ҚАЗІРГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗІРГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА.

1. Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда.

2. Дүниежүзілік сауданың құрылымы.

3. Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы.

4. Қазақстанның халықаралық саудадағы орны және ролі.

Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүние жүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.

Американ ғалымы Дж. Сакстың пікірінше «қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ».

Халықаралық сауда - еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі.

Ғылыми-техникалық прогрестің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.

Халықаралық сауда дегеніміз - дүние жүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы.

Сыртқы саудада „фритредерствоны" (еркін сауда), немесе „протекционизмді" (өз тауар өндірушілерін қолдау) таңдап алудағы ымырасыздық өткен уақыттардың еншісінде қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті

Фритредерство саясатын ең алғаш А. Смит өзінің „Салыстырмалы артықшылықтар теориясында" анықтаған. Ол: „айырбас қандай елге болса да қолайлы; әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады", - деп жазған.

XX ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен жедел дами бастады.

Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етті:

халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалдаудың дамуы;

экономикада жаңа салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жаңартуға игі әсерін тигізген ғылыми-техникалық революция;

дүниежүзілік рыноктағы трансүлттық корпорациялардың белсенді қызметі;

тарифтерйен сауда туралы Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;

көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып, кеден бажы төмендеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;

сауда-экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей рыноктардың қалыптасуы;

7) сыртқы рынокқа бейімделген экономикасы бар "жаңа индустриалды елдердің" пайда болуы т. б.

Соңғы онжылдықтарда сыртқы сауда динамикасының әркелкілігі біліне бастады. Бұл дүниежүзілік рынокқа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда-экономикалық қатынастарына әсерін тигізді. АҚШ дүниежүзілік рыноктағы басымдығынан айырыла бастады.

Егер 1 950 жылы АҚШ-тың үлесіне дүниежүзілік экспорттың 3/1 тиген болса, 1990 жылы ол тек қана 8/1 тең болды. Өз кезегінде Алманияның экспорты АҚШ-тың деңгейіне жақындады.

Сөйтіп, 90-жылдары Батыс Еуропа халықаралық сауданың орталығына айналды. 80-жылдары халықаралық сауда деңгейі және сыртқы сауда балансы жатады. Классификацияда, аталғандардан басқа қазба байлықтар, инфрақұрылым, байланыс құрал-жабдықтар т. б. факторлар ескеріледі.

Женевада өткен дүниежүзілік экономикалық форумның баяндамасында бәсекелікті нақты мемлекеттің дүниежүзілік рынокқа салыстырмалы түрде бәсекелестерінен артық байлық шығаруы деп анықтады.

Мамандардың болжауы бойынша XXI ғасырдың алғашқы жылдарында бәсекеге ең қабілетті елдер санатында АҚШ пен Азиялық мемлекеттер болады. 2030 жылы бәсекеге ең қабілетті үш мемлекеттің қатарында АҚШ, Жапония, Қытай болмақ. Бұлардан соң Алмания, Сингапур, Оңтүстік Корея, Индия, Тайвань, Малайзия және Швейцария мемлекеттерінің мүмкіндіктері мол.

Дамушы елдердің өз экспортын диверсификациялауға (шаруашылық қызметіне жаңа өріс табуга) ұмтылыстары өнеркәсібі дамыған елдер тарапынан қандай нысанда болмасын, қарсылыққа кездесуде. Дегенмен, кейбір дамушы елдер, ең алдымен „жаңа индустриалды елдер" өз экспорттарының құрылымын өзгерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспорттарында дайын өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының, соның ішінде машиналар мен жабдықтардың үлесі артты.

XX ғасырдың соңғы ширегінде халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде Азия-Тынық мұхит аймағының рөлі күшейді. Дүниежүзілік банктің есептеуі бойынша 2000 жылға қарай дүниежүзілік сауда көлемінің 40% Тынық мұхит бассейнінде шоғырланады.

Өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі олардың өзара сауда қарым-қатынастарын ұлғайтып, дамушы елдердің үлестерін азайтады.

Қазіргі уақытта негізгі тауар тасқыны „үлкен үштік": АҚШ - Батыс Еуропа - Жапония шеңберінде ағылып жатыр.

Дүниежүзілік сауданың ең қарқынды және өскелең дамып келе жатқан секторы өңдеуші өнеркәсіп саласының тауарлары, оның ішінде ғылыми сыйымды тауарлар.

Өнеркәсібі дамыған елдерде ғылыми сыйымды тауарлар экспорты жылына 500 млрд. долл. құрайды, ал жоғары технологиялық өнімнің үлесі 40%-ке жақын. Машиналар мен жабдықтар саудасының да рөлі артып келеді. Осымен байланысты ғылыми-техникалық, өндірістік, коммерциялық, қаржы-несие қызметтерінің айырбасы кең қанат жаюда. Машиналар мен жабдықтар саудасының қарқыны бірқатар жаңа қызметтер түрлерін өмірге алып келді. Оларға, инжиниринг, лизинг, консалтинг, ақпаратты есептеу қызметтері жатады.

Инжиниринг - клиентке көрсетілетін инженерлік қызметтердің жиынтығы. Оның түпкі мақсаты өндіріске жұмсалған күрделі қаржыны, немесе басқа шығындарды өтеуде жоғары нәтижеге жету. Ондай нәтижеге жету үшін инжиниринг материалдық, технологиялық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланудың әдістерін іздестіреді.

Лизинг - машиналар мен жабдықтарды белгілі бір мерзімге арендаға (жалға) беру туралы келісім. Лизинг халықаралық және ұлттық деңгейде өнеркәсіп-банк монополияларының жалғасып (ұласып) кетуінің жаңа нысаны.

Консалтинг - жобаларды дайындау және жүзеге асыру кезіндегі кеңес беру қызметі.

Соңғы онжылдықта (1985-1996 ж. ж. ) өнеркәсібі дамыған елдердің машиналар мен жабдықтар экспорты үш есе өсті. Әсіресе, электротехникалық және электронды жабдықтарды экспорттау жедел қарқынмен дамып келеді, олардың үлесіне машинотехникалық өнімдері экспортының 25% тиеді.

Халықаралык, саудада жедел дамып келе жатқан саланың бірі химиялық өнімдер саудасы. Энергоресурстар мен шикізатқа сұраныстың көбейгенімен шикізат саудасының қарқыны дүниежүзілік сауда қарқынынан едәуір төмен.

Мұның себебі, біріншіден, шикізатты алмастыратын жасанды өнімдерді өндіруді ұлғайту; екіншіден, шикізаттың өзін ұтымды пайдалану арқылы қалдықсыз, терең өңдеу процестерін қолдану.

Дүниежүзілік азық-түлік саудасының оған деген сұраныстың біршама азайғаны байқалады. Бұл белгілі дәрежеде өнеркәсібі дамыған елдерде азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейінің жоғарылауымен байланысты.

Халықаралық ұйымдардың (БҰҰ, ХВҚ) мәліметтері бойынша соңғы онжылдықта (1985-96 ж. ж. ) халықаралық сауда жыл сайын орта есеппен 5, 2% өскен. Бірақ мұншалықты өсу барлық уақытта бірдей емес. Мысалы, 1989 жылы халықаралық сауданың өсуі 8, 2% болса, 1993 жылы 4%-ке дейін төмендеген. Мұның басты себебі өнеркәсібі дамыған елдерде байқалған экономикалық тоқырау. Ал, дәл осы кезеңде азиялық, „жаңа индустриялды елдерде" сыртқы сауда қарқыны 10%-тен асқан.

1994 жылы халықаралық сауданың көлемі 9, 5%-ке жоғарылап, осы жылдардың басындағы төмендеу тенденциясы тоқтаған. Бұл тенденцияны төмендегі кестенің көрсеткіштері дәлелдейді.

Дүниежүзілік сауданың 90-жылдардың орта шеңінде жедел өсуі АҚШ-тың, Италияның, Канаданың, Испанияның импортының қарқынды өсуімен байланысты. Сонымен қатар бұл процеске Қиыр Шығыс, Латын Америкасы елдерінің шаруашылық коньюнктурасының жақсарғаны да әсер етті,

Егер сауда саласындағы кедергілер біртіндеп жойыла берсе, онда халықаралық тауарлар рыногы жыл сайын орта есеппен 6%-ке өсері анық.

Жекелеген елдердің дүниежүзілік саудадағы рөлін қарастырсақ, онда дүние жүзіндегі ең ірі экспорттаушы және импорттаушы елге АҚШ жатады. 1994 жылы АҚШ-тың сыртқы сауда айналымы 1, 2 трлн. долл. -дан асты. Мұның өзі дүниежүзілік сауда көлемінің 28%-ін құрайды. АҚШ-тан кейін Алмания мен Жапонияның көрсеткіштері жоғары.

Алманияның сыртқы сауда айналымы 802 млрд. доллар болып, дүниежүзілік сауда көлемінің 18, 8%-ін құрады. Жапонияның бүл көрсеткіштері 672 млрд. доллар мен 15, 2% болды. Ең ірі сауда мемлекеттерінің қатарына Франция, Ұлыбритания, Италия, Канада, Голландия, Гонконг, Бельгия (Люксембургпен бірге) кіреді. Қытай, Сингапур, Чили, Финляндия елдерінің де экспорты жедел қарқынмен дамып келеді.

Дүниежүзілік саудада жүріп жатқан процестерді талдасақ, оның басты тенденциясы сыртқы сауданы ырықтандыру дер едік. Бұл орайда бірқатар проблемалар да бой көрсетеді. Олардың негізгісі - мемлекетаралық экономикалық топтар мен сауда-экономикалық одақтар деңгейіндегі протекционистік тенденциялардың үлғаюы. Дүниежүзілік банктің есептеулеріне қарасақ бүл одақтардың шеңберінде 90-жылдары дүниежүзілік сауданың 42% жүзеге асырылған.

Ең ірі тоғыз халықаралық аймақтың сауда одақтарының құрамы мынадай;

Еуропалық Одақ - Австрия, Алмания, Ұлыбритания, Италия, Ирландия, Франция, Испания, Португалия, Финляндия, Дания, Бельгия, Люксембург, Нидерланды, Греция.

Еуропалық еркін сауда ассоциациясы - Исландия, Норвегия, Швейцария, Лихтенштейн.

Еркін сауда туралы Солтүстік Америкалық келісім - АҚШ, Канада, Мексика.

Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы - Австралия, Бруней, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Жаңа Зеландия, Папуа-Жаңа Гвинея, Индонезия, Филлипин, Тайвань, Гонконг, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ, Мексика, Чили.

„Меркосур" - Бразилия, Аргентина, Парагвай, Уругвай.

Оңтүстік Африкалық даму комитеті - Ангола, Ботсвана, Лесото, Малави, Мозамбик, Маврикий, Намибия, ЮАР, Свазиленд, Танзания, Зимбабве.

Батыс Африкалық экономикалық және валюталық одақ - Кот'д Ивуар, Буркина-Фасо, Нигерия, Того, Сенегал, Бенин, Мали.

Оңтүстік Азиялық аймақтың ынтымақтастық асоциациясы - Индия, Пакистан, Шри Ланка, Бангладеш, Мальдив, Бутан, Непал.

Анд пакті - Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия.

Аталған одақтастықтарды құрудың негізінде саяси, экономикалық, тарихи мәні бар объективті процестер жатыр. Бұл процестердің күшеюі бір жағынан, халықаралық сауданың дамуына игі әсер етеді (аймақ, одақ шеңберінде), екінші жағынан, кез келген жабық құрылымдарға тән - бірқатар кедергілер де болады.

Біртұтас, әлемдік рыноктар жүйесін қалыптастыру бағытында әлі де болса көптеген кедергілер мен қайшылықтар бар. Еркін сауда немесе протекционизм мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Сауда-экономикалық одақтастықтарына мүше елдер қайшылықты жағдайларды түсіне, ескере отырып, проблемалардың оңтайлы шешімін іздестіру үстінде.

Халықаралық сауданы реттеп, оның еркін дамуы жолындағы кедергілерді жойып отыратын негізгі халықаралық ұйым - Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісім (ГАТТ) .

ГАТТ-ты құру туралы келісімге 1947 жылы ең алдымен 23 ел қол қойып, ол келісім 1948 жылы күшіне кірген болатын. 1995 жылы ГАТТ өз қызметін тоқтатып Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы (БСҰ) болып қайта құрылды.

Бұл беделді халықаралық ұйымның аты өзгергенімен, заты - принциптері, құқықтық механизмі өзінің жалғасын Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымынан тауып отыр.

Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы - қатысушы елдердің өзара саудасын белгілі принциптері, құқықтық нормалары, сауда жүргізу ережелері арқылы мемлекет деңгейінде реттейтін көп жақты халықаралық келісім.

ГАТТ-тың құқықтық мехнизмі төмендегі принциптерге негізделген болатын:

Мемлекетаралық сауда қарым-қатынастарында бір-біріне ең қолайлы жағдай жасау. Осы тәртіпке сәйкес келісім-шарт жасаған елдер бір-біріне жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі тиіс, екі ел арасындағы жасалған келісім автоматты түрде басқа мүше елдерге де міндетті.

Алаламау (дискриминацияламау) принципі. Бұл принципке сәйкес ГАТТ-қа қатысушы елдердің барлығының сауда қарым-қатынастары тең құқықтық жағдайда атқарылуы тиіс.

3. Ұлттық рынокты қорғауда мүмкіндігінше тарифтік құралдарды қолдану; импорттық квоталарды (үлестер) т. б.
тарифтік емес шектеулерді алып тастау.

Көп жақты келіссөздер арқылы кеден бажын прогрессивті түрде төмендету.

5. Дамушы елдермен сауда қарым-қатынастарында преференциялар (жеңілдіктер мен артықшылықтар) беру.

6. Сауда-саттық қатынастарындағы кездескен қайшылықтарды келіссөздер арқылы шешу.

ГАТТ-тың қызмет жасаған жылдардағы жұмыс нәтижелері төмендегідей болды.

1996 жылдың басында ГАТТ-тың мүшелігінде 130 мемлекет болды. Осы жылдың қаңтарында ГАТТ Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы (БСҰ) болып қайта құрылды. Қазіргі кезде оған 81 мемлекет мүше. Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы ГАТТ-тың принциптеріне қосымша қызмет көрсету саудасы және интелектуалдық меншік саудасы жөніндегі келісімдермен толықтырылды. Жаңа ұйым инвестицияларды қорғауды бақылауды да жүзеге асырып, реттейтін болады.

Эксперттердің анықтауы бойынша Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымының бақылауында 5 трлн. долл. тауар айналымы болмақ. Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымының қызметі дүниежүзілік экономикаға жылына қосымша 250 млрд, долл. жуық табыс әкелмек.

Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымының Жоғарғы басқарушы органы - Министрлер конференциясы.

Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы ГАТТ-тың қатысуымен жасалған келісімдердің толық орындалуын қадағалайтын болады. БСҰ-ға мүшелік әрбір қатысушы мемлекетке бұрын келісілген құжаттардың барлығының мүлтіксіз орындалуын жүктейді.

Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымының құрылуы халықаралық экономикалық қатынастарды, оның ірі саласы халықаралық сауданы жаңа белестерге шығарып, барлық мемлекеттердің сауда қарым-қатынастары деңгейін жоғарылатады деген сенім бар.

Қазақстанның егемен ел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болуы ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынастарына интеграциялауға объективті жағдайлар жасалады.

Қазақстан экономикасының бүгінгі жағдайын талдап қарасақ, онда біз мынадай оңды құбылыстарды байқар едік:

1. Теңгенің тұрақтылығының нығаюы. Егер 1995 жылы теңге доллармен салыстырғанда 28, 8 процент төмендеген болса, 1996 жылы 4, 5 процент қана төмендеді. Бұл тенденция 1997 жылы және одан әрі де сақталады деп күтілуде.

2. Инфляция деңгейінің төмендеуіне байланысты Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасы егер 1995 жылдың орта шенінде жылдық 75 процент болса, сол жылдың аяғында 52, 5, ал 1996 жылы 30 процент болды.

Өндірістің құлдырауы тежеліп, макроэкономикалық ахуал барынша тұрақтанып, келешегіне болжам жасайтындай күйге жете бастады. Ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) 1996 жылдың бірінші жарты жылында 1995 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда - 100, 1%, соның ішінде өнеркәсіп өнімі - 100, 2 процент болды. Соңғы жеті жылдың ішінде тұңғыш рет Қазақстанда өндірістің құлдырауы тоқталып, біршама экономикалық өсуге қол жеткізілді.

Экспорт өнімдері тұрақты түрде үлғаюда, егер 1995жылы оның өсімі 154, 5 процент болса, кейінгі жылдары да едәуір өседі деп күтілуде.

Қазіргі кезде Қазақстанда қолданылып отырған сыртқы сауда режимі, баға жасау еркіндігі және дүниежүзілік рыноктағы бәсеке бағытында елеулі өзгерістер қажеттігі туындап отыр.

Солардың ішінде:

облыстардың лицензиялар беру құқығын жойып, сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінен мемлекеттік сыртқы сауда компанияларын бөліп, олардан монополиялық сауда жасау құқығын алу қажет;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық сауда құқығы
Ашық экономиканы жандандырудағы халықаралық сауда айналымын арттырудың басты маңыздылығы
ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ МАҢЫЗЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА
Халықаралық сауданының альтернативті теориялары
Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесі
Дүниежүзілік сауданың қарқынды дамуы
Халықаралық экономикалық қатынастың теориялық негізі
Қазіргі нарықтық экономикадағы халықаралық сауда
Халықаралық сауданың экономикалық мәні мен маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz