Жалпы ұлттық өнім


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

1. Жалпы ұлттық өнім

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер Ұлттық экономика қызметінің нәтижесін өлшеу үшін түрлі макроэкономикалық көрсеткіштер қолданылады, олардың жиынтығы «Ұлттық есептеу жүйесі» деп аталады. Ұлтық есептеу жүйесі экономиканың негізгі секторларының арасында болатын қатынастар немесе әрекеттердің сандық кестесі түрінде негізделеді. Сонымен қатар, олар экономикалық қызметтерді және өндіріс орындағы байланыстарды сипаттауға мүмкіндік береді.

Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ) ұлттық есептеу жүйесін (ҰЕЖ) екі деңгейде қарастыруды ұсынады. Макроэкономикалық көрсеткіштер қозғалысы: жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), ұлттық табыс, инвестицияның жалпы көлемі және табысына бөлу, қайта бөлу, тұтыну деңгейінде көрінеді. Ұлттық есептеу жүйесін (ҰЕЖ) пайдалану саудадағы, өзара есептеудегі және тағы басқа әртүрлі халықаралық салыстырмаларды жеңілдетеді.

Жоғарыда тоқталып өткендей, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге ұлттық есептеу жүйесі бойынша жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), ұлттық табыс (ҰТ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ) жатады.

Бұл көрсеткіштердің ішінде ең негізгісі жалпы ұлттық өнім болып есептеледі. ЖҰӨ ұлттық аймақта, сондай - ақ шет елде нақты бір елдің азаматының бір жылда өндірген соңғы өнімі жалпы көлемінің нарықтық құнымен анықталады. Мұнда соңғы өнімге қайта сату немесе ары қарай өңдеу, қайта өңдеуге болмайтын тұтынушылар пайдаланатын тауарлар мен қызмет көрсетулер жатады және жалпы ұлттық өнімге аралық өнімнің құнына отбасылық орындар, аралық пайдалы жұмыстар, аралық өнімді жеке есепке алу кіреді. Бұл екі рет жүргізілетін есеп. Осылайша құн шамасы жалпы ұлттық өнім өндірісін барынша объективті сипаттайды. Мысалы, 1000 дана оқулық шығаруға келісіледі дейік. Ол қолға тигенге дейін бірнеше кезеңнен өтеді.

Кесте 1.

Шығару кезеңдері
Материалдық немесе өнімнің сатылу бағасы (теңге)
Қосымша құн
№:
Шығару кезеңдері: Өндіруші фабрикасы
Материалдық немесе өнімнің сатылу бағасы (теңге): 400
Қосымша құн: 400 (400 - 0)
№:
Шығару кезеңдері: Оқулық шығару баспаханасы
Материалдық немесе өнімнің сатылу бағасы (теңге): 1000
Қосымша құн: 600 (1000 - 400)
№:
Шығару кезеңдері: Көтерме кітап базасы
Материалдық немесе өнімнің сатылу бағасы (теңге): 1500
Қосымша құн: 500 (1500 - 1000)
№:
Шығару кезеңдері: Кітап дүкені
Материалдық немесе өнімнің сатылу бағасы (теңге): 1800
Қосымша құн: 300 (1800 - 1500)
№:
Шығару кезеңдері: Сатудың жалпы құны
Материалдық немесе өнімнің сатылу бағасы (теңге): 47000
Қосымша құн: -
№:
Шығару кезеңдері: Қосылған құн
Материалдық немесе өнімнің сатылу бағасы (теңге): -
Қосымша құн: 1800

Келтірілген мысалы сәйкес, мынадай сұрақ туындауы мүмкін: жалпы ұлттық өнімді анықтауда оқулық құнының қай бөлігін есепке кіргіземіз?

Жалпы ұлттық өнімді анықтауда кітапты өңдеудің төрт фазасының тек қосымша құнының жиынтығы алынады, яғни 1800 теңге (400 + 600 + 500 + 300) .

Егер жалпы ұлттық өнімді анықтауда біз аралық өнімдердің құнын қоссақ, онда жалпы ұлттық өнім көлемі 4700 теңгеге ейін көтерілер еді, ал біз бұл жерде екі еселікті көреміз, яғни кейбір өнімдердің (мысалы, қағаз) құны бірнеше рет есептелінген болар еді.

Осылайша, оқулықты шығару мен оны сату оқулықтың құны 4700 теңгеге емес, 1800 теңгеге бағалайды, бұл өндіру құны мен кірісті есептеуге алып келеді. Сондықтан жалпы ұлттық өнімді есептеуге әрбір фирма тағайындалған құн міндетті түрде есептеу ітиіс. Бұл халық шаруашылығының салаларында анықталған барлық қосымша құны мен өлшенетін ұлттық экономика көлемінде жалпы ұлттық өнімнің жалпы көлемін дұрыс есептеу үшін қажет.

Дегенмен, қосымша құнның шамасы жалпы ұлттық өнім өндіруді барынша объективті түрде анықтайды. Осы көрсеткішті есептеу үшін басқа да әдістер қолданылады. Бұл әдіс тауарларды сату және оны өндірумен тұтыну қызметіне жасалатын соңғы көрсеткіштің шығынының сомасы бетінде анықталады. Жалпы ұлттық өнім нарық қатынастарының еңбекақы, әртүрлі төлемдер, табыстар және басқа да субьектілері алған барлық табыстардың сомасымен есептелуі мүмкін. Біздің мысалда өндірудің барлық кезеңдерінде ол оқулық өндірісінің кірістеріне тең болады. Қағаз өндіруші - 400 теңге оқулық өндіруші - 600 теңге, көтерме кітап базасы - 500 теңге, кітап дүкені - 300 теңге, яғни жалпы ұлттық өнім 400+600+500+300=1800 теңге. Сонымен бірге кейбір өндіруші қорды (станоктар, құрал - жабдықтар, машина) пайдалану құнының бөлігі болып табылатын амортизациялық есептеуге енгізіледі. Біздің мысалды өндіріс ғимараттары, құрал - жабдықтар мен оқулықтарды сату, өткізу келтірілген.

Жалпы ұлттық өнімді есептеуде тауарға қандай да бір уақыт кезеңінде өткізу қызметіне қойылған бағаны ескеру қажет. Ағымдағы бағаға есептелген жалпы ұлттық өнім оның есептелуі ғана нақты көрінісін бейнелейтін номиналды жалпы ұлттық өнім болып табылады. Ал ақиқат көрінісін нақты жалпы ұлттық өнім бейнелейді, ол инфляция әсерінен таза бағаға негізделген. Мынандай шартты мысал келтіруге болады: егер 2000 жылы жалпы ұлттық өнім ағымдағы баға бойынша 450, 5 млрд. теңге болса, онда тұрақты бағада (1990 ж) - 340, 1 млрд. теңге.

Практикада жалпы ұлттық өнімге өндіріс орындарының өсуі арқылы ғана емес, жалпы ұлттық өнім дефляторының көмегімен өлшенетін бағаның өсуінің есебінен де жетуге болады. Жалпы ұлттық өнім дефляторы номиналды жалпы ұлттық өнім мен бағаның өсуі есебінен жалпы ұлттық өнім өсуін көрсететін нақты жалпы ұлттық өнім қатынасы арқылы анықталады.

Ағымдағы кезеңдегі экономикалық өсімнің қарқынын бағалаудағы осы көрсеткіштердің ішінде базистік пен салыстырғанда нақты жалпы ұлттық өнім маңызды мәнге ие және ол былайша есептеледі:

Нақты ЖҰӨ:
Номинальды ЖҰӨ
Дефлятор (баға индексі)

Жалпы ұлттық өнімнің өзіндік өлшемі ретінде соңғы өнімдер мен қызмет көрсетулердің нарықтық құнын көрсететін жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көрсеткіші алынады.

Жалпы ұлттық өнім мен жалпы ішкі өнім айырмашылығы неде? Оның айырмашылығы мынадан байқалады: жалпы ішкі өнім есептеуде жалпы ұлттық өнімге бастапқыда ос ыелдерде жұмыс істеп жүрген осы ел азаматтарының кірістері алынып тасталынады.

Жалпы ішкі өнімді өлшеу, біріншіден, экономиканың берілген секторында өндірілген тауарлар мен ол үшін көрсетілген қызмет құнымен есептеу, екіншіден, өндіру процесінің әрбір кезеңінде қосылатын құнды біріктіру жолымен жүргізіледі.

Маңызды макроэкономикалық кіштерге таза ұлттық өнімдер кіреді. Таза ұлттық өндіріс, яғни амортизацияланған құнды алып тастағаннан кейін қалған жалпы ұлттық өнім бір бөлігі.

Таза ұлттық өнім = ЖҰӨ - Амортизация

Келесі макроэкономикалық көрсеткіш - өндіріс факторларының иелері алатын кіріс шамасы ұлттық өнімнің жанама салықтары, акциздерді, ҚҚС, кеден салықтарды және тағы басқа азайту арқылы есептелінеді.

Ұлттық кіріс = Таза ұлттық өнім - Жанама салық

Ел дамуының толықтырушы көрсеткіші ретінде ұлттық байлық (ҰБ) алынады.

Ұлттық байлық деп мемлекеттік бүкіл даму тарихында адамдар еңбегімен жасалған материалдық байлықтарының жиынтығы түсіндіріледі.

Оның көлемі елдің экономикалық қуаттылығының бұрынша маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ұлттық байлықтың шамасы өскен сайын қоғамның экономикалық жағынан өсу қарқыны арта түседі. Ұлттық байлық құрамына мыналар:

  1. Негізгі өндірістік кірістер (өндіріс орындарының ғимараттары мен құрылғылары, фабрикалар мен зауыттар, фермерлік шаруашылықтар және тағы басқалар) ;
  2. Өндірістік қорлардың (еңбек құралдары) айналымы - өндіріс барысының үздіксіздігі;
  3. Айналым қоры, материалдық қорлар және өндіріс орындарындағы қорлар, мемлекеттік қорлар мен сақтандыру қоры;
  4. Қоғамның өндірістік емес қоры (тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар, ғылыми және оқу орындары, мемлекеттік кооперативтер, қоғамдық ұйымдарға қарсы медициналық және мәдени-тұрмыстық мекемелер) ;
  5. Ел азаматтарының жеке мүліктері енеді.

Ұлттық банктың негізгі түрлеріне өндіріске пайдаланылатын қоршаған ортаның элементтері кіредіә. Олар ауыл шаруашылығының жерлері, орман, пайдалы кен қазбалары және тағы басқа. Бұларды тиімді пайдалану қоғамның экономикалық дамуына алып келеді.

2. Экономикада жалпы ұлттық өнімнің мәні

Батыстық экономикалық теориямен статистика бойынша жалпы ұлттық өнім көрсеткіші материалдық және материалдық өндірістегі кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың табыстарынан тұрады. Жалпы ұлттық өнімге амортизация жарнасы да енді, соңғысы болса пайдаланылған еңбек құралдарының құнының дайын өнімге ауысу жолымен құралады.

Жалпы ұлттық өнімнің белгілі модификациясы - жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көрсеткіші болып табылады. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) жалпы ішкі өніммен сол елдің ресурстарын шет елде пайдаланудан түскен табыстар сомасында көп болады. Жалпы ұлттық өнім ағымдағы, рыноктың бағаларымен есептеледі, бұл оның номиналдық маңызын сипаттайды. Бұл көрсеткіштердің нақты мөлшерін анықтау үшін бағаны инфляция ықпалынан арылту керек, таразылау керек, яғни баға индексін қолдану керек, сөйтіп жалпы ұлттық өнімнің нақты құнын білуге болады.

3. Әлем экономикасында жалпы ұлттық өнім

Біріккен Ұлттар Ұйымының статастикалық қызмет ету орны, жалпы ішкі өнімді ұлттық есептер жүйесін жасауда негізгі көрсеткіш ретінде пайдаланылды. 1988 жылдан бері жалпы ұлттық өнім көрсеткіші біздің елімізде де осы Біріккен Ұлттар Ұйымының методологиясы бойынша есептеліп халықаралық салыстыруға пайдаланып келеді.

Жалпы ұлттық өнімдері ағымдағы рыноктың бағалармен есептеледі, бұл оның номипалдық маңызын сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты мөлшерін анықтау үшін бағаны инфляция ықпалынан арылту керек, таразылау керек яғни баға индексін қолдану керек, сөйтіп жалпы ұлттық өнімнің нақты құнын білуге болады. Мысалы, АҚШ-тың1990 жылы жалпы ұлтық өнім келемі ағымдағы бағамен - 4254 млрд доллар болды. Экономист С. Шаталиннің есептеуі бойынша бұрынғы КСРО-ның сол жылғы ұлттық көлемі ағамдағы бағалармен 940-960 млрд сом болды. Номиналды жалпы ұлттық өнім мен нақты ұлттық өнімнің қатынасы, бағаның көтерілу есебін жалпы ұлттық өнім дефляторы деп атайды. Жалпы ұлттық өнім көлемін өлшеуде батыстық экономистер мен статистика қоғамдық өндірістің ұлғаймалы концепциясына сүйенеді. Жалпы ұлттық өнім материалдық өндірісте игіліктер мен қызметі ғана емес, сонымен қатар материалдық емес қызмет түрлерін де: ғылым, денсаулық сақтау, білім беру т. б. қамтиды. Жалпы ұлттық өнімді «сол елдің өндіре алатын тауарлары мен қызметінің жиынтық санын дәлірек сипаттайтын өлшем ретінде бағыс экономисттері оны өлшеудің екі әдісін ұсынды».

1. Өнім ағымының әдісі. Жалпы ұлттық өнім белгілі уақыт кезеңіндегі қоғамның қарамағындағы игіліктер мен қызмет түрінде анықталды. Жалпы ұлттық өнім көлемі бір жылда өндірілген өнімнің ақшалай есептегендегі сомасы. Бұл көрсеткішке мемлекетің тауарлары мен қызмет көрсетуге және жеке инвестицияға шығындары да енеді. Сонымен, жалпы ұлттық өнім осы әдіспен анықталғанда тауарлар сатып алу, қызмет көрсету және инвестицияға жұмсалған мемлекет шығындарының қосындысы.

2. Табыстар мен шығындар ағымы, әдісі. Жалпы ұлттық өнім жеке адамдар мен кәсіпорындарынын табыстарының сомасын құрайды (жалақы, пайыз, рента және пайда) және өндіріс факторларының орнын толықтыру сомасы ретінде анықталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы ұлттық өнімді шығындар, табыстар бойынша есептеу
Ұлттық экономика және оның қызметтерінің деңгейі
Ұлттық өнім территориялары және оны өлшеудің тәсілдері
Ұлттық өнім теориялары және оны өлшеудің тәсілдері
ҰЛТТЫҚ ӨНІМ ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ӨЛШЕУДІҢ ТӘСІЛДЕРІ ТУРАЛЫ
Ұлттық экономика және оның қызмет ету деңгейі
Біріккен Ұлттар Ұйымының шоттар жүйесіне көшуде проблемаларды шешуе атқарылып жатқан қызметтер
Жалпы ұлттық өнім экономикалық категориясының теориялық аспектілері
Виртуалдық лекция бойынша пәнің «Экономиқалық теория негіздері» мәліметтері
Жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік жағдайына әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz