Халықаралық экономикалық байланыстар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Халықаралық экономикалық байланыстар

Дүниежүзілік шаруашылық географиясы бөлек салалар және кеңістік құрылымы арасындағы халықаралық экономикалық байланыстардың қалыптасу ерекшеліктері мен заңдылығын зерттейді. Өндірістік саланың өнімі, әртүрлі халықаралық қызмет көрсету, валюта-қаржы саласы мен кредиттік қызметі және т. б. халықаралық сауда байланыстардың салалық объектілері болып саналады. Кеңістік құрылымына әртүрлі субъекттер кіреді: макроаймақтардан бөлек елдерге дейін, олардың өзара байланыстарға және өзара қимылда салалық және кеңістік құрылымдар ұлттық экономиканың күрделі төтенше қатынасын көрсетеді.

Дүниежүзілік экономикалық байланыстардың географиялық зерттеулерінің мақсаттары мен міндеттерніде өз айрықшалық ерекшеліктер бар.

Дүниежүзілік шаруашылықтық географиясында халықаралық экономикалық байланыстарды таңдаудың алдында қойылатын мақсат - қызмет көрсету және тауарлардың мамандандырылған түрлерін айырбастаудағы, дүниежүзілік импорт пен экспорт құрылымының өзгеруіндегі заңдылық пенерекшеліктерді анықтау. Экономикалық байланыстардың кеңістік талдауы халықаралық өндірістің ұйымдастыру формалардың рөлін нықтайды. Әлем аймақтары бойынша қызмет көрсету мен тауар ағыны бағыттарындағы және көлеміндегі интеграциялық және сауда-экономикалық топтардың, аймақтар арасындағы және ішіндегі айырбастаудың салалық құрылымының рөлін анықтайды.

Дүниежүзілік сауданың географиясы. Дүниежүзілік сауданы ұйымдастыру проблемалары оның географиялық ерекшеліктерін түсіну үшін маңызды. Елдер мен аймақтардағы сыртқы сауда айырбастаудағы күшейіп жатқан интернационаландыру көрінісінде сыртқы сауданы аймақтандыруында және Ұлтаралық корпарация қызметінде қарама - қайшылық үдерістері анықтау болып жатыр. Белгілі бағалау бойынша трансұлттық корпарациялар дүниежүзілік сауданың жартысын қамтиды. Дүниежүзілік экономикалық байланыстарда бұндай жайғасымда орналаса тұрып, өздері мемлекетпен тепе-тең халықаралық құқығы бар субъекттер құқығын оларға тануға талаптанады. Сонымен бір елдің шегінде Ұлтаралық корпарациялар әртүрлі субъекттері мен олардың қалған өндірушілердің қызмет көрсету және тауарлардың екі ағымы болуда.

1950-1995 жылдардағы дүниежүзілік сауданың дамуындағы негізгі нәтиже - оның Азиядағы төтенше тез өсуі. Оның сол кездегі үлесі 2, 5 есе өсті. Бұл аймақ Солтүстік Американы басып озды және Батыс Еуропаның күшті бәсекелесі болды. Азияның сыртқы саудасында елеулі жылжулар болды. Аймақта оның сөзсіз жүргізушісі - Жапония. Оны ҚХР қуып жетуде, әсіресе оның құрамына Гонконгтың (Сянганның) қайта қосылуынан кейін - Жапония деңгейінің 83 пайызы. Тайвань аралы өзінің ұлыстық және тарихи отанымен ( Қытаймен) бірігу мүмкіншілігін есепке алғанда - Қытай Азиядағы жетекші сауда мемлекеті, әлемде АҚШ-тан кейін екінші болуы мүмкін.

Аймақтардың сыртқы саудадағы айналым көрсеткіштері - әлем шаруашылығындағы рөлі жөнінде жалпы түсінік береді. Олар аймақтардың мамандандырылу деңгейін және аймақтар арасындағы сыртқы экономикалық байланыстарда олардың қатысуын анықтау үшін жеткіліксіз. Бұл сыртқы сауданың салалық құрылымының бөлшекті талдауын қалайды. Ең елеулі көрсеткіші - экспорт, оның салалық және аймақтық құрылымы. Олар импорт көрсетекішімен бірге аймақтық мамандандырылудың ерекшеліктерін толығырақ көрсетеді.

Дайын өнеркәсіп бұйымдар басым ( 1995 жылы 76 пайыздан астам) . Қазіргі дүниежүзілік импорт құрылымын екі негізгі саланың өнімі өкіл етуде: машина жасау ( 38 пайызға жуық) және химия өнеркәсібі ( 9 пайызға жуық) . Сомалағанда оларға бүкіл дүниежүзілік экспорттың 47 пайызы, және барлық дайын бұйымдардың 62 пайызы келеді. Өнеркәсптің жетекші салалар өнімінің экспорттағы сомалықты жоғары үлесі барлық елдердің және аймақтардың шаруашылығына олардың қажеттілігімен анықталады. Бұл тек ғылымды қажетсінетін өнім түрлері ғана емес, Олар негізінде ең қымбат тұратын, үлкен пайда әкелетін өнім түрлері.

Соғысқа дейінгі кезеңде Батыс Европа дүние жүзілік экспорт бойынша Солтүстік Америкадан озық тұрды. Аймақтың бұл жетекші түрі тұрақты сақталды және соңғы он жылдары бойы (80 - жылдардың аяғы, 90 -жылдардың басы) үш есеге өсті: оның үлесі дүниежүзілік экспорттың жартысына жетті, Батыс Европаның сауда қызметіндегі деңгейі ең жоғары болып қалды. Батыс Европа және Солтүстік Американың жалпы жиынтық үлесі дүниежүзілік экспортта 60 пайыздан төмен түскен жоқ. АҚШ және ФГР ең ірі экспортерлер болып қалды. Олар дүниежүзілік экспортта да жетекші. 1950 - 1955 жылдардағы кезең осы екі жетекші экспортерлардың жетекшілікті жаулап алу бәсекелестігінде өтті.

Дүниежүзілік экспорттың дамуындағы ең үлкен нәтиже - оның Азияда айрықша өсуі болды. 70 - жылдардың соңында экспорт көлемі бойынша Азия екінші орында, ал 90 - жылдардың ортасында Батыс Европа Елдеріне жақындады. Аймақтың экспорттық әлуеті 90 - жылдардың ортасына таяу Жапония есебінен өсті (1990 жылы аймақтық 30 пайызға жуық экспорты келді, 1995 жылы 29 - пайызы) . Батыс Европадағы ФГР - ден гөрі, Жапония индустриясы одан да аз шикізат және отын ресурстарымен қамтамасыз етілген. XX - ғасырдың екінші жартысында экспорттық өндірістің дамуындағы жетістіктер 70 - жылдардан (АҚШ пен ФГР - ден кейін) кейін дүниежүзілік рынокқа тауар жеткізу бойынша үшінші орынға шығарды. Бұл “экономикалық ғажайыптың” көрсеткіштерінің бірі болды.

70-ші және 80-ші жылдардағы дүниежүзілік шаруашылықтың дамуының әркелкілігі Азияның индустриялық елдерінің тез көтерілуіне әкелді. 1990 жылдары Гонконгтың, Сингапурдың, Малайзияның, Индонезияның, Тайвань аралдарының, Тайланд пен Корей Республикасының жиынтық экспорты Жапонияның дамуынан да тез болды. Ал 1995 жылы одан елеулі озды. Социалистік Қытай экономикасының ғажайып өсуі ( тіптен бұрын болмаған жағдай) аймақтағы экспорт бойынша оны жетекші қылып қоюы мүмкін. 1995 жылда ҚХР, Сянган және Тайвань аралы аймақтағы экспорттың 28 пайызын берді (Жапония -29 пайыз) .

Дүниежүзілік саудада Шығыс Европа ешқашан ірі экспортер болған жоқ. Мұнда тек КСРО рөлі елеулі болды: 1950 -1990 жылдарда экспорт көлемі бойынша ол бірінші ондыққа кірген (1950 жылы - 6 орын, 1960 жылы - 5 орын, 1970 жылы және 1980 жылы - 8 орын, 1990 жылы - 10орын) . Бірақ оның дүниежүзілік экспорттағы үлесі керемет жылдарда да 5 пайыздан асқан жоқ (Нидерланды, Бельгия, Канада және Италия деңгейінде) . 1990 жылдан кейін Ресей, сыртқы әлеммен өз экономикалық байланыстарын кеңейтуіне талаптанғанына қарамастан, КСРО экспорт деңгейіне жете алмады ( 1995 жылы 16 - пайыз үлесімен әлемде 17 -орында) . Бұл дамушы Малайзия немесе Батыс Европаның шағын мемлекеттерінің - Швеция мен Швейцария деңгейі.

Халықаралық экономикалық байланыстарда қызмет көрсету рөлі үздіксіз өсуде. Бұлқызмет көрсету және тауарлардың дүниежүзілік экспорт көлемін салыстыруында анық байқалады. 90- шы жылдары қызмет көрсету экспорты тауар экспортынан тез дами бастады. Бұл «көзге көрінбейтін» экспорттың өсіп жатқан рөлін білдіреді. Қызмет көрсетуде, мамандандырылып жатқан бірқатар елдер үшін (Барбадос, Сейшель аралдары және т. б. ) бұл табыстың негізгі көзі, ал көбіне елеулі бөлшегі болды.

Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы ерекшеліктері қызмет көрсету экспорты құрылымына елеулі ықпал етеді; көлік қызмет көрсету үлесі азаюда (ең алдымен тасылатын жүктердің), ал іс - қимыл және басқа да қызмет көрсету үлес салмағы көтерілуде. Соңғылардың арасында шетел тұтынушыларына көрсетіліп, әртүрлі ғылыми - техникалық қызмет көрсету түрлері тез көбейіп жатыр.

Қызмет көрсету экспортын қамтамасыз ететін компаниялар мен ТНК басым көпшілігі - Солтүстік американдықтар, Батыс Европалықтар немесе жапондықтар. Өндіріс және қызмет көрсетудің тұтынуы уақыт бойыншатоқайласады. Ал қызмет көрсетуді өндірушілер мен компания мен ТНК негізделген елдерінде ғана олардың құрылуында ынталы болуында емес, шетелдегікөптеген филиалдарында құруға ынталалары бар. Осының бәрі Батыс Европа, Солтүстік Америка және Азияның өнеркәсібі дамыған елдерінде басым болып тұрған, қызмет көрсетудің дүниежүзілік экспорт тым қалыптасқан географиясын шарттастырады. Әлемнің қалған аймақтарының қызмет көрсету экспортын қалыптастыруда өсіп жатпақ тұрмақ, төмендеп жатыр.

Әлемдегі капиталды қайта құйылымының интеграциялық үдерісі, халықаралық шартты рыноктарды құру, оларды - халықаралық қаржы ұйымдарының құрылуын қажетсінеді. Ол Халықаралық Валюта Фонды ХВФ ( МВФ ) - валюта ынтымақтастықтың және дүниежүзілік сауда дамуын қолдау үшін құрылған валюта - қаржы ұйымы. Ол бөлек мемлекеттердің ұлттық валютасына шетел валютасын сату жолымен кредит ұсынады, валюта бағамын реттейді, валюталық шектеуді жояды және т. б. Басқа үкіметаралық қаржы ұйымы ретінде ХЖДБ (МБРР) Халықаралық жаңғыру және даму банкісі болды. Оның негізгі қызметі - мемлекеттік және жеке кәсіпорындарға ұзақ мерзімге қарыз беру. ХВФ және ХЖДБ қатар біраз аймақтық қаржы ұйымдар пайда болды: олардың ең ірісі - Қайта құру және дамудың Европалық банкісі КДЕБ(ЕБРР ) . Оның міндеті - Европа елдеріне, ең алдымен Шығыс Европаның, қаржы көмекті жүзеге асыру.

Халықаралық операцияларда қатысатын, әлемдегі қаржы капиталдың негізгі көлемі ( тікелей және қоржынды инвестициялар, әр түрлі кредиттер және т. б. ) . 90- жылдардың басында 1 трлн. долларға бағаланған, 1993 жылы - 3 трлн. доллармен, 90 - жылдардың ортасында 5 трлн. доллардан төмен болған жоқ.

Қаржы - капиталдың бұндай үлкен көлемі нақты елге артық болады, өйткені оның ішінде ол табыс бермейді, сондықтан оны үлкен пайдамен жұмсау үшін шетелге ауыстырудың себебі болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық экономикалық қатынастардың Қазақстан экономикасындағы рөлі мен маңызы
Саяси байланыстар
Дүниежүзілік экономикалық байланыстағы Қазақстанның орны
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің нысандары және түсінігі
Қазақстан дипломатиясының Орталық Азиядағы дипломатиясы
Халықаралық өндірісті кооперациялау
Арнайы миссиялар дипломатиясының халықаралық-құқықтық негіздері
Арнайы миссиялар
Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы туралы
Халықаралық экономикалық қатынастар туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz