Жекешелендіру процесі. Қазақстанмен шетелдік тәжірибелерді сараптау


Жекешелендіру процесі. Қазақстанмен шетелдік тәжірибелерді сараптау.
Жекешелендіру - заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттен мемлекеттік меншік объектілерінен, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың өзгеруінен құрылған акцонерлік қоғамдардың акциялар үлесін алуы.
Жекешелендіру түрлері
Жекешелендіру мүддесі:
- Жеке меншік топтарын құру.
- Бәсекелес ортаны құру.
- Кәсіпорындардың тиімділігін арттыру.
- Экономиканың жәрдемдесу.
- Шетел инвесторларын тарту.
Жекешелендіру тәсілдері :
1. Аукцион немесе конкурс бойынша сату, сатып алу. Ол бірнеше түрлерге бөлінеді:
- Конкурс (коммерциялық) - максималды баға ұсынылғанда, сатып алушы қойылған шартты орындауға келіскен жағдайда мемлекеттік меншік объектілерін сату.
- Конкурс (инвестициялық) - комерциялық конкурсқа ұқсас, бірақ жеңіс критерийлері жекешелендіру объектісінің инвестиция мерзімі мен мөлшері болып табылады.
- Аукцион - ашық сауда тәсілі арқылы кәсіпорындарды сату, бұл жағдайда сатып алушыға максималды баға ұсынудан басқа талап қойылмайды.
- Үміткерлер қатысатын ашық сауда.
- Жабық тендерлер - үміткерлердің ұсыныстары жабық конвертпен беріледі.
2. Кәсіпорын капиталындағы үлестерді (акцияларды) сату.
3. Жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу.
Тоқырау мен қайта құрылу кезіндегі алдамшы социолистік мемлекеттік меншік қоғамдық өндірісті дамытудың мүмкін жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Осы кезде Қазақстанда аралас экономика пайда болды да, ең басты мәселесі экономикалық конструкциясын жасау болды. Бұл мәселе жекешелендіруге алып келді.
70-ші жылдардың аяғы мен 80-ші жылдардың басында батыс және шығыс Еуропа мен ТМД елдерінде жекешелендіру жүргізілу нәтижесінде экономика жақсарды, жергілікті және шетелдік инвестицияларына қолайлы жағдай жасалды.
Қазақстан Республикасы өз егемендігін алғаш рет алып, Қазақстан Республикасының Конституциясы ең алғаш жеке меншік құқығын анықтады, осыдан жекешелендіру және мемлекетсіздендіруге қадам жасалды. «Меншік туралы» және «Мемлекетсіздендіру және жекешелендіру туралы» заңдарда жекешелендірудің алғаш негізі қаланды.
Мемлекетсіздендіру және жекешелендірудің 1991-1992 жылдарға арналған алғашқы ұлттық бағдарламасы 1991 жылдың желтоқсанында қабылданды. Негізі мақсаты - мемлекеттік меншіктерінің нысандарын айналдыру және азаматтардың мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктерін (бағалы қағаздарын) сатып алу болатын.
1993-1995 жылдарға арналған екінші бағдарлама 1993 жылдың наурызында қабылданып, сондай-ақ жеке жобалар бойынша жекешелендіру да болды.
1996-1998 жылдарға арналған үшінші ұлттық бадарламада жекешелендіруді аяқтау болды.
Бірінші кезеңде сауда, қызмет аясындағы кіші және орта кәсіпорындарының 50%-ы, ал екінші кезеңде орта және ірі кәсіпорындар жекешелендірілді, ең соңғы кезеңде жекешелендіру аяқталды.
Ұлттық бағдарламаға сәйкес, мемлекеттік меншікті жекешелендірудің негізгі үш бағыты бар. Олар:
- Кіші жекешелендіру (қызметкерлері 200 адамнан тұратын)
- Жаппай жекешелендіру (200-500 қызметкер)
- Жеке жобалар бойынша (5000-нан астам қызметкерлер)
Жекешелендіру кезінде әрбір азамат сатуға болмайтын, тек жекешелендіру қорларына салу үшін 100 купон (ауыл тұрғыны 120 купон) алды.
Бірінші кезеңде жекешелендіруде бәрінен жақсы дамыған сауда және тұрмыстық қызмет көрсету болатын. Бұл кезде өнеркәсіп кәсіпорындары - 8, 8%, ауыл шаруашылығы - 10, 1%, ал құрылыс - 5% болды.
Жекешелендірудің екінші кезеңі кіші жекешелендірудің аяқталуы. 1997 жылы жеке жобалар бойынша кәсіпорындарды жекешелендіру кезінде 47 кәсіпорынның мемлекеттік акциялар пакеті өткізілді, соның ішінде мұнай, газ кешендерінің - 21, электроэнергия - 10, көмір - 4, машина жасау - 3 және телекоммуникация бойынша - 1 болды.
Қазақстан Республикасының үшінші жекешелендіру кезеңінде: 1997ж. - 6777, 1998ж. - 3073, 1999ж. - 2318, 2000ж. - 1724 және 2001ж. - 1056 кәсіпорын жекешелендірілді.
Қазақстан жекешелендіру тәжірибесі кезінде меншікті акционерлеу арқылы жекеменшікке көшу, кәсіпорындарға толық жауапкершілік беру болды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Е. Жатқанбаев. «Аралас экономика».
- В. Крымов. «Экономикалық теория».
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz