ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҰМЫС КҮШІНІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҰМЫС КҮШІНІҢ
ҚОЗҒАЛЫСЫ
Халықаралық еңбек күші миграциясы 2
Жұмысшы күшінің халықаралық ауысуының себептері 2
Қазіргі кездегі жұмысшы күшін тарту орталықтары 7
Халықаралық жұмыс күші қозғалысының түсінігі 9
және себептері. 9
Еңбек ресурстарының импортшы – елдерінің иммиграциялық саясаты 10
Еңбек ресурстарының экспортшы – елдерінің 12
эмиграциялық саясаты 12
Қазақстанның көші-қон саясаты 14

Халықаралық еңбек күші миграциясы

Жұмысшы күшінің халықаралық ауысуының себептері

Жұмысшы күшінің жаппай ауысуы ХХ ғасырдың екінші жартысында
дүниежүзілік қоғамдастыққа тән құбылыс болып отыр.
Жұмысшы күшінің ауысуы дегеніміз - адамдардың тұрақты мекен жайларының
шекарасына өтіп кетуі мен қайта оралу процесін көрсететін қозғалыс.
Халықаралық миграцияның жұмыс бабындағы, отбасылық рекреациондық (үзіліс,
дем алу мерзімі) және туристтік т. б. нысандары бар. Біз негізінен
халықаралық еңбек миграциясы мен жұмысшы күшінің халықаралық рыногына
тоқталамыз.Жұмысшы күшінің халықаралық рыногы ұлттық шекарадан өтіп кететін
еңбек ресурстарының ұлттық және аймақтық жұмысшы күші рыноктары құрайды.
Халықаралық еңбек рыногы жұмыс бабындағы миграция түрінде жүзеге асады.
1995 жылдың басында дүние жүзілік 35 млн. астам еңбекші-мигранттар
болды. Салыстыру үшін 1960 жылы олардың саны 3,2 болғанын айтсақ та
жеткілікті. Егер, әрбір еңбекші-мигранттың қарауында орта есеппен үш адам
болады десек, онда 1990-жылдардың ортасында көшіп жүрген халықтың саны 100
милионнан асып кетті.
Жұмысшы күшінің халықаралық рыногы басқа дүниежүзілік рыноктармен,
мысалы, тауарлар, қызмет көрсету, капитал рыноктарымен қатар жүзеге асады.
Жұмысшы күші өзінің бір елден екінші елге ауысуы барысында өзінің еңбекке
қабылеттілігін тауар ретінде ұсынады.
Жұмысшы күшінің миграциясына экономиалық және экономикалық емес
факторлар әсер етеді. Экономикалық емес себептерге саяси, ұлттық, діни,
нәсілдік, отбасылық т.б. факторлар жатады.
Экономикалық себептер әр түрлі елдердің экономикасының даму дәрежесіне
байланысты. Әрине, өмір сүру деңгейі жоғарырақ елдерге жұмысшы күшінің
ұмтылысы түсінікті нәрсе. Еңбекақы деңгейіндегі мемлекетаралық
айырмашылықтар да еңбекшілердің миграциясын туғызады.
Жұмысшы күшінің миграциясын көрсететін маңызды экономикалық себепке
кейбір елдердегі, әсірес, нашар дамыған елдердегі, тұрақты жұмыссыздық
жатады. Капиталды шетке шығару мен халықаралық корпорациялардың қызмет ету
де жұмысшы күшінің миграциясына өз әсерін тигізеді. Трансұлттық
корпорациялар жұмысшы күшінің капиталмен біріктіру мақсатында оларды
капиталға қарай итермелейді немесе капиталды жұмысшы күші мол аймақтарға
ауыстырады.
Көлік қатынасының дамуы да өз кезегінде халықаралық еңбек
миграциясының ұлғаюына әсер тетеді.
Миграциялық толқындар негізінен жұмысшылардан тұрады, маман-
қызметкерлердің саны жұмысшылардан гөрі азырақ.
Халықаралық еңбек миграциясы алғашында стихиялық құбылыс ретінде пайда
болды да кейінірек оны мемлекет тарапынан реттеу күшейді. Соның өзінде де
бұл құбылыстың стихиялық негізі сақталып қалды.
Халықтар миграциясы тарихында ең белгісі ХІХ ғасырдың ортасында
Ирландиядан АҚШ-қа қарай басталған миграция болды. Аталған ғасырдың 80-
жылдарында Италия мен Шығыс Европа елдерінен АҚШ-қа жаппай миграция
басталды. Кейбір европалық елдердегі ауыл шаруашылығы жұмысшыларының
шамадан тыс артық болуымен байланысты жұмыссыздық оларды АҚШ-қа қоныс
ауыстыруға мәжбүр етті. Бұл миграцияның тағы бір себебі АҚШ-та жұмысқа
орналасудың біршама оңайлығы және жеке бизнеспен шұғылдануға қолайлы
жағдайдың жасалғаны болды. Әрине, мұндай жағдайларда мигранттар өздерінің
әл-ауқатын арттыруға мүмкіндіктер алады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-қа миграцияның үш толқынын
атап көрсетуге болады. Бірінші білімдердің кетуі, яғни жоғары дәрежелі
мамандардың Солтүстік Америкаға ауысуы. Екінші Венгриядан (1956ж),
Вьетнамның (1974-1975 ж.ж.), Кубадан бассейні елдерінен көптеп клген
мигранттар. Егер бірінші және екінші толқындағы мигранттар саяси
себептермен келсе, үшінші толқын мигранттар анық экономикалық себептермен
ауысқан жұмысшы күштері.
ХІХ-ХХ ғғ. Қытай тұрғындарының Оңтүстік Шығыс елдері мен Солтүстік
Америкаға миграциясы күрт көбейді. Бұл миграция қоныс аудару мәнінде болып,
олардың саны 100млн. адамға дейін жетті.
Еуропадағы миграцияның ерекшеліктеріне тоқталсақ, мұнда
Испания, Португалия, Греция, Югославия сияқты елдерден жұмысшы күштері
Еуропаның өнеркәсібі дамыған елдеріне қарай ағылды.
Қазіргі кезде шетел жұмысшы күшін пайдалану дүниежүзілік
шаруашылықтыңқалыпты қызмет етуінің маңызды элементі болып отыр.
Жұмысшы күші халықаралық миграцияның 5 бағытын атауға болады:
1) дамушы елдерден өнеркәсібі дамыған елдерге миграция;
2) өнеркәсібі дамыған елдердің өз шеңдерінде жұмысшы күшінің ауысуы;
3) дамушы елдер арасындағы жұмысшы күшінің ауысуы;
4) жұмысшы күшінің бұрынғы социолистік елдерден өнеркәсібі дамыған
елдерге ауысуы;
5) кәсіби даярлығы жоғары мамандар мен ғылыми қызметкерлердің дамушы
елдерден өнеркәсібі дамыған елдерге ауысуы.
Өнеркәсібі дамыған елдер шеңберіндегі жұмысшы күші бірқатар салаларда,
инфрақұрылымдық қызметтерде жұмыс істейді.
Мысалы, Францияда құрылыс саласындағы жұмысшылардың 25% эмигранттар,
Бельгиядағы шахтерлердің жартысы шетелдік жұмысшылар, Швейцариядағы
құрылысшылардың 40% шетелден келгендер.
Өнеркәсібі дамыған елдер шеңберіндегі жұмысшы күштерінің ауысу
негізінен экономикалық себептерге байланысты. Бұл елдерге тән нәрсе
Еуропадан Америка Құрама Штаттарына білімділердің кетуі болып отыр.
Еуропалық одақ елдері шеңберіндегі халықаралық жұмысшы күшінің ауысуын
ерекше атаған жөн. Еуропалық Одақта Еуропалық Экономикалық Одақтастық
елдері жұмысшыларының негізгі әлеуметтік құқықтары Хартиясы (1989ж.)
қабылданған.
Хартияның 1- бөлімінде былай деп жазылған: 1) Еуропалық
экономикалық Одақтастық елдерінің әрбір қызметкері қоғамдық тәртіп,
қоғамдық қауіпсіздік және денсаулық сақтау ережелері мен шектеулерін
мойындап, Одақтастық территориясында еркін жүріп- тұруына құқылы.
2) еркін жүріп-тұру құқығы Еуропалық Экономикалық Одақтастықтың әрбір
қызметкеріне жұмысқа орналастыру, еңбек жағдайы, әлеуметтік қорғау
мәселелерін теңдік принципі негізінде шешіп, қабылдаушы елде таңдаған
мамандығы бойынша қалаған жұмысына орналасуыны мүикіндік береді.
Хартияда біртұтас экономикалық кеңістік құру әлеуметтік жағынан
қамтамасыз етіледі деп көрсетілген.
Жұмысшы күшінің Еуропалық Одақ елдері шеңберінде ауысуы жоғары
дәрежелі мамандардың мейлінше дамыған аймақтарға шоғырлануға әкеліп соғуы
мүмкін. Бұл процестің тағы бір жағы жұмысшы күшін демпинге (құнсыздануға,
арзандауға) ұшырату қаупі бар екендігінде. Мысалы, португалдық кәсіпорындар
өз жұмысшыларын Франция мен Алманияға олардың ұлттық стандарттарынан төмен
еңбекақы келісіп жіберетін фактілер бар.
Қалай болғанда да Еуропалық Одақ елдеріндегі жұмысшы күштерінің ауысуы
іс-нәтижесінен зерттеу ТМД елдеріндегі еңбек ресурстары рыногының
қалыптасып, дамуына ықпал етері анық.
Соңғы жылдары дамушы елдер арасындағы жұмысшы күштерінің ауысуы өсіп
келеді. Мысалы, жаңа индустриалды елдер мен Араб Эмигранттары, Қытай мен
Гонконг, Вьетнам мен басқа Оңтүстік Шығыс елдері арасындағы жұмысшы
күштеріндегі ауысуын айтуға болады. Бұл ауысуоардың экономикалық
себептеріне қабылдаушы елдердегі өмір сүру деңгейінің жоғарылығы және сол
елдердің маманданбаған еңбекке зәрулігі жатады.
Өнеркәсібі дамыған елдердің өзінен дамушы елдерге жұмысшы күшінің
ауысуы аз да болса байқалады. Бұл процесс, әсіресе, Еуропа және Америка
елдерінен ОПЕК (мұнай экспорттаушы) елдеріне миграциядан байқалады.
Мұның басты себебі ОПЕК елдеріндегі жоғары оқу орындары
оқытушыларының, инжинерлердің, инструкторлардың еңбекақы деңгейінің біршама
жоғарылауы болса керек.
Соңғы жылдары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері шеңберінде де
жұмысшы күштерінің ауысуы байқалады. Шетел жұмысшы күштерінің жақын
шетелден келіп-кетуі, ең алдымен оның экономикалық пайдалылығында болып
отыр. Бұл арада жұмысшы күшін тасуға кететін көлік шығындарының
салыстырмалы төмендігі, және вахталық әдіс бойынша істейтін жұмысшыларды
жайғастырып,орналастыру шығындарының біршама кемдігін айту керек.
Қазақстан үшін жақын шетелден жұмысшы күшін импорттау мәселесі біраз
уақыттан кейін пайдасымен қатар өз қиындықтарын да алға тартуы әбден
мүмкін. Мұнда біз шекараның ашықтығын пайдаланған жасырын жұмысшы-
иммигранттардың толастамас тасқындарына тап болу жағдайын айтып отырмыз.
Сондықтан, мәселені ушықтырмай алдын алатын заңдық, құқықтық шаралар
жүйесін жасап, қолдана бастаған дұрыс болар еді.
Жұмысшы күштері миграциясынан бөлек босқындар мен еріксіз қоныс
аударушылар проблемасы бар.
Біріккен Ұлттар Ұйымы эксперттердің анықтауы бойынша 1991 жылдан бері
КСРО республикаларынан 7 млн. адам қоныс аударған. Қолайсыз саяси-
экономикалық жағдай туа қалса бұл сан бірнеше есе көбейеді.
Жұмысшы күші миграциясының оларды импорттайтын және экспорттайтын
елдерге қандай әсері бар? Соны қарастырайық.
Жұмысшы күшін қабылдайтын елдер төмендегідей артықшылықтарға ие
болады:
1) шетел жұмысшы күшінің бағасының төмендеу болуымен байланысты тауар
өндірісінің шығындары азайып, өндірілген өнімнің бәсеклік мүмкіндігі
артады.
2) шетелдік жұмысшылар тауарлар мен қызмет көрсету түрлеріне қосымша
сұраныс туғызып өндірістің өсуін және жұмыспен қамтуды ынталандырады;
3) жоғары дәрежелі жұмысшы күшін импорттайтын ел оқытуға және мамандар
даярлауға жұмсалатын шығындарды үнемдейді;
4) шетелдік жұмысшылар экономикалық кризис немесе жұмыссыздық
жағдайында белгілі бір амортизатор ролін атқарады. Олар бірінші
кезекте жұмыстан шығарылады.
5) шетелдік қызметкерлер зейнетақымен қамтамасыз етілмейді және олар
түрлі әлеуметтік бағдарламаларда есепке алынбайды.
Жұмысшы күшін экспорттаушы елдердің артықшылықтарына мыналар
жатады:
1 Жұмысшы күшінің экспорты елге валюта келтірудің маңызды көзі
есебінде қарастырылады;
Халықаралық валюта қорының есептеуі бойынша тауар экспорты
пайдасының орта нормасы-20% қызмет көрсетудікі-50%, ал жұмысшы күші
экспорты пайдасының орта нормасы бұлардан әлдеқайда жоғары.
Жұмысшы күшін экспорттаудан түсетін пайда 90-жылдары дамушы елдерде
жоғары қарқын (10%) алды. Мысалы, Египет Араб республикасы Суэц каналын
пайдаланудан 80-жылдардың соңына қарай 970 млн. доллар, туризмнен-600 млн.
доллар, ал эмигранттардың ақша аударуынан 3 млрд. доллардай пайда көрді.
Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.
2 Жұмысшы күшін экспорттау артық еңбек ресурстарын экономикаға
жасайтын қысымын бәсеңдетеді, сөйтіп қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті
төмендетеді.
3 Экспорттаушы ел үшін маман кадр қайта дайындықтан тегін өтеді және
еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістеріне үйренеді т.с.с.
Сонымен қатар жұмысшы күшін экспорттаушы елдер кейбір тиімсіз
құбылыстарға да тап болады. Оның негізгісі білімділердің кетуі, яғни
ұлттық экономиканың өзі зәру болып отырған жоғары мамандық иелерінің
шетелге миграциясы.

Қазіргі кездегі жұмысшы күшін тарту орталықтары

Жұмысшы күшін тартудың дәстүрлі орталықтарына АҚШ-пен Батыс Еуропа
елдері жатады.
Америка Құрама Штаттарының еңбек ресурстарын негізінен иммигранттар
құрағаны тарихтан белгілі Қазіргі уақытта да АҚШ жұмысшы күшін тарту
орталықтарыың бірінен саналады. Төмен және орта дәрежелі жұмысшы күшінің
көршілес Мексика елінен келуі өте көп.
Жұмысшы күшін таратудың тағы бір орталығы – Батыс Еуропа. Еуропалық
Одақ елдерінде 13 млн. мигранттар мен олардың отбасылары тұрады.
60-70- жылдары капитализм дамуының жаңа орталықтары-шеткері
капитализм (периферийный капитализм) пайда болып, олар жұмысшы күшін
тартудың тағы бір объектісіне айналды. Мұндай орталықтардың қатарына Таяу
Шығыстың мұнай өндіруші елдері-Біріккен Араб Эмираттары, Катар, Кувейт т.
б. жатады.
90- жылдардың орта кезінде тек қана Сауд Аравиясындағы өндірістің
түрлі сфераларында 4 млн.-ға жуық мигранттар жұмыс істейді. Бұл өте бай
мұнай өндіруші елге дүние жүзінің көптеген елдерінен, соның ішінде,
әсіресе, Египеттен, Оңтүстік Шығыс Азия елдерінен жұмысшы күші көптеп
келеді.
Жұмысшы күшін таратудын тағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық экономика пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Халықаралық жұмыс күші, миграциясының мәні мен себептері
Еңбек күшінің халықаралық миграциясы
Халықаралық еңбек бөлініс жайлы
Жалпы еңбекке қатысты анықтамалар
Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формалары
Қазіргі кездегі жұмысшы күшінің миграциялық тартылуы және негізгі орталықтары мен ауқымы
Халықаралық еңбек бөлінісі.Халықаралық интеграция.Халықаралық сауда.Халықаралық қаржының валюталық ұйымдары.Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы
Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясының қазіргі таңдағы ерекшеліктері
Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың толықтырушы нәтижесі
Пәндер