Шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары

Кез келген қазіргі экономикалық жүйеде нарықтың шамасы келмейтін және
мемлекеттің араласуын талап етуші ауқымды проблемалар бар.
Бүгінгі күні ҚР Үкіметінің міндеті шағын компанияларға қаржылай,
техникалық және басқа да ресурстарды жай ғана бере салудан және оларды кез
келген уақытта қалай болса да қолдаудан тұрмайды, нарық жағдайларын төтеп
беріп, өсуге қабілетті және өздігінен дамитын құқықты-экономикалық
жағдайларды жасау.
Тек мемлекет қана еліміздің экономикалық дамуын басқа да жалпы
міндеттер: саяси, әлеуметтік, экологиялық және сол секілді маңызды
шараларды ұстамды, бағыттаушы және себеп болушы біртұтас бірлікте жүргізе
де алады және бейімді. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибе көрсетіп
бергеніндей, егер, мемлекет негізгі роль атқармаса ұлттық экономикасы жақсы
дамыған емес.
Әрине, шағын кәсіпкерліктің әлсіз жағы да бар. Олар ұзақ мерзімді
міндеттерді жасауда көп жағдайда басшының көп білмейтіндігіне байланысты
стратегиялық басқарудың әлсіздігінде: өзін ақпараттық қамтамасыз етудің
жеткіліксіздігінде; меншігінде және сондай-ақ заемдық қаражаттық
ресурстардың тапшылығында; қызметтің тұрақсыздығы мен жоғары
тәуекелдігінде; сыртқы ортаға-банктер, мемлекеттік басқару органдарына; ірі
кәсіпорындар, ғылыми ұйымдарға күшті тәуелділігінде көрініс тапқан.
Мемлекеттің шағын кәсіпкерлікке қарым-қатынастарындағы екі негізгі
қызметті: реттеу және қолдауды бөліп қарауға болады.
Біріншісі, шағын кәсіпкерліктің құқықты ортасын қалыптастыру ұйымдық-
әкімшілік мәселелерді шешу және сәйкесті міндеттердің орындалуын
қадағалаумен қорытындыланады.
Екіншісі, қолдау көрсету – материалдық, қаражаттық, ақпараттық
ресурстарды, мемлекеттік тапсырыстарды қамтамасыз етіп, оларға қызмет
көрсетумен шағын кәсіпорындарға дейін жеткізу.
Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету еліміздің
мүмкіндіктеріне сондай-ақ, мәселелерді шешуге тартылатын перспективалы және
ағымдық міндеттердің мүмкіндіктеріне: жаңа жұмыс орындарын құру, артта
қалған аудандардың экономикасын дамыту, ғылыми көмекті қажет ететін
өндірістер, немесе, сыртқы экономикалық мүдделерге қарай жүргізіледі 90.
Осы бағдарламаны жүзеге асыру 3 деңгейде жүргізіледі: республикалық,
аймақтық және жергілікті. Осы жүйе-шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
шағын кәсіпорындарға тікелей көмек көрсетіп, келешекте даму тиімділігін
қамтамасыз ету қажет.
Алға қойған мақсатты жүзеге асыру үшін шағын бизнесті қолдау тиісті
бағдарламаларда келешекте топтастырылатын шараларды жасайды. Негізгі
бағдарламалық шаралар келесі көрсетілген блоктарда берілуі мүмкін. Шағын
бизнесті жүйелі қолдау:
1 блок – нормативтік-құқықтық актілер;
2 блок - инфрақұрылымдық;
3 блок - салалық кешенді бағдарламалар.
Бірінші блок - өзіне жергілікті нормативтік-құқықтық белгілеулерді
дайындауға бағытталған және олардың ары қарай заңдылық актілер түрінде
жүзеге асуын топтастыратын кешенді шаралар жергілікті әкімшілік басқару
органдарының қабылдаған маңызды құжаттарымен қоса, шағын бизнес
субъектілері арасында қалалардың тапсырысын ретімен орналастыру, салық салу
мен есеп беруде қарапайымдылықты енгізу, банкроттыққа ұшыраған кәсіпорындар
негізінде шағын кәсіпорындарды құру сияқты келелі шаралармен де айналысуы
керек.
Екінші одақ мынадай мәселелерді қамтиды: шағын бизнесті қаржылық және
мүліктік қалыптастыру механимздерімен қолдау жасау; оны аймақаралық және
халықаралық даму бағдарламасына дайындайды; қажетті әлеуметтік жағдайлар
мен қолайлы қоғамдық пікір тудырады; шағын бизнеске өндірістік техникалық
көмек жасайды; осы саладағы жұмыс атқаратын адамдардың шағын бизнестегі
жеке басының және мүлік қауіпсіздігімен әлеуметтік қорғанысын қамтамасыз
етеді. Мұнда әсіресе, қаржылық және мүліктік жағынан шағын бизнес
кәсіпорындарын қолдау өте маңызды орын алатындығын атаған жөн.
Салалық кешенді бағдарламаны қамтитын соңғы үшінші блок аудандардың
әкімшіліктерінің қатысуымен жүргізілуі керек. Мұнда шағын бизнесті дамыту
мен қолдаудағы басты бағыт келесі салаларда болуы қажет: тұрмыстық қызмет
көрсету, ауыл шаруашылығы, коммуналдық қызмет сауда мен қоғамдық
тамақтандыру, құрылыс жөндеу жұмыстары, ауылдар мен қалаларды көркейту,
т.с.с.
Бұл модель, жергілікті әкімшілік органдарын қатыстыру, шағын бизнестің
дамуына нақты көмек жасауда кері әсерін тигізбей, керісінше оның дамуын
ынталандыра түседі 82.
Қазақстанда экономикалық реформалар басталған сәтте-ақ аграрлық
секторға мемлекеттік қолдаудың қажеті жоқ, нарықтың өздігінен реттелуі
жеткілікті, деген қате пікір орын алды. "Реформаторлар" кәсіпкерлік
құрылымның көп болуы ауыл шаруашылығындағы бәсекелестік ортаны құрады және
ол шаруаларға жер бөлініп берілген соң нарықтық шарттарда жұмыс істеуге
дайын деп, есептеді. Алайда, бұл шындықтан алшақ жатыр: басқа салаларға
қарағанда шаруашылықты жүргізуге кәсіпкерлік, таза коммерциялық келу
мүмкіндігі ауыл шаруашылығындағы жерді сақтау және құнарлылығын көтеру
себептері шектеулі. Табиғатында агросекторға арналған еркін нарық жоқ.
Мемлекет тарапынан ауылдық тауар өндірушілерді қаржылай және несие берумен
қолдаудан бас тартуы стихиялы нарықтық күштердің етек жаюына әкеліп соқты,
бұл бірінші кезекте ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік тауарлары
бағаларының құнсыздануын туғызды.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты өздерінің
геосаяси міндеттеріне қол жеткізу мақсатында мемлекет еліміздің жалпы
шаруашылық механизмінде осы саланың тең құқықтығын заңды, экономикалық және
ұйымдық түрде қолдауы тиіс. Әрине, нарықтық экономика принципінде
бәсекелестіктің меншікті механизмі есебінен қалыптасуы да мүмкін, бірақ,
мұндай жағдайда бүгінгі мүмкіндік көрсетіп отырғанындай, қоғамның
әлеуметтік және экономикалық шығындары шамадан тыс өсе түседі. Шаруа
қожалығы да, ұсақ отбасылық ферма да қатал нарықтық бәсекелестік
жағдайларына қарсы тұруға қабілетті болса да қуатты экономикалық құрылымға
төтеп бере алмайды.
Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесі әр түрлі төтелей немесе жанама
қозғауыштарға сүйенеді. Бірқатар бағыттарды айқындауға болады:
бірінші бағыт: негізінен шағын бизнес қызметтері құқықтық заңдылықтарға
сүйенеді. Заңдылықтар бір жағынан шағын кәсіпкерлікті толығымен монополияға
қарсы сипатында қолдауы қажет, екінші жағынан шағын бизнеске инвестициялық
және инновациялық қызметке ынталандырады;
екінші бағыт: шағын бизнесті жеңілдікпен несиелеу жүйесі. Мұндай
несиелеу шағын фирмалардың, әсіресе қалыптасуы кезінде қаржылық
қиындықтардан өтуге көмектеседі;
нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесінде үшінші бағыт:
мемлекеттік қарыздық сақтандыру. Ол шағын фирмаларды кәсіпкерлік тәуекелдік
қауіпті азайтады;
төртінші бағыт: қалыптасу кезеңінде шағын кәсіпорындарға жеңілдетілген
салық салу. Бұдан басқа да мақсатқа сәйкестілік бірқатар бағыттарда үнемі
жеңілдікпен қамтамасыз ету, атап айтқанда шағын бизнестің экспорттық
бағдарында;
бесінші бағыт: шағын бизнестің қатаң мақсаттағы өнімдерін мемлекеттік
тапсырысқа орналастыру мен тікелей бюджеттік қаржыландыруда шағын бизнесті
мемлекеттік қолдау жүйесінде зор маңызы бар;
соңғы алтыншы бағыт: өз күштерімен маркетингтік зерттеулер, нарықтық
ақпараттар жинау мен өңдеу жұмыстарын қаржы тапшылығынан ұйымдастыру нашар
болғандықтан, коммерциялық қауіпті азайту мақсатында шағын кәсіпкерлік
қызметін ақпараттық-кеңестермен, кадрлармен қамтамасыз ету және басқалар.
Жоғарыда көрсетілген бағыттар сонымен қатар шағын бизнестің
белсенділігін арттыратын экономикалық механизм де болып табылады.
Мемлекет тарапынан кең де, ауқымды көмек АҚШ-та жақсы дамыған. Америка
Үкіметінің фермерлерді мемлекет тарапынан қолдаудың негізгі 2 механизмі
бар: тікелей және жанама.
Тікелей қолдау негізінен ауылшаруашылық Министрлігінің фермерлерге
қолма-қол төлем формасында жүреді, ол Үкіметтің ауылшаруашылық
бағдарламасына кіреді. Ол бағдарламаға қатынасатын фермерлер минималды баға
гарантиясын алады.
Кейбір тауарларға бағаны ұстап тұрудың ең негізгі механизміне бағаны
ұстап тұру ссудасы жатады. Бұл ссуданы алған фермер өзінің тауарын кез
келген сатып алушыға қалаған бағасына сатуына болады. Егер ол сатып алушыға
тауарын жоғары бағаға өткізе алмаса, яғни ссуда сомасына қарағанда, Үкімет
оның қарызын өтеу үшін өзінің меншігіне тауарды алады. Минималды баға
гарантиясының негізгі мәнісі осыда.
Келесі тікелей әдісі – ссудаға қосымша баға қолдануда кейбір
ауылшаруашылық өнімдеріне, егер құны нақты бағасынан төмен болып кетсе,
өндірушілер өзінің табысына қосымша төлем ақы алады, мұны мақсатты баға
дейміз, яғни егер де залогтық бағалар өнімді сату мен сатып алушылар
есебінен фермерлік табысты қолдауды қамтамасыз ететін болса, онда мақсатты
бағалар фермерлік бағаны ұстап тұрады және ізінше өнім өндірісінен түсетін
табысты бюджет есебінен қолдайды. Мақсаттық бағалар залогтық бағалардан
жоғары, бірақ соңғысына айырмашылығы олар ел бойынша бірыңғай және тек ғана
есеп айырысу операциялары үшін қолданылады. Мәселен, фермер өзінің өнімін
мақсатты бағадан төмен нарықтық баға бойынша өткізді. Жыл аяғында, кейде
жыл ағымында аванстық төлемдер бойынша фермер сату бағасы мен мақсатты баға
арасындағы айырма көлемінде компенсация алады. Мақсатты бағаны тек есеп
айырысушылар үшін пайдаланатындығына қарамастан, олар фермерлердің табысын
анықтайтын соңғы баға болып табылады. Фермерлер тауарлы-несие
корпорациясына өзінің өнімін залогтық баға бойынша өткізгеннен кейін, егер
залогтық бағадан нарықтық баға жоғары болатын болса, ол өнімін қайтадан
сатып ала алады. Сөйтіп фермер осы екі баға арасындағы айырмасы таза
табысқа ие болады. Ал, өнімін сатып алмаған жағдайда өнім тауар-несие
корпорациясының меншігінде қалып, фермер залогтық баға бойынша компенсация
алады 82. Ал, жанама мемлекеттік қолдауда Үкімет ауыл шаруашылық
тауарларының экспортына мүмкіндік туғызу арқылы сауда компанияларына арнайы
несиелер мен премиялар дайындайды. Жанама қолдау бағдарламасының тағы
біреуіне ауыл шаруашылығын зерттеу бағдарламасы мен фермерлерді оқып-үйрету
жатады. Кез келген жаңадан әкелінген немесе шығарылған сорттарды зерттейтін
лабораториялар мен эксперимент жүргізетін фермерлерге өздері басшылық
жасайды. Осы зерттеу хабарламасы фермерлерге "экстеншн сервис" (ауыл
шаруашылық мағлұматын енгізу мен тарату қызметі) арқылы жеткізеді, яғни
фермерлерге білім беру қызметі оларға бәрін тегін оқып үйретеді. АҚШ-тың
әрбір штатында ең кем дегенде зерттеу және білім берумен айналысатын 1 ауыл
шаруашылық университеті бар; әрбір округте (аудандарда) дерлік ауыл
шаруашылық хабарламаларын жеткізіп отыратын "экстеншн" қызмет офисі бар. Ең
соңында АҚШ Үкіметі ауыл шаруашылығын тауарлы нарық қызметінің тиімділігін
арттыратын арнайы маркетинг бағдарламасы бойынша қолдайды.
АҚШ-тың көп жылдық тәжірибесі көрсеткендей, жеке фермерге күрделі нарық
жағдайына қалыптасу, сондай-ақ өзінің қызметінде пайдалы және келешек
бағытын анықтау өте қиынға түседі. Сондықтан мемлекеттік қолдауды олар
үзбей жүзеге асырады.
Енді, басқа да шет елдерге тоқталып кетсек, олар фермерлік
шаруашылықтарға жеңілдетілген салық салу арқылы қолдау жасайды. Мәселен,
Канадада 100-ден 250 мың доллар кіріс түскен фермерлер жылына 1-ден 2,5 мың
доллар, яғни 1% мөлшерінде салық төлейді.
АҚШ пен Швецияда бір қайтара ғана салық төлеу қағидасы қолданылады.
Кейбір елдерде фермерлерді салық салудан алғашында босатады да. Дамыған
елдерде фермерлерді және ауыл шаруашылық кооперативтерін несиелейтін ауыл
шаруашылығын реттеуші жүйе қалыптасқан. Қаржы жағынан қиналатын фермерлерге
көмек көрсететін Еуропалық Одақта арнайы қорлар құрылған:
- әлеуметтік дамуға арналған Еуропалық қор;
- Еуропалық әлеуметтік қор;
- кепілдеу және тегістеу Еуропалық қоры.
Дамыған елдерде фермерлерге берілген несиенің қайтарымына жерді қолдану
тәжірибесі салынған.
Тағы бір көңіл бөлетін жайт, дамыған шет елдерде қоршаған ортаны қорғау
мақсаты болып табылады. Ұлыбританияның, Данияның, Бельгияның фермерлері
әкімшілікпен ұзақ мерзімге келісім-шартқа отырады, онда жерді өңдеуші
технологиялық тәртіпті сақтай отырып, табиғатты қорғайды, бірақ мемлекет
тарапынан нақты қайтарым болады. Ал, көптеген елдерде шаруашылық қызметтің
әртүрлі жайлары туралы фермерлерге кеңес беретін арнайы қызмет орындар бар.
Қазіргі кезде Голландияда мұндай қызметтерден 60 ынтымақтастық бар, олар
әрбіреуі 10-15 мамандардан тұратын 4 топқа бөлінген. Бұл топтар нақты бір
аймаққа орныққан және онда кеңес беру қызметін атқарады. Германия өздерінің
кеңесшілерін дайындық орталықтарында дайындайды. Испанияда фермерлерге
кеңес беру және ғылыми-зерттелген нәтижелерді тарату жауапкершілігін ауыл
шаруашылық пропаганда қызметі өз мойнына алады.
Батыс елдерде пайдаланған ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау
жасаудың неғұрлым кең жойылған түрі: ауыл шаруашылық өнімдеріне бағаны
субсидиялау, жеңілдетілген салық, бюджетті қаржыландыру, ауыл шаруашылық
техникаларын, тыңайтқыш сатып алу үшін фермерлерге жеңілдік беру, аграрлық
инфрақұрылымдар құру, жеңілдікпен несие беру. Бір жақсысы мемлекеттің
фермерлерге көмегі елеулі дәрежеде бағаны субсидиялаумен бейнеленеді, яғни
бөлшек және көтерме бағалардың арасындағы айырмашылықты өтейді. Мысалы:
өндірістік дамыған 29 мүше елдерден тұратын экономикалық ынтымақтастық пен
даму ұйымы жасаған мәлімдемеге сәйкес, 1999 жылы аграрлық секторды қолдауда
оның 29 елдегі мүшесінің жалпы шығындары 1998 жылмен салыстырғанда 2,6%-ке,
1997-ші жылмен салыстырсақ 9,7% ұлғайды. Бұл долларға сәйкес 7,6 және
евромен бағалағанда 16,9% құрайды. Аграрлық секторды қолдау саясаты
тұтынушылар мен салық төлеушілер үшін 361 млрд долларға түсті, яғни ОЭСР
жүйесіне кіретін елдердің жалпы ішкі өнімі 1,5%-ке өсті.
Жәрдем беру пайыздарының (PSE) баламасымен аталатын өлшемді аграрлық
секторды қолдау агроөнеркәсіпорындар үшін тікелей арналған ауыл
шаруашылығына жалпы жәрдем берудің сол бөлігіне қатысты, 1999 жылы ОЭСР-ге
мүе барлық елдің PSE жалпы сомасы 283 млрд долларды құрады. Бірақ, 1998-ші
жылмен салыстырғанда 4,4%-ке (9,5%), ал 1997-ші жылмен салыстырғанда 15%
(22,1%) ұлғайды.
Субвенцияның жоғары деңгейі АҚШ болып отыр, онда FAІR деп аталатын жаңа
заңның қабылдануымен оның көлемі 1997 ж. 14%-тен 1998 ж. 22%-ке өскен. АҚШ-
та 1998 жылы тікелей және жанама қолдау бағдарламасы бойынша 45 млрд доллар
бөлген. Тікелей субсидия 1998 ж. 15 млрд долларды құраса, 1999 ж. АҚШ
конгресі фермерлерге тек ғана тікелей көмек ретінде 23 млрд доллар бөлген,
бұл ауыл шаруашылық өнімнің өткізу құнының 25%-ты. ЕҚ елдерде бұл көрсеткіш
50%-ға жетсе, Жапонияда 80%-ы құрайды 87. Егерде жанама қолдаудың
тікелейге қарағанда көлемі 2-3 есе артық десек, онда жәрдем беру көлемі
жалпы фермерлердің табысын да белгілі бір мөлшерде көбейтеді.
Фермерлердің шығындарының көпшілік бөлігін мемлекет көтереді және
мемлекет ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін сыртқы бәсекелестерінен
қорғайды. Мысал ретінде, Ұлыбританиядағы 1-ші дүниежүзілік соғыс
зардаптарынан кейінгі азық-түлік мәселесін қалай шешілгендігін келтіруге
болады. 1939-1945 жылдардан бастап, 1954 жылға дейін Ұлыбританияда Ауыл
шаруашылығы заңы негізінде Азық-түлік Министрлігі азық-түлікті сатып алу
мен қайта бөлуге бақылау жасады. Фермерлердің өнім өндіруге деген
ықыластарын барынша мемлекет тарапынан ынталандырып отырды. Бұл заңның
негізгі мақсаты тұрақталған бағаны енгізу және өндірілген өнімді өткізуге
кепілдік беру, сол арқылы азық-түлікпен өздерін қамтамасыз ету. Мемлекет
бір жылдың ішінде бағаны анықтайтын сараптау жүргізуге және соның негізінде
өнімді өткізуге кепілдік беруге заң төңірегінде шешім қабылдады. Сонымен
бірге өндіріс көлемін ұлғайтуды ынталандыратын салықтар енгізді, импорттың
кейбір түрлеріне шектеулер қойылды.
Көзделген шараларды іске асырудың бірнеше жолдары іс жүзінде байқаудан
өтті. Бірақ, барлығы да өнімге қойылатын баға арқылы жүзеге асырылып
отырды. 1954 жылға дейінгі саясат өнімінің көлемін ұлғайтуға фермерлерді
ынталандырды. Соның арқасында өнімнің көлемі Заң қабылданғанға дейін
мөлшерден 50 пайызға асып түсті. 1951 жылғы үкімет басындағы өзгерістер
1954 жылдан бастап тұрақталған бағаға деген қатаң жүйені босатты. 1964
жылдан бастап өнімдердің көлеміне шектеу қойылды. Шектеуден тым көп өнім
өндірген фермерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмейтін болды.
Мемлекет тарапынан қолдау көрсету негізінен өнімнің сапасын, өнімге
сұранысты ескере отырып, дифференциалды түрде көрсетілген болды.
Фермерлерге мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау тауар өндірушілердің ғана
емес, тұтынушылардың да мүддесін қорғайды 89. Agro Europe
мәлімдегеніндей, Канада Үкіметі соңғы 2 жылда фермерлерге жәрдем ретінде 1
млрд Канада долларынан астам сомасында көмек берген. Ал, іrіsh Farmers
Jornal мәлімдемесі бойынша, Ирландия үкіметі ауыл шаруашылығына жәрдем беру
көлемін көбейте келе, 2000-2006 жылдары "дамудың ұлттық жоспары" негізінде
аграрлық секторға 3,7 млрд ирландтық фунт бөлген. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz