралық франчайзинг қауымдастығының
ұсынған статистикалық деректерiне сүйенсек, жалпы алғанда, компаниямен
жұмыс iстейтiн жеңiлдiк алған франчайзидi тәуелсiз кәсiпкермен
салыстырғанда бiрiншiсiнiң нәтижеге жетудегi пайыз көрсеткiшi екi есеге
дейiн артық.
Франчайзингтiң кең қанат жаюының басты құпиясы - бизнес жүргiзудегi
аталмыш жүйенiң ыңғайлығы мен тиiмдiлiгi. Өйткенi жүйе негiзiнде тауар
ассортиментiн басқару механизмi, тауарды рынокта өткiзу технологиясы мен
тұтынушыларға қызмет көрсету, дайын, жан-жақты ұйымдастырылған сауда-
технологиялық процестерi жатыр.
Негiзiнде франчайзинг жүйесiне екi топ кәсiпкерлер қатысады. Бiрiншiсi
- сол тиесiлi құқықты (франшизаны) беретiн франчайзор. Оның белгiлi бiр
өнiм түрiн өндiруде көп жылдық тәжiрибесi бар, сол жүйенi жоғары деңгейде
дамытып, оған өз атауын немесе сауда белгiсiн берген және оңды табысқа
жеткiзер жолды бiлетiн компания. Екiншi топ - франчайзор тауарын не соның
бизнесiн рынокта жүргiзу үшiн фирманың атын немесе сауда белгiсiн
пайдалануға алатын франчайзи. Аты әлемге тараған компаниямен жұмыс iстеп,
оның тауарын сатуға қызығушылық танытқан қай кәсiпкерге не бизнесменге
болса да тиiмдi әрi бiрден-бiр табысқа жеткiзетiн ең қысқа жол екенi
даусыз.

Франчайзнгтiң түрлерi

Тауар франчайзингi. Бизнес жүргiзудiң бұл тәсiлiнде франчайзи басты
компаниядан оның тауарын сату кезiнде немесе қызметiн көрсету барысында
арнайы сауда белгiсiн қолданады. Егер тауардың не қызмет түрiнiң сауда
белгiсi болмаған жағдайда ол бұл категорияға енгзiлмейдi.
Өндiрiс франчайзингi. Франчайзингтiң бұл түрi алкогольсыз сусындар
өндiрiсiнде кең тараған.
Iскер франчайзинг. Жоғарыда аталған түрлерiне қарағанда мұның ауқымы
кең әрi едәуiр көп қолданатын тәсiл. Мұнда франчайзор өз лицензиясын жеке
тұлғаларға немесе компанияларға сатады. Лицензия дүкен не бiрқатар дүкендер
торабын ашуға құқық бередi. Ал, ашылған сауда орындарында сатылған өнiмдер
мен қызмет түрлерi мiндеттi түрде франчайзор атынан жүргiзiлуi тиiс.
Қойылатын басты шарттарының бiрi осы.
Өз бизнесiн жүргiзуде франчайзингтi тиiмдi әрi сенiмдi құрал ретiнде
пайдалануға әзiр қазақстандық кәсiпорындар үшiн франчайзингтiң “аймақтық
франчайзинг үлгiсi” ұтымды болады деп есептелiнедi. Өйткенi аймақтық
франчайзингтiң бiр ерешелiгi - басты компания белгiлi бiр географиялық
аумақты қамтып, сол жерде қызмет көрсетудi дамытып, кеңейтуге талпынады.
Әсiресе, аумағы үлкен аймақтарға бұл аса тиiмдi. Аймақта компанияның атынан
жұмыс iстеп жүрген фирмалардың iшiнен бас франчайзи (мастер франчайзи)
тағайындалады. Мұнымен қатар, басты компания өз кезегiнде аймақтағы
фирмалардың қатарына жаңа кәсiпкерлердi тартуға және оларды алғашқы бизнес
дайындықтан өткiзудi өз жауапкершiлiгiне алады.
Бас франчайзиге бiрқатар жеңiлдiктер берiледi. Дегенмен, бас франчайзи
де франчайзорға тиесiлi төлемақыларды төлеуге және жалпы жарнама ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдегі және Қазақстан Республикасындағы франчайзинг дамуын талдау
Франчайзинг
Қазақстандағы франчайзинг
Тауарлық франчайзинг
Франшизаның туризмдегі экономикалық негіздері
Постдағдарыстан кейінгі Қазақстан Республикасында франчайзингті жетілдіру жолдары
Мұнай компанияларында франчайзингтік жүйенің дамуы
Франчайзингтік қатынастар жүйесі талдау
Франчайзинг жүйесін әзірлеу кезеңдері
Франчайзинг – кәсіпкерлік түрі ретінде
Пәндер