Еуропалық валюта жүйесі туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Еуропалық валюта жүйесі

Еуропалық Одақ шеңберінде өткен күрделі келіссөздердің нәтижесінде 1979 жылы Еуропалық валюта жүйесі құрылды.

Еуропалық валюта жүйесі - ұлттық валюталардың экономикалық интеграция шеңберінде қызмет етуімен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығын көрсететін халықаралық (аймақтық) валюта жүйесі.

Еуропалық валюта жүйесі үш элементтен тұрады: 1) ЭКЮ - Еуропалық Валюта жүйесінің негізі; 2) валюта курстары мен интервенцияларының механизмі; 3) валюта курсын тұрақтандыру үшін қолданылатын кредиттеу (несиелеу) механизмі.

Еуропалық валюта жүйесінің алдына мынадай міндеттер қойылады:

- Еуропалық Одақ елдері ішінде сенімді валюталық тұрақтылықты орнату;

- тұрақты түрде даму стратегиясының негізгі элементі болу;

- экономикалық даму процестерінің байланысын нығайтып, еуропалық ынтымақтастыққа жаңа еркін беру;

- халықаралық экономикалық және валюталық қатынастарға тұрақтандырушы фактор ретінде әсер ету.

Еуропалық валюта жүйесінің атқарушы механизмі ЭКЮ-ді қалыптастыру және реттелетін жүйе арқылы жүзеге асады.

Еуропалық валюта жүйесі валюталық резервтердің Одаққа мүше елдердің бәріне бірдей ортақ болуына кепілдік береді. Еуропалық валюта жүйесінің қызмет етуі және дамуы “Делор жоспары" дегенмен тығыз байланысты.

Еуропалық Одақтың көрнекті қайраткері Ж. Делор Еуропа валюталарын біріктіру жөнінде үш сатылы жоспар ұсынды. 1) Еуропалық Одақтың жекелеген елдері арасында үйлестірілген экономикалық және валюталық саясатты жүзеге асыру; 2) Еуропалық Одақтың орталық банкісін құру; 3) ұлттық валюталарды Еуропалық Одақтың ортақ валютасына ауыстыру.

1990 жылы Еуропалық валюта жүйесіне қатысушы елдер қатарына Англия, Испания, Португалия қосылды. 1991 жылы біртұтас Еуропалық экономикалық кеңістік құру жөніндегі Мастрихт келісіміне қол қойылды. Осы келісімге сәйкес Еуропалық Одаққа мүше елдердің үкімет басшылары валюталық Одақ құруды құптады.

Батыс Еуропа елдері валюталары курсының тербелуін реттеу мақсатында құрылған Еуропалық валюта жүйесі 15 жыл бойына өзіне жүктелген қызметті ойдағыдай атқарды. Дегенмен 1992 жылдың күзінен бастап бұл жүйе жүрісінен жаңылды. 1992 жылдың қыркүйегінде Еуропалық валюта жүйесінен ағылшынның фунты бөлініп шықты, испандық песет пен портуталиялық эскудо девальвацияға (құнсыздануға) ұшырады. Бұл оқиғалардың басты себептерінің бірі аталған елдердің орталық банктерінің биржалық алыпсатарлардың валюталарды құнсыздандыру мақсатындағы әрекеттеріне тосқауыл болуға қабілетсіздігі болды. Осының салдарынан 1993 жылы Еуропалық Валюта жүйесіне енетін сегіз ақша бірліктерінің бесеуі (Францияның және Бельгияның франкі, даниялық крона, жоғарыда көрсетілген песет пен эскудо) солардың ішіндегі белгіленген курстың ең төменгі деңгейіне дейін құлдырады. Өз кезегінде бұл елдердің Орталық банктері өз валюталарының курсын жасанды түрде қолдаудан бас тартты. Аталған валюталар белгіленген курстан 15%-ке ауытқу мүмкіндігіне ие болды. Орталық банктер өз кезегінде айырбас курсын тұрақты түрде жоғары деңгейде ұстап тұру үшін қажет болған есеп ставкаларын төмендетуге өкілеттік алды.

Маастрихт келісімдеріне сәйкес Еуропалық Одақ мемлекеттерінің ұлттық валюталары курсының бір-біріне қатысты түпкілікті орнығуы 90-жылдардың соңы болады деп ұйғарылды. Бұл процестің өзі үш кезеңге бөлінеді.

Бірінші кезең 1998 жылы басталады. Бұл уақытта валюталық Одаққа қабылдау критерилеріне сай келетін елдер анықталады. Маастрихт келісімі белгіленген критерилер қатарына инфляция деңгейі, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы (3 проценттен артпауы тиіс), есептеу ставкасы, ұлттық валютаның тұрақтылығы жатады. Осы критерилерге сай келген мемлекеттер бірінші топтың құрамына кіріп, валюталық одақтың алғашқы мүшелері болады. Әзірше бұл критерийлерге Алмания, Люксембург, Ирландия жјне Австрия сай келіп тұр. 1998 жылдың соңына дейін Орталық еуропалық банк құрылады да, одан ірі еуропалық орталық банктер жүйесі жасала бастайды.

Екінші кезеңде (1999-2001 ж. ж. ) Еуропалық Орталы банк, алғашқы қадам ретінде валюта айырбасы операцияларында бірыңғай валютаны пайдаланатын болады. Коммерциялық банктер мен қаржы ұйымдары да валюталық рыноктарда осы жолды ұстанатын болады. Екінші кезеңнің келесі адамы (2002-2003 ж. ж. ) ұлттық ақшаларды жаңа еуропалық ақша бірлігі - ЕУРО-ға алмастырады. Жаңа, бірыңғай валюта айналымға түседі. Алғашқы кезде (6 ай ішінде) жаңа валюта ұлттық валютамен бірдей айналымда болады. Көрсетілген уақыттың соңына қарай ұлттық ақшалар, жоспарқа сай, өздерінің төлем құралы статусын жояды.

Үшінші кезеңде Еуропалық валюталық экономикалық одақ кеңістігіндегі банктік счеттардың барлығы еуропалық валютаға ауыстырылады. Экономистердің есептеуі бойынша, бірыңғай еуропалық валютаның дүние жүзіндегі ең қуатты валюталардық бірі болуына мол мүмкіндігі бар. Бұл валюта Еуропалық Одақты тұрақтандырып, инфляциямен күресті жеңілдетеді және АҚШ, Жапония сияқты елдермен рынок үшін шайқаста көмектеседі деп күтілуде.

ЕУРО-ның пайда болуы құнды қағаздармен байланысты келісім-шарттардың көлемін арттырады деген сенім бар. Қазіргі уақытта еуропалық қаржы рыноктары өздерінің шашырандылығына байланысты дүниежүзілік инвестициялардың аз ғана бөлігін қамтуға шамалары жетіп тұр. Қалыптасқан жағдай Еуропалық Одақтың қаржы-экономикалық мүмкіндіктеріне сәйкес емес. Бірыңғай валютаны енгізу дүние жүзі инвесторларының Еуропалық Одаққа мүдделілігін арттырары даусыз.

ЕУРО-ны енгізу аталған валюта рыногын бір сәтте дүние жүзіндегі ең маңызды рынокқа айналдырып жіберуі әбден мүмкін. Нәтижесінде, капиталдар рыногында бұл валютаның долларды ығыстыруға шамасы жететін болады. ЕУРО-ның орнығуы дүниежүзілік қаржы рыногына өте маңызды өзгерістер әкеледі. Бірыңғай еуропалық валюта Еуро доллар мен иенаға төтеп берердей күш-қуат жинайтын болады.

Жаңа ақша бірлігі бір валютаны екінші валютаға аударуға байланысты шығындары да күрт кемітеді. Мамандардың есептеулері бойынша бұл шығындар жылына 40-50 млрд. доллар сомасын құрайды.

ЕУРО-ны енгізудің тағы бір пайдасы биржалық маклерлер еуропалық валюталарды бұрынғыдай бір-біріне қатысты құнсыздандыру есебінен оңай олжа табу кездерінен біржола айырылады.

Халықаралық валюталық қатынастар мәні

Халықаралық валюта және қаржы-несие рыноктары

Халықаралық валюта және қаржы-несие рыноктары дүниежүзілік шаруашылықтың, халықаралық экономикалық қатынастардың ең маңызды буындарының бірі.

XX ғасырдың соңғы 15-20 жылы қаржы рыноктарының қарқынды өсуімен айқындалады. 1980 жылдан бастап дүние жүзінің дамыған елдерінің қаржы активтері олардың ішкі жиынтық өнімдерімен салыстырғанда 2, 5 есе жедел көбейген. Дүниежүзілік валюта және сауда операцияларының құндарының ара қатысы 1980 жылы 10: 1 болса, 1999 жылы бұл көрсеткіш 60 : 1 болған.

Қаржы рыногы дамуының негізінде қаржы айналымының объективті заңдылықтары жатыр. Бір жерлерде уақытша бос капиталдар пайда болса екінші жерде оған сұраныс қалыптасады. Дүниежүзілік валюта және қаржы-несие рыноктары бұл қайшылықтарды дүниежүзілік шаруашылық деңгейінде шешеді.

Халықаралық экономикалық қатынастар, соның ішінде дүниежүзілік сауда, қызмет көрсету және капиталдар қозғалысы өздерін тұрақты түрде валютамен қамтамасыз етуді қажетсінеді, ұлттық валюталардың сауда-саттығын талап етеді.

Дүниежүзілік валюта, несие, құнды қағаздар рыноктары қалыптасуының алғы шарттарына мыналар жатады:

1) капиталдың өндіріс пен банктерде шоғырлануы;

2) шаруашылық байланыстардың интернационалдануы;

3) банкі аралық дамуы. Валюта рыноктары дегеніміз - сұраныс пен ұсыныс негізінде шетелдік валютаны ұлттық валютаға курсы (құны) бойынша сатып алу мен сатуды жүзеге асыратын орталықтар.

Ұлттық валюта рыноктары дамыған рыноктық экономикасы бар елдердің барлығында қызмет атқарады. ұлттық рыноктардың дамуы мен олардың өзара байланысының күшеюі арқылы біртұтас дүниежүзілік валюта рыногы қалыптасты. Оның құрамына дүниежүзілік, аймақтық, ұлттық (жергілікті) валюта рыноктары кіреді. Бұл рыноктар өздерінің көлеміне, валюталық операциялар мен валюта сомаларының сипатына қарай ерекшеленеді. Әдетте, дүниежүзілік валюта-рыноктары дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланады.

Дүниежүзілік қаржы орталықтары дегеніміз - банктердің маманданған несие-қаржы институттарының топтасқан жері. Онда халықаралық валюта, несие, қаржы операциялары жүргізіледі және құнды қағаздармен, алтынмен байланысты келісімдер жасалады. Дүниежүзілік қаржы орталықтарының ішіндегі ең ірілері - Лондон, Нью-Йорк, Майндағы Франкфурт, Париж, Цюрих, Токио валюта рыноктары. Бұлардағы валюта операцияларының көлемі 1973-1992 жылдар аралығында күніне 10-12 млн. доллардан 900 млрд. долларға дейін өсті.

90-жылдардың басында халықаралық валюта келісімдерінің 50%-ке жуығы дүниежүзілік “валюта рыногының үш орталығында жүзеге асырылды. Олар: Лондон валюта рыногы - күніне 187 млрд. доллар, Нью-Йорк - 129 млрд. доллар, Токио - күніне 1 15 млрд. доллар валюта операцияларын жүзеге асырады. Халықаралық валюта операцияларының бір тәуліктегі жалпы көлемі 90-жылдардың ортасында 1 трлн. 230 млрд. долларға жетті.

Қазіргі валюта рыноктарына мынадай ерекшеліктер тән: 1) дүниежүзілік шаруашылық байланыстарының интернационалдануы негізінде валюталық рыноктардың да әлемдік өріске шығуы және валюталық келісімдерді жүзеге асыруда автоматты байланыс құралдарын кеңінен қолдануы;

2) валюталық операцияларды орталықсыздандыру және олардың компьютерлерді қолдану арқылы бүкіл әлемдік сипатқа ие болуы;

3) валюта операцияларын үйлестірудің (унификация) мәнінің артуы;

4) алыпсатарлық келісімдер көлемінің ұлғаюы;

5) валюта курстарының тұрақсыздануы.

Валюта рыноктары халықаралық есептеулерді жедел жүзеге асыруды, дүниежүзілік валюта рыноктарының несие және қаржы рыноктарымен өзара байланысын нығайтуды қамтамасыз етеді. Валюта рыноктарының көмегімен банктердің, кәсіпорындардың, сондай-ак, мемлекеттің валюталық резервтері толықтырылып отырады.

Сонымен қатар валюталық, рыноктар механизмі экономиканы мемлекеттік реттеуге, бір топ елдердің (мысалы, Еуропалық Одақ ) макродеңгейінде пайдаланылады. Нақты қызмет шеңберінде валюта рыноктары биржалардың, брокерлік фирмалардың, банктердің, және трансұлттық корпорациялардың жиынтығы. 80-жылдардың соңына қарай банктер банк аралық рынокта өзара келісімдердің оған қоса сауда-өнеркәсіп саласының клиенттерімен келісімдердің 85-95% жасады. 90-жылдардың ортасына қарай келісімдердің көпшілігі инвестициялық қорлар арқылы жасалатын болды.

Халықаралық несиеқаржы қатынастары дүние жүзілік несие және қаржы рыноктарындағы қарыз капиталының қозғалысымен байланысты қатынастар жүйесін қамтиды.

Халықаралық несие рыногында акция капиталының елдер арасындағы қозєалысы қайтарымдылық, мерзімдік, процент төлеу жағдайларында жүзеге асады.

Дүниежүзілік несие рыногы қарыз капиталы рыногының бір бөлігі, оған дүниежүзілік ақша рыногы мен дүниежүзілік капиталдар рыногы кіреді.

Дүниежүзілік қаржы рыногы дақарыз капиталы рыногының бір бөлігі, мұнда құнды қағаздарды шығару, сату мен сатып алу жүзеге асырылады.

Қарыз капиталдарының дүниежүзілік рыногы соңєы он-жылдықтарда қарқынды, жедел дамыды. Мұның өзі қарыз капиталы қозғалысының Қзақ мерзімдік тенденцияларымен, бұл қозғалысты ұлттық деңгейде реттеуші мемлекеттік-құқықтық нормалардың икемділігінің артуымен, құнды қағаздар әрекетінің кеңеюімен және интеграциялық процестермен байланысты. Қарыз капиталының дүниежүзілік рыногы қарыз капиталының дүниежүзілік шаруашылықтағы қозғалысын қамтамасыз етуші әр түрлі компаниялардың, банктердің, валюта-несие мекемелерінің жиынтығы. Үстіміздегі ғасырдың соңғы жылдарындағы дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды ерекшелігінің бірі халықаралық несие-қаржы қатынастарының өсу қарқынының өнеркәсіп өндірісі мен халықаралық сауданың өсу қарқындарынан әлдеқайда жеделдігінде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық валюта қатынастары туралы
Халықаралық валюта қатынастары жайлы
Халықаралық валюта қатнастары
Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтағы валюта жүесі
Валюта, валюта бағамы, валюта қатынастарының экономикалық мәні
Валюта нарығының дамуы және оның тарихи аспектілері
Халықаралық валюта жүйесінің мәні, құрылымы
Валюталық нарықтың мәні
Халықаралық валюта қатынастары
Валюта туралы жалпы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz