Еңбек нарығының қызметтері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Еңбек нарығы
Енбек нарығында бiрнеше ерекшелiктер болады. Осыны кұратын элементтерге
жұмысшы күшiн иемденетiн адамдар жатады. Бұларға психофизиологиялық,
әлеуметтiк, мәдени, дiни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы
ерекшелiктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсендiлiк
дәрежесiне елеулi әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал
етеді. өндірістік ресурстардың басқа барлық түрлерінен еңбектің басты
айырмашылығы – еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік
мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы – ресурс
бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тіршілік дәрежесінің, әлеуметтік
мәртебенің, жұмыскердің және оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны
болып табылады. Сондықтан, еңбек нарығы категориясын зерттеп талдағанда
адамгершілік элементтер барын, олардың көлеңкесінде жанды, жаны бар адам
бар екенін естен шығармау қажет.
Еңбек нарығы – бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы,
бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыынысытың ібір-
біріне әсер етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар
нарықтың агенттері, - еңбек нарығында өзара қатынастыр болады. Сондықтан
еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономикалық агенттердің
арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі
және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын (қалыптасаытын) экономикалық орта
немесе болмыс болып табылады.
Еңбек нарығының қызметтері қоғам өміріндегі еңбектің рөлімен
белгіленеді, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың өте маңызыды көзі.
Экономикалық бағыттан еңбек дегеніміз өте маңызды өнлдіірістік ресурс
(фактор) болып табылады. Осыған сәйкес еңбек нарығы басты екі қызмет
атқарады. әлеуметтік функцияға адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс
халының әдеттегідей дәрежесінің қамтамасыз етілуі және жұмыскердің
өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеде ұдайы өндіруінің қамтамыз етілуі
жатады. Еңбек нарығының экономикалық функциясына еңбекке рационалды тарту,
оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады. Еңбек нарығы бірсыпыра ынталандыру
функцияларын атқарады, олар бәсекелестік қабілеттің күшеюіне,тиімділігі
жоғары еңбекке ынтаның өсуіне, квалификацияның жоғарлауына, мамандықты
ауыстыруға т.б. мүмкіндік тудырады.
Бәсекелік еңбек нарығының классикалық үлгісінің негізін мынандай
принциптер құрайды: фирмалардың ынталарын бейнелейтін және еңбекке сұраныс
жасайтын жұмыс берушілердің көп болуы; жұмысшы күшіне иелік ететін және
оның ұсынысын жасайтын жұмыскерлердің көп болуы. Еңбек нарығындағы
субъекттердің тәртібі рационалды болады, олардың мүдделеріне жетуді және
пайда табуды көздегендігімен белгіленеді. Олар үшін еңбек нарығында еркін
әрекет жасауына елеулі кедергілер болмайды. Жұмыс берушілер ұсынатын жұмыс
орындары және жұмыскерлер үсынатын жұмысшы күші біркелкі болады. Жұмыспен
қамтудың саны мен көлемі жұмыскерлер санымен өлшенеді.
Икемді нарықтың механизмі баға арқылы жүзеге асырылатын еңбек нарығы,
жетілген бәсекелік нарығы болып сипатталады. Осындай нарықта жекелеген
жұмыс берушілер, жекелеген жұмыскерлер жалпы нарықтық ситуацияға әсер ете
алмайды: жалақаның тепе-теңдік ставкалары жекелеген фирмалардың немесе
жұмыскерлер топтарының әрекеттеріне тәуелді болмайды, олар жалпы
конъюнктурамен, яғни нарықтық процестің барлық мүшелерінің жалпы өзара
әсерлерімен белгіленеді.
Бәсекелік еңбек нарығында еңбекке сұраныстың қисық сызығының еңкеуі
теріс бұрышты болады: жалақының жалпы дәрежесі өскен сайын еңбекке сұраныс
төмендей түседі. Көлденең білік – еңбектің саны (Q), тік білік (P) –
жалақының ставкасы (1-сурет).

1-сурет.
2-сурет.
Еңбек сұранысы қисық сызығының оң еңкею бұрышы болады, жалақының
жалпы дәрежесінің өсуімен бірге еңбек ұсынысы өсіп отырады (2-сурет).
Жұмысшы күшіне сұраныс, жиынтық сұраныспен есептесе отырып, тауарлар мен
қызметтер өндіру үшін, тиісті квалификациясы бар жұмыскерлердің белгілі
санымен, жұмыс берушілердің жалдауға қажеттілігімен белгіленеді. Жұмысшы
күшінің ұсынысы еңбекке қабілетті жастағы адамдардың өздерінің қабілеттерін
әдеттегідей ұдайы өндіру керек қажеттіктермен және жиынтық экономикалық
ұсыныспен есептесе отырып, жақсы хал-жағдайды қолдап тұруға жеткілікті
қажеттіліктермен белгіленеді. Сұраныс та, ұсыныс та әртүрлі факторлардың
әсерімен қалыптасқан баға дәрежесімен, шығындармен, жалақымен, еңбек
өнімділігімен, адамдардың санымен, жұмыскерлердің квалификациялық –
мамандық құрылымымен, несие-қаржы, салық, заң жүйесімен, кәсіподақтардың,
мәдени, діни және басқа ұйымдардың қызметтерімен қалыптасады. Сұраныс (DD)
пен ұсыныстың (SS) қисық сызықтарының қиылысуы жалақының тепе-теңдік
дәрежесін (PE) көрсетеді де жалақының осы дәрежесінде экономикада толық
жұмыспен қамту байқалады: Qe – еңбекке сұраныс еңбек ұсынысына тең (3-
сурет).

3-сурет.
Жетілген бәсеке жағдайында жалақының тепе-тңдік жәрежеден ұзақ мерзім бойы
ауытқуы мүмкін емес. Жалақының шамамен тепе-теңдік дәрежеден артық өсуі
фирма жағынан еңбекке сұранысты төмендетеді. Сонымен бірге жұмыскерлер
дағынан еңбек ұсынысын өсіреді. Мұның салдарынан еңбек ұсынысының
артықшылығы пайда болады. Осы арқылы пайда болатын жұмыссыздық жалақы мен
оның тепе-теңдік дәрежесінің жылжуына ықпал етеді. Жалақы осы дәрежеден
төмендеп кеткен болса, керісінше процесс жүреді. Түбінде еңбектің бәсекелік
нарығы еңбекке сұраныс пен еңбек ұсынысының жалпы тепе-теңдігімен және
жалақының тепе-теңдік дәрежесімен сипатталады.
Еңбек нарығы монопсониямен (олигопсониямен) сипатталуы мүмкін. Бұл
жағдайда ұсыныс жағында тек жалғыз (немесе бірнеше) фирма жұмыс беруші
болады. Бұнда жалақы ставкалары осы фирма – монопсонистің шешіміне өте
елеулі дәрежеде тәуелді болады. Кәсіподақтардың маңызды рөліне байланысты,
еңбек нарығының юнионизациялаушы дәрежесі жоғары болуы мүмкін. Осы жағдайда
кәсіподақтар болып ұйымдасқан жұмыскерлердің жекелеген топтары жалақының
нақты көлемін оын ңтепе-теңдік дәрежесінен арттыра алады. Бұл көп емес
жағдайда еңбек нарығында негативтік өзгерістер тудырады.
Дамыған елдердің көбінде заң жүзінде жалақының минимумы белгіленген.
Бұның мақсаты – кедейліктің дәрежесін төмендету және төмен квалификациялы
жұмыскерлердің хал-жағдайын қолдау.
Номиналдық және нақты жалақы болатынын айыра білу керек. Номиналдық
жалақыға жұмыскерлерге төленген ақша сомасы, ал нақты жалақы – бұл
тауарлардың болып тұрған баға дәрежесінде төленген жалақының ақшалай
сомасына жұмыскерлердің сатып алатын тауарларының саны. Жұмыскерге теңге
түрінде төленген номиналдық жалақыны баға дәрежесіне бөлсек, нақты жалақы
шығады.
Жалпылама түрде еңбек нарығының негізгі екі сегменті болады: тәуелсіз
бен бағынышты жұмыс орындарының біріншілік нарығы және екіншілік жұмыс
орындарының нарығы. Бірінші жұмыс орындарының бірінші сегментінде жоғары
дәрежелі және арнаулы орта білімі бар жұмыскерлер, әкімшілдік – басқару
персоналы, жоғары квалификациясы бар жұмыскерлер, әкімшілдік-көмекші
персонал, инженерлік-техникалық жұмыскерлер еңбек етеді. Осы топтың
жалақысы салыстырмалы түрде жоғары болады және оларға жұмыспен қамтудың
белгілі кепілдігі беріледі. Екіншілік жұмыс орындарынан тұратын екінші
сегмент арнаулы дацындықты және жоғары квалификацияны тілемейді. Бұған
квалификациясы жоқ жұмысшылар, қызмет көрсететін жұмыскерлер,
қызметшілердің төменгі категориясы жатады.
Еңбек нарығы – бұл бәсекелік нарық. Оның құрылымдық –функционалдық
ұйымдастырылуының өте күрделі болғандығынан, қашан болмасын, жұмыс орындары
мен еңбек ресурстарының арасында белгілі сәйкес келмеушілік болады. өзін
алмастыруға жоғары квалификация талап ететін, жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНДА ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қызмет көрсету нарығының қызмет ету мәні және негізгі принциптері
Жұмыспен қамту саясаты
Ұлттық банктің ақша айналысын басқаруы
Еңбек нарығының компоненттері, қызмет ету механизімі
Жұмысбастылық пен жұмыссыздық
Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы туралы
Қазақстанда сақтандыру нарығының қалыптасу кезеңдері және қазіргі жағдайы»
Тұтыну Жеке тұтыну
ҚР -ғы нарықтық экономиканың қалыптасуының теориялық негіздері
Пәндер