Егемен Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарының даму бағыттары
Егемен Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарының даму бағыттары (1991-
2000жж.)
90-жылдардың басында Қазақстан автомобиль жолдарының дамуындағы жаңа
кезең- 1991жылы Жол қоры туралы Заңның қабылдануы болды. Автомобиль
жолдарын қаржыландыруға автокөлік кәсіпорындарының кірісінің екі пайызын
бөлу ұйғарылды. Бұл жол шаруашылығының дамуына өз әсерін тигізбей қоймады.
Тек 1993 жылдың өзінде 17 мың шақырым автомобиль жолдары жөндеуден
өткізілді. Бірақ жол қоры ұзақ өмір сүрмеді. 1994 жылы Республика Жоғары
Кеңесінің шешімімен қор бюджет құрамына беріліп, нәтижесінде жол құрылысын
қаржыландыру күрт төмендеді. Мәселен, 1994 жылдың тоғыз айының ішінде
жөндеуден өткен жол 1993 жылмен салыстырғанда 7 есеге кеміді.1 Жөндеуді
қажет ететін автомобиль жолдарының саны күннен-күнге өсе түсті. Соған
сәйкес автомобиль жолдарындағы ауыр зардаптарға соқтыратын жол-көлік
апаттары жиіледі. Автомобиль жолдарының пайдалану мерзімі күрт қысқарды,
көліктің қозғалыс жылдамдығы азайып, автомобильдердің жүк тасу
мүмкіндіктері төмендеді. Аталған олқылықтар жүк және жолаушылар тасымалының
құнының өсуіне әкелді.
Республика жол қатынастары алдына қойылған мiндеттер мен онда орын алған
келеңсіз жағдайлардың өрістеуі автомобиль жолдарының сапасын көтеру,
әлемдік деңгейдегі көлік қатынастары жүйесіне ену және халықаралық жол-
көлік ұйымдарымен байланыс орнатуды қажет етті. Бұл бір жағынан Қазақстан
Республикасы аумағы арқылы төмендегідей халықаралық автомобиль жол
дәліздерінің қалыптасуымен де байланысты еді. Олар:
1. Хоргос-Алматы-Бішкек-Шымкент-Ташкен т.
2. Шымкент-Қызылорда-Ақтөбе-Орал-Самар а.
3. Алматы-Балқаш-Қарағанды-Астана-Қост анай-Ресей.
4. Майқапшағай-Семей-Павлодар-Омбы.
5. Челябі-Петропавл-Новосибирск.
6. Петропавл-Рузаевка-Жезқазған-Қызыло рда-Өзбекстан.
7. Астрахань-Атырау-Бейнеу-Түрікменбаш ы.
Транзиттік маңызға ие бұл автомобиль дәліздерінің Республика өміріндегі
алатын орны әрине, ерекше.
Республикамыз тәуелсіздік алған соңғы он жыл ішінде бұл бағытта қыруар
жұмыстар атқарылды.
1993 жылы Алматыда Экономикалық Ынтымақтастар ұйымына кіретін елдердің
Көлік министрлерінің кеңесі өтті. Кеңесте Ұйым аумағында көлік кешенін одан
әрi дамыту жоспары белгiлендi.1 Жоспарға сәйкес ЭЫҰ автомобиль жолдарының
желісі халықаралық Азия тас жолдарының бір бөлігі ретінде ұсынылып, бұл
желі түрлі аймақтардың инфрақұрылымы арасында тұрақты байланысты және ұйым
мүшелерінің теңіз порттарына шығуын қамтамасыз ету көзделдi.
1995 жылдың мамырында Қазақстан Республикасы 1975 жылғы халықаралық
магистральдар туралы Еуропалық Келісімге қосылды. Осы жылы Министрлер
Кабинеті (№552) Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын
дамыту және жетілдіру шаралары туралы қаулысын қабылдап, соған сәйкес
Республикада халықаралық дәліздер желісіне енетін автомобиль жолдарының
тізімі жасалынды және мұндай жолдардың қашықтығы 12 мың шақырымға
жеткiзiлдi. 2
Алайда, Республика жолдары Халықаралық автомагистральдар туралы шарт
негiзiнде құрылған Еуропа келісімі және Азиялық автомагистральдар
стандарттарының талаптарына сай келмейтін болып шықты. Қазақ жол ғылыми-
зерттеу институтының мәліметтеріне қарағанда Қазақстан автомобиль
жолдарының бүгінгі сапалық жағдайы қазіргі заман талаптарын мүлдем
қанағаттандырмайды екен. Институт қызметкерлері Республикадағы автомобиль
жолдарының 37%-ын I категориялы, 11%-ын II категориялы жолдар қатарына
жатқызып, барлығы 48%-ды құрайды десе, Дүниежүзілік Қайта құру және Даму
банкіның арнайы зертттеулері Қазақстанда автомобиль жолдарының тек 29% ғана
қанағаттанарлық жағдайда деп көрсетедi (I категориялы-20%, II категориялы-
9%).3
Мамандардың айтуынша Республикадағы жол пайдалану кешеніне тиiстi
дәрежеде қаржы бөлiнбегендiктен жылына 1500 шақырымға жуық жол пайдалануға
жарамсыз болып қалады екен.
Қазiргi кезеңде тасымалданатын жүктің 80 %-ы, жолаушылар тасымалының 75%-
ы автомобиль көлiгiнiң үлесіне тиеді.1 Бұл көрсеткіштер Республика
автомобиль жолдарының маңыздылығының қаншалықты екендігін бірден байқатады.
Бiрақ соған қарамастан Қазақстан автомобиль жолдарының төзімділігі мен
тегістігі тиiстi нормативке сәйкес келе бермейдi. Оған дәлел 2000 жылы
еліміздегі жалпы қашықтығы 85,9мың шақырым автомобиль жолдарының 85пайызы
III-IУ категориялы жолдарды құраған.
Автомобиль жолдарының мұндай сапалық көрсеткішінің күрт төмендеуін жою
мақсатында Қазақстан үкіметі 2000 жылдың 14 қазанында Жол қатынасының
кейбір мәселелері туралы және 5 желтоқсанында Республикалық деңгейдегі
автомобиль жолдарын классификациялау Ережесін бекіту туралы арнайы
қаулылар қабылдады. Онда Қазақстан аймағын-дағы жекелеген ведомстволық
жолдардың біраз бөлігін жалпы пайдаланымдағы жолдар қатарына қосу жөнiнде
шешім қабылдады. Бірақ бұл шешім тек Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңқыстау,
Павлодар және Қызылорда облыстарында ғана жүзеге асырылып, республиканың
басқа облыстарында орындалмады. Егемен Қазақстан экономикасының одан әрi
дамуы және осымен байланысты автомобиль жол желілерін кеңейту, олардың
техникалық деңгейін көтеру, жол қауіпсіздіген қамтамасыз ету сияқты
шараларға ерекше назар аударылуда. Әрине, бұл бағыттағы шешуші қадамның
бiрi - жол шаруашылығын қаржыландырудағы күрт бетбұрыста екендігі сөзсіз.
Осыған орай республикада 1997-2005жылдарға арналған автомобиль жолдарын
дамыту және жетілдіру бағдарламасы жасалынды.Онда ең алдымен халықаралық
маңызға ие жолдардың дамуына ерекше көңіл бөлінген. Республикада 2,3 мың
шақырым автомобиль жолын күрделi жөндеуден өткізу қажет деп табылды.
Олардың ішінде кезек күттірмейтін Алматы-Астана-Көкшетау, Хоргос-Алматы-
Бішкек, Шымкент-Орал-Самара автомагистральдары бар. Бағдарламаға сәйкес бұл
салаға 252млрд теңге жұмсау жоспарланған және оны қаржыландыру Дүниежүзілік
Банк, Еуропалық Банк, Азия Банкі, т.б халықаралық қаржы ұйымдарынан қолдау
тауып отыр.
Қазақстандағы автомобиль жолдарының төменгі техникалық деңгейі, жол
инфрақұрылымының баяу дамуы ақпараттық қамтамасыз етілуінің нашарлығымен
(автосервис) де байланысты. Халықаралық деңгейдегі республикалық басты
автомобиль жолдарының бойында автоқызмет көрсету, техникалық жөндеу
орындары, май құю бекеттері, кемпингтер, т.б объектілер тиiстi дәрежеде
жетiспейдi. Мұның өзi жол-көлік апаттарының басты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz