Тәуелсiздiк жылдарындағы даму: деректер мен дәйектер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Экономиканың өсуi

Тәуелсiздiк жылдарындағы даму: деректер мен дәйектер

Қазiргi кезде Қазақстан экономикалық өсудiң жоғары қарқынын танытып отыр. Өтпелi экономикасы бар көптеген басқа елдер секiлдi бiздiң елiмiз де экономикалық әдебиеттерге АҚШ-тағы iрi дағдарыс атанған 30-шы жылдары болған өндiрiс құлдырауынан әлдеқайда асып түсетiн құлдырау орын алғанын ескерер болсақ бұл үлкен табыс. АҚШ-та 1929 жылға қарағанда, 1933 жылы өндiрiстiң құлдырауы 27 пайыз болған едi. Қазақстанда экономикалық құлдырау 1991-1995 жылдары 1990 жылғы деңгеймен салыстырғанда 38, 6 пайыз болып, яғни бес жыл iшiнде жыл сайын шамамен 8 пайыз төмендеп отырған.

Бұдан кейiнгi бес жылда экономикалық өсу байқалды. 1999 жылы Iшкi Жалпы Өнiмнiң өсуi 2 пайыз шамасында болса, 2000 жылы - 9, 6 пайыз, 2001 жылы - 13 пайызға жеттi. 2002 жылы IЖӨ-нiң артуы - 9, 5 пайызды құрады.

2003 жылғы бiрiншi жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 2002 жылдың сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда Қазақстанда IЖӨ - 10, 4 пайызға, өнеркәсiп өндiрiсi (тұрақты бағамен есептегенде) - 9, 6 пайызға өстi, көлiк кәсiпорындарының жүк тасымалы (тұрба құбырын есептемегенде) - 17 пайызға, бөлшек сауда айналымы (тамақ кәсiпорындарының айналымын қоспағанда) - 9, 9 пайызға ұлғайды.

Өнеркәсiп өндiрiсiнiң жалпы көлемi индексiнiң өсу қарқыны 2002 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 8 пайызды құрады. Экономикалық қызметтiң iрiлендiрiлген түрлерi бойынша өнiмнiң артуы тау-кен өнеркәсiбiнде - 7, 7 пайызға, өңдеу өнеркәсiбiнде - 8, 5 пайызға, электр энергиясын, газ бен суды өндiру мен бөлуде - 7, 2 пайызға қамтамасыз етiлдi. Ауыл шаруашылығында жалпы өнiмнiң көлемi осы жылдың қаңтар-қазанында - 3, 1 пайызға ұлғайды. Бұл мерзiмде негiзгi капиталға тартылған инвестицияның көлемi 2002 жылғы тиiстi кезеңдегi деңгейден 10, 8 пайызға артық болады. 2003 жылғы қаңтар-қыркүйекте байланыс кәсiпорындары көрсеткен қызметтiң көлемi өткен жылдың сол мерзiмiмен салыстырғанда - 25, 8 пайызға өскен. Биылғы тоғыз айдағы сыртқы сауда айналымы 12, 5 млрд. АҚШ доллары көлемiнде қалыптасты. Мұның өзi былтырғы осы мерзiмге қарағанда - 31 пайызға өскен, бұл ретте экспорт - 38 пайызға, импорт - 20 пайызға ұлғайған.

Республиканың тұтыну рыногында тауарлар мен қызметтердiң бағасы 2003 жылғы қазанда 2002 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда - 4, 2 пайызға өскен. Доллардың теңгеге қатысты айырбас бағамы 2003 жылғы қазанда қыркүйек айындағымен салыстырғанда - 0, 014 пайызға ұлғайған. Ұлттық банктiң ресми қайта қаржыландыру ставкасы жылдық - 7 пайыз деңгейiнде белгiленген.

Екiншi деңгейдегi банктердiң экономика салаларына салған кредиттерi 2003 жылғы 1 қазанда 879, 4 млрд. теңге болды. Мұның үлестiк шоғырлануы өнеркәсiпте - 29 пайыз, саудада - 28, 3 пайыз, ауыл шаруашылығында -11, 5 пайыз, құрылыста - 8, 1 пайыз болып отыр. Мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне (Ұлттық қорға түсiмдердi есептемегенде) 2003 жылғы он айда жоспардағы 803, 1 млрд. теңгенiң орнына 826, 5 млрд. теңге түстi.

Экономикалық өсу қарқыны бойынша Қазақстан ТМД-да көшбасшысы орында нық тұр. Бұл тұрғыда ресейлiк экономистiң бағасын келтiрген жөн болар. Леонид Григорьев (РҒА ИМЭМО) “Қазақстан - көшiрмесiз реформалар” атты мақаласында (4. 7. 2003, Регнум. Ру, мақаланың кең нұсқасы “Ресей бизнес - газетiнде” 2003 жылғы 10 маусымда жарияланған) былай деп жазады: “Нақты IЖӨ-нiң орташа өсу қарқыны Қазақстанда 2000-2002 жылдары 10 пайыздан асып түстi, мұның өзi елдi осы көрсеткiш бойынша әлемде ендi болса бiрiншi орынға шығарғандай. Алдағы он жылға болжам шамамен 7 пайыздық өсiм бермек, ал бұл дегенiңiз Оңтүстiк Шығыс Азия “жолбарыстарынан” кейiн көрiнбеген жаңа даму деңгейiне сирек болатын секiрiстiң бiрiн туғызбақ”.

Тұтастай алғанда тәуелсiздiк жылдары экономиканың нақты секторында рыноктық-бәсекелестiк ортаны қалыптастыру аяқталды. Өндiрiстiң құрылымы шаруашылық жүргiзу мен еңбек бөлiнiсiнiң әлемдiк жағдайына бейiмделдi. Өнеркәсiп өндiрiсiнiң көпсалалы құрылымы, жоғары ғылыми-техникалық әлеует қалыптасты. Дамыған отын-энергетикалық, кен-металлургиялық және көлiк-коммуникациялық кешендер жұмыс iстеуде. Өндiрiстiк қуаттардың пайдаланылмаған резервтерi баршылық.

Жекелеген салаларда өндiрiс пен басқарудың жоғары деңгейдегi шоғырлануына қол жеткiзiлдi. Мұның өзi әлемдiк экономикада бәсекеге қабiлеттi ұлттық корпорацияларды құру үшiн жақсы негiз болып табылады.

Қазақстанда жеке меншiк секторы серпiндi дамып келедi, мұнда өнiмнiң 70 пайыздан астамы шығарылады.

Елде шағын кәсiпкерлiктiң 348 мың түрлi субъектiлерi жұмыс iстейдi. 100 мыңнан астам жеке меншiк кәсiпорындары тiркелген, олардың 1700-дейi iрi өндiрiстер болып табылады.

2003 жылғы тамыздың басында 126 мыңнан астам шағын бизнес кәсiпорындары тiркелген, бұл 2002 жылғы сәйкес датаға қарағанда 13, 5 пайызға көп. Республикадағы шағын бизнес кәсiпорындарында жұмыс iстейтiндердiң саны өткен жылдың тиiстi кезеңiне қарағанда 7 пайызға ұлғайып, 482 мың адамға жеткен. 2003 жылғы шiлдеде өнiм өткiзуден түскен табыс 48113, 3 миллион теңге болды, бұл 2002 жылғы шiлдедегi деңгейден 11, 9 пайызға артық.

Қазақстанда ТМД елдерiнiң iшiнде ең үздiк қаржы жүйесi жасалған. 2003 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша елiмiзде 35 банк, соның iшiнде екi мемлекеттiк, шетелдiк қатысудағы (ҚР резидентi емес банктердiң еншiлес банктерiн қоса алғанда) 16 банк жұмыс iстеп тұрды. Республика банк жүйесiнiң жинақталған меншiк капиталы шiлде айында 3, 7 пайызға, 1, 3 млрд. АҚШ долларына дейiн, ал жинақталған активтер 1382, 9 млрд теңгеге немесе 9, 4 млрд. долларға дейiн өстi. Сөйтiп, соңғы 4 жылда 5 есеге ұлғайды.

Қазақстан экономикасына бөлiнген банк кредиттерiнiң көлемi 2003 жылы 18, 6 пайызға ұлғайып, 797, 2 млрд. теңгеге жеткен. Бұл ретте ұзақ мерзiмдi кредиттер 4, 8 пайызға өсiп, 495, 4 млрд. теңге болса, қысқа мерзiмдi кредиттер 2, 3 пайызға төмендеп, 301, 8 млрд. теңгенi құраған.

Халықтың банктегi салымдарының өсуi 2 млрд. долларға жеткен. Соның iшiнде, теңге депозиттерiнiң үлес салмағы 33, 8 пайызға жетiп отыр.

Қазақстанның алтын-валюта резервi 7, 421 млрд. долларға дейiн өстi, оның iшiнде Ұлттық қордың қаржысы 2675, 6 миллион долларды құрады. Бүгiнде ол елдiң халықаралық қарыздары көлемi бойынша асып түстi, яғни Қазақстан нетто-кредитор елге айналды.

Республикада ТМД елдерiнiң арасында бiрiншi болып зейнетақы реформасы, банк салымдарын кепiлдендiру жүйесi, бiрқатар сыртқы мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын өтеу, ұлттық валютаның құнсыздануы салдарынан бағамдық залалдарды банктер мен зейнетақы қорларының салымшыларына мемлекеттiк өтем жасау, валюталық табыстарды экспортерлерге сатудан бас тарту секiлдi шаралар қолға алынды.

Тұтастай алғанда соңғы жылдарды экономикалық реформалардың негiзгi бөлiгiнiң аяқталу кезеңi деп сипаттауға болады.

Елде қолайлы инвестициялық ахуал жасалды. Елдiң шаруашылық кешенiнде қаржы ресурстарын тарту үшiн осы заманғы институттық және нормативтiк-құқықтық база жұмыс iстеуде.

Шетелдiк инвесторлар үшiн табыс салығынан, жер салығынан және мүлiк салығынан босатуды көздейтiн жеңiлдiктер мен преференциялар жүйесi, кеден жеңiлдiктерi белгiлендi.

Инвестиция саласындағы проблемаларды анықтап, шешу мақсатында мамандандырылған өкiлеттi орган және Президент жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесi құрылды.

Қазақстанның инвестициялық ахуалы тартымды екендiгiн мынадай жайтпен де қуаттауға болады: шетелдiк капиталдың қатысуымен жұмыс iстейтiн кәсiпорындар саны 2003 жылы 5300 болды. Салыстыру үшiн мұндай кәсiпорындар Ресейде - 1042, Қырғызстанда - 99, Украинада - 74 екенiн айтуға болады.

Тәуелсiздiк жылдарында Қазақстан Республикасы экономикасына тұтастай алғанда 21 миллиардқа жуық инвестиция тартылған. Он жылда игерiлген тiкелей шетелдiк инвестицияларды жан басына шағу көрсеткiшi бойынша республика ТМД-ның басқа елдерiнен әлдеқайда асып түстi.

Нарық институттары мен шаруашылық жүргiзудiң тетiктерiн қалыптастыру саласындағы бiрқатар түбегейлi қадамдарды жүзеге асыру нәтижесiнде Қазақстан реформалау қарқыны жағынан ТМД елдерiнiң көпшiлiгiн басып озды.

Елiмiзде мамандандырылған Ұлттық қор құрылды. Ол мұнай секторында алынған табыстардың бiр бөлiгiн болашақ ұрпақтар үшiн жинақтауы тиiс. Сонымен қатар, қор форс-мажор жағдайларында Мемлекеттiк бюджеттiң стратегиялық резервi функциясын қамтамасыз етедi.

Экономиканың жоғары технологиялық секторларын дамыту мақсатында 2015 жылға дейiнгi республика дамуының Индустриялық-инновациялық бағдарламасы қабылданған.

Ел дамуының басым стратегиялық бағыттары орта және ұзақ мерзiмге кредиттеуге жұмыс iстейтiн Даму банкi құрылған.

Елорданы Астана қаласына көшiру республика экономикасының дамуына айтарлықтай серпiн бердi. Жаңа өндiрiстер мен жаңа жұмыс орындары құрылуда.

Тұтастай алғанда Қазақстан экономикасындағы инвестициялық-өндiрiстiк процестердiң белсендiлiгi арта түсуде. 2000 жылдың аяғына қарай IЖӨ көлемiнiң, өнеркәсiп өндiрiсiнiң, инвестициялық қызметтiң және бiрқатар басқа көрсеткiштердiң өсуiнде айтарлықтай прогресс байқалды. Өсу iс жүзiнде экономиканың барлық салаларында жүрiп жатыр, мұның өзi ел дамуының кешендiк және жүйелiк сипаты туралы айтуға мүмкiндiк бередi.

Бүгiнде Қазақстан ТМД-дағы реформалардың танымал көшбасшылары болып табылады.

Бұрынғы КСРО мемлекеттерiнiң iшiнде Қазақстан бiрiншi болып: 2000 жылдың аяғында Еуропа қауымдастығы, ал 2002 жылдың наурызында Америка Құрамы Штаттары тарапынан нарық экономикасы қалыптасқан ел ретiнде танылды.

Инвесторлар кеңесiнiң кезектi мәжiлiсi

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет
Қазақстан халқының КСРО уақытында ашашрылқта болған жағдайы
Сыр өңіріндегі ашаршылық және оның салдары
Лирикалық проза. Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік философиялық мәні. Мемуарлық шығармалар
ДІНТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУ МЕН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ
Әбіш Кекілбаев мемлекет қайраткері
Көркем деректі жанр түрлері
Тәуелсіздіктің жеті қыры
Эссеге дайындалу мен оны жазу жолдары
Ресми құжат тілінің функциональдық формасы жазба тілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz