Халықаралық есеп айырысу баланстары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Халықаралық есеп айырысу баланстары

Кез келген мемлекеттің халықаралық экономикалық, саяси және мәдени қатынастары оның халықаралық есеп айырысу баланстарында жалпы қорытынды көрініс табады.

Халықаралық есеп айырысу баланстары агрегаттық экономикалық көрсеткіштер жүйесінде маңызды орын алады, себебі ол ұлттық табысты бөлгенде халықаралық талаптар мен міндеттемелердің таза сальдосы есептеледі.

Халықаралық есеп айырысу баланстары - ол бір мемлекеттің басқа

мемлекеттерге қарағанда ақшалы талаптары мен міндеттемелерінің және түсімдері мен төлемдерінің арақатысы.

Халықаралық есеп айырысу баланстарының негізгі түрлері мыналар:

● төлем балансы ;

● есеп айырысу балансы;

● халықаралық қарыз балансы.

Төлем балансы деген белгілі бір уақыт аралығында мемлекеттің шетелге төлеген валюталық сомасымен оған шетелден түскен соманың арақатынасы.

Белгілі бір мерзімнің (жыл, тоқсан, ай) және бір күндік төлем балансы болады. Бір күндік төлем балансы статистикалық көрсеткіш ретінде жарияланбаса да, ол белгілі бір датаға орындалуға тиіс төлемдер мен түсімдердің арақатысын көрсетіп, мемлекеттің халықаралық экономикалық қатынастардағы өзгерістерін және елдің экономикасының жағдайын білуге көмектеседі.

Егер валюталық түсім төлемнен артық болса онда төлем балансы активті, ал егер төлем түсімнен артық болса, онда төлем балансы пассивті деп аталады.

ХВҚ-ның әдістемесі бойынша құрылатын төлем балансы тек жүргізілген түсімдер мен төлемдерді көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар халықаралық талаптар мен міндеттемелер бойынша болашақта орындалатын төлемдерді, яғни есеп айырысу балансының элементтерін де көрсетеді.

Есеп айырысу балансы деген бір мемлекеттің басқа мемлекеттерге қойған валюталық талаптары мен міндеттемелерінің арақатысы. Бұндай талаптар мен міндеттемелер тауарлар мен қызметтерді экспорттау (импорттау) нәтижесінде, сондай-ақ заемдар мен несие бергенде (алғанда) пайда болады. Есеп айырысу балансы: белгілі бір мерзімнің және белгілі бір

датаға деп екіге бөлінеді.

Белгілі бір күнтізбектік (календарьлық) мерзімінің есепайырысу балансының активтік тараулары бір елдің шетел мемлекеттеріне қойған жаңа талаптарының сомасы мен оның шетелден алған инвестициясын көрсетеді. Пассивтік тараулары, керісінше, елдің несие және шетел инвестициялары бойынша жаңадан туындайтын міндеттемелерін көрсетеді. Белгілі бір мерзімнің есеп айырысу балансы бір елдің басқа мемлекетке қойған талаптары мен міндеттемелерінің тек өзгеру динамикасын көрсетеді. Ол бойынша елдің жалпы валюта - қаржылық жағдайын айқындауға болмайды. Елдің халықаралық есеп айырысу позициясын бағалау үшін белгілі бір мерзімге (жылдың басына немесе аяғына) жасалған есеп айырысу балансын алған дұрыс. Ол осы елдің шетелге барлық талаптары мен міндеттемелерінің қай уақытта пайда болғаны және қай уақытта өтелуі керектігіне қарамастан олардың арақатысын көрсетеді. Оның активтік сальдосы (қалдығы) мемлекеттің несие мен инвестицияны өзіне таратқаннан гөрі бағасы бергендігі және ол несие беруші ретінде болашақта валюталық түсімдерді алатындығын көрсетеді. Белгілі бір датаға жасалған есеп айырысу балансының пассивтік сальдосы мемлекеттің нетто - борышқор ретіндегі позициясын сипаттап, сырттан түсімдермен қамтамасыз етілмеген шетелге болашақтағы төлем мөлшерін көрсетеді.

Төлем балансы мен есеп айырысу баланстарының бір - бірінен негізгі айырмашылықтары төмендегідей:

● төлем балансынатек іс - жүзіндегі жүргізілген түсімдер мен төлемдер кіреді; есеп айырысу балансына елдің шетелге қойған талаптары мен міндеттемелері кіреді;

● есеп айырысу балансында барлық алынған және берілген несиелер көрсетіледі;

● төлем және есеп айырысу баланстарының ақырғы сальдосы - активтік немесе пассивтік - бір - біріне сәйкес келмейді, әдетте олар қарама - қарсы болады, себебі несие беруші - елдердің ( АҚШ, ГФР, Жапония және т. б) есеп айырысу баланстары активтік болады, ал төлем балансы әлсін - әлсін, әсіресе ағымдағы операциялар бойынша, пассивтік болады. Борышқор елдердің пассивтік есеп айырысу балансы кейде активтік төлем балансымен сай келеді;

● төлем балансына тек төленген экспорт және импорт кіргізіледі, ал есеп айырысу балансы болашақта несие алумен төленетін тауар айналымының төленбеген бөліген қамтиды.

Сөйтіп, төлем және есеп айырысу баланстарының бір - бірінен айырмашылықтары көбінесе халықаралық несие қатнастарының дамуымен айқындалады.

Төлем балансының құрылымын қарастырып өтелік. Операцияларының сипатына қарай басылымдарда жарияланатын төлем балансы негізгі екі бөлімді біріктіреді.

Сауда балансы - экспорт бойынша түсіммен және импорт бойынша төлемдердің арақатысы. Егер тауар шығару оны әеклуден астам болса, онда активтік сауда балансы болады, ал егер импорт экспорттан артық болса (мысалы, нарықтық экономикаға өтуші мемлекеттерде) онда сауда балансының пассивтік сальдосы пайда болады.

Өркендеген елдердің (мысалы, АҚШ) сауда балансының тапшылығы бәсекелес мемлекеттердің (Батыс Еуропа, Жапония, Жаңа индустриалды мемлекеттердің) импорттық тауарларының белсенді түрде әкелуінің нәтижесі

болуы мүмкін.

Төлем балансының құрылымы:: Төлем балансының құрылымы:
I. “Ағымдағы операциялар балансы„1. Сауда балансы (сыртқы сауда операциялары бойынша төлемдер мен түсімдер) :а) экспорт; ә) импорт.:

I. “Ағымдағы операциялар балансы„

1. Сауда балансы (сыртқы сауда операциялары бойынша төлемдер мен түсімдер) :

а) экспорт; ә) импорт.

I. “Ағымдағы операциялар балансы„1. Сауда балансы (сыртқы сауда операциялары бойынша төлемдер мен түсімдер) :а) экспорт; ә) импорт.:

2. Қызметкер балансы (халықаралық тасымал, факт кемемен тасмал жүк

үшін төленетін ақы, сақтандырыу және т. б) және коммерциялық емес

төлемдер (патент бойынша төлем, техникалық көмек үшін төлем. )

I. “Ағымдағы операциялар балансы„1. Сауда балансы (сыртқы сауда операциялары бойынша төлемдер мен түсімдер) :а) экспорт; ә) импорт.: II. “Капитал және несие қозғалыстарының балансы„
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық жүйе және валюталық қатынастар
Ақшаның маңызы мен қызметі
Қазақстан республикасындағы валюталық реттеуді жетілдіру жолдары және оның даму перспективасы
Валюта жүйесі, валюта курсы, халықаралық есеп айырысу
Халықаралық валюта және қаржы қатынастарын реттеу
Қазақстан Республикасында валюта нарығын реттеу сараптамасы
Халықаралық валюталық жүйе және валюталық қатынастар
Халықаралық валюта қозғалысы және айырбас бағамы
Валютаның әлемдік тәжірибедегі нарығы
Халықаралық валюта жүйесі жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz