ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА: ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ

Халықаралық сауда - мемлекеттер және ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауар және қызметтердің айырбасы. Ол ерте заманда қалыптасты, бірақ тек XX ғасырда ғана дүниежүзілік рынок формасына ие болды, өйткені оған негізінен өнеркәсібі дамыған елдер ғана қатынасады. Халықаралық сауда қазіргі дүниежүзілік еңбек бөлінісіне, әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейіне және олардың табиғи-географиялық жағдайларына сәйкес тауарлардың белгілі бір түрлерін өндіруге маманданудың нәтижесі ретінде көрінеді.

Дүниежүзілік сауданың динамикасы мен құрылымы өндіргіш күштердің дамуына, дүниежүзілік өндірістің құрылымына тәуелді. Егер XIX ғасырда айырбаста көбінесе шикізат, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп өнімдері ғана болса, қазіргі кезде өнеркәсіп тауарларының үлесі, әсіресе машиналар мен жабдықтардың үлесі елеулі түрде өсті. Соғыстан кейінгі уақытта шикізаттың дүниежүзілік экспорттағы үлесі 3/5-тен 1/3-ке дейін кеміді, ал өнеркәсіп бұйымдарының үлесі 2/3-ке өсті. Құрастырмалы бұйымдар мен қосымша бөлшектер айырбасы артты, экспорт тез қарқынмен дамыды; мысалға машиналардың түйіндерін құрастыру және басқа да құрал-жабдықтар мен халық тұтынатын техниканы жасау жұмыстарын айтуға болады.

Қазіргі уақытта халықаралық айырбас өрісіне ғылыми-техникалық жетістіктер айырбасы қосылды (лицензиялар және ноу-хаулар мен сауда жасау), олардың үлесі халықаралық сауданың жалпы айналымның 10%ін құрайды. Технологиялық күрделі өнімдермен, лицензиялармен сауда-саттық жедел өсіп отыр. Егер 1970 жылы лицензиялардың дүниежүзілік экспорттағы көлемі 2, 4-2, 7 млрд, доллар болса, 80-жылдардың екінші жартысында бұл сан жылына 17 млрд. доллардан асты.

Халықаралық сауда объектілерінің қатарына қазіргі уақытта жобалау жұмыстары, лизинг (жабдықтарды ұзақ мерзімді жалға алу) ; инжиниринг (инженерлік-құрылыс жұмыстарын атқару үшін жасалынған келісімдер) жатады.

Халықаралық саудада "жаңа индустриалды елдер" (Гонконг, Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань) үлкен рөл атқара бастады. Бұл елдердің экспортында өнеркәсіптік тауарлардың алатын орны елеулі және олардың дүниежүзілік экспорттағы үлесі 1960-1985 жылдары 2 еседен асып түсті. Тарихи тұрғыдан алғанда дүниежүзілік рыноктағы бәсекелік күресте ұлттық мүддені қорғаудың әр түрлі мемлекеттік формалары бар. XV-XIII ғ. ғ. негізгі экономикалық теория ретінде меркантилизм үстем болған кезде мемлекеттер экспортты ынталандыру және импорт тауарларын шектеу шараларын, яғни қатаң протекционизмді қолданды. Ұлттық өнеркәсіп өнімдеріне тиімді жоғары кеден бажын енгізу арқылы белгілі бір тауар түрлерін сатуға, мемлекеттік монополия арқылы ақшалай байлықты арттыруға ұмтылды.

Бірақ қатаң протекционизм сыртқы сауданы қысқартып, ұлттық экономикалардың оқшаулануына әкеп соқтырды. Сондықтан Ұлыбританиядағы өнеркәсіптік төңкеріс елді еркін сауда (фритредерство) саясатына өтуге мәжбүр етті. "Еркін сауда" саясатының негізін Д. Рикардоның салыстырмалы шығындар теориясы қалады. Осы бағытты ұстанған Ұлыбритания жаңа рыноктарды жаулап алып, дүниежүзілік экономикада жетекші орындарға ие болды. Кейінірек басқа елдер де біртіндеп "еркін сауда" саясатына коше бастады.

Дүниежүзілік саудадағы тұрақсыздық экономикалық дағдарыстар XX ғасырдың басында бірқатар елдерді сауда протекционизмі саясатын қайта өршітуге жетеледі, яғни дүниежүзілік рыноктың еркін дамуынан бас тартуға итермеледі. Мұның өзі бұрыннан қалыптасқан мемлекетаралық сауда қатынастарының бұзылуына әкеп соқты. Қазіргі кездегі протекционизм ішкі рынокта ұлттық компанияларға қолайлы жағдайлар жасауға және оларды шетелдік өндірушілер бәсекесінен қорғауға ұмтылады. Шеттен әкелінетін тауарлар бағасына кеден салығын арттыру арқылы олардың ұсынысы шектеледі, сөйтіп ішкі рыноктағы бәсекенің әлсіреуі нәтижесінде импорттық тауарлардың да, отандық өндіріс өнімдерінің де бағалары шарықтап кетеді.

Халықаралық сауда - экономикалық қатынастарды реттеу үшін халықаралық ұйымдар құрылды. Олардың қатарына ГАТТ, ЕАСТ, ЮНКТАД т. б. жатады.

ГАТТ - тарифтер мен сауда туралы басты келісім. Оған қатысушылардың сауда қатынастары қабылданған нормалар мен ережелер негізінде айқындалады. ГАТТ 1948 жылдан бастап әрекет етеді. Бұл ірі халықаралық ұйымның шеңберінде сыртқы саудаға қатысты барлық проблемаларды талқылау үшін мүше елдер арасында келіссөздер, консультациялар, кездесулер өткізіледі. ГАТТ-тың толық құқылы мүшелерінің саны 1990 жылы 96га жетті.

ЕАСТ - Еуропалық еркін сауда ассоциациясы 1960 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұл ассоциацияға 6 Батыс Еуропалық елдер кіреді. ЕАСТ-тың негізгі мақсаты өзара еркін сауда жағдайын қалыптастыру.

ЮНКТАД - БҰҰ-ның сауда және даму конференциясы. Бұған 170ке жуық мемлекет, сондай-ақ көптеген халықаралық ұйымдар кіреді. ЮНКТАД - халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына және реттелуіне қолдау жасайды.

§2. КАПИТАЛДЫ ШЕТКЕ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі уақытта жекелеген елдер арасындағы капитал қозғалысы кеңінен дамып отыр. Бұл елдердің әрқайсысы бір мезгілде капиталды шетке шығарушы да, капиталды әкелуші де болады, яғни капиталдардың елдер арасындағы ауысуы жүзеге асады. Бұл жағдайда шетке капитал шығару өз елінде капитал қорлары жетіспеген кезде де жүзеге асырылады, ал шетел капиталының келуі бәсекелік қабілеті төмен ұлттық капиталды ығыстырады. Шетке капитал шығарушы немесе шеттен капитал әкелуші елдердің ара жігін айыру өте қиын. Капитал негізінен кәсіпкерлік және қарыз формасында шетке шығарылады. Кәсіпкерлік капитал шет елдерге тікелей инвестиция түрінде шығарылады. Тікелей инвестиция өз өндірісін құру үшін немесе жергілікті компаниялар акцияларының бақылау пакетін сатып алу мақсатында капитал жұмсау арқылы жүзеге асады. Қарыз капиталы қарыз өсімін әкелетін заемдар, несиелер түрінде шығарылады. Қазіргі уақытта әр түрлі салаларды қаржыландыратын шетел инвестициясының жедел даму тенденциясы байқалып отыр. 1993 жылы дүние жүзіндегі қаржы капиталының көлемі орасан зор мөлшерге - 3 трлн. долларға жетті, Бұл ақшалар дүниежүзілік қаржы рыногының негізін құрайды.

Кәсіпкерлік капиталдар эксперты негізінде басқа елдерде өздерінің өндірістік филиалдарын құру арқылы жоғары дамыған елдердің концерндері өз тауарларын сыртқа шығаруға көп мүмкіндік алды, кедендік кедергілерді жойып, арзан жұмыс күшін шетел рыноктарында пайдаланды. 60-жылдардың ортасынан бастап ФРГ, Жапония сияқты елдердің шетелдік капитал қорлары жедел өсті. Тікелей иивестицияның орташа жылдық өсімінің қарқыны, бұл елдерде АҚШ пен салыстырғанда екі еседен артық болды. Капитал ауысуы өрісінде бәсеке күрт күшейді. Қолайлы инвестициялық ахуал жасау үшін мемлекеттік кепілдіктің мағынасы артты. Егер XX ғасырдың бірінші жартысында монополиялардың экономикалық экспансиялық жасау объектісі негізінен отар және тәуелді елдер болса, қазір тікелей шетелдік инвестицияның 70- 75% өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің үлесіне тиеді. Бұған қоса өнеркәсібі дамыған елдердің үлкен қаржылық қорлары, көлемді ішкі рыноктары бар. Дамыған елдер арасындағы капитал қозғалысы олардың арасындағы шаруашылық қатынастарын тереңдетіп, ұлтаралық сипатын жоғарылатады. Өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы капиталдың ауысуы бірнеше дәрежеде жүреді. Қазіргі заманғы өнеркәсібі бар негізгі орталықтар АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония елдерінің монополиялары капиталды сыртқа шығаруда әр түрлі әдістерді қолданады. Мысалы, трансферттік бағалар механизмін пайдалану арқылы немесе өздерінің капиталдарын апарған елдерде аса ірі реинвестицияларды жүзеге асыру мен заемдар беру әдістерін қолданады. Капитал ауысуы басталған кезден 70-жылдардың соңына дейін инвестиция қозғалысының орталығы Батыс Еуропа елдері болды. Капиталдардың шоғырлануы Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа қатысушы елдер қаржыларының өзара ауысуы арқылы, үшінші елдер капиталдарының еркін келуі арқылы (бұрын АҚШ есебінен еді, қазір Жапония есебінен) жүргізілді. 70-жылдардың соңында Батыс Еуропа елдеріндегі шетел капиталының бұл елдердің АҚШ-қа капиталды экспорттауды біртіндеп көбейтуі есебінен қысқара бастады. 80жылдары АҚШ-тың ұлттық экономикасы келтірілген шетел капиталы көлемі жағынан дүниежүзінде бірінші орын алды.

Қазіргі уақытта дамушы және өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы капитал қозғалысында елеулі өзгерістер пайда болды. Жас ұлттық мемлекеттерден капитал шығару, бір жағынан, олардың экономикасының дамуына мүмкіндік берсе, екінші жағынан, өнеркәсібі дамыған елдер жас ұлттық капиталдың өз елдеріне келуіне кедергі жасайды, сөйтіп дамушы мемлекеттерде негізінен шикізат өндірісін дамытады.

Бірақ соған қарамастан, көптеген дамушы мемлекеттер өз экономикасы үшін дамыған елдердің капиталын тиімді пайдаланып отыр. Дамудың жоғары деңгейіне жету үшін жаңа индустриалды елдер алдыңғы қатарды технология мен тікелей жеке меншік капиталды инвестициялау мүмкіндіктерін пайдаланады. Соңғы он жылдықтарда өндірісті , қоғамдастырудың халықаралық түрлерінің көбеюі капиталдың трансұлттық, монополиялық нысандарының дамуына әкеп соқты. Мұның өзі ендігі уақытта дүниежүзілік шаруашылықтағы басты рөлдерді интернационалдық сипаттағы өнеркәсіптік және банктік монополиялар атқарады деген сөз. Дүниежүзілік және ұлттық рыноктардағы олардың монополиялық ерекшеліктері анықталады. Қазіргі кездегі халықаралық монополия дегеніміз дүниежүзілік шаруашылықтың бір немесе бірнеше сферасында үстемдік жүргізуші концерн немесе бірқатар елдердің концерндері одақтарының жүйесі. Қазіргі уақытта дүниежүзілік рынокта айналымы 1 млрд, доллардан асатын 600 халықаралық алпауыт монополиялар өз қызметтерін атқарады. Олар дүниежүзілік рыноктағы өнеркәсіп өндірісінің 1/3-нен артығын, сыртқы сауданың жартысынан астамын, жаңа технологияның 80%-ін бақылайды.

Халықаралық монополиялар үш топқа бөлінеді, Олар трансұлттық, көпұлттық корпорациялар және халықаралық монополиялық одақтар. Ғылыми әдебиеттерде және практикада оларды көбінесе бірыңғай трансұлттық корпорациялар деп атайды. Трансұлттық корпорациялар (ТҰК) қазіргі кездегі дүниежүзілік шаруашылық байланыстарының негізгі субъектілері болып есептеледі. Бұл ірі компаниялар акционерлік компаниялардың ядросы. ТҰК - көптеген елдерде әрекет етеді, сол елдерде туынды кәсіпорындары (дочерние предприятие) филиалдарын, тірек (опорный) орталықтарын, бөлімшелерін жасайды. Мысалы, "Дженерал моторс", "Экссон", "ИБМ", "Симменс", "Филипс" және т, б. Екі немесе бірнеше елдерде туынды компаниялары бар корпорациялардың саны 11 мыңнан асады.

Көп ұлтты корпорациялар (КҰК) қызмет көрсету түрлері, көлемі жағынан ғана емес, сонымен қатар капиталы және оны бақылау ерекшелігімен айқындалатын халықаралық монополиялар. Олардың қатарында екі немесе одан да көп елдердің меншігіне негізделген "Роял-датч-Шелл", "Юнилевр", "АРБЕД" және т, б. сияқты көп ұлттық корпорациялар жатады.

Халықаралық монополиялық одақтар (картелдер, консорциумдар, пулдер) өндірістік, ғылыми-техникалық және коммерциялық негізде құрылып, соған сәйкес өнеркәсіптік, банктік және т. б. концерндер бірлестігі болып табылады. Соңғы жылдары трансұлттық корпорациялардың жаңа нысандары қалыптасу үстінде. Ортақ меншікке және акционерлік емес бастамаларға негізделген халықаралық монополиялардың басқа да түрлері бар. Мысалы ғылыми-зерттеу бағдарламаларын, лицензиялар мен патенттер сатуға келісімшарттар жасайтын халықаралық ұйымдар.

Халықаралық монополиялар дамуының ерекшеліктеріне олардың ішкі фирмалық қатынастарының күшеюі мен күрделенуі, яғни ТҰК-тың өз ішіндегі халықаралық рыноктық қатынастардың интернационалдануы жатады. Кейбір елдердегі сыртқы сауданың бір бөлігі монополиялық бірлестіктердің жекелеген бөлімдері арасында ішкі корпорациялық айырбас сипатын алады. Мұның өзі оларды белгілі бір дәрежеде дүниежүзілік рыноктағы халықаралық қатаң бәсекеден қорғайды және тауар айналымын едәуір көлемге жеткізеді. ТҰК-тар бүкіл дүниежүзілік сауда құрылымын өзгертеді. Бірыңғай стандарттарды қолдана отырып, халықаралық монополиялар өздері әрекет ететін елдердегі филиалдарының тауарлар импорттауы кезінде тарифтік кедергілердің әсерін кемітуге тырысады. Олар көп жағдайларда бұрынғы әкелінген және қолданылған материалдарға салық төлеуден босатылады. ТҰК-тардың дүниежүзілік шаруашылықтағы рөлі күшейген сайын халықаралық сауданың басым бөлігі Ірі корпорациялардың стратегиялық мақсаттарына багынып, халықаралық монополиялық құрылымдардың бір бөлігіне айналады. Бұл құрылымдар өнімді өндіру, өткізу және қайта бөлу процестерін өз бақылауында ұстайды. Мұның өзі ұлттық сыртқы сауда мүдделері мен ТҰК мүдделері арасындағы қарама-қайшылықтардың өршуіне әкеледі.

§ 3. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҰМЫС КҮШІ МИГРАЦИЯСЫ

Халықаралық жұмыс күші миграциясы, яғни өмір сүру жағдайларын жақсарту мақсатымен еңбекке қабілетті халықтың бір елден екінші елге ауысуы, соңғы онжылдықта кең таралып отыр.

Миграцияның себептері ірі жеке елдердегі қорлану процестерінің біркелкі болмауынан, жалақы төлеудегі ұлттық айырмашылықтардан, сөйтіп жекелеген елдерде салыстырмалы басы артық жұмыс күші пайда болып, ал басқа бір елдерде жұмыс күшінің жетіспеуінен туындайды. Дәл осы салыстырмалы басы артық халықаралық жұмыс күші миграцияның негізгі қайнар көзі болып табылады. Халықаралық еңбек миграциясы дамыған елдерге қарағанда экономикасы нашар дамыған елдердегі жұмысшылардың арзан еңбегін пайдалануға негізделген. Бастапқыда халықаралық жұмыс күші миграциясы аса көп мөлшерде Еуропадан АҚШ-қа қарай ағылды (негізінен Ирландия мен Англиядан) себебі, жедел дамып келе жатқан капитализмге жұмыс күші қажет болды. XIX ғасырдың соңынан бастап, негізгі миграциялық аймақтар экономикалық даму деңгейі төмендеу Еуропа және Азия елдері болды. Қазіргі халықаралық миграцияның басты заңдылықтарының бірі оның мөлшерінің тұрақты түрде көбеюі, бұл процеске барлық елдердің еңбекшілерінің тартылуы. Бұл қазіргі дүниежүзілік қоғамдастықтың әлеуметтік-экономикалық өміріне тән маңызды құбылыс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық сауданың теориялары
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ БАСҚАРУ
Дүниежүзілік сауда теориялары және халықаралық экономиканы басқарудың түрлері
Экономикалық дамудың халықаралық аспектілері
ҚР сыртқы экономикалық қызметінің дамуы
Әлемдік шарушылықтың құрылымы
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты: мәні, мақсаттары, құралдары
Халықаралық сауда мен әлемдік нарықтың экономиқалық мәні
Халықаралық экономика пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Әлемдік сауда: жалпы тенденциялар және Қазақстанның қатысуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz