Экономикалық ой және инвестиция туралы


Жоспар
Экономикалық ой және инвестиция3
Жаңа технологияны өндіру4
Жұмыс қорытындаларын жасау4
Экспорттың жетілдірілуі5
Тікелей шет ел инвестициялары8
Қолданған әдебиеттер11
Экономикалық ой және инвестиция
Бүгіндері дүние осыдан жиырма жыл бұрынғымен салыстырғанда, танымастай өзгерген. Жетпісінші жылдардың бас кезінде компьютерлік жүйе орталықтан пайдаланылатын ірі көлемді есептеу машинасының бір түрі ғана болып көрінетін. Онда электромагнитті бобиналар, факсмашиналар, оптикалық талшықтар, балауызды телефондар, видеомагнитофондар мен қолға ұстап жүретін шағын стереожүйелердің ешқайсысы да болмайтын.
Біздің жұмысымыз бен демалуымызға қажетті қатынас құралдарының төңкерісі болды деуге әбден сияды. Шет ел қаржысын пайдалануда да дәл осыған ұқсас төңкеріс болғаны анық. Тоқсаныншы жылдары дүние жүзінің көптеген елдерінде әлемдік экономиканы еріктендіру және кіріктіруге негізделген экономикалық өсу және даму мәселелеріне мүлдем жаңа тәсіл енгізілді, Мемлекеттің басқарушылық рөлі дамушы елдердегі сияқты экономикалық жағынан жетілген елдерде де экономистер халықаралық корпорацияны бақылауға және ішкі экономикалық мақсаттарды қорғауға негізделген. Бұрын шет елдің қаржы салушыларын инвестор қабылдай қоймайтындар, енді оларды құшақ жая қарсы алатынды шығарды. Басқаны қойғанда, өзін өзгелерден бөлектеу ұстайтын Солтүстік Кореяның Оңтүстік Корея мен Жапония сияқты шетелдік көршілеріне есік аша бастауы осыған дәлел. Оңтүстік Африка республикасындағы Африка Ұлттық Конгресі жұрт алдына елдегі шет ел қаржы салушыларының маңызды рөлін мойындаған саяси мәлімдемемен шықты. Бұл мәлімдемеде жеке қор жинау “ішкі қаржы сақтауды көбейтудің” қажетті шарты деп бағаланады. Сондай-ақ ең соңғы технология мен соған сәйкес басқару әдістерін енгізу, оны бәсеке жағдайында үлкен тиімділік құралы есебінде пайдалану және сыртқы базарларға кіруді жеңілдету - осы қажеттіліктерді тудыратынын айқын көрсеткен. Шет ел қаржысын мұнда келтірушілерді жұмыспен қамтуды арттырып, жергілікті өндіріс мүмкіндіктерін өсіретін жерлерде аса қолайлы жағдайлар күтіледі.
Қабылдайтын елдердің экономикасы үшін қаржыны келтіру, айтарлықтай кепілдік болмаса да, әлемдік экономикамен бәсекенің кірігуіне көмектеседі. Төменде дамушы елдер үшін шетелдік қаржыны келтірудің неліктен жоғары дәрежелі көмегі барлығына мысалдар келтіріледі.
Жаңа технологияны өндіру
Халықаралық корпорация әдетте аса ірі, ең дамыған өндірістің барлық деңгейінде оның нәтижелерін базардағы сатуды ұйымдастыруға дейін, әрі әртүрлі елдердегі өзінің өндірістік күштерін орналастыруға пайдаланатын және барынша бәсекеге икемді компанияға жатады. Бүгінгі экономикада дүние жүзіндегі жабдықтаушы мен базарларға жол іздейтін басты өндірушілер құдыретті күші бар елдер ретінде көрінеді.
Халықаралық корпорацияны қабылдаушы елдердің индустриялық базасының дамуы баға жеткісіз жаңа технологияның өсу әсерін сезінеді. Халықаралық корпорациямен байланыс құрған жергілікті компаниялар олардың ноу-хоуын игеріп алады, сөйтіп, қатал бәсеке жағдайында халықаралық базарларға шығуға үйренеді. Дәл осындай білімді жергілікті тұрғындардан жалданған менеджерлер мен халықаралық корпорацияның қызметкерлері де игеріп алады.
Жұмыс қорытындаларын жасау
Экономикасы өтпелі елдердің жағдайында адамдардың жұмыспен қамтылмауы, немесе жаппай жұмыссыздық - ескіден келе жатқан созылмалы проблема. Мемлекеттік секторда жұмысшы орынын жасау арқылы жұмыссыздықпен күресу - көбіне аз нәтиже береді. Халықаралық корпорацияны тікелей инвестициялау жұмысшы орындарын туындатады. Сонымен қоса, жоғарыда айтылғандай жергілікті кадрлерді маман ретінде дайындау қазір сол жердің экономикасына оң ықпалын тигізеді.
Экспорттың жетілдірілуі
Шетелдік инвестиция көбіне көрші елдердің базарларынан халықаралық корпорацияның штаб-пәтері орналасқан қабылдаушы-елдерге әкелінетін экспорттың көптеп әкелінуіне ықпалын тигізеді. Бұл экспорт тұрақты экономиканың өсуіне игі ықпалын тигізетін қатты валютаның болуын қамтамасыз етеді. Қатты валюта сыртқы қарыздарды өтеуге, сырттан заттар сатып алуды қаржыландыруға және ішкі инвестицияны қаржыландыруға аса қажет. Рас, экспорттың есебінен алынған қатты валютаны пайдалануға деген ниет бұл елдердің сауданы шектеуін азайтып, сол арқылы әлемдік экономикаға кіруіне көмектеседі. Шет ел инвестициясының елдерге өз экспортының номенклатурасының көбеюіне мүмкіндік беруінің де маңызы аз емес. Дәстүрден тыс өнім деп аталатын өнімнің сапалық өсуі шикізат өнімдерін (кофе, қант, банан) дәстүрлі экспортқа шығарып, дамып келе жатқан елдер үшін де аса маңызды қызмет атқарады. Экспорттық өнімдер номенклатурасының ұлғаюы елдегі шикізат өнімдері құнының төмендеуі секілді бүлдіргіш әсерді азайтады.
Нақ осы ойлар дамып келе жатқан елдерді өздерінің өнеркәсібін қорғауға және оны қатал бәсекеден сақтай отырып дамуға мүмкіндік беретін, шетелдік инвестицияны шектеу арқылы сауда мен саясат жүргізетін ізденістерге жетеледі. Өнеркәсіптің көптеген салаларында шетелдік инвестицияға түгелдей тиым салынды, өйткені, бұл салалар ұлттық мүдде үшін өте маңызды саналады және тұтастай мемлекеттік секторға көшірілді. Мәселен, Мексика конституциясы мұнай өнеркәсібін шетелдіктердің инвестициялауына тиым салған. Мексика экономикасында, шетелдік инвестицияға қойылған көптеген шектеуді қоса есептегенде, шапшаң қарқын мен еріктендіру көлемінің өсуі бұрынғы қалпында қала береді.
Шетелдік инвестицияға тікелей тиым салудан басқа да көптеген шектеулер қойылды. Мысалы, ұлттық компаниялардағы шет ел қаржысының қоры шектелуі, рұқсат алудың күрделі де қиын тәртіптері енгізілді, шет ел инвестициясынан түсетін пайдаға салынатын салық мөлшері ұлғайды, тағы да қабылдаушы-елден алған пайданы әкету бұрынғыдан бетер болды, іске жұмсаған қаржыны (Әсіресе, өз валюта қорын сақтауға тырысқан елдерде) қайтарып алу тәртібі күрделілене түсті.
Бұл секілді саясат ұлттық өнеркәсіптің гүлденуіне қол жеткізе отырып, кейбір елдерде аз уақыттық болса да табыс әкелді. Алайда мұндай саясаттың орташа және ұзақ мерзімдік болашағында үкіметке де, жеке адамға да қымбатқа түсетін тиімділігі аз және бәсекеге қабылетсіз өнеркәсіп құрылысы болып есептеледі. Бұл тұрғыда, Латын Америкасының алпысыншы және жетпісінші жылдардағы тәжірибелері көрсетуге татырлық. Бұл мерзімде көтермешілік саясаттың арқасында ішкі базарда өнеркәсіп қаулап өсті. Анд пактісі мен Орталық Американың көпшілік базарындағы келісімдерге сай шетелдік инвестиция мен еркін саудаға қатал шектеу қойылды. Бұл елдер экономикалық өсудің таң қаларлық көрсеткіштеріне қол жеткізсе де, халықаралық базарда бәсекеге түсердей олардың индустриялық негізі болған жоқ. Енді сауда және инвестициялық бөгеттер жойылғанда, келісімге қол қойған көптеген елдер үлкен қиындықтармен жаңа жағдайларға икемделуде.
Инвестор өзіне қабылдауға әзір инвестициялық мақсаттар мен тәуекел деңгейіне және инвестордың бейнесіне қарап шет ел инвестициясының да түрі анықталды. Соңғы жылдары шет ел инвестициясының жүзеге асырылу құралдарына сай олардың өздері де әрқилы болатынды шығарды. Бұл дүние жүзі базарларының байланыстарын нығайтатын және көптеген инвестициялық жаңа механизмдерді дамытуға мүмкіндік беретін электронды коммуникация саласындағы табыстарға тікелей байланысты. Төменде дүние жүзінің дамышу және дамыған елдерінің көбінде пайдаланылатын инвестиция түрлерінің шолуы беріледі.
“Елдер қоры…” былайша айтқанда, жекелеген елдердің экономикасына салынатын құнды қағаздар. Мұндай қорлар инвесторлардың кейбір елдердегі күрт дамып келе жатқан қорларына қатысу үшін құрылды. Бұл қорлар шет ел компанияларының акциялар мен жергілікті қор биржаларын біріктіреді. Бұл қорлардың қаржылары нақтылы бір елде, болмаса дамып келе жатқан елдердің тұтас бір аймақтарында. Мысалы Азия немесе Латын Америкасында құнды қағаздың ауқымын кеңейту (диверсифицировать), сол арқылы жеке әр елде тәуекелді азайту мақсатында пайдаланылады.
Инвесторлар бұл қормен қуана-қуана пайдаланады. Соңғы жылдары осындай қорлар санының өсуі және олардың қызмет аясының кеңеюі көрініс беруде. Кейбір инвесторларды жергілікті биржалардың жағдайы тез өзгергіш және болжап болмайтындықтан жаңа базарлардан тездетіп кету қызықтырып тұрады. Чили секілді басқа елдерде шет ел инвесторларына акцияны тікелей сатып алуға шектеу қойылған, сондықтан “ел қоры” құнды қағазы олардың базарға шығуына бірден-бір мүмкіндік тудырады. Бұл секілді жақсы ұйымдастырылған қор дамушы елдер биржаларында жағдайлардың өзгеруі туралы хабарлар алудың қиындықтарынан құтқарады. Биржа жағдайы өзгергенде “ел қоры” инвесторлардың жергілікті акциялардан тез құтылуына мүмкіндік беретін болғандықтан, инвесторлардың дамушы елдер банктерінің есеп-шотына салған қаражаттары секілді бұл құнды қағаздарды “ыстық ақшы” деп атайды. Мұндай есеп-шоттар, әдетте, бұл елдердің экономикалық қызметі хауіп-қатерге толы болғандықтан және құнсыздануға сай қаржы саясатының күшінің арқасында үлкен өсім процентін әкелді. Ал, проценттік көтерілуі азайған шақты инвесторлар есеп-шоттарын дереу жабады.
Тікелей шет ел инвестициялары
Шет ел компаниялары мен мемлекеттер басқа елдермен тікелей инвестициялар жүргізе отырып, инвесторлар базарды тез қалдырып кету мүмкіндігінен айрылады. Бірақ, соған қарамастан олар бұрынғыдан да гөрі қауіп-қатері көп ұзақ мерзімдік қаражат салуға әзір, өйткені мұндай жағдайда кіріс тәуекелмен салған ақша мөлшерінен асып түседі. Тікелей шетелдік инвестиция “ел қоры” секілді жанамалы инвестицияның күрделі қаржы мөлшерінен әлдеқайда артық. Осыдан барып дамушы елдер инвестицияның бұл түрлеріне көбірек қызығады деген қорытынды жасауға болады. Тікелей шетелдік инвестициялар әрқилы жүзеге асуы мүмкін.
Қабылдаушы-елдердің жергілікті қор биржаларынан осы компанияның акцияларын компанияларға тікелей сатып алу жолымен қатысуы шектеулі. Бұл инвестициялар көбіне инвесторлар тиісті фирманың өндіріс қызметін бақылау және осы басқару процесіне ықпал жасай аламайтын болғандықтан, енжар, немесе “портфельдік” деп аталады. Әдетте шетелдік фирмаларға қатысудың шектелуі - бұл мемлекеттің кәсіпорындарын жекешелендіру және айырбас, қарыз акциялар секілді мемлекеттік фирмаларды да конвертициялау.
Қабылдаушы-елдер фирмаларымен лицензиялық келісім. Халықаралық корпорация жергілікті фирманың белгілі бір технологиясын өндіріп, ішкі базарда тарау үшін пайдалану хұқын бере алады. Жергілікті фирма халықаралық корпорацияға оның технологиясын пайдаланғаны үшін ақы төлейді. Мұндай келісім үлкен қатерге бас тікпей-ақ, халықаралық корпорацияның шет ел базарына шығуына мүмкіндік береді. Кейде халықаралық корпорация соңынан лицензиялық келісімдер жасау үшін жергілікті фирмалардың акцияларын сатып алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz