Халықаралық экономикалық қатынастардың жиынтығы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Әлемдiк экономика және халықаралық экономикалық қатынастар1

Халықаралық экономикалық қатынастар түрлерi2

Халықаралық экономикалық қатынастардың субъектiлерi4

Елдердi экономикалық нышандарына байланысты топтастыру5

Әлемдiк экономикадағы интернационализация, глобализация мен аймақтандыру: тенденциялары мен қарама-қайшылықтары7

Қазақстан Республикасының қазiргi әлемдiк экономика құрылымындағы орны8

Сыртқы және халықаралық сауда саясаты11

Кедендiк тарифтер12

Тарифтiк емес кедергiлер15

Дүниежүзiлiк сауда ұйымы (ДСҰ) 16

Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатының кейбiр аспектiлерi18

ҚР сауда байланысы (жинақталған) млн. АҚШ долларымен18

ҚР сауда байланысы (ТМД елдерiмен) млн. АҚШ долларымен18

ҚР сауда байланысы (басқа елдерiмен) млн. АҚШ долларымен19

Еңбек миграциясының теориялық негiздерi20

Еңбек миграциясының түсiнiгi мен түрлерi20

Миграциялық тартылудың негiзгi орталықтары мен ауқымы24

Донор ел үшiн эмиграцияның экономикалық салдары24

Еңбек күшi миграциясының халықаралық реттелуi27

Әлемдiк рынокта баға қалыптасуының ерекшелiгi және баға деңгейiн белгiлейтiн факторлар29

Сыртқы рыноктарда бағаны қалыптастыру әдiстемесi. 32

Сыртқы сауда бағасын есептеу әдiстерi32

Сыртқы нарыққа шыққандағы фирманың бағалық34

Тасымалдау қызметi рыногындағы баға қалыптасуының ерекшелiктерi35

Әлемдiк интеграция: мақсаты, мiндеттерi және интеграция кезеңдерi38

Посткеңестiк кеңiстiктегi интеграциялық процестер41

Халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы мен халықаралық ұйымдар44

Әлемдiк банк тобы45

Халықаралық валюталық қор48

Халықаралық валюта қорының атқаратын қызметтерi48

Еуропаның қайта құру мен дамыту банкi (ЕҚҚДБ) 49

Азияның даму банкi (АДБ) 50

АДБ-iң құрылымы50

Қазақстан Республикасының қазiргi әлемдiк экономика құрылымындағы орны50

Әлемдiк экономика және халықаралық экономикалық қатынастар

Халықаралық экономикалық қатынастар теориясы экономикалық теорияның ұлттық экономикалар арасындағы экономикалық қатынастардың ерекшелiктердiң зерттейтiн арнайы бөлiмi болып табылады. Сондықтан ол жалпы саяси экономия теориясы шеңберiнде дамыды. Бұл жағдай арнайы халықаралық экономика бөлiмдерi бар батыс оқулықтарымен расталады. Ал ХЭҚ теориясының ерекшелiктерiне келсек, олар өз объектiсiнiң ерекшелiктерiмен немесе П. Х. Линдерт сөзi бойынша, әлемдiк "өзгешелiгiмен" анықталады.

Бiз әлемдiк экономика дегенiмiз де, оны ұлттық шекарадан тысқары, адам өмурун қамтмасыз ету үшiн қажеттi ресурстар мемлекетаралық айырбасты қажет ететiн экономикалық жүйе деп түсiнемiз. Бұл өте күрделi процестiң өзiндiк тарихы, пайда болу мен даму эстаптары, әрекет ету заңдылықтары бар.

Әлемдiк экономика деп мынаны түсiнуге болады:

1. Адамзаттың өндiрiс iс-әрекетiнiң жиынтығы. Оны әлемдiк жалпы өнiм, әлемдiк астық өндiрiсi және тағы басқадай көрсеткiштер арқылы сипаттауға болады.

2. Әлемдiк экономикада өзiндiк орны бар ұлттық экономикалар жиынтығы.

3. Халықаралық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Алғашқы классикалық мектептер экономистерi мен меркантилистерден бастап, ХЭҚ сферасы экономикалық ғылымның бiр бағытына бөлiнген болатын.

4. Трансұлттық компаниялар (ТҮК) мен банктердiң (ТҰБ) планетарлық iс-әрекетi.

5. Iрi "Солтүстiк-Оңтүстiк", "Шығыс-Батыс" блоктарына құрылымданған ансамбль.

6 К. Маркс пен В. И. Ленин iзбасарлары мен неомарксистердiң әлемдiк экономиканы қарастырғандай, - өндiрiстiң капиталистiк тәсiлiнiң даму нәтижесiнде ұйымдасқан және қалыптасқан әлемдiк жүйе.

7. Бәрiн анықтайтын, ұйымдастыратын және құрылымын жасайтын, ("машинадан шыққан құдай" деуге болатын), бiрақ шығу тегi ешкiмге белгiсiз, әлемдiк капиталистiк жүйе.

8. Қоршаған орта жағдайын және қолда бар ресурстарды есепке ала отырып қарастыралатын, адамзаттың экономикалық iс-әрекетiнiң нәтижесi". 1

Әлемдiк экономика мен ХЭҚ-дың жалпы даму бағыттылығын белгiлi ресей экономисi Н. Шмелевтiң сөзiмен аяқтағымыз келедi. "Қазiргi заманғы жағдайда ұлттық шаруашылықтардың тұйықтылығы, экономикалық "жабықтылығы", қандай да бiр төтенше жағдайларды айтпасақ, орынсыз және тиiмсiз (ұлттық ресурстарды тиiмдi пайдалануды ойласақ) болуымен қатар, мүмкiн емес. Ұлттық шаруашылықтардың "ашықтылыққа" ұмтылу, ұлттық ұдайы өндiру процестерiнде сыртқы факторлар рөлiнiң өсу тенденцияларының ұлғаюының жалпылама көрiнiс алды". 2

Халықаралық экономикалық қатынастар түрлерi

Халықаралық экономикалық қатынастар басқа экономикалық қатынастар сияқты бiр реттiк, мызғымас қатынастардан тұрмайды. Оған ұдайы өндiрiстiң горизонталды ғана емес, вертикалды қатынастар сияқты әр түрлi реттiк қатынастар енедi. Негiзiнде ұдайы өндiрiстiк байланыстың кез келген бөлiгi халықаралық болып келуi мүмкiн. Бұл көптеген жағдайларға байланысты, бiрақ ең бiрiншiден, елдiң халықаралық еңбек бөлiнiсiне енуiне байланысты болады. Осыған сәйкес, Халықаралық экономикалық қатынастар әр түрлi түрлерге ие болады.

"Халықаралық экономикалық қатынастар" (дүниежүзiлiк шаруашылық байланыстар) - әлем елдерi арасындағы шаруашылық байланыстар жүйесi. ХЭҚ маңызды түрлерiне халықаралық сауда, жұмысшы күшi миграциясы, капиталды шетке шығару мен халықаралық несие, халықаралық валюталық және есеп айырысу қатынастары, халықаралық ғылыми-техникалық және өндiрiстiк байланыстар жатады. Бұл түрлер өзара тығыз байланысты және өзара әсер бередi.

ХЭҚ алдыңғы қатарындағы түрi халықаралық сауда болып табылады. 3

Халықаралық сауда ХЭҚ-ның ең алғашқы және басты түрi болып табылады. Сауда "халықаралық" болып бастамасын iшкi рулық еңбек бөлiнiсiне әсер еткен тайпалар арасындағы саудадан басталған. Бүгiнгi күнде сауда айналым "көлмi" жағынан ХЭҚ-дың басты түрi болмауы да мүмкiн, бiрақ та осы қатынастардың негiзгi болатындығы сөзсiз. тiптi бүгiн халықаралық сауда экономика ғылымының жеке саласы болып, ары қарай дамып, жаңа түрлерiн тудыруда.

Әрбiр сауда қатынастары нәтижесiнде ақшаны тудырады. Ақшасыз халықаралық сауданың дамуы мүмкiн емес. Сондықтан келесi ХЭҚ-дың маңызды түрi - халықаралық қаржы (ақша) қатынастары болып табылады. Халықаралық деңгейде ақша валюта түрiне ие болғандықтан, бұл түрiн валюта-қаржы қатынастары деп атау қабылданған. Бүгiнде ол ХЭҚ-дың ең дамыған және тармақталған түрi шығар. Ақша әр түрлi функция атқаратыны белгiлi, оның iшiнде ең бастылары айналым құралы, күн өлшемi мен қор жинау болып табылады. Ақшаның бұл фунциялары тарихи даму барысында бөлiнiп, жеке дара жаңа түрлерiн тудыруда. Тiптi ақшаның (валюта) өзi де сауда объектiсi болып, ерекше тауарға айналып, жаңа рыноктарды қалыптастыруда.

Дүниежүзiлiк шаруашылықтың пайда болуы өндiрiстiң халықаралық мамандануы мен кооперациясы сияқты түрлерiн өмiрге келтiрдi. Олардың шаруашылық өмiрiнiң ғана емес, белгiлi бiр даму деңгейiнде ұлттық экономикалардың интеграциясын тудырады. Әлемде интеграция процесi бiр қалыпсыз, қайшылықты өтуде. Қазiр ол әлемдiк экономикалық процестердiң ажырамас бөлiгi болып, жер шарының белгiлi бiр аймақтарында ХЭҚ-ы шоғырландыруда.

Сонымен кәзiргi ХЭҚ-дың негiзгi түрлерiне: халықаралық сауда, халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастары, халықаралық мамандану мен кооперация, халықаралық интеграция, елдер топтары арасындағы және олардың iшкi экономикалық қатынастары, трансұлттық компаниялардың экономикалық қатынастары. ХЭҚ ұйымдық формалары (халықаралық экономикалық ұйымдар) мен халықаралық өндiрiс факторларының қозғалысы жатады.

Халықаралық экономикалық қатынастардың субъектiлерi

ХЭҚ-тар субъектiсi дегенде, осы қатынстардың дамуы мен өзгеруiне белсендi iс-әрекетiмен әсер ететiн ХЭҚ қатысушыларын айтамыз.

Халықаралық ұйымдар, оның iшiнде экономикалық ұйымдар мемлекетаралық экономикалық қатынастарды реттеу үшiн құрылған.

Мұндай ұйымдардың пайда болуы мен маңызының арта түсуi халықаралық экономикалық ынтымақтастық пайдасы үшiн ұлттық мемлекеттердiң экономикалық егемендiгiнiң бiр бөлiгiнен бас тартуына тура келетiндiгiн көрсетедi.

Халықаралық аренада өнеркәсiптiң шоғырлануына байланысты өнеркәсiптiк фирмалар, банктiк, қаржылық және басқадай ұйымдар пайда болды. Халықаралық деңгейде әрекет ететiн бұл фирмалар трансұлттық компаниялар деп аталады. 4

Елдердi экономикалық нышандарына байланысты топтастыру

Бiрiккен Ұлттар Ұйымы әлем елдерiн бiрнеше нышандары бойынша топтастырады. 5

Елдердi Адам Даму Индексi бойынша топтастыру.

Бұл БҰҰ-ның тәжiрибесiне 1990 жылдан бастап енгiзiлдi. Адам даму индексi (АДИ) таза экономикалық көрсеткiш еместiгiн атап кетейiк. Оған кiретiн тағы да басқа көрсеткiштер: бiлiм беру, денсаулық сақтау, сыртқы орта жағдайы және тағы басқалар.

Осы топтастыру тәсiлi бойынша әлем елдерi 3-топқа бөлiнедi: АДИ-ның жоғарғы деңгейi (АДИ 0, 800 және одан жоғары) - 53 ел; АДИ орта деңгейi (0, 500-ден 799-ға дейiн) - 67 ел; АДИ төмен деңгейi (0, 500-ден төмен) . Айта кететiнiмiз, осы топтастыру бойынша 1994 жылы Қазақстан екiншi топтың 30 орнында болды. Екiншi топтастыру тәсiлi - американ долларында есептелетiн жалпы ұлттық өнiмiнiң адам басына шаққандағы көрсеткiшi. Бұл көрсеткiш бойынша елдi бiр топқа жатқызу критерийлерi уақыт аралығында өзгерiп отыратындығын атап кету қажет. Дүниежүзiлiк банктiң 1995 жылғы соңғы топтастыруында әлем елдерiн бұл көрсеткiш бойынша 4 топқа бөлген:

1. Төмен табыс - 765 және одан төмен - 63 ел.

2. Орта төмен табыс - 766-3035 - 65 ел.

3. Орта жоғары табыс - 3036-9385 - 30 ел.

4. Жоғары табыс - 9386 және одан жоғары - 51 ел.

Қазақстанның жалпы ұлттық өнiмi осы жылы 22149 млн. доллар құрап, адам басына шаққандағы мөлшерi - 1330 АҚШ долларына тең болды. Сондықтан бiздiң ел орта төмен табысты елдер тобына кiредi.

Көрсетiлген жылы бiрiншi орында Люксембург - 41210 долл., одан кейiн - Швейцария - 40630, Жапония - 39640, Дания - 29890, АҚШ - 26980 долл. және т. б.

Дамыған елдер арасында адам басына шаққандағы орта көрсеткiш Эфиопияда - 100 долл., Заир мен Танзанияда - 120, Сьерра-Леоне мен Руандада - 180, ал Мозамбикте тек 80 доллар ғана болды.

Үшiншi топтастыру экономикалық даму бойынша жүргiзiлген.

Осы нышаны бойынша елдер екi үлкен топқа бөлiнген: өнеркәсiбi дамыған елдер (44 ел) және дамушы елдер (132 ел) . Соңғыларының iшiнен артта қалған, нашар дамыған елдер тобы бөлiнедi (47 ел) . қазақстан бұл топтастыру бойынша өнеркәсiбi дамыған елдер қатарына кiредi, бiрақ та көптеген көрсеткiштер бойынша дамушы елдер қатарына жатамыз.

Айтылып кеткен топтардан басқа, жоғарыда аталып кеткен есепте елдердi аймақтық нышаны бойынша топтастыру жүргiзiледi. Бұл критерий бойынша қазiргi әлем 12 топқа бөлiнген: 11 аймақтық топ пен ешбiр аймаққа жатқызылмайтын жоғары дамыған елдер тобы. 6

ХХ ғасырдың екiншi жартысы - әлемдiк экономика үш түрлi елдер тобының әсерiмен дамыған уақыт. Оларға дамыған капиталистiк елдер, социалистiк мемлекеттер және дамушы немесе "үшiншi дүние" деп аталған елдер кiрген.

Әлемдiк экономикадағы интернационализация, глобализация мен аймақтандыру: тенденциялары мен қарама-қайшылықтары

"Интернационал" деген сөз қазақша "халықаралық" деген мағынаны бередi, осыған орай, интернационализация туралы айтқанда, зерттелетiн құбылыстардың халықаралық сипатын айтамыз. Демек, экономиканың интернационализациясы ұлттық экономикалық құбылыстар мен процестердiң халықаралыққа айналуын бiлдiредi.

"Глобалды" деген сөздiң өзi "бүкiл әлемдi қамтыған", "бүкiл әлемдiк" және тағы да басқа сондай ұғым бередi. Әлемдiк экономиканың глобализациясы дегенiмiз, бiрiншi кезекте, экономикадағы ұдайы өндiрiс процесiн ХЭҚ-ға қатысушы жекелеген субъектiлер басқа қатысушылардың экономикалық мүддесiн әсер етпей шешiм қабылдай алмауы сатысын бiлдiредi.

Экономикалық процестердiң глобализациясы ХЭҚ-ң әлемнiң барлық жерi мен елдерi арасында бiр қалыпты дамуын бiлдiрмейдi. Адамзат даму тарихы барысында әлемнiң түрлi бөлiктерiнде экономикалық өсудiң өзiндiк "нүктелерi" пайда болды. Ол өз шеңберiне басқа елдер мен мемлекеттердi тартып, халықаралық деңгейде өзiне бiрнеше елдер мен мен халықтарды енгiзiп, қарқынды шаруашылық байланыстары бар әлемнiң белгiлi бiр аудандары мен аймақтары пайда бола бастады.

Қазiргi экономикалық әдебиетте бұл процесс әлемдiк экономикадағы аймақтандыру деп аталады. Аймақтандыру бiздiң ғасырымыздың екiншi жартысында қарқынды дами бастады.

Латын тiлiнен алынған "регион", ("аймақ") сөзi облыс, ел мағынасын бередi. Қазiргi жағдайда бiр-бiрiнен әр түрлi нышандармен ерекшеленетiн белгiлi бiр территория, ал халықаралық қатынаста өзiнiң экономикалық-географиялық, саяси, ұлттық және тағы басқа белгiлерi бойынша жақын елдердiң топтары ретiнде қолданылады.

Аймақтық бiрлестiктер мемлекеттiң экономикалық өсу жағдайын қамтамасыз ету мақсатымен жасалуы мүмкiн, екiншi жағдайында экономикалық өсу нәтижесiндегi экономикалық қатынастар белсендiлiгi туындап, оны кейiн мемлекетаралық келiсiмдер арқылы тiркеу жүргiзiлуi мүмкiн. Ол процестi қазiр Азия-Тынық мұхит аймағында көруге болады.

Қазiргi заманғы әдебиетте ең дамыған үш аймақ туралы көп айтылады: ол Солтүстiк Америка, батыс Еуропа мен Жапония. Бұл басқа экономикалық қатынастар саласынан болғанымен, бұл жерлерде аймақтық процестер айқын көрiнуiн ешкiм терiске шығара алмайды. Бiр ел бiрнеше аймақтық топ мүшесi болуы мүмкiн. Мысалға: Қазақстан республикасы ТМД, Кедендiк Одақ (Ресей, Буларусь, Қырғызстан, Тәжiкстан), Бiртұтас экономикалық Кеңiстiк (Қырғызстан, Өзбекстан), экономикалық ынтымақтастық ұйымының (Түркия, Иран, Пәкiстан, Әзербайжан және Орта Азия мемлекеттерi) мүшесi болып, соның әрқайсысында өзiнiң арнайы экономикалық мәселелерiн шешуге тырысуда.

Қазақстан Республикасының қазiргi әлемдiк экономика құрылымындағы орны

Экономикалық-географиялық және табиғи нышандары.

Территориясы жағынан Қазақстан Республикасы әлемдегi ең iрi мемлекеттер қатарына жатады. Оның көлемi 2724, 9 мың шаршы км. болып, әлемнiң екi бөлiгiне орналасқан, көбi Азияда және аз бөлiгi Еуропада. Территориясы бойынша ТМД елдерiнде 2-шi, дүниежүзiнде 9-орында тұр. Әлемде одан iрi мемлекеттер қатарына Ресей (17075) Канада (9976), АҚШ (9809), Қытай (9560), Бразилия (8510), Австралия (7713), Үндiстан (3290) және Аргентина (2770) кiредi. Мектептiң географиялық оқулықтарында Қазақстанға Батыс Еуропа еш қиындықсыз орналаса алады деп айтылған едi. Қазақстанның төмендегiдей елдермен ортақ шекаралары бар: Ресеймен (шекара ұзындығы 6467 км) ; Өзбекстан (2300) ; Қытай (1460) ; Қырғызстан (980) ; Түркiменстан (380) . Каспий теңiзi бойынша Иран және Әзербайжанмен (теңiз шекарасы 600 км. ) көршiлес болып отыр.

Елдiң географиялық орналасуы дүниежүзiлiк шаруашылыққа енудiң маңызды факторы екенi белгiлi. Ал Қазақстанның геоэкономикалық жағдайына мамандар түрлi баға беруде. Бiреулерi оны әлемдiк мұхитқа шығатын жолы болмағандықтан, әлемдегi ең арзан халықаралық транспорт - мұхиттық тасымалдауды пайдалану мүмкiн еместiгiн сәтсiз деп санауда. Басқалары керiсiнше, ел Еуразия құрлығының ең ортасында тиiмдi орналасып, одан елеулi экономикалық пайда ала алады деп есептеуде. Шынында Қазақстан бiр-бiрiмен қатынастары осы территория арқылы жақын болатын, бiрнеше дамыған және тез дамып келе жатқан аймақтар ортасында орналасқан. Бұл экономикалық байланыстарға бiр жағынан Батыс Еуропа мен Таяу Шығыс және Шығыс пен Оңтүстiк-Шығыс Азия арасында, екiншi жағынан (Шығыс-Батыс транспорттық-коммуникациялық коридоры) Ресеймен Солтүстiк Еуропа, Орта және Оңтүстiк Азия (Солтүстiк-Оңтүстiк транспорттық-коммуникациялық коридоры) кiредi. Сөйтiп Қазақстан әлемдiк мұхитқа шығатын жолы болмағанымен, халықаралық темiржол, автомобиль, уәе және құбыр тасымалдау мен коммуникациялық қызмет көрсетудiң зор потенциалына ие болады.

Халқы. 1999 жылдың қаңтарында халықаралық талаптарға сәйкес, Қазақстанда соңғы халық санағы жүргiзiлдi. Соның нәтижесiнде 15048, 8 мың нақты және 14952, 4 мың тұрақты өмiр сүретiн адамдар тiркелген. 1999 жылы халықтың 1 шаршы км-ге орташа тығыздығы 5, 5 адам болды. Сөйтiп, Қазақстан әлемнiң халқы ең сирек орналасқан мемлекеттердiң бiрi болды. Көптеген дамушы елдерге қарағанда, елiмiздiң халқы соңғы онжылдықта тұрақты түрде азаюда. 1989 жылы Қазақстанда 16199, 2 мың халқы болса, 1999 жылы ол 7, 7 пайызға қысқарды. Егер экономикалық өсу қарқынды болған жағдайда, мемлекетiмiз еңбек ресурстарының тапшылығына кезiгуi мүмкiн. Басқа жағынан қарағанда, экономикалық даму үшiн пайдалы фактор ретiнде Қазақстанда халық бiлiмдiлiгi мен кәсiптiк-мамандану деiгейiнiң жоғарылығын атап кету керек. 1996 жылы Әлемдiк Банк жүргiзген зерттеулерiнiң нәтижелерi бойынша, ер жеткен азаматтардың бiлiмдiлiгi 97, 5 пайыз. Ал ОЭСР (нарықтық экономикасы бар өндiрiсi дамыған елдерде) - 96 пайыз, ал Қазақстан кiретiн орта табысы бар елдерде - 79 пайыз ақ болды. 90-жылдар ортасында Қазақстанда бiлiмге жiберiлген орташа жылдар саны 11, 4 жыл болды. Бұл көрсеткiш әлемдегi жоғары көрсеткiштерiнiң бiрiне жатады.

Бiрақ Қазақстанның негiзгi үмiтi - оның уникалды табиғи ресурстары. Әдетте бiрiншi кезекте пайдалы қазбалар аталады, бiрақ бүгiнгi халқы көп әлемде, тиiмсiз табиғи-климаттық жағдайларға қарамастан, елдiң негiзгi байлығы - жер ресурстары болып табылады. Республикамыздың ¾ бөлiгiнен астамы шаруашылық өндiрiсi үшiн жарамды болып, оны тиiмдi пайдалану Қазақстанды iрi ауылшаруашылық аймағының бiрiне айналдыруы мүмкiн. Әрине бұл үшiн уақыт пен керектi экономикалық шарттар қажет. Ал жақын болашағымызға көз салсақ, шынында ол уникалды пайдалы қазбалар ресурстарымен байланысты.

Ел территориясы әлi де толық зерттелмегенiне қарамастан, бұл жерде көптеген пайдалы қазбалар қорлары табылды. Мұнайдың мүмкiн қорлары 10-нан 22 млрд. тоннаға дейiн, табиғи газ 2 трлн м 3 аса мөлшерде бағалануда. Хром рудасы қоры бойынша Қазақстан ОАР (ЮАР) -дан кейiн екiншi орында, Вольфрам (әлемдiк қордың 30 пайыз), қорғасын (19 пайыз), марганец (30 пайыз), цинк, күмiс қорлары бойынша бiрiншi орында тұр. Алтынның қоры бойынша әлемдегi алтыншы орында. Одан басқа Қазақстанда көмiрдiң (4, 5 млрд. т. б. ) ; темiр рудасы (әлемдегi 6 орын) ; уран (әлемдiң қордың 25 пайызын), полиметалл рудалары, фосфориттер және тағы басқа пайдалы қазбалардың бай қорлары бар. Барланған негiзгi пайдалы қазбалардың баланстық қорларының болжамдық құны 11 трлн. АҚШ долларына бағалануда. Сондықтан Қазақстанның халықаралық еңбек бөлiнiсiнде өз пайдалы қазбаларына үмiт артуы кездейсоқ емес. Бұл Хекшер-Олин теориясына сәйкес келедi.

Ұлттық валюта мен инфляция: Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңге (100 тиын) Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаевтың жарлығымен 1993 жылдың 15 қараша күнi енгiзiлдi. 7 Оған дейiн Қазақстан КСРО мен Ресей Федерациясының 1961-1992 жылғы үлгiсiндегi банкноттарды пайдаланған. Ұлттық валюта енгiзуге құрылған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк комиссия қаулысымен 1961-1992 жылдардағы үлгiдегi 500 сомды 1 теңгеге теңестiрiлген валюта курсын енгiздi. Сол кездегi сомның курсы бойынша 1 долларға 5 теңге теңестiрiлдi. Жалпы теңге/доллар курсының сандық өзгерiсiн былай көрсетуге болады: 1993-5; 1994-36; 1995-61; 1996-68; 1997-76.

Қазақстан Республикасының үкiметi мен Ұлттық банк реттелетiн валюта бағамын ұстанғандықтан, 1998-1999 жылдары 1 долларға 80 теңге бағамы маңында қалықтады. Бiрақ 1999 жылдың көкек айында бiрқатар iшкi және сыртқы экономикалық себептермен Ұлттық Банк пен Үкiмет ұлттық валютаны теңге 1 долларға / 140 теңге бағамы деңгейiнде тұрақтанды. Ұлттық валютаның құнсыздануы, негiзiнен, Қазақстан экономикасындағы инфляциялық процестерге байланысты болды.

Сыртқы қарыз. Қазақстан Республикасы сыртқы қарызы бойынша орташа сыртқы қарызы бар елдер қатарына кiредi. 1999 жылдың 1 қазан айына Қазақстан Республикасы үкiметiнiң сыртқы қарызы 2525 млн. доллар болды. 8 Сыртқы қарызды қайтару мен өтеу Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық мәселесiнiң бiрiне айналуы мүмкiн.

Халықтың нақты табысының төмендеуi.

Қазақстандағы нарықтық шаруашылық жүйесiне өтуге бағытталған реформалар, өндiрiстiң құлдырауы мен жоғары инфляциямен ғана емес, сонымен қатар халықтың негiзгi бөлiгiнiң нақты табысының төмендеуi және бөлудегi теңсiздiкпен қатар жүредi.

1997 жылы әлемдiк банк өткiзген зерттеу нәтижесiнде, халықтың 34, 6 пайызы өмiр сүру минимумы көрсеткiшi негiзiндегi кедейлiк деңгейiнен төмен өмiр сүрiп отырғаны анықталды. 9 Және бұл көрсеткiш аймақтар мен тұрғылықты жерлер бойынша қатты өзгешеленедi. Сондықтан Қазақстан үкiметiнiң алдында халық әлеуметтiк қорғау саясатын күшейту мақсаты тұр.

Реформалар барысы өндiрiс сферасы мен жалпы iшкi өнiмде үлкен шығындармен өткенiнiн атап кету қажет. Бiрақ осы уақыт iшiнде нарықтық экономика негiздерi қалыптастырылып, маңызды институционалды өзгерiстер жасалды.

Қазақстанның экспорты мен импорты (млн. доллар)

:
1992: 1992
1993: 1993
1994: 1994
1995: 1995
1996: 1996
1997: 1997
1998: 1998
1999: 1999
: Экспорт
1992: 1454, 7
1993: 1485, 5
1994: 3230, 6
1995: 4974, 4
1996: 6230, 4
1997: 6674, 0
1998: 5936, 1
1999: 2119, 7
: Импорт
1992: 570, 0
1993: 471, 6
1994: 3561, 2
1995: 3781, 0
1996: 4261, 3
1997: 7451, 0
1998: 7737, 1
1999: 2828, 2
: Баланс
1992: 884, 7
1993: -1013, 9
1994: -330, 6
1995: 1193, 4
1996: 1969, 1
1997: -777, 0
1998: -1801, 0
1999: -708, 5

ЖIӨ қысқарғанымен, сыртқы сауда айналымы бiркелкi болмаса да, өсуде. Қорыта келгенде, Қазақстан көптеген экономикалық көрсеткiштерi бойынша дамушы елдер қатарына кiретiн, табиғи ресурстарға бай және өндiрiсi бiршама дамыған, ашық экономикалық рынок құруға талаптанушы және дүниежүзiлiк шаруашылықта өз орнын iздеушi өтпелi экономикадағы ел болып табылады.

Сыртқы және халықаралық сауда саясаты

Әр түрлi елдер жалпы әлемдiк экономикада жалпы және оның жекелеген тауар рыноктарында әр түрлi орын алады. Халықаралық сауданың әр бiр қатысушысы өз мүдделерiн қорғау мақсатында қандай да бiр iс-әрекет атқаруға тырысады, яғни осы салада белгiлi бiр саясат жүргiзедi. халықаралық сауда саласында саясаттың негiзгi екi түрi бар:

- халықаралық сауда саясаты;

- сыртқы сауда саясаты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауар-ақша қатынасы және қаржы
Халықаралық құқық субъектілік құқық
Құқықтың түсінігі
Халықаралық экономикалық қатынастар: мәні және түрлері
Халықаралық валюталық қатынастар
Интеграциялық процестердің қаржылық аспектілері жайлы
Тауар ақша қатынастары және қаржы
Халықаралық қаржылық жүйенің қалыптасуы
Қаржы функциялары
Дүниежүзілік валюта айналымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz