Капиталдың шетке шығарылуы: қазіргі ерекшеліктері және трансұлттық корпорациялар мен халықаралық монополиялардың рөлі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

КАПИТАЛДЫ ШЕТКЕ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРП КЕЗДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі уақытта жекелеген елдер арасыидағы капитал қозғалысы кеңінен дамып отыр. Бұл елдердің әрқайсысы бір мезгілде капиталды шетке шығарушы да, капиталды әкелуші де болады, яғни капиталдардың елдер арасындағы ауысуы жүзеге асады. Бұл жағдайда шетке капитал шығару өз елінде капитал қорлары жетіспеген кезде де жүзеге асырылады, ал шетел капиталының келуі бәсекелік кабілеті төмен ұлттық капиталды ығыстырады. Шетке капитал шығарушы немесе шеттен капитал әкелуші елдердің ара жігін айыру өте қиын. Капитал негізінен кәсіпкерлік және қарыз формасында шетке шығарылады. Кәсіпкерлік капитал шет елдерге тікелей инвестиция түрінде шығарылады. Тікелей инвестиция өз өндірісін құру үшін немесе жергілікті компаниялар акцияларынын бақылау пакетін сатып алу мақсатында капитал жұмсау арқылы жүзеге асады. Қарыз капиталы қарыз өсімін әкелетін заемдар, несиелер түрінде шығарылады. Қазіргі уақытта әр түрлі салаларды қаржыландыратын шетел инвестициясының жедел даму тенденциясы байқалып отыр. 1993 жылы дүние жүзіндегі қаржы капиталының көлемі орасан зор мөлшерге - 3 трлн. долларға жетті, Бұл ақшалар дүниежүзілік қаржы рыногының негізін құрайды.

Кәсіпкерлік капиталдар эксперты негізінде басқа елдерде өздерінің өндірістік филиалдарын құру арқылы жоғары дамыған елдердің концерндері өз тауарларын сыртқа шығаруға көп мүмкіндік алды, кедендік кедергілерді жойып, арзан жұмыс күшін шетел рыноктарында пайдаланды. 60-жылдардың ортасынан бастап ФРГ, Жапония сияқты елдердің шетелдік капитал қорлары жедел өсті. Тікелей иивестицияның орташа жылдық өсімінің қарқыны, бұл елдерде АҚШ пен салыстырғанда екі еседен артық болды. Капитал ауысуы өрісінде бәсеке күрт күшейді. Қолайлы инвестициялық ахуал жасау үшін мемлекеттік кепілдіктің мағынасы артты. Егер XX ғасырдың бірінші жартысында монополиялардың экономикалық экспансиялық жасау объектісі негізінен отар және тәуелді елдер болса, қазір тікелей шетелдік инвестицияның 70-75% өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің үлесіне тиеді. Бүған коса өнеркәсібі дамыған елдердің үлкен қаржылық қорлары, көлемді ішкі рыноктары бар. Дамыған елдер арасындағы капитал қозғалысы олардың арасындағы шаруашылық қатынастарын тереңдетіп, ұлтаралық сипатын жоғарылатады. Өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы капиталдың ауысуы бірнеше дәрежеде жүреді. Қазіргі заматы өнеркәсібі бар негізгі орталықтар АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония елдерінің монополиялары капиталды сыртқа шығаруда әр түрлі әдістерді қолданады. Мысалы, трансферттік бағалар механизмін пайдалану арқылы немесе өздерінің капиталдарын апарған елдерде аса ірі реинвестицияларды жүзеге асыру мен заемдар беру әдістерін қолданады. Капитал ауысуы басталған кезден 70жылдардың соңына дейін инвестиция қозғалысының орталығы Батыс Еуропа елдері болды. Капиталдардың шоғырлануы Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа қатысушы елдер қаржыларының өзара ауысуы арқылы, үшінші елдер капиталдарының еркін келуі арқылы (бұрын АҚШ есебінен еді, қазір Жапония есебінен) жүргізілді. 70-жылдардың соңында Батыс Еуропа елдеріндегі шетел капиталының бұл елдердің АҚШ-қа капиталды экспорттауды біртіндеп көбейтуі есебінен кысқара бастады. 80-жылдары АҚШ-тың ұлттық экономикасы келтірілген шетел капиталы көлемі жағынан дүниежүзінде бірінші орын алды.

Қазіргі уақытта дамушы және өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы капитал қозғалысында елеулі өзгерістер пайда болды. Жас ұлттық мемлекеттерден капитал шығару, бір жағынан, олардың экономикасының дамуына мүмкіндік берсе, екінші жағынан, өнеркәсібі дамыған елдер жас ұлттық капиталдың өз елдеріне келуіне кедергі жасайды, сөйтіп дамушы мемлекеттерде негізінен шикізат өндірісін дамытады.

Бірақ соған қарамастан, көптеген дамушы мемлекеттер өз экономикасы үшін дамыған елдердің капиталын тиімді пайдаланып отыр. Дамудың жоғары деңгейіне жету үшін жаңа индустриалды елдер алдыңғы қатарды технология мен тікелей жеке меншік капиталды инвестициялау мүмкіндіктерін пайдаланады. Соңғы он жылдықтарда өндірісті , қоғамдастырудың халықаралық түрлерінін көбеюі капиталдың трансұлттық, монополиялық нысандарының дамуына әкеп соқты. Мұның өзі ендігі уақытта дүниежүзілік шаруашылықтағы басты рөлдерді интернационалдық сипаттағы өнеркәсіптік және банктік монополиялар атқарады деген сөз. Дүниежүзілік және ұлттық рыноктардағы олардың монополиялық ерекшеліктері анықталады. Қазіргі кездегі халықаралық монополия дегеніміз дүниежүзілік шаруашылықтың бір немесе бірнеше сферасында үстемдік жүргізуші концерн немесе бірқатар елдердің концерндері одақтарының жүйесі. Қазіргі уақытта дүниежүзілік рынокта айналымы 1 млрд, доллардан асатын 600 халықаралық алпауыт монополиялар өз қызметтерін атқарады, Олар дүниежүзілік рыноктағы өнеркәсіп өндірісінің 1/3-нен артығын, сыртқы сауданың жартысынан астамын, жаңа технологияның 80%-ін бақылайды.

Халықаралық монополиялар үш топқа бөлінеді, Олар трансұлттық, көпұлттық корпорациялар және халықаралық монополиялық одақтар. Ғылыми әдебиеттерде және практикада оларды көбінесе бірыңғай трансұлттық корпорациялар деп атайды. Трансұлттық корпорациялар (ТҮК) қазіргі кездегі дүниежүзілік шаруашылық байланыстарының негізгі субъектілері болып есептеледі. Бұл ірі компаниялар акционерлік компаниялардың ядросы. ТҮК - көптеген елдерде әрекет етеді, сол елдерде туынды кәсіпорындары (дочерние предприятие) филиалдарын, тірек (опорный) орталықтарын, бөлімшелерін жасайды. Мысалы, "Дженерал моторе", "Экссон", "ИБМ", "Симменс", "Филипс" және т, б. Екі немесе бірнеше елдерде туынды компаниялары бар корпорациялардың саны 11 мыңнан асады.

Көп ұлтты корпорациялар (КУК) қызмет көрсету түрлері, көлемі жағынан ғана емес, сонымен қатар капиталы және оны бақылау ерекшелігімен айқындалатын халықаралық монополиялар. Олардың қатарында екі немесе одан да көп елдердің меншігіне негізделген "Роял-датч-Шел", "Юнилевр", "АРБЕД" және т, б. сияқты көп ұлттық корпорациялар жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Трансұлттық корпорациялар: пайда болу себептері, қызмет ерекшеліктері және Қазақстан контекстіндегі халықаралық экономикалық рөлі
Трансұлттық корпорациялар мен еркін экономикалық аймақтардың дүниежүзілік шаруашылықтағы рөлі, пайда болу себептері және қызмет ерекшеліктері
Трансұлттық корпорациялар: анықтамасы, түрлері, қызмет ерекшеліктері және әлемдік экономикаға ықпалы
Халықаралық инвестициялық ынтымақтастық пен трансұлттық корпорациялар: Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері
Монополиялар мен монополиялық бәсекенің ерекшеліктері және Қазақстан тәжірибесі: халықаралық монополиялардың рөлі (Қазақтелеком мысалында)
Капиталды шетке шығару: халықаралық қозғалысының тенденциялары мен экономикалық салдары
Трансұлттық корпорациялар: BMW компаниясының тарихы, өнімдері және өндірістік технологиялары
Халықаралық капитал қозғалысы және капиталды шетке шығарудың себептері мен әсерлері
Дүниежүзілік сауда, капитал қозғалысы және халықаралық еңбек миграциясының қазіргі ерекшеліктері
Халықаралық маркетинг пен трансұлттық корпорациялардың рөлі: Проктер энд Гэмбл корпорациясының Қазақстан нарығындағы қызметін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz