Еліміздегі дәрі - дәрмек нарығы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Еліміздегі дәрі-дәрмек нарығы.

Адамның жаны - қай жері ауырса сол жерде дегендей бір жеріміз ауырса дәрі-дәрмекті пайдаланатынымыз рас. Кейде дәрiгердiң рұқсатынсыз-ақ осыдан жазылып, айығып кетемiн-ау деп бiрнеше дәрiнi бiр мезетте сатып алып, бас салып iшетiнiмiз бар. Оның сапалы, сапасыз дәрi екендiгiн біз сияқты қарапайым тұтынушы айырып болмас.

Кез-келген дәрiханаға бас сұқсаңыз шет елден импортталатын дәрi-дәрмектiң саны басып тұрады. Жаныңа батқан дертiңе шипа боларлықтай дәрiнiң бiр емес, бiрнеше түрi бар. Кейде қайсысы күштi, тез қойдырады немесе сапасына қарай қымбатын алсам ба екен деп ойланып қалатының рас. Сол жердегі сатушы фармацевт маманнан сұрасаң өзiмiздiң отандық өнiмдi емес, "қымбат болғанмен сапалы" - деп шетелдiк дәрiнi жарнамалай кетедi. Өз денсаулығымнан ненi аяймын дейтiн тұтынушы, кез келген азамат маманның дегенiне көніп айтқан дәрісін сатып алады. Алайда, шет елден импортталатын дәрiнiң бәрi сапалы ма? Міне бүгінгі күннің басты ойландыратын өзекті сүрақтарының бірі осы.

Дерек көздеріне жүгінсек 2005 жылы еліміздегі дәріханалар саны 2, 5 мыңдай болса, қазіргі кезде 3 мыңға жеткен. Кейбір елді мекендерде дәріхана атымен жоқ. Осындай дәріханаларды мамандардың бақылау барысында дәрілердің 30% самопал, тіркеуден өтпеген заңсыз болып шыққан. Ойлап қарасаң елiмiзге экспортпен әкелiнетiн дәрiлерге министрлiк тарапынан арнайы бақылау жүргiзiлмейтiнi сияқты. Министрлiк мұндай бейберекетсіздігін, жайбарақаттығын пайдаланып жүрген фармацевт-мамандар қымбат әрi жұрттың көп қолданатын дәрiлерiн астыртын, ешбiр күмән туғызбайтындай етiп жасайды екен. Тiптi, тексеруден немесе тiркеуден өтпей сатыла беретiн дәрi де жоқ емес. Ол ол ма, мерзiмi өтiп кеткен дәрiлер де байқаусызда қолыңызға тиiп қалса, таңқалмаңыз. Мiне, бүгінгі еліміздегі қадағалау мен тәртiптiң жоқтығы бей-берекетсiздiк пен оспадарлыққа жол салып беруде.

Бiр өкiнiштiсi, елiмiз шет елге жылына 400 миллион АҚШ доллары көлемiндегi дәрi-дәрмекке тапсырыс бередi екен. Бұл қаржының аз ғана бөлiгi отандық өнiмге, қалғаны, яғни, 92 пайызға жуығы импортталуға жұмсалатын көрiнедi. Ал фармацевт-ғалымдар осы қаржының едәуiр бөлiгiн өз елiмiздегi дәрi-дәрмек өндiретiн зауыт өндiрiсшiлерiне берсе, баяғыда-ақ отандық фармацевтика дамып кететiн едi дегендi алға тартады. Арнайы дәрi бизнесiмен айналысатын кәсiпкерлер елге сапасыз емес, сапалы дәрiнi тасымалдаса, әңгiме басқа. Өйткенi, дәл жаңағыдай жасанды әрi сапасы төмен дәрi-дәрмектер көбiнесе шет елден импортталады екен. Есеп комитетінің мәлімдеуі бойынша сырттан әкелінген 5, 6 млн теңгенің дәрі дәрмек өнімдері мемлекеттік тіркеуден өтпеген.

. Елімізде қазіргі таңда фармцевтика қызметімен 9000 астам мекеме айналысады екен. Солардың ішінде бастыларын атап өтер болсам, олар: Павлодардағы «Ромат», Ақтөбедегі «Актюбренгтен», «Екафарм», Шымкенттегі «Химфарм». 120 жылдық тарихы бар қайта европалық үлгіде жасақталған Santo маркасымен танымал «Химфарм» зауыты қазіргі таңда ISO 9000 халықаралық сертификатын алған. Отандық бүкіл фарма өнімдердің 60% дан астамы осы кәсіпорында шығарады. Компания экспортының көлемі 47% өсіп, қазір SANTO препараттары көптеген елдерде Ресейде, Украинада, Өзбекстанда, Тәжікстанда, Болгарияда табысты сатылуда.

Фармацевтика саласын тексерген Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мәлімдеуі бойынша:

«Денсаулық сақтау министрлігі мен оның дәрі дәрмекке бақылау жасаушы аумақтық басқармалары сырттан келетін фармацевтика өнімдеріне жеткілікті деңгейде сараптама жүргізбейді. Фармация комитеті мен аумақтық басқармалар елімізде тіркелген дәрі өнімдері туралы ақпараттарды кеден орындарын хабардар етуде, дәрілерді сырттан әкелу және сыртқа шығару мөлшерін анықтауда технологиялық кестелер жасамаған», деген 2007 ж қорытынды шығарды.

Сонымен қатар дәрі дәрмекті қамтамасыз етуді басқарудың ақпараттық жүйесін құруға 50 млн теңге жұмсалғанымен бұл мәселе соңына дейін жеткізілмеген. Атап өтер болсақ кедендік бақылау комитеті мен ақпарат алмасуда жұмыс істеу мәселесін жүзеге асыру 2006 жылы жоспарланса да ол аяқсыз қалған. Фармация комитеті сырттан келген дәрі дәрмектердің сапасына қарай берілген сертификаттардан мүлдем хабарсыз. Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитет басшылығы да сертификаттардың берілгендігі туралы мағлұмат алмаған. Мемлекеттік стандарттау комитеті мен кеден органдары сертификаттардың растығын дәлелдейтін ақпараттық жүйені қалыптастырмаған.

Осы секілді түсінбеушілік әрекеттер мен кемшіліктерден еліміздегі дәрі дәрмек нарығына сапсыз өнімдер, қолдану мерзімі өтіп кеткен, сертификатталмаған дәрілер келуіне жол ашылуда. Бұған себеп:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық сақтау (фармация) саласын стратегиялық басқару
Қазақстанның инвестициялық саясатын талдау
Отандық фармацевтік салалардың бәсекеге қабілеттілігі
Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартуды талдау
Бесінші жолы, отандық фармацевтикалық заттардың өзіндік құнын төмендету арқылы оның нарықтағы өнімділігін арттыру
ҚР-дағы денсаулық сақтау сферасында маркетингтің дамуы
Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс туралы
Қазақстандағы дамыған мемлекеттердегі тұтыну, және күнкөріс минимумы, ең төменгі жалқыны талдау
Ветеринариялық дәріхананың құрылымы
Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерліктің даму жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz