Шетелдік инвестициялардың түсінігі және құқықтық режимі
КІРІСПЕ 1
3. Шетелдік инвестициялардың түсінігі және құқықтық режимі 2
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген демократиялық
және құқықтық мемлекет құру бойынша стратегиялық мақсат оны жүзеге асыратын
әртүрлі шаралар арасында тиімді нарықтық экономиканы құру процестерін
құқықтық реттеуді үнемі жетілдіріп отыруды да көздейді.
Шетелдік инвестицияларды көлемді түрде тарту тек Қазақстанның ғана
саясатына тән нәрсе емес, ол көптеген мемлекеттерде бар. Мәселен, ЮНКТАД-
тың Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда мен даму бойынша конференциясы әлемдік
инвестициялар туралы баяндамасына сәйкес 2000 жылы дүние жүзіндегі
трансұлтты тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 1,1 трлн. доллардан асты,
ол болса 1999 жылға қарағанда, 14 %-ке хоғары. Инвестициялардың ең көп
бөлігі дамыған елдердің еншісіне келіп отыр. Мысалы, 2000 жылы аталмыш
сомадан 597 млрд. доллар колеміндегі инвестициялар Батыс Еуропа елдеріне
тартылған. Батыс елдері арасында инвестицияларды тарту бойынша бірінші
орынға шыққан АҚШ - 260 млрд., ал Германия - 250 млрд. доллар көлемінде
инвестицияларға ие болды. Дамушы елдердің еншісіне 190 млрд. доллар тиген,
оның ішінде Орталық және Шығыс Еуропа елдеріне - 30 млрд. доллар тартылды.
Қазақстан бойынша мәліметтерге сүйенсек біздің Республикамыз 1999 жылы 1,5
млрд долларға жуық тікелей шетелдік инвестицияларды тартқан. Келтірілген
мәліметтерге қарасақ, Қазақстанда шетелдік инвестицияларды тарту саласында
жасалатын нәрсе көп екені сөзсіз түсінікті. Бұл статистикадан тағы да бір
қорытынды жасауға болады — ол инвестициялық ресурстардың халықаралық
нарығында (рыногында) мемлекеттер арасындағы бәсеке өте жоғары екенін
көрсетеді. Мысалы, ЮНКТАД сарапшыларының 1995 жылы жасалған байқауы бойынша
мемлекетгердің инвестициялық заңдарына енгізілген 112 өзгерістің 106
өзгертуі инвестициялық режимді одан ары либерализациялау немесе тікелей
шетелдік инвестициялардың келуін ынталандыру жағына қарай жасалынған. Егер
мемлекет құқықтық ережелер арқылы қалыптасатын инвестициялық климатты басқа
елдерге қарағанда неғұрлым тиімді де тартымды қыла алса, шетелдік
инвестицияларды көлемді түрде тарту мақсаты жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай
ережелер жиынтығы құқықтық құралдар арқылы өзгеріп отыратын шетелдік
инвестициялардың құқықтық режимін құрайды. Демек, жоғарыда айтылғандарға
сүйенсек, Қазақстандағы шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеу мәселелері
бүгінгі таңда аса өзекті болып табылады.
Шетелдік инвестициялар мәселелеріне қатысты алуан санды еңбектер
экономисттер, саясатттанушьшар және өзге де қоғам-
3. Шетелдік инвестициялардың түсінігі және құқықтық режимі
"Инвестициялар" деген ұғым ағылшын тілінен аударғанда "капитал салу"
деген мағына береді. Көп авторлардың. айтуы бойынша бұл терминдер орыс
тілінде синоним ретінде (яғни бір мағынадағы сөздер ретінде) қарастырылады.
Қазақ тілінде де, дәл осындай түсінік қалыптасқан.
Экономикалық әдебиеттерде "капитал салу" (капиталдық шығындар) ұғымы
жаңа кәсіпорындарды құру, істеп тұрған кәсіпорындардың қайта құрылуына,
кеңейтілуіне және техникалық қайта жабдықталуына (өндірістік капиталдық
шығындар), тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылысқа
(өндірістік емес капиталдық шығындар) жұмсалатын қаржы құралдары ретінде
айқындалады".
"Инвестициялар" ұғымының кеңірек түсінігі "Қазақстан Республикасындағы
шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеу" монографиясында берілген. Бірақ,
біздің ойымызша, "инвестициялар" мен "капитал салу" ұғымдарының нақты
түсінігін ресейлік ғалым В.М.Шумилов анықтаған. Бұл түсінік осы ұғымдарды
нақты айыруға мүмкіндік береді. В.М. Шумиловтың айтуы бойынша "капитал
салу" ұғымы өндірістің негізгі құралдарына ғана салым жасау (негізгі
капиталға салым), ал "инвестициялар" - кез келген экономикалық объектілер
мен процестерге, яғни өндіріс құралдарына, запастарға, резервтерге,
ақпараттық ресурстарға, құнды қағаздарға және т.б. салым жасау ретінде
түсіндіріледі.
Сонымен, доктринадағы (ғылымдағы) осы анықтамаға сүйенсек
"инвестициялар" ұғымы өз көлемі бойынша "капитал салу" ұғымына қарағанда
кеңірек деген нәтижеге келеміз, өйткені капитал салудың өзі
инвестициялардың бір түрі. Бұл тұжырымға қосымша дәлелді 1997 жылға дейін
әрекет еткен ҚазКСР-дағы инвестициялық қызмет туралы заңның 1 бабынан да (1
тармақ) таба аламыз. Осы бапта "негізгі қорларды қайта өндіруге жіберілетін
инвестициялар капитал салу нысанында жүзеге асырыла алады" делінген.
Қазақстанның заңдары бойынша шетелдік инвестициялар түсінігі келесі
актілерде берілген - 1994 жылдың 27 желтоқсанындағы Шетелдік инвестициялар
туралы ҚР Заңында, 1997 жылдың 28 ақпанындағы Тікелей инвестицияларды
мемлекеттік қолдау туралы ҚР Заңында, 1996 жылдың 24 желтоқсанындағы
Валюталық реттеу туралы ҚР Заңында. ҚР шетелдік инвестициялар туралы
Заңының 1-ші бабында "инвестицияларды" "табыс табу мақсатында кәсіпкерлік
қызмет объектілеріне салынатын мүліктік және интеллеклуалдық құндылықтардың
барлык. түрлері" (оның ішінде жылжыйтын және жылжымайтын мүлік пен мүліктік
құқықтар, затты ұстап қалу құқы және импортталатын және өңделместен
өткізілуге арналған тауарлардан басқаларын есептемегенде өзгелері де,
акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың басқа түрлері;
инвестицияларға қатысты шарттар бойынша ақша сомаларын, тауарларды, қызмет
көрсету түрлері мен кез келген басқа да орындау актілерін талап ету;
интеллектуалдық қызмет нәтижелерін иелену құқы, оның ішінде авторлық
құқықтар, патентгер. тауарлық белгілер, өндірістік белгілер, технологиялық
процестер, ноу-хау, нормативтік-техникалық, сәулеттік, құрастырушылық және
технологиялық жобалау құжаттамаларын иелену құқы; лицензияға негізделген
немесе басқа нысанда мемлекеттік органмен берілген қызметті жүзеге асыруға
кез келген құқық) деп анықтаған. Осы ережеге сүйеніп заңда шетелдік
инвестициялар "Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының жарғылық қорына
қатысу сондай-ақ қабылданатын шешімдерін шетелдік инвесторлар айқындай
алатын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына қарыз (несие) беру, және
Қазақстан Республикасының лизинг туралы заңдарында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz