Агроэкология. Қазақстан ауылшаруашылығы жерлерінің қазіргі жағдайы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Агроэкология
1. Қазақстан ауылшаруашылығы жерлерінің қазіргі жағдайы

Қазақстан Республикасының Елбасы еліміздегі жүріп жатқан аграрлық
реформаға баса көңіл аударуда. Жер ресурстарын тиімді пайдалану, оны
болашақ ұрпақтар үшін сақтау қажеттілігі әрбір қоғамның міндеті екенін
Қазақстан халқына жолдауында, жер реформасына қатысты бас қосуларда баса
айтты. Шын мәнінде Қазақстанда ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердің
сапасы нашар. Қазақстан аграрлы мемлекет ретінде танылуы тиіс. Қазақстанның
барлық жерлерінің (275,5 млн) 222,3 млн. Гекторы ауылшаруашылығына лайық
жерлер болса , оның 35,6 млн. га егістікке, 186 млн га табиғи жайылымдарды
құрайды. Пайдаға асырылатын жерлердің көлемі бойынша Қазақстан
дүниежүзіндегі бірден-бір аграрлы мемлекеттің қатарына жатады. Сонымен
қатар Қазақстанның аумағы – климаты қатаң континентальдіы, ауыл шаруашылығы
егістеріне қолайсыз аймаққа да жатады . Көп жерлер су және жел эрозиясына
ұшыраған . Мұндай жерлер қазірдің өзінде 87,6 млн.га (ауыл шаруашылығына
арналған жердің 38%) болса, оның 22,1 млн.га егістік жерлер алып жатыр. Сол
сияқты 38,7 млн.га жерлер құнарсыз жерлерге, 8,4 млн.га құрғап кетуге, 2,1
млн. га жерлер батпаққа айналып отыр. Аталған жерлердің өзгерістері айнала
қоршаған ортаға тікелей немесе теріс ықпалын тигізуде. Қазіргі кезде –ауыл
шаруашылығы айналасындағы жерлердің 185,6 млн.га бүлінсе оның 76,7 мың
гекторы істен шығып отыр. Бұл көсеткіштер жерлердің айналымнан шығуы 1991
жылдан бері жылдам өсуде . Республикада рекультивациялау жұмыстары соңғы 5
жылда небары 10-14 гекторға жеткен.
Қазақстан жерінің сапасынын төмендеуі тарихи жағдайларға да
байланысты болады. Мәселен, 1953 жылдары басталған тың игеру науқаны. Оның
үлесіне 20 млн га астап жер тиді. Агрохимия қызметінің мәліметтері бойынша
тың игеру кезіндегі 30 жылға созылған науқаны топырақ қарашірігінің 25-35
пайызы жоғалтқан. Сонымен бірге мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан биоценоз
бұзылып күрделі физикалық-химиялық, су режімі, топырақ құрамы мен құбылысы
түбегейлі өзгерістерге , антропогендік қысымға ұшырады. Нәтижесінде жердің
тарихи-табиғи біртұтастығы бүлініп топырақтың өздігінен тынаюы, қалпына
келуі , тұрақтылығы өзгеріп су және жер эрозиясына қолайлы жағдай туғызды.
Топырақтың құнарсыздануына басқа да экологиялық факторлар
агратехниканы дұрыс қолданбау, тынайтқыштарды пайдалану тәртіптерінің
сақталмауы, агропомдардың экологиялық біліктілігінің сапасы да әсер ететіні
сөзсіз. Оны біз 1960-70 жылдары болған осы аймақты 10 млн.га жерді
қамтыған жел эрозиясынан және 4,5 млн. га жерді қамтыған су эрозиясынан
білеміз.
Біздің Республикамыз табиғи жағынан өте бай өлке. Бірақта жайылымды
барынша белседі және жүйесіз пайдалану оның биоөнімділігінің төмндеуінде ,
өсімдік түрлерінің сиреп кетуіне және арам шөптер басып деградацияға
ұшырауына жол ашты . Ботаника және топырақтану ғылими-зерттеу институтының
геоботаник ғылымдарының зерттуі бойынша табиғи жайылымдардың сапасы 50-60
пайызы кеміп , 15 млн .га жайылымдық жерді арамшөп басқан және 27 млн.га
жердің өсімдіктері сиреп, 22 млн. га жайылым эрозияға, ал 14 млн. га жер
тақырланан. Осының барлыға жайылым сапасының нашарлануының көрсеткіштері
болып саналады. Бірақ соңғы жылдары елімізде мал басының азаюына байланысты
табиғи жайылымдардың өздігінен қайта қалпына келу процесі басталғанын
байқауға болады. Бірақ бұл жағдай ғылими- теорияның тұрғыдан негізделмей
отыр. Қазақстан жерінің химиялық ластануы ұзақ жылдарға созылған ауыл
шаруашылығы химияландыруға тікелей байланысты дамыды. Дүниежүзілік
тәжірбие көрсеткендей экожүйелер бойынша жердің техногендік ластануы орын
алып отыр. Оның негізгі факторы ауыл шаруашылығында химиялық препораттарды
көп қолдану, миниралды тынайтқыштарды жүйсіз пайдалану, өнеркәсіп
орындарынан бөлінетін зиянды заттардың сонын ішінде ауыр металдар мөлшері
көбеюде. Соңғы жылдары азық-түлік арқылы адамның улануы, денсаулығынын
әлсіреуі, ауруларға душар болу факторлары орын алуда. Осының барлығы азық-
түлік құрамындағы пестицид қалдықтары мен ауыр металдардың есебінен екені
анық . Олардың шекті зиянды мөлшері (ШЗМ) қалыпты деңгейден асып отыр.
Кейбір миниралдарды тыңайтқыштар улы токсинді заттарға айналып(нитраттар,
фтор, кадмий т .б) тіршілікке қауыпты жағдай туғызады. Бірақ біз химияны
қолданбай ауыл шаруашылығын , өндірісті өркендете алмаймыз. Егер біз ауыл
шаруашылығының зиякестерімен күреспесек, біздің нанымызды тартып алуы
сөзсіз. Ғылымдар зиянкестерге қарсы қолданылатын, бірақ қоршаған ортаға
зиянсыз химиялық заттарды түрлерін шығару және оны қолданудың жаңа
технологиясын өмірге енгізуді көздеп ғылими зерттеулер жүргізуде. Мәселен,
Германияда химияны қолдану дәнді дақылдар өнімін 26 центнерден 67
центнерге деін өсірген. Бұл нәтиже ауыл шарушылығын химияландырудың
нәтижесі екені анық. Біздің елімізде де бұл жетістіктер дәлелденген
факторлар . Мәселен, бізде дақылдардың сапасын, сортын таңдау өнімді 10ц
–ге , тынайтқыш қолдану -7ц-ге гербицитті қолдану -5ц-ге , инсектицидті
қолдану 12ц-ге артыратыны практикада дәлелденген . Ал керісінше химияны
қолданбау өнімді 30-35 пайызға төмендететіні де белгілі жағдайлар.
Алынатын азық-түлік химиялық заттармен ластануы Кеңес одағы кезінде көп
орын алғанмен қазір бәсендеп отыр . оның себебі қазір ауыл шаруашылығы
жекешендіру немесе аграрлық жеке қожалықтарға айландыру химиялық заттарды
қолдануды біршама шектеді. Мәселен, бұрын ауыл шаруашылығында
пестицидтердің 100 –ден астам түрін ,яғни жылына 40 мың .т пестицид
қолданып келген .
Кейбір зияды заттарың мөлшері (ЗШМ) қалыты деңгейден 3-13 есе асып отырған
. Бұл жағдайлар Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Шғыс Қазақстан
облыстарында орын алады. Әсіресе зиянды заттар- жоңышқа, жүгері, қызылша,
күріш, жеміс-жидек дақылдарында жиі кездесіп ауыл баласына көп зиян
келтіргені тіркелген. Ал, бұл жағдайлар қазір бұрынғыдай емес. Бірақта
біздің Республикамызға шет елдерден (Қытай, Пакистан, Иран, Өзбекстан т.б)
әкелінетін барлық дақылдар оның ішінде жеміс-жидекте зиянды химиялық
заттардың мөлшері адам төзгісіз деңгейге жетіп отыр. Мәселен, Қытай
әкелетін күріштен, жеміс-жидектен т.б тауарлардан зиянды токсинді заттардың
мөлшері көбейгені туралы ақпарат құралдарынан жиі айтылып жүр. әсіресе ,
шикізаттардың көкөніс , картоп, күріш т.б азық-түлік құрамында зиянды
заттардың артып кетуіөте қауып кетіріп көпшіліктің теріс көзқарасын тигізіп
отыр . бұл жағдай соңғы тынайтқыштың көп қолдана бастағанын көрсетеді.
Сондықтан, шет елдерден алып келетін тауарларды сертификациялау , карантин
жұмысын қадағалау және қоғамдық бақылауды күшейту , ниттраты тез анықтайтын
экспресс әдістерді өмірге енгізу технологиясын жақсарту әкімшіліктердің
міндеті болмақ . бұл аграрлық реформаны ойдағыдай жүзеге асыруға себебін
тигізуі сөзсіз.
Ауыл шаруашылығында әсіресе , азотты тынайтқыштарды шектеу қажет. Ол үшін
сауатты эколог аграномдарды дайындау міндеті тұр. Бұл орайда ,Қазақтың
ұлттық аграрлық академиясының білікті эколог агрономдары даярлаудағы
үлесі мол. Ауыл шаруашылығына өңдіріс пен өнеркәсіп орындарының тигізер
ықпалы аз емес. Әсіресе, Қазақстанның экономикалық аудандарының аумағында
өнеркәсіп кешендері көп шоғырланғандықтан бұл өнірлер ауыр металдар мен
барынша ластанып отыр. Мәселен, Ертіс полиметал комбинатының маныңда арнайы
жүргізілген зерттеулер (көлемі 10,2 мың га егістіктер алқабы) осыны
көрсетеді . Ондағы ауыр металдар мөлшері 10-20 есе өсіп кеткен .Ал Шымкент
қаласындағы мұнай өңдеу зауытынан 50км жерде қорғасын мөлшері -141,6;
кадмий -4,10; мырыш- 107,8 және мыс-63,0 мгкг-ға жеткен .
Бұл көрсеткіш осы өңірдің экологиялық жағдайдың өте нашар екенін
көрсетеді. Жоғарыда айтылғандардың Қазақстанның Басқа да аймақтарынан
көруге болады. Ғылымдар бұл мәселенің адамзаттқа қауіпті екенің және одан
шығатын мүмкіндіктерді іздестіру қажеттігін көтеріп келеді . Яғни, Ауыл
шаруашылығын химияландыруға көп көңіл бөлуді , мемлекеттік аграрлық
саясатына қолдау көрсетуді , ғылими теориялық тұжырымдар мен жоспарлар
жасауды тездетуді талап етеді. Бұл проблема көптеген өркениетті елдерде
дұрыс шешімін тапқан . Ауыл шаруашылығында химияны қолдауды шектеу немесе
химиялық препараттарды табиғи ортада тез ыдырайтын түрлерін шығару дамып
келеді. Шет елдерде ауыл шаруашылығында химияны қолдану экологиясына көп
көңіл бөледі. Мәселен, экологиялық таза өнім алудың жолдарын дамыту ,яғни,
биологиялық күрес әдісін өмірге ендіру т.б. Әсіресе қазіргі заманғы
жетілдірілген агротехниканы қолдану міндеті тұр.

Ауыл шаруашылығы жерлерінің техногендік
ластану мәселері
Өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының дамуы табиғат ресурстарын
кеңнен пайдалануды талап етеді. Өнеркәсіпті дамыту қоршаған ортаның
ластануын , адамның денсаулығының бұзылуын , су мен ауа сапасының
нашарлауын туғызады. Ол өз кезегінде жер ресурстарының бүлінуі, эрозияға
ұшырауы , фауна мен флораның сиреп немесе құрап кетуіне жол береді.
Ғалым А. Болдырованың зерттеуі бойынша ауыл шаруашылығына
пайдалынатын жерлердегі кобальт 300, мырыш 200, қорғасын 100гт –ға жетіп
отыр. Оған қоса атмосфераға 200-250 мың т щаң тозан көтеріліп, одан
егістік жерлерге темір , кремний, кальций т.б. ауыр металдарды таратады .
Қазақстан жыл сайын өнеркәсіп орындарынан 5 млн .т қалдық шығарылады,
оның 5 пайызы жылу энергиясының , 33 пайызы тау-кен және түсті металургия
үлесіне тиеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл мектебі оқушыларының агроэкологияльіқ дүние танымын қалыптастыру
Агроэкология негіздері пәні және оның міндеттері
Жер кадастрының принциптері
Қызылорда өңірінің сипаттамсы
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жердің мониторингі
Қазақстандық шығыс арал өңірінде экологиялық жағдайға байланысты суармалы топырақ құнары қалыптасуының ғылыми негізі
Күріш дақылы жайлы
Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдаланудың теориялық негіздері
Күріш өздігінен тозаңданатын өсімдік
Жер пайдалануды орналастыру
Пәндер