Жер рентасы - жерден түсетін тұрақты табыс


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

1 Жер рентасы туралы ұғым3

2 Жер ресурстар нарығының қазіргі жағдайы9

3 Жер пайдалану ақылылығы және экономикалық ынталандыру10

4 Жер пайдалану ақылылығы12

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі15

Кіріспе

Жер өте ерте кезден адамзат қоғамының өмір сүру және өміріне қажетті заттарды өндіру ортасы болып келеді. Жер ауданы, әсіресе өндіріске қолайлы, құнарлы жерлер шектеулі. Сондықтан жер үшін күрес ешқашан тоқтаған емес. Бір қоғамның, мемлекеттің өз ішінде жерге меншік, иелік ету әр түрлі қатынастарды тудырады. Біреулер жерге иелік ету арқасында байып отырса, екіншілері - жері жоқтар кедейленді. Осы қатынастар және жердің шектеулілігі жерді экономикалық бағалау, тиімді пайдалану, жерге меншік қатынасын және соның негізінде салық төлемдерін тудырды. Жер салығы жер иеленушілердің тұрақты табыс көзі болып келеді.

Жер салығы жер иеленушілерді байытудан басқа жалпы экономикалық қызметтерді атқарады, олардың ең бастысы жерді қорғауға, тиімді пайдалануға ынталандыру. Жер ресурстарын пайдалану төлемдерін де бірнеше түрге бөлуге болады. Бірақ іс жүзінде олардың барлығы жер салығына жинақталған.

1 Жер рентасы туралы ұғым

Жер және оның қойнауы өндірістің үш факторының бірі бола отырып, рента деп аталатын табыс әкеледі. Жер меңыздылығы табиғи ерекшеленеді: еркін ұдайы өндірілетін басқа екі факторларға қарағанда жер ұсынысы шектелген, оның саны берілген, тұрақты және көбейтуге келмейтін ерекшілік болып табылады. Сондықтан, жер ұсынысы икемсіз.

Жер ұсынысының шектеулігі және икемсіздігі ауыл шаруашылығында баға құру ерекшелігін ескереді. Бұл негізгі жағдай барлық экономикалық мектептерде танылады, айырмашылық олардың концептуалдық тәсілдерімен ерекшеленеді.

Жер рентасы - жерден түсетін тұрақты табыс. Құрылу ерекшілігіне сәйкес жер рентасының екі түрін бар - абсолюттік және дифференциалдық. Екіншісі дифференциалдық I және дифференциалдық II рента деп ажыратылады. Дифференциалдық I рентаның пайда болуының негізгі себебі - жеке жер телімдерінің құнарлығы мен сол жердің нарыққа қатысты орналасу ерекшеліктері. Дифференциалдық рента II жерге жұмсалған қосымша қаржыға тура байланысты. Шаруашылықты қарқынды жүргізу нәтижесінде қосымша қаржыдан дифференциалдық II рента туындайды. Ол сондай-ақ, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру кезіндегі қоғамдық және жеке баға айырмашылығынан да туындайды. Абсолюттік жер рентасы жерге деген жеке меншікке байланысты. Орташа пайдадан артық алынған қосымша құн абсолюттік рентаны алу көзі болып табылады. Ауыл шаруашылық айналымына кірмейтін жерден де жер рентасы алынады.

Жер рентасының маркстік тұжырымдамасына келетін болсақ, қоғамдағы барлық табыстың қайнар көзі қосымша өнім болып табылады дегеннен шығады. Сондықтан, жер рентасы пайда және процент сияқты қосымша құнның өзгертілген формасы болып табылады. Карл Маркс ілімі оның жүйелі дамуын өз дәуіріне сәйкес көрсете білді.

Дифференциалдық рента құнарлығы өте жақсы және орташа учаскеде алынған өнімнің бағасы мен нашар өндіріс жағдайымен анықталатын жалпы өндіріс бағасының арасындағы айырмашылық ретінде жақсы және орташа жер учаскесінде пайда болады. ( 3 ) Дифференциалды рентаның алғышарттары - бір жағынан монополия болса, екінші жағынан жердің сапалық өзгешеліктері, сондай-ақ тауарлы өндірістік қоғамдық қарым-қатынастар.

Дифференциалдық рента бірдей еңбек жұмсап нашар жерді пайдаланумен салыстырғанда сондай мөлшердегі тәуір жерден қанша артық тиім (пайда) алуға болатынын көрсетеді. Сондай-ақ ол жақсы жер жеткіліксіз болып, сапасы одан нашар жерді пайдаланғанда немесе пайдаланатын жердің сапасы нашарлағанда қаншама зиян болатынын көрсетеді. Оны қарапайым мысалмен көрсетуге болады. Түсімі 40 ц\ га жалпы шығыны 20 мың теңге бидай өндірілетін жер ауылшаруашылығынан алынды делік. Қалған жерлердің өнімділігі 10 ц\га. Жоғалтқан өнімді алу үшін ондай жерлердің төртеуін игеру немесе қосымша шығын жұмсап жердің өнімділігін арттыру керек. Игерілетін жерге жұмсалатын жалпы шығын 30 мың теңге деп алайық. Сонда бидай өндіруге жұмсалатын шығын 10 мың теңгеге артады. Егер сапасы нашар жерлерді игермей, оның орнына сапасы бұрынғы жердей жерді тапқан болсақ, оның халқы шаруашылық тиімді 10 мың теңге болған болар еді. Яғни сапалы жердің құндылығы сапасыз жерден 10 мың теңгеге артық деген сөз. Жаңадан игеретін сапалы жердің экономикалық бағасы да 10 мың теңге. Былайша айтқанда, экономикалық бағалау негізгі дифференциалдық тиім болды. Мысалдан байқағанымыздай, халық шаруашылық зиян шамасы пайдаланудан шығарылған жерден алынатын өнім немесе таза табыс шамасы емес, дифференциалдық табысқа немесе нашар жер мен тәуір жерге жұмсалатын шығындардың айырмашылығына тең. Мұндай жағдайда жердің құндылығын шекті шығын мен дербес шығынның айырмашылығымен есептелген жер рентасымен анықтайды.

Жер мәңгілік өндіріс қажеті, оны дұрыс пайдаланғанда өнімділігі сырқылмайды. Жерден өнімді жылда алуға болады. Былайша айтқанда, жер шексіз жылма-жыл ренталылық табыс береді. Жер мәңгі пайдалынылатын болғандықтан, осы жылдардағы жалпы табысты білу үшін жылдық табыстарды қосу керек. Сонда ғана жердің нақты құндылығын анықтаймыз. ( 2 )

Қорытынды: Дифференциалдық рента - бұл өндірістегі қоғамдық және жеке бағалар арасындағы айырмашылық. Ол жағдайы нашар учаскеде пайда болмайды.

Дифференциалдық рентаны анықтау әдістерін жоғарыда қарастырдық. Ал абсолюттік рента жерді қалпына келтіру құндылығымен, яғни жұмсалатын қоғамдық қажетті шығындармен анықтауға болады деп есептейміз.

Ауыл шаруашылығында жер тек қана өмір сүру, еңбек ету ортасы емес, ол қажетті өнім алудың тұрақты көзі. Топырақтың құнарлығы ұзақ жылдар бойы қалыптасқан табиғи процесс, қолдан жасалмайды. Бірақ экономикалық тұрғыдан жаңғыртуға, жақсартуға болады.

Топырақтың құнарлығын жаңғырту, қосымша еңбек жұмсауды қажет етеді. Бұл жағдайда қосымша еңбек жаңа өнім бермейді, тек өнімді алуға экономикалық жағдай туғызады. Сонымен, жердің құнарлығының қалпына келу мүмкіндігі оны жаңғырту шығындарын жұмсауды туғызады. Көп жағдайда қалпына келтіру деп - табиғат ресурсының, нақты заттың қайталануы емес, оның өнімділігін ұғынамыз. Қосымша еңбек жұмсау арқылы жердің өнімділігі - құндылылығы арттырылады. Сондықтан оның қосымша құндылығы оған жұмсалған еңбек арқылы көрініс табады. Бұл тұрғыдан нақты еңбектің болған - болмағаны шарт емес, потенциалды (тіпті болашақ ) еңбектің экономикалық тиімділігі көзделеді.

Шартты мысалдармен жер ресурстарын бағалау әдістерін қарастырайық. Ауыл шаруашылығында сапасы әр түрлі категория жер бөлімшелері пайдаланылады дейік. Сапасы жақсы жердің бір өлшемінен 15 тенге рента алынады, орташа жерден - 10 тенге, нашар жердегі шығындар 20 тг\ ц шеткі шығын болып есептеледі. Олардан басқа тағы 4 - игерілмеген жер бөлімшесі бар делік. Оны әр түрлі шығын жасап барлық үш категорияға жеткізуге болады. Игеру шығындары “Жақсы категориясынa” жеткізу үшін 500 теңге\га, “орташаға ” - 200 теңге \га, “ нашарға ” - 50 теңге \га. Сонда барлық варианттар үшін шеткі шығын жаңа жер игеру 1 ц өнімге 30 теңге болады. Шеткі шығын артқанда жер рентасы көбейеді: жақсы жерде - 25, орташада - 20, нашарда - 10. Осы категорияға сәйкес жаңа жер игеру шығындары да 25, 25 және 10 яғни жерді игеру шығындармен бағаласақ та сондай сандар аламыз. Жерді шеткі шығын өскенге дейінгі рентамен және жерді нашар категорияға жеткізіп игеру шығындармен бағаласақ та сондай сандарды аламыз

Келтірген мысал әр түрлі әдістермен жерді бағалап бірдей нәтиже алу мүмкіндігін көрсетеді. Мұндай тек игерілетін жаңа жердің сомасын кез келген категория дәрежесіне жеткізуге болатындығын дәлелдеу керек. Әрине категория жақсарған сайын жұмсалатын шығындар да өсе түседі.

Абсолюттік рента. Карл Маркс ілімі бойынша бұл жерге жеке меншік негізінде барлығында бар, жер учаскелері жағдайымен ерекшеленбейтін рента. Ол ауыл шаруашылық өнімнің құны және оның өндіріс бағасы арасындағы айырмашылықтан көрінеді: біріншісі соңғысынан жоғары. Маркстің айтуы бойынша, ауыл шаруашылық өнімі құнының төмендеуіне жерге жеке меншіктен туындайтын экономикалық шектеулер кедергі етеді. Осыдан қорытынды - жерді мемлекет мүлкіне айналдыру керек.

Егер жердің иесі жерді жалға берсе, онда жалға алушы оған жалдық рента төлейді, оның ішінде жер рентасы плюс жердегі бар құрылыстарды қолданғаны үшін төлем бар. Жалға алушы шаруашылыққа салған капиталдан орташа пайда алады. Қосымша құн мен орта пайда айырмасы абсолюттік жер рентасының құрайды. Жер рентасының маркстік концепциясы қысқаша осындай.

П. Самуэльсон жер рентасының мөлшері «соңғы әдіспен» анықталады, яғни жасалған өнімнің жалпы мөлшерінен жалақының жалпы мөлшерін алып тастағанға тең деп қорытынды жасайды. Жеке меншік құқығы бойынша рента жердің иесіне (фермерге) тиеді.

Енді, егер жер фермерге жатпайды, оны ол тек жалға алады деп ұйғарып, рентаның мөлшерін анықтайық:

Неоклассиктер мынадай принциптен шығады, әрбір фактордың бағасы - жалақы, процент немесе рента болса, сұраныс пен ұсыныс теңесетін деңгейде қалыптасуы керек.

Неоклассиктерді құн және рентаның кімнің еңбегімен құрылғаны емес, оның қалыптасқан деңгейі неге байланысты өзгеретіні қызықтырады.

Осы сұрақты зерттеудің нәтижесі екі қорытындыға әкеледі.

  1. Рентаның деңгейі ұсыныстың икемсіздігінен сұранысқа тікелей байланыста тұр.
  2. Рентаның деңгейі соңғы өнімге сұранысқа байланысты. Мысалы, егер бидайға сұраныс және баға төмендесе, онда бидай өсірілген жерде жерге сұраныс азаяды, яғни жалдамалықкөлемнің ставкасы төмендейді. Керсінше жағдайда болуы да мүмкін.

Рыноктық экономикада жер сатып алу - сату нысаны болып табылады және бағасы бағасы бар. Жер иесі оны, егер банкке салғанда жылдық рентаға тең, жылдық процент әкелетін сомаға (бағаға) сатуға ұмтылады.

Сондықтан жердің бағасы екі өлшемге байланысты:

  1. жердің меншік иесі болғанда алатын жер рентасының көлемі;
  2. қарыз процентінің ставкасы.

Бұл байланысты формуламен көрсетуге бола

Рента көлемі

Жердің бағасы = 100х

Қарыз процентінің мөлшері

Мысалы, егер жылдық рента 2000 долл., қарыз процентінің ставкасы - 4 процентке тең болса, жердің

2000

Бағасы = х100 = 5 долл.

4

Қорытынды: Егер рента көлемі көбейсе, жердің бағасы өседі, егер процент нормасы жоғарыласа, төмендейді.

Барлық табиғат байлықтары сияқты жер ресурстары да абсолютті және салыстырмалы экономикалық бағаланады. Абсолютті бағалаулар бойынша жер ресурстары ұлттық байлық құрамында есептеледі, шаруашылық байланыстарында есептеледі, және жер ресурстарын пайдалану төлемдері анықталады.

2 Жер ресурстар нарығының қазіргі жағдайы

Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстан Республикасы экономикасының жаңа бағыты мен қазіргі кезде жүргізіліп отырған түбегейлі экономикалық реформаның негізгі қорытындысы табиғатты пайдаланудың тегін түрінен төлемді түріне өту болып табылады. Қазіргі кезде бұл өтпелі жағдайға келудің өзі әкімшілдік-әміршілдік әдістің экономиканы басқарудағы тегін табиғатты пайдалану теориясының табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қанағаттандыра алмауы салдарынан болды.

Қаржы-экономикалық көзқарас тұрғысынан алғанда тегін табиғи ресурстарды қорғау мен үнемдеу туралы ойдың керегі де жоқ болатын. Табиғат пайдаланушы табиғи ресурстарды ұтымды, үнемді пайдалану мүлдем қызықтырмайтын. Табиғат пайдаланушы негізгі және айналымды өндірістік қорлар сияқты төлемді қажет ететін өндірістік ресурстарды үнемдеуге қызығатын, яғни ең жақсы экономикалық жоспарлық есеп беру нәтижесіне тырысу мақсатымен тегін беріліп тұрған табиғи ресурстарды жұмыс күшін аз жұмсап шектеусіз түрде таңдай отырып пайдаланады.

3 Жер пайдалану ақылылығы және экономикалық ынталандыру

Республикамызда жер реформасы жылдары ішінде жер учаскелері мен жер пайдалану құқығын нарықтық жағдайларға тартуға сондай - ақ жер нарығын дамытуға бағытталған жер қатынастары қалыптасып отыр. Мемлекеттің қатысуымен ауданы 196, 8 мың гектар жер учаскелерін меншікке және жер пайдалану құқығында сату бойынша 92, 9 мың операция жүзеге асырылды.

Республикада жер учаскелерін сату үшін жер аукциондары мен конкурстар өткізіледі. Жер реформасының бүкіл кезеңінде 436 конкурс және аукцион өткізілді, оларда 1311 жер учаскесі сатылды. Жерді ауыл шаруашылығына пайдалану үшін сатудың айтарлықтай резерві босалқы жерлерде, олардағы ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы 109, 2 млн гектарды құрайды.

Ақылы жер пайдалану жүйесінің дамуына қабылданған Қазақстан Републикасының Жер кодексі ықпал ететін болды.

Жер ресурстарын пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бақылайды. Республиканың жерге орналастыру қызметінің құрылымында жерді пайдалану мен қорғауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік бақылау жүйесі құрылған, оның міндетіне жер, азаматтық, табиғат қорғау және жер қатынастары саласындағы өзге де заңнаманың талаптарын сақтауды қамтамасыз ету кіреді.

1995 - 2003 жылдары ішінде агенттіктің инспекторлық қызметі 123, 4 мың тексеріс жүргізді бұл ретте 88, 3 мың рет жер заңнамасын бұзушылық анықталды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер рентасы
Рента шартының ұғымы
Жердің экономикалық бағалануы
Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстың қалыптасуы жайлы
Жер нарығы және жер рентасы
Жер рентасы - жерді иемденушінің табысы
Жер құқығы және түсінігі
Жер салығы
Жер ресурстары мен жер рентасының теориялық негізі
Жер құқық қатынастары. ҚР-ның жер нарығы туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz