Әлемдік шаруашылықтың басқа салаларының географиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Әлемдік шаруашылықтың басқа салаларының географиясы.

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ 3

1. Әлемдік шаруашылықтың басқа салаларының географиясы. 4
2. Халықаралық экономикалық байланыстар. 10
3. Дүние жүзінің шаруашылығы және экономикалық байланыстары. 15
4. Дүние жүзі көлігі. 19
5. Ғылыми техникалық революция (ҒТР)заманындағы өндіріс күштердің
орналасымы 21

ҚОРЫТЫНДЫ 23
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 24

КІРІСПЕ

Қазіргі заманғы өнеркәсіп секторлар күрделі конгломерат, оларға тән әр
түрлі салалар, сала аралықтар, түрлер, кезеңдер мен өндірістік типтер
кездеседі. Барлық дайын өнімдердің қайсысы болса да, аграрлық өнімнің
қарапайым түрінен жаңа жоғары технологиялық құрал-жабдығына дейін іс
жүзінде өнеркәсіптік өңдеуден өтеді. Төменде әр түрлі экономикалық даму
деңгейіне тән жетекші салалардың қысқаша сипаттамасы берілген. Сонымен
қатар, олардың барлығы әлемдік шаруашылықтың жалпы жүйесі маңызды тобында
және өнеркәсіп өндірісінің ішкі жүйесі ретінде өз маңызын сақтайды.

1. Әлемдік шаруашылықтың басқа салаларының географиясы.

Кен өндіру өнеркәсібі. Бұл сала - өндірістің алғашқы секторы, ол -
басқа салалардың барлығының өмір сүруіне қажетті алғашқы материалдар мен
энергоресурстарды өндіреді. Көп салалы кен өнеркәсібі жоғары дамыған
елдеріне тән, себебі, шағын дамыған елдерде мұның тек бірнеше ішкі
салалары, кейбіреуінде тек өнім өндіру дамыған.
90-жылдардың басында кен өнеркәсібінің даму деңгейі бойынша бірінші
орынға еңбек шығымдылығы аз ел ретінде Қытай ие болды. Бұл саланың соңғы он
жылдықтағы дамуынелдегі жұмыс күші арзандығымен бірге, жаңа кен рудалық
аудандардың ашылуы анықтайды. Бүгінгі таңда пайдалы қазындылардың мол
қорының ашылуына байланысты, Австралия бірінші орынға ие. Маңызды орынды
Канада мен ОАР алады, содан кейінгілері Қытай мен Бразилия. Бұл бес ел
әлемнің негізгі рудалық қоймасы.
Энергетика. Дүниежүзілік энергетика жерден қазылып алынатын –мұнай,
тас көмір және табиғи газға негізделген. Сонымен қатар, гидравликалық және
ядролық энергия кеңінен пайдаланылады. Бұрынғысынша маңызды орынды ағаш
отыны алады, себебі, үшінші әлем елдері – сүрек пен өсімдік қалдықтары
энергобаланста алдыңғы орынға ие.
Өсімдік отындарын тұтыну жөніндегі нақты сандар жоқ: әр түрлі бағалау
бойынша дүниежүзілік баланста ол 10 пайызды құрайды, алайда, ол дамушы
елдердегі адамзаттың көптеген бөлігін энергиямен қамтудың негізгі көзі
болып табылады.
Энергияны пайдаланудың ауқымы бойынша дүние жүзінің жетекші елдері
бірінші орынға иеленіп, әлемдік энергобалансты анықтайды. 90-жылдардың
басында әлемдік энергобалансы мұнайлық эквивалентпен 8 млрд. т. (сүрек-
өсімдік отындарынан басқа) құрастырды. Онда бірінші орынды мұнай (3,8 млрд.
т.), екінші – көмір (2 млрд. т.), үшінші – табиғи газ (1,8 млрд. т.) алады.
Сонымен қатар, баланстағы атом энергиясы 0,3 млрд. т және су энергиясының
0,2 млрд. т. жуығын алады.
Энергияның жаңарған көздері – ең алдымен су энергиясы дамыған елдерде
кеңінен пайдаланылады, дамушы елдер мен дамыған елдердің солтүстік
аймақтарында су энергиясы қорлары маңызды емес.
Екінші жағынан алғанда, уранның ірі қоры мен жарылатын материалдардың
басқа түрлері өте қауіпті және оларды пайдалану экологиялық мәселелерге
келіп тіреледі. Отынның дәстүрлі түрлерін пайдалану булану эффектісі
мәселелерімен тығыз байланысты, сондықтан таяу онжылдықта энергетикалық
өндіріс қалдықтарымен қоршаған ортаның ластануы жер бетіне қажетті күн
энергиясын алу үшін Ғарышқа қол созуға тура келеді.
ХХ ғасырдың соңында мәселе энергиялық қорларының аздығында емес,
олардың арзандығында болды. Осы жағдайда дәстүрлі бассейндерге зиян ретінде
пайдалы кен орындары дамуда.
Мұнай - қазіргі кезде дүние жүзіндегі басты энергия көзі. Оның басым
бөлігін Таяу Шығыс елдері мен Латын Америка елдері шығарады. Олар мұнайды
сыртқа шығарушы елдер ұйымына МСШЕҰ(ОПЕК) кіреді. Тек аз ғана бөлігі
тұтынушы-елдерде, ең алдымен, Солтүстік Америка (АҚШ пен Канада) және Ұлы
Британия мен Норвегияның Солтүстік теңіз қайраңында өндіріледі. Бұл
топтастырудан басқа мұнайдың ірі жеткізушілері ТМД елдері, ең алдымен Ресей
мемлекеті болды. ТМД елдерінің аумағында Ресейден басқа таяу онжылдықта
Озбой ауданындағы ірі мұнай бассейні бар Әзірбайжан (Каспий қайраңы),
Түркменстан және Қарашығанақ пен Теңіз кен орындары да Қазақстанды мұнайдың
ірі өндірушілері қатарына қосуда.
Жоғары дамыған елдерде қолайлы жерде су энергиясының қоры сарқылуда.
Бұл, әлі де болса, су қорлары мол, бірақ нашар дамыған аймақтардың
мәселесі: Бразилия, Солтүстік Канада, Сібір және Африка өзендерінің алабы.
Тек қана су аккумуляторлаушы стансалар бұрынғысынша жоғары дамыған елдерде,
тапшылық шегін жабу әдісі ретінде дамиды.
Энергия қуатының жаңа түрлерін пайдалануы әлі әлсіз дамыған.
Геотермальдық энергияны пайдаланудың маңызы зор, бірақ оны арнаулы
орындарда ұтымды пайдалану керек. Толысу стансаларға қайтадан қызығушылық
пайда болды, біртіндеп күннің қуаты пайдалануда, бірақ бұл болашақташешімі
табылар мәселенің бірі. Сонымен қатар, әлемнің үшінші елдері үшін
дүниежүзілік тұтынудың небары 10 пайызын бергенімен де, жер бетіндегі
адамзаттың жартысына жуығын қамтитын сүрек бұрынғысынша маңызды болып
табылады.
Қара және түсті металлургия. Қазіргі өнеркәсіптің көне саласы, қара
металлургия, өндіріс генезисі жағынан күрделі конгломаратқа айналды.
Металлургиялық өндірістің орналасымы өнеркәсіп дамуының әр түрлі
дәуірлері мен кезеңдерінің ізін білдіреді. Бірақ нарықтық экономикасы бар
елдердің металлургиялық зауыттары темір рудасы және тас көмірді алуға
ыңғайлы жерге орналасқан: теңіз порттарына немесе теңізге шығуға қолайлы
ескі тас көмір бассейндеріне жақын орналасқан.
Жапонияның барлық зауыттары теңізге жақын орналасқан, оған рудалар мен
тас көмір жеткізіледі. Италия, ГФР -ның порттар маңындағы орталықтары мен
Францияның жаңа зауыттарына да осындай сипаттар тән. Тіптен Рура көне
зауыттарының өзі темір рудаларын Роттердамнан Рурдың Кіретін қақпаларына
су көліктерімен тасымалдауға қолайлы жерлерге орналасқан.
Сонымен, бүгінгі таңда толық айналымды жаңаметаллургиялық
кәсіпорындардың салынуына теңіз порттары қызмет етеді; АҚШ-тағы ең ірі
металлургиялық зауыт Балтимордың жағалауына салынған.
Қорғасын мен мырыш тұтыну рыногын жоғалтуда, жаңа қорғасын-мырыш
кәсіпорындары аз салынуда. Мұндай жағдай қалайыға да тән: оны тұтыну
азайып, тиісінше оның өндірісі құлдырауда. Жаңа деп аталатын металдарға –
магний және титан кіреді. Бір кездері магнийдің болашағы зор болған, ол
барлық металдардан артады деген болжам жасалған еді. Бірақ, олай болмады,
себебі оны өндіруге көп энергия жұмсалатындықтан, оны шығару шектелді.
Сондықтан, қазір магний тек үш елден: АҚШ пен Норвегияның теңіз
суларынан, Ресейдегі калий өндірісінің қалдығынан шығарылады. Титан
өндірісінің де күрделілігі (энергияның өте көп жұмсалуы) осы тәріздес.
Дүние жүзінде түсті металдардың 70 түрі балқытылады. Бірақ толық жиынтығы
тек төрт елде – АҚШ, Ресей, Жапония, ГФР-да сақталған.Басқа елдердің
барлығы, түсті металдардың белгілі бір ғана түрін шығарумен айналысады.
Машина жасау кешені.
Машина жасау - өнеркәсіптің маңызды саласының бірі: оған дамыған
елдердіңөнеркәсіп өнімдер құнының 35-38 пайызы және жұмыс істейтіндердің 34-
36 пайызы келеді. Дамушы елдерде бұның үлесі 15-20 пайыздан анағұрлым аз.
Өнімнің жалпы құны бойынша бірінші орынды - АҚШ, екінші орынды - Жапония,
үшінші орынды – Батыс Еуропалық машина түрлерінің көшбасшысы ГФР болды.
Олардан кейінгі орынды Қытай алады.
Басқа елдердің машина жасау өнімдерінің аумағы бойынша алатын үлесі
шағын, бірақ жетекші елдер санына әлемдегі машина жасау өнімдерін шығарудан
ірі ондықтағы Франция, Ұлы Британия, Италия, Канада, Бразилия және Испания
кіреді. Қалған елдердің әлемдік машина жасаудағы үлесі 10 пайыз.
АҚШ, Жапония, ГФР машина жасау өндірісінің толық номенклатурасын
шығарады. Ұлыбритания, Франция, Италия, Канада елдерінің машина жасау
өндірісінің түрі оларға қарағанда аз. Қытай – велосипед секілді
машиналардың ірі экспорттаушысы.
Көптеген Батыс Еуропа елдері техниканың көп түрлерін импорттайды және
сонымен қатар жоғары сапалы бұйымдарды шығарады, олар әлемдік базарда күн
астындағы орынға ие. Мәселен, Швейцария жоғары сапалы станоктар, сағаттар,
құралдар, қарамы ірі электрлік және тоқыма құрал-жабдығын шеткешығарумен
қатар, елге автокөлік және басқа да машина жасау өндірісінің өнімдерін
әкеледі. Швецияның және өзге де Батыс Еуропа елдердің машина жасау өндірісі
шамамен осыған ұқсас құрылған.
Оңтүстік-Шығыс Азияны Жаңа барыстары экспорттаушы-елдердің екінші
тобын құрайды.
Бұл екі топтан өзге машина жасаушы ішкі рыноктың үлкен сиымдылығына
негізделген елдер - Қытай, Бразилия, ондістан. Олардың жасаған машинасы
сыртқы рынокқа жаңадан шыға бастады.
Латын Америкасы, Азия, Африка елдері машина жасау саласының
өнімдерімен елді импорт есебінде қанағаттандырады.
Машина жасау орналасымының негізгі факторы бұрынғысынша ҒЗТКЖ және
еңбектің құны, оның біліктілігімен қоса. Өндірістің жаңа түрлерін енгізуде
ғылыми әлует басты маңызға ие.
Жапония өзгенің ғылыми әлуеттік рүқсат қағазын сатып алып, өзінің
ҒЗТКЖ есебінде пайдаланып, ары қарай дамытудың оңай жолын көрсетіп берді.
Жоғары ғылыми-техникалық әлеуеті АҚШ-та сақталды, бұрынғыдай болмаса
да, дүниежүзілік машина жасауда көшбасшы ел. Батыс Еуропа өзінің ғылыми-
техникалық әлеуетін сақтағанымен, ғылыми-техникалық идеядағы басты
генераторлық ролін жоғалтты. Машина жасаудың болашағын еңбек ресурстарының
біліктілігі мен сапалылығы шешеді.
Химия өнеркәсібі. Химия өнеркәсібі машина жасау секілді бірнеше
саладан тұрады, олардың ішінде мұнай-газдық шикізат пен мұнай химиясына
негізделген органикалық синтездің өнеркәсібі жетекші орынды алады. Бұрыннан
келе жатқан органикалық емес химия екінші орынға түсіп, әр түрлі елдерде
химиялық өнімдердің жалпы құнында 10 пайыздан 25 пайызға дейін болды.
Өнеркәсібі дамыған елдерде дәрі-дәрмек шығару үлкен маңызға ие.
Тыңайтқыштарды шығару бір кездері жетекші сала болғанымен, қазір
дамушы елдер арасында үлкен рол атқарады; қазіргі кезде химия өнеркәсібінің
дамуы тыңайтқыштарды шығарудан басталады. Егер жаңа елдер химиясында
пластмасса және талшықтарды қосқандағы органикалық заттар және
тыңайтқыштарды шығарумен айналысса, дамыған елдердің химия өнеркәсібі ең
алдымен ғылымның жоғары даму деңгейінсіз іске аспайтын ядролық химикаттар
мен дәрі-дәрмек өндірісімен ерекшеленеді. Өнеркәсібі дамыған елдердің химия
өнімдерінің жаңа ғылымды қажетсінетін түрлерін шығаруға мамандандырылған.
Бұл салада, әсіресе дүние жүзіндегі барлық елдердің арасында, өндірілген
өнімдердің кең номенклатура сипаты тән АҚШ мемлекеті ерекшеленеді.
Дүние жүзінің ірі аймақтары ішінде химия өндірісі. Парсы шығанағындағы
Сауд Аравиясы, БАЭ, Кувейт және Ирак т.б. мұнай өндіруші елдерде жаңа химия
аймағы құрылды. Олар органикалық синтез бен тыңайтқыштардың жартылай
өнімдерін шетке шығаруға мамандандырылған. Елге құбырлар арқылы жолай
келетін газдың ірі ресурсы шикізат ретінде кеңінен пайдаланылады, ол
өндірістің тез арзандауына септігін тигізеді. Парсы шығанағындағы елдер
әлемдік химиялық өнімдердің 5-7 пайызға жуығын береді.
Энергетикалық дағдарысқа байланысты болған өзгерістердің нәтижесінде
оларды таратудың негізгі үш моделі құрылды. Солтүстік Америкада энергия мен
су шикізатының ролі зор. Екінші мағынасы жағынан әсер етуші фактор
құндылығы болса, одан кейінгісі тұрмыста пайдалану құндылығы және ҒЗТКЖ-мен
тығыз байланысты. Жапония үшін ең бірінші фактор - шикізат, ал Батыс
Еуропада шикізат пен энергиямен бірге су ресурстарымаңызды фактор болып
есептеледі.
Батыс Еуропадағы химия өнеркәсіп орналасымы бірігуді елеулі өзгертті.
Салалардың теңізге яғни мұнай шикізатына жақын орналасуымен қатар, Рейн-
Шельд сағасында: Техас-Еуропа (Роттердам-Атверпен) деп аталатын ірі мұнай
химиялық өндірістері салынды.
Үшінші әлемнің көптеген елдері үшін жеңіл өнеркәсіп
индустриаландырудың алғы шебі болды, және қазіргі кезде олар біраз жерде
дамуда. Жеңіл өнеркәсіптегі арзан еңбек күші мен білікті жұмыс күшінің аз
болуы арасындағы айырмашылық басты ролге ие. Кейбір салаларда жоғары
технологиялар пайдаланылады. Дегенмен, жеңіл өнеркәсіптегі бұйымдар
номенклатурасының жиі ауысуында арзан еңбек күші шешуші рол атқарады. Осы
жағдайда саланың технологиясы жоғары деңгейдегі елдерден еңбек бөлінісінің
кейін қалуы алмастырылып, дамыған елдерден дамушы елдерге көшірілді.
Бұл жағдайға Қытайда шоғырланған тоқыма өнеркәсібі ғана емес, сонымен
қатар, жаңа индустриалдық басқа дамушы елдер де бейімделді. Алайда, аяқ-
киім өнеркәсібі АҚШ-тан Корея, Қытай, ондістан, Бразилия және Вьетнамға
көшіріліп, аяқ-киімнің жаңа “жайыны” пайда болды. Тоқыма өнеркәсібі. Ол
өндірістің үш типінен тұрады. Олар: әр түрлі талшықтан жасалған аралас
маталар, таза мақта-маталар, синтетикалық матадан жасалған тоқыма маталар.
Бұрынғы кездері көп қолданылған жүн және зығыр (таза жібек жөнінде сөз
қозғамағанның өзінде) маталардың мағынасы нашарлады. Олар дүниежүзілік
өндірістің шамамен 10 пайызын өндіреді. Ең негізгісі - синтетикалық маталар
(табиғи материалмен бірге) 35-40 млрд. м. және таза мақта-мата өндірсі – 30-
35 млрд. м. құрастырады. Жүн маталардың қазіргі өндірілетін көлемі небары 3
млрд. м., ал, таза жібек пен зығыр маталардың өндірісі одан да аз. Мақта-
маталар мен олардан өндірілген бұйымдар 30 млрд. м. жуық. Сонымен қатар,
дүниежүзілік қолөнерлік маталардан дүниежүзінде ондістанның сари матасы
әйгілі. Ол жылына шамамен 5-6 млрд. м. көлемінде мата өндіріп, оларды
ішінара шетке шығарады.
Аралас маталардың негізгі өндірушісі АҚШ (10 млрд. м.), дегенмен
тоқыма өнеркәсібінің мағынасы біртіндеп бәсеңдеуде, АҚШ тоқыма
өнеркәсібінің дамуы бойынша Қытай мен ондістаннан кейінгі орынға ие. Екінші
орында ондістан - 4 млрд. метрге жуық мата шығарады, Жапонияның да өндірісі
осыған шамалас. Олардан кейінгі орындарда Қытай, Корея Республикасы және
Тайвань. Басқа елдердің жылдық үлесі 2 млрд. м. аз.
Бүгінгі таңда тоқыма маталардың әлі негізгіөндірушілері Қытай мен
ондістан (7-9 млрд. м.), АҚШ дүние жүзінде үшінші орынды алып, жылына
орташа шамамен 5 млрд. м. өндіріледі. Сонымен қатар, Жапонияның жылдық
орташа өндірісі 1,5-2 млрд. м. Басқа да елдер – Италия, Тайвань және
Египет.
Мақта-маталарды шығаруда дамушы елдер позициясы басым. (әсіресе
Италия) бірақ олардың ролі дамушы елдермен салыстырғанда төмендеді.
Жүн маталар Батыс Еуропа, АҚШ, Жапония елдерінде өндіріледі. Оның
көлемінің ең азы Қытайда өндіріледі, оның жалпы шығарылымы 1,5-2 млрд. м.
Тігін өнеркәсібі. Қазіргі кезде дамушы елдердегі бұл салалар ең арзан
еңбекке кіреді. Оны өндірушілер Мальта аралынан бастап Балтық елдерімен
аяқталады. Олар тігін өнеркәсібінің жаңадан құрылған аудандары. Оның ең ірі
өндірушісі Қытай мемлекеті болды. Тігін өнеркәсібінің алға дамуына
қарамастан, оның ірі орталықтары бұрынғыдай Нью-Йорк, Рим және “сән
орталығы” ретінде танымал Париж болды. Олар көп көлемде жеке бұйымдарды
шығарып, сәннің барлық дүниежүзілік даму бағытын анықтап отырады.
Аяқ-киім өнеркәсібі. Соңғы онжылдықта аяқ-киім өнеркәсібі дамыған
елдерден дамушы елдерге, яғни арзан еңбекті елдерге “қоныс аударды”, бұл
бетбұрыс негізінде аяқ-киім өнеркәсібіне сипатталады. Ол бүгінгі күні де
жалғасуда. Аяқ-киім өндіруші Вьетнам секілді жаңа елдер қатарға қосылды.
Осыдан он жыл бұрын АҚШ пен Италия осы салада маңызды орында болса, қазіргі
кезде Азия мен Орта Шығыс елдеріне аяқ-киімнің дүние жүзіндегі өндірудің –
60 пайызы, ал АҚШ – 6 пайызы келеді. Бүгінгі таңда ең ірі өндіруші елдер
Қытай, ТМД елдері, Корея Республикасы, Италия, Тайвань, Жапония, Индонезия,
Вьетнам, Таиланд және АҚШ.

2. Халықаралық экономикалық байланыстар

Дүниежүзілік шаруашылық географиясы бөлек салалар және кеңістік
құрылымы арасындағы халықаралық экономикалық байланыстардың қалыптасу
ерекшеліктері мен заңдылығын зерттейді. Өндірістік саланың өнімі, әртүрлі
халықаралық қызмет көрсету, валюта-қаржы саласы мен кредиттік қызметі және
т. б. халықаралық сауда байланыстардың салалық объектілері болып саналады.
Кеңістік құрылымына әртүрлі субъекттер кіреді: макроаймақтардан бөлек
елдерге дейін, олардың өзара байланыстарға және өзара қимылда салалық және
кеңістік құрылымдар ұлттық экономиканың күрделі төтенше қатынасын
көрсетеді.
Дүниежүзілік экономикалық байланыстардың географиялық зерттеулерінің
мақсаттары мен міндеттерніде өз айрықшалық ерекшеліктер бар.
Дүниежүзілік шаруашылықтық географиясында халықаралық экономикалық
байланыстарды таңдаудың алдында қойылатын мақсат – қызмет көрсету және
тауарлардың мамандандырылған түрлерін айырбастаудағы, дүниежүзілік импорт
пен экспорт құрылымының өзгеруіндегі заңдылық пен ерекшеліктерді анықтау.
Экономикалық байланыстардың кеңістік талдауы халықаралық өндірістің
ұйымдастыру формалардың рөлін нықтайды. Әлем аймақтары бойынша қызмет
көрсету мен тауар ағыны бағыттарындағы және көлеміндегі интеграциялық және
сауда-экономикалық топтардың, аймақтар арасындағы және ішіндегі
айырбастаудың салалық құрылымының рөлін анықтайды.
Дүниежүзілік сауданың географиясы. Дүниежүзілік сауданы ұйымдастыру
проблемалары оның географиялық ерекшеліктерін түсіну үшін маңызды. Елдер
мен аймақтардағы сыртқы сауда айырбастаудағы күшейіп жатқан
интернационаландыру көрінісінде сыртқы сауданы аймақтандыруында және
Ұлтаралық корпорация қызметінде қарама – қайшылық үдерістері анықтау болып
жатыр. Белгілі бағалау бойынша трансұлттық корпорациялар дүниежүзілік
сауданың жартысын қамтиды. Дүниежүзілік экономикалық байланыстарда бұндай
жайғасымда орналаса тұрып, өздері мемлекетпен тепе-тең халықаралық құқығы
бар субъекттер құқығын оларға тануға талаптанады. Сонымен бір елдің шегінде
Ұлтаралық корпарациялар әртүрлі субъекттері мен олардың қалған
өндірушілердің қызмет көрсету және тауарлардың екі ағымы болуда.
1950-1995 жылдардағы дүниежүзілік сауданың дамуындағы негізгі нәтиже -
оның Азиядағы төтенше тез өсуі. Оның сол кездегі үлесі 2,5 есе өсті. Бұл
аймақ Солтүстік Американы басып озды және Батыс Еуропаның күшті бәсекелесі
болды. Азияның сыртқы саудасында елеулі жылжулар болды. Аймақта оның сөзсіз
жүргізушісі - Жапония. Оны ҚХР қуып жетуде, әсіресе оның құрамына
Гонконгтың (Сянганның) қайта қосылуынан кейін - Жапония деңгейінің 83
пайызы. Тайвань аралы өзінің ұлыстық және тарихи отанымен ( Қытаймен)
бірігу мүмкіншілігін есепке алғанда – Қытай Азиядағы жетекші сауда
мемлекеті, әлемде АҚШ-тан кейін екінші болуы мүмкін.
Аймақтардың сыртқы саудадағы айналым көрсеткіштері - әлем
шаруашылығындағы рөлі жөнінде жалпы түсінік береді. Олар аймақтардың
мамандандырылу деңгейін және аймақтар арасындағы сыртқы экономикалық
байланыстарда олардың қатысуын анықтау үшін жеткіліксіз. Бұл сыртқы
сауданың салалық құрылымының бөлшекті талдауын қалайды. Ең елеулі
көрсеткіші - экспорт, оның салалық және аймақтық құрылымы. Олар импорт
көрсетекішімен бірге аймақтық мамандандырылудың ерекшеліктерін толығырақ
көрсетеді.
Дайын өнеркәсіп бұйымдар басым ( 1995 жылы 76 пайыздан астам).
Қазіргі дүниежүзілік импорт құрылымын екі негізгі саланың өнімі өкіл етуде:
машина жасау ( 38 пайызға жуық) және химия өнеркәсібі ( 9 пайызға жуық).
Сомалағанда оларға бүкіл дүниежүзілік экспорттың 47 пайызы, және барлық
дайын бұйымдардың 62 пайызы келеді. Өнеркәсіптің жетекші салалар өнімінің
экспорттағы сомалықты жоғары үлесі барлық елдердің және аймақтардың
шаруашылығына олардың қажеттілігімен анықталады. Бұл тек ғылымды
қажетсінетін өнім түрлері ғана емес, Олар негізінде ең қымбат тұратын,
үлкен пайда әкелетін өнім түрлері.
Соғысқа дейінгі кезеңде Батыс Европа дүние жүзілік экспорт бойынша
Солтүстік Америкадан озық тұрды. Аймақтың бұл жетекші түрі тұрақты сақталды
және соңғы он жылдары бойы (80 – жылдардың аяғы, 90 –жылдардың басы) үш
есеге өсті: оның үлесі дүниежүзілік экспорттың жартысына жетті, Батыс
Европаның сауда қызметіндегі интернационализациоландыру деңгейі ең жоғары
болып қалды. Батыс Европа және Солтүстік Американың жалпы жиынтық үлесі
дүниежүзілік экспортта 60 пайыздан төмен түскен жоқ. АҚШ және ФГР ең ірі
экспортерлер болып қалды. Олар дүниежүзілік экспортта да жетекші. 1950 –
1955 жылдардағы кезең осы екі жетекші экспортерлардың жетекшілікті жаулап
алу бәсекелестігінде өтті.
Дүниежүзілік экспорттың дамуындағы ең үлкен нәтиже - оның Азияда
айрықша өсуі болды. 70 – жылдардың соңында экспорт көлемі бойынша Азия
екінші орында, ал 90 – жылдардың ортасында Батыс Европа Елдеріне жақындады.
Аймақтың экспорттық әлуеті 90 – жылдардың ортасына таяу Жапония есебінен
өсті (1990 жылы аймақтық 30 пайызға жуық экспорты келді, 1995 жылы 29 -
пайызы). Батыс Европадағы ФГР – ден гөрі , Жапония индустриясы одан да аз
шикізат және отын ресурстарымен қамтамасыз етілген. XX – ғасырдың екінші
жартысында экспорттық өндірістің дамуындағы жетістіктер 70 - жылдардан (АҚШ
пен ФГР – ден кейін) кейін дүниежүзілік рынокқа тауар жеткізу бойынша
үшінші орынға шығарды. Бұл “ экономикалық ғажайыптың” көрсеткіштерінің бірі
болды.
70-ші және 80-ші жылдардағы дүниежүзілік шаруашылықтың дамуының
әркелкілігі Азияның индустриялық елдерінің тез көтерілуіне әкелді. 1990
жылдары Гонконгтың, Сингапурдың, Малайзияның, Индонезияның, Тайвань
аралдарының, Тайланд пен Корей Республикасының жиынтық экспорты Жапонияның
дамуынан да тез болды. Ал 1995 жылы одан елеулі озды. Социалистік Қытай
экономикасының ғажайып өсуі ( тіптен бұрын болмаған жағдай) аймақтағы
экспорт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық, әлеуметтік географиясы дәрістік кешен
Мектептегі экономикалық география білім жүйесін жүргізу әдісі мен тәсілдері
Географиядан проблемалық оқытудың белгілері
Жаратылыстанудың мақсаттары
Географиялық оқытудағы практикалық жұмыстардың орны, олардың білім алудағы маңызы
Ресейдің Солтүстік-Батыс ауданы
Дүниежүзілік шаруашылықтың географиялық моделі
География пәнінде сарамандық жұмыстардың орындалуы
ҒТР ҚҰРЫЛЫМЫ
Темір жол көлігі географиясы
Пәндер