Елдің төлем балансы
Елдің төлем балансы
Кез келген елдің дүние жүзінің басқа елдерімен экономикалық
байланыстары оның төлем балансында қамтып көрсетіледі.
Төлем балансы дегеніміз уақыттың белгілі бір межелдемесінде бір елдің
дүние жүзінің басқа елдерімен шаруашылық операцияларды жалпы қорытып
көрсететін көрсеткіштердің жүйесі. Ол мына бөлімдерді қамтиды:
ағымдағы есеп (сауда балансы);
капиталмен және қаржылармен болатын операциялардың есебі (күрделі
есеп);
резервтік активтер;
таза қателер мен рұқсатнамалар.
Мемлекеттің әлемдік нарықтағы жетістіктері мен жалпы әрекеттерінің
айнасы ретінде төлем балансын қарастыруға болады. Шынында да төлем
балансының ішіне елдің барлық жасаған қарым-қатынасының әкономикалық жағы,
яғни сандық мәні енеді. Ал халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша
оның құрамына – операциялар балансы мен капитал қозғалысының балансы
жатады. Елдің барлық іс-әрекеттері мен сауда операциялары төлем балансында
көрініс алады.
Елдің экспорттық операциялары (тауар экспорты, қызмет экспорты) елдің
импортынан артық болған жағдайда төлем балансын активті (оң), ал кем болған
жағдайда пассивті (теріс) сальдолы деп атаймыз. Оң төлем балансы импортқа
қажет шетел валютасымен қамтамасыз етіледі.
Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:
1) ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар
(мемлекеттік және жеке тұлғалардың);
2) капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар –
тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы;
3) тұрақтандырушы тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы, ХВҚ
(Халықаралық валюта қоры) қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері;
4) қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының, несиелердің
өзгерісі.
Төменде берілген негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге қарайық.
Бұл кестеден көріп отырғанымыздай Қазақстан Республикасының сальдосы 1998
ж. теріс болды, ал қалған жылдары оң сальдо байқалады. Демек, 1998 ж. елдің
экспорт операциялары импортқа қарағанда аз болып, шетел валютасының
тапшылығы пайда болды. Бірақ елдің теріс сальдосының нәтижесі экономикаға
қатты әсер еткен жоқ, себебі тапшылық көлемі үлкен болған жоқ және де ол
ұзақ уақыт бойы қайталанған жоқ.
Төлем балансының экономикаға әсері валюта бағамына әсер етуі арқылы
жүреді. Шынында да сальдоның өз алдына тек сандық сипаты және статистикалық
мәні болады, оның еш экономикалық мағынасы жоқ. Ал валюта бағамы елдің
тауар айналымын жүргізеді. Ол елдің ішіндегі өзінің 5 функциясын (қызметін)
орындауына бағамымен әсер етуінде, себебі қазіргі заманда әлемдік
экономикаға қатысу елдің жалпы дамуының негізге алғышарттарының бірі.
Сондықтан да валюта бағамын толығырақ қарастырайық.
Егерде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгемен басқа елде,
мысалы Ресейде сауда жасасаңыз ол төлем бола алмайды. Себебі Ресейде
мемлекет белгілеген өзіндік валюта бар. Ал егерде Ресей азаматтары ҚР
аумағында сауда жасауға ниет білдірсе, онда ол төлем құралы ретінде “теңге”
валютасын қолдануы керек. Мысалы, қазақстандық бір компания Ресейдің сатып
алушы қазақстандық жабдықтаушыға қанттың құнын теңгемен төлеуі қажет,
себебі қазақстандық жабдықтаушы өз еліне теңгемен салық, жалақы және т.б.
төлемдер төлеуі қажет. Ал сатып алушының қолында өзінің ұлттық валютасы
ғана бар. Осындай себептерден валюталарды айырбастау қажеттілігі туындайды.
Ондай қажеттілікті валюта нарығы арқылы қанағаттандырады. Оның ең басты
алғышарты “екі әр түрлі ұлттық валюталарды қолдану мәселесі” болып
табылады. Мысалы, Қазақстандағы валюта нарығында адам демалуға, жұмыс
бабымен, оқуға бара жатқан кез келген елдің валютасына теңгені айырбастай
алады, ал шет ел азаматтары теңгеге өз валютасын айырбастауына мүмкіндік
бар. Ал айырбастағанда валюта белгілі бір қатынаспен, бағаммен
айырбасталады.
Ағымдағы есеп мыналарды қамтып көрсетеді: тауарлармен жасалынатын
операцияларды — экспорт пен импортты; қызметтер көрсетуді — жүк, жолаушылар
тасымалы, байланыс, туризм қызметтері; техникалық көмек; қарыздардан,
кредиттерден алынатын табыстар; трансферттер; ізгіліктік көмек; техникалық
жәрдемдесу; гранттар. Қызметтер көрсету факторлық және факторлық емес болып
бөлінеді. Факторлық, қызметтер көрсету өндіріс факторларын — еңбек пен
капиталды пайдаланудан алынған табыстардан түрады, бұл қызметшілерге
берілетін өтемақылар, инвестициялар мен резервтерден түсетін табыстар;
капиталдан түсетін табыстар дивидендтер, пайыздар, басқадай табыстар
түрінде болуы мүмкін. Факторлық емес қызметтер көрсету жүк және жолаушылар
тасымалдарын, байланысты, туризмді, көрсететін консулътациялық және оқыту
қызметтері түріндегі техникалық көмекті және бірқатар қызметтер көрсетуді
кіріктіреді.
Капиталмен және қаржылармен жасалынатын операциялардың шоттары тура
шетелдік инвестицияларды тартуды немесе капиталдың шетелге қайтуын,
қоржынды инвестицияларды, мигранттардың (жылыстау және құйылым)
трансферттерін, коммерциялық кредиттерді, қарыздарды, басқа инвестицияларды
(депозиттерді, валютаны және т.т.) бейнелеп көрсетеді.
21.3 кесте. Қазақстан республикасының жиынтық төлем балансы
КӨРСЕТКІШТЕР ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz