Қазіргі ғаламдық проблемалардың экономикалық жақтары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Қазіргі ғаламдық проблемалардың экономикалық жақтары1

Өркениеттіліктің ғаламдық проблемаларының мәні және классификациясы1

Қарусыздану - ғаламдық проблемаларды шешудің басты кілті3

Кедейлік, аштық, ауруды жою -интерұлттық міндет6

Ақпараттық өркениеттіліктің проблемалары7

Энергетикалық және шикізаттық, экологиялық проблемаларды шешудің планеталық масштабы, жерде тепе-теңдікті сақтау жолы10

Қазіргі ғаламдық проблемалардың экономикалық жақтары

Өркениеттіліктің ғаламдық проблемаларының мәні және классификациясы

«Ғаламдық проблемалар» термині алғашқы рет Батыс елдерінде 60-шы жылдарда пайда болып, әрі қарай кең көлемде таратыла бастады. Оның қазіргі анықтамалары сол елдерде алғашқы рет айтылды. Ғылыми әдебиеттерде «ғаламдық проблемалар» терминінен басқаларда қолданылады: адамзаттың ғаламдық проблемалары, өркениеттіліктің ғаламдық проблемалары, FTP-ның ғаламдық, проблемалары, дүниежүзілік экономикалық проблемалар, субғаламдық, әмбебаптық, жалпы дүниежүзілік және басқа да проблемалар бар. Ғаламдық ұғымы - франсуздың globol - жалпылама, латынның globoli-шар деген сөзінің қорытынды туындысы.

Демек, ғаламдық дегеніміз жер шарындағы көкейтесті мәселелер ауқымын қамту болып табылады.

Экономикалық даму мен географиялық жағдайының деңгейіне қарамай, ғаламдық проблемаларға әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді де жатқызамыз. Олар планетадағы барлық елдердің діңгекті мүдделерін қамти отырып, дүниежүзілік қоғамдастықтағы мемлекеттердің өзара әрекеттенуінің дәйекті жолдарын іздестіріп, бүгіндері өркениеттілік адамдар тағдырының өмірлік маңызы барлығын паш етуде. Ғаламдық проблемаларға мыналар жатады: дүниежүзілік өз ара соғысты болдырмау; қоршаған ортаны қорғау; дамушы елдердің экономикалық артта қалуын жою; энергетикалық, шикізаттық, азық-түлік және демографиялық проблемалар; дүниежүзілік мұхит байлығы мен бейбіт - жағдайда космосты игеру; ауруларды жою және басқалар.

Бұл проблемалар басқару тәсілі және экономикалық процестердің динамикасы, ұдайы өндіріс құрылымының әсерімен тығыз байланысты болып, жалпы экономикалық аспектіні айқындап көрсете түседі.

Ғаламдық проблемалардың ерекшелігі сол, оның барлығы адам тағдырына қатысты және оны шешуді тоқтату өркениеттілікті күйретумен бірдей немесе жердегі өндіріс қызметі мен өмір жағдайын деградациялау болып табылмақ.

Өркениеттіліктің болу негізі әртүрлі процестердің әсеріне ұшырап отырады:

- милитаризация мен қару-жарактану;

- қоршаған ортаиың төзімсіз ластануы;

- қауіпті аурулардың тарауы мен өсуі: СПИД, рак, нашақорлық т. б.

- дамушы елдердегі демографиялық процестердің асқыну салдарынан тақыр кедейлену, жұмыссыздық, сауатсыздықтың пайда болуы;

- жаппай мәдениеттілікті уағыздау әсерінен ұлттық мәдениеттің ыдырауы.

- дүниежүзілік мұхит байлығын бақылаусыз қанау.

Ғаламдық проблемалардың ерекшелігі сол, тек қана барлық мемлекет пен халықтардың саяси экономикалық, ғылыми-техникалық күштерінің бірігуі нәтижесінде шешуге болады.

Барлық халықтар адамзатты ядролық соғыс зардабынан құтқару, экологиялық катастрофаны болдырмау, дамушы елдердегі халықтардың кедейленуін барынша бетін қайтаруға мүдделі. Осы айтылған өмірлік сауалдардан дұрыс шешім қабылдау - халықтардың өмір сүріп кетуіне жағдай жасап, өркениеттіліктің дамуына сатылап көшу деген сез.

Қарусыздану - ғаламдық проблемаларды шешудің басты кілті

XX- шы ғасырдың 80-ші жылдарының екінші жартысында АҚШ пен бұрынғы КСРО арасында қару-жарақтану көз жетпейтін масштаб пен интенсивтенудің шарықтану шегіне жетті. Осы кезде дүниежүзінде 50 мыңға жуық әртүрлі соғыс зарядтарының қоры болып, олардың жалпы қуаты шамамен 15 мыңдай мегатоннаны құрады. Бұл дегеніміз 1945-шы жылғы Хиросимадағы атом жарылысының қуатынан миллион есе артық еді.

Адамзат тоталитарлық жойылудың адам айтқысыз қаупімен бетпе-бет келді. Мұралық қару-жарақты пайдаланып соғысуда ешкімде жеңімпаз болмақ емес, тіпті адамзат ұрпағы толығымен тып-типыл болады.

Ғаламдық соғыс шығындары 80-ші жылдардың ортасында жыл сайын 100 млн. адам-жылға (человек-лет) жетті. Соғыс дайындығына әдетте «еркін емес», «тегін емес» ресурстар пайдаланылады. Оларға әлемдік ресурстардың көптеген мөлшері жұмсалады. Ол адамзат дамуы мен өмір сүруі үшін ең қымбат, ең қажетті ресурстар еді. Соғыс қару-жарақтарына жұмсалған көптеген ресурстар ғаламдық масштабта көптеген зиян келтіреді. Олардың зияндылығы, тіпті, дүниежүзіндегі елдерде болған жер сілкінісі, қуаңшылық, су тасқыны, тайфундар мен басқалай стихиялық жағдайлардан әлденеше рет асып кетеді.

Соғыс және соғыс тұтыныстары К. Марсктің сөзімен айтқанда: «тікелей экономикалық қатынастарда сондай болып көрінеді, егер бар ұлт суға өзінің капиталының белгілі бөлігін лақтырса».

Әдетте қару-жарақтану күрделі саяси, әлеуметтік және экономикалық шығындарға алып барады. Қоғамдағы ғылыми-техникалық прогресс жетістігі қару-жарақтануды өсірумен емес, оны қысқартумен бағаланады. Экономиканы демилитаризация жасамай, дүниежүзілік ынтымақтастық болмай тіпті соңғы есепте басқа да ғаламдық проблемалардың өзі шешілмек емес.

Совет Одағы 1987 жылғы тамызда Нью-Йорктегі Халықаралық конференцияда «Даму үшін қарусыздану» деген халықаралық қорын құруды ұсынады. «Стратегиялық, бағыттағы қару-жарақты қысқарту мен шектеу Шарты» (СНВ-2) бойынша аса жай және дүниежүзілік соғыстың туу қауіпін дегенмен шектеді. Мәскеуде екі ірі мұралық, державалар -АҚШ пен Ресей -1993 жылы қаңтардың 3-ді СНВ-2 шартына қол қойды. Шарт талабына сай стратегиялық қару арсеналын 2003-і жылға дейін қазіргі деңгейдің 2/3 бөлігіне қысқартуды аяғында БҰҰ-на қабылданып, дүниежүзілік іс-әрекеттерге қатыстырылу мүмкіндігіне ие болды. Сөйтіп Қазақстан мұралық қаруды таратпау шартына қосылды. Ядролық қаруды сынау полигоны Семей жауып, мұралық зарядтары бар алысқа атылатын ракеталардан босатылады. Қазақстан Республикасы жер планетасында алғашқылардың бірі болып мұрасыздық зонаға айналды.

Мұралық, қару АҚШ пен Ресейден басқада елдерде бар. Олар: Ұлыбритания, Франция, Қытай. ҚХР-сы 1996 жылы маусымның 29-да Лобнор полигонында кезекті ядролық сынақ жасап, оған енді мораторий болғанын хабарлап, ядролық сынақты тоқтату шартына қосылды.

Соғыс ресурстарын бейбіт мақсатқа жұмсауды көздеу - конверсия-қарусыздану жағдайында соғыс өндірісін мен қызметтерін бейбіт рельске көшіру. Конверсияны жүзеге асыру жаппай қаруланудың, әлеуметтік-экономикалық салдарының келеңсіздігін жойып, тұрғындардың әл-ауқатының көтерілуіне оң ықпалын жасайды.

Конверсия жоспарын жасау халықаралық ынтымақтастықтың жаңа даму жолын айқындайды. Ол дегеніміз қарусыздану мен «ядролық қауіпті» жою мақсатындағы ұлттық шаралардың жүзеге асуы. Ядролық қарусыздану мен жаппай қарулануды жою ғаламдық проблемаларды шешудің басты кілті болмақ.

Кедейлік, аштық, ауруды жою -интерұлттық міндет

Жер шарының көп бөлігін қамтып отырған ғаламдық проблемалардың бірегейі - кедейлікті, аштықты, ауруды жою болып отыр. Қазіргі уақытта Жер бетінде адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған ашаршылық көптеп белең алуда.

БҰҰ-ның мәлімдеуінше дамушы елдерде 800 млн. астам адам немесе тұрғындардың 40 % абсолютті кедейлік жағдайда өмір сүруде. Болжам бойынша 2000 жылға дейін кедейлер саны 1, 2 млрд. адам болмақшы. Дамушы елдерде 1980 жылы аштықтан 50 млн. адам қайтыс болған, ал оның 15 млн. сәбилер. Азық-түлік жағдайы төмендеп, оны өндіру өсімі кеп елдерде «жеп қойылды». Ол тұрғындардың өсуімен жұтылуда. Демек, дамушы елдерде кедейлік, аштық, аурудың асқынуы демократиялық, процестермен байланысты. Дамушы елдерде астықты импорттау жоғарғы қарқынмен өсуде: жылына 70-ші жылдың басында - 30 млн. т., 1975 ж. - 80 млн. т., 1990 ж. - 135 млн. т, ал 2000 ж. -226 млн. т., болып 37 млрд. АҚШ долларын құрамақ. Көптеген елдерде мұндай ақша жоқ та. Әдетте, астық импортына кедей елдер мұқтаж екені белгілі.

Бар ресурстар мен халық саны ара қатынасының алшақтығы өсуде. Қазіргі кезде жер бетіндегі адамзат 6 млрд. құраса, келесі ғасырда 8-14 млрд. өседі деп көзделуде, соның 90%-тен астамы ең кедей мемлекеттердің үлесінде болмақ.

Екінші дүниежүзілік соғыстан соң, жаппай қарулануға кеткен жалпы тікелей шығындар 6 трлн. доллардан асқаны белгілі болып отыр. Жыл сайынғы соғыс шығындары шамамен триллион доллар құруда. Қазіргі жаппай қарулану қарқынын ескерсек, дүниежүзінде жалпы соғыс мақсатына жұмсалатын шығындар кем дегенде әрбір 15 жыл сайын екі есе артып отырмақ.

Дүниежүзіндегі қару-жараққа жұмсалатын шығындар дамушы елдерді қажетті тамақ-тағамдармен және медициналық көмекпен қамтамасыз етуге жетер еді.

Дәлірек айтсақ, қарусыздану адам және дүниежүзілік ресурстарының белгілі бөлігін сақтап қалуға көмектесер еді. Ал одан қалғандарын дүниежүзілік қауымдастық шешімімен қоршаған ортаны қорғауға, ауруды жоюға, азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағыттауға болады.

Ақпараттық өркениеттіліктің проблемалары

Планетамыздағы дамыған елдер индустриалды дәуірден постиндустриалдыға, өркениетті ақпараттық дәуірге өтуде. Туып келе жатқан ақпараттық қатынастар планетадағы барлық елдерге оның экономикасының дамуы мен сипатының деңгейіне қарамай-ақ (рыноктық па, әлде рыноктық емес пе) әсер етуде. Қазіргі уақытта дамыған елдерде кешенді сапалар тез қалыптасуда. Әдетте, олар өндіріс сферасына ақпараттық технологияның енуімен, жоғарғы тиімділікті компьютер жүйесін өңдеумен байланыстырылады. Алыс қашықтарға телекоммуникациялық, космостық, оптико-волокондық байланыстар жүйесі арқылы ақпараттық қорларды тасымалдайды. Нәтижесінде компьютерлік және коммуникациялық жабдықтар өндірісі жоғары деңгейге көтерілді.

Дүниежүзіндегі бірқатар өркениетті елдерде ақпарат индустриясы даму деңгейі жағынан материалдық өндіріс сферасынан асып түсуде. Мысалы, АҚШ пен Жапонияда ақпараттық өндіріс сферасында 50-% ке жуық еңбек ресурстары қамтылған.

АҚШ-тың Ұлттық ғылыми қорының болжауынша ХХІ-ші ғасырдың басында бұл тенденция өсе түседі. Егер ғылыми қызметтер, инженер, техниктерге сұраныс 36%-ке өссе, есептеу техникасындағы мамандарға 70%-ке, программистерге 70% -ке дейін өспек.

Дүниежүзілік қауымдастықта ақпараттық рынок пайда болып, онын 30% американың ақпараттық корпорациясына жатады. Ақпараттық бизнес қарқынын үдетуде және қызмет көрсету көлемін ұлғайтуда. Егер 80-ші жылдардың басында жетекші ақпараттық компаниялардың табысы әлденеше миллион доллардан аспаса, қазіргі компьютерлік қызметті он миллиардтаған доллар көлемінде сатып отыр.

Бұл деген жалпы әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесінде -ақпараттық қатынастардың - К. Маркс дәуіріндегі қоғамдық қатынастардың түрі ретінде тезірек ұлғайып, барынша қарқынды күш алуда.

Ақпараттық қатынастың үдеуі өндірістің дамуы мен интеллектуалдық құндылықтарды қарқынды пайдаланумен түсіндіріледі. Құндылықтарға: білім, ақпараттар, ғылыми-техникалық, жаңалықтар, алгоритмдар, ресурстар жатады. Ақпараттық қатынастар дерлік барлық әлеуметтік-экономикалық жүйелерге әсер етеді.

Ғалымдардың ойынша, ақпарат - қоғамдық өндірістің жаңа қызметтік категориясы ретінде, оның ерекше және маңызды компоненті болып табылады.

Осыған байланысты ғалымдардың есептеуінше, ақпараттық өркениеттілік дәуірінде ұдайы ұлғаймалы өндірістің жаңа типі қалыптасуы көбінесе интеллектуалдық факторлармен байланысты.

Экономикалық теория ғылымы өндіріс заңдары, бөліну мен тұтыну, материалдық игіліктерді ерекше түсіндіре отырып, ақпаратпен жақындаса түседі. Өндіріс заңдары мен ақпараттық ресурстарды қолдануды ақпараттық ғылым дейміз. Ақпараттанудың негізгі бағыт-бағдары жаңа халық шаруашылығы сферасын қалыптастырып, қарқынды дамыту, ол дегеніміз ақпараттық индустрия.

ТМД елдері мен Қазақстан үшін экономиканы ақпараттандыру - алыс келешектің міндеті. Бұл үшін ТМД елдерінде қосымша көп қаржы қажет етеді. Соған қарамастан Қазақстан Республикасы рынокқа өтудің екінші бағдарламасы ретінде телекоммуникацияны жедел дамытып, технологиялық артта қалуды жоймақшы.

Қазақстан Республикасы экономиканы ақпараттандыруда дүниежүзілік қауымдастықта қалыптаскан оң тәжірибені іске асырмақшы. Дүниежүзілік экономиканы ақпараттандыру процесінде өз орнын төмендегідей көрсеткіштермен айқындап алмақ:

- жалпы айналысатын тұрғындар санының ішінде ақпараттық сектормен айналысатындардың болуы;

- шаруашылық сапалары бойынша ақпараттық қызметтерді бөлуі;

- бүгінде бар ақпараттық технология типтері мен олардың өзара арақатынасы;

- жалпы ұлттық ақпарат берілу көлеміндегі прогрессивтік ақпараттық технологияның мөлшері;

- жиынтық қоғамдық өнімдегі ақпараттық өндірістің үлесі.

Мұндай критерийлер дүниежүзінде басқа елдерде де қабылданған. Оларды Қазақстан Республикасы экономика ақпараттындыру ұлттық бағдарламасының негізгі ретінде алуға болады.

Энергетикалық және шикізаттық, экологиялық проблемаларды шешудің планеталық масштабы, жерде тепе-теңдікті сақтау жолы

Энергия тұтынудың құрылымы мен деңгейін анықтайтын экономикалық өсу бастапқы энергияның барлық түрлерінің өндірісінің айтарлықтай өсуіне әкеледі. Егер қазір әлемдік энергия тұтыну 20 млрд. тонна кесілген отын құрайды, ал XXI ғасырдың ортасында (болжам бойынша) 30-38 млрд. тоннаны құрамақ.

Қайта өндірілетін ресурстар (су энергиясы, жел, күн энергиясы) мамандардың бағалауы бойынша әлемдік энергия тұтынудың 1/3 қамтамасыз ете алады. XXI ғасырда энергияның көп бөлігі ядролық отын есебінен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚПАРАТТЫҚ ӨРКЕНИЕТТІЛІКТІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Қоғамдағы демографиялық және экономикалық проблемалар
Экологиялық мектептердің қалыптасуы
Озон қабатының таусылу проблемалары
Жаһандану
Әлеуметтік – экологиялық проблемалар және өзекті мәселелері
Демократиялық мемлекеттің құрылыс формасы мен режим
Глобализация және әлемдік қауіпсіздік
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ
Әлемдік мәселелердің экономикалық жақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz