Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және инвестициялық қызметі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Инвестиция түсінігі және экономикалық мағынасы1

Инвестициялардың жіктелуі2

Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және инвестициялық қызметі4

Инвестиция түсінігі және экономикалық мағынасы

Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде жалпы капиталдық салымдар деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта ( өндірістік капиталдық салымдар) , тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдини ққұрылысқа ( өндірістік емес капиталдық салымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.

Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез-келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі - пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге жақын келеді.

Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымындағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айырықшаланатын залал түрінде көрінді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салынымға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған елдерде (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де қолданылады.

«Инвестиция» термині латынның investire - « жұмылдыру» сөзінен алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Пол Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: « Біз қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді ( ғимараттар, қондырғылар, өндіріс-материалдық запастар және т. б. ) «таза инвестицияландыру» немесе капитал қалыптасуы деп атаймыз. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез-келген түрін сатып алу инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза трансферттік операциялар. Яғни біреуі инвестицияландырса, басқа ьіреуі . Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал қалыптасқан кезде ғана орын алады.

У. Шарп инвестицияны былайша анықтайды: « Нақты инвестицияларға әдетте қандай да бір материалдық-көрнекті активтер түріне инвестициялау кіреді, мысалы, жер, қондырғылар, зауыттар сияқты. Қаржылық инвестицияға қағазда жазылған келісім-шарттарды, мысалы, кәдімгі акциялар мен облигациялар сияқтыны білдіреді. Қарапайым экономикаларда инвестициялардың негізгі бөлігі нақтыға жатқызылса, қазіргі дәуірдің экономикасында инвестициялардың үлкен бөлігі қаржылық инвестициялар болып табылады. Қаржылық инвестицияландыру институттарының жоғары дамуы нақты инвестицияның өсуіне едәіур дәрежеде ықпал етеді. Әдетте, бұл екі форма бәсекелес емес, бір-бірін толықтырушы болып табылады. В. Бочаров инвестицияеы табыстың тұтынуға жұмсала алмайтын бөлігі деп түсінеді. Инвестициялық ресурстар инвестициялдық іскерліктің капиталдық құнының табыс немесе әлеуметтік әсер түріндегі өсімі алынатын нақты объектіліеріне трансформацияланады.

Экономикалық және қаржылық тұрғылық инвестицияландыру экономикалық ресурстарды олашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салынған капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады. Капиталдық салым процессінің жалпы анықтамасы: инвестицияландыру дегеніміз бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны келешекте инвестициялық игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.

Инвестиция - бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез-келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды, себебі қолма-қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандайда табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен айрықшаланатын әр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе үлкен тәуекел мен; қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және жанама.

Инвестициялардың жіктелуі

Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ түсіндіреді, жіктеу негізіне түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде мынылар қолданылады:

  1. инвестициялардың түрлері
  2. ақша құралдарын салу обьектілері
  3. инвестицияландыруға қатысу сипаты
  4. инвестицияландыру кезеңі
  5. меншік түрлері
  6. инвестордың қатысу түрлері
  7. тәуекел дәрежесі
  8. ұдайы өндіріс түрлері
  1. Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:Ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар; Жылжымайтын және жылжымалы мүлік; Авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды құндыоықтармен байланысты мүліктік құқықтар; Жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы және басқа да мүліктік құқықтар; Қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген ноу-хау емес) ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық.
  2. Құралдардың салыну обьектілері бойынша инвестициялар былайша бөлінеді:
  • Нақты нвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы, яғни нақты инвестициялар - кәсіпорынның негізгі және айналыс капиталын қалыптастыратын материалды және материалды емес активтерге салынатын салым. Материалды активтер - ғимараттарға, станоктарға, қосымша материалдық бұйымдарға, дайын өнімдерге айналдырылған құралдар;
  • Материалды емес активтер - лицензиялардың, патенттердің, тауар белгісінің құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;
  • Қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша құралдардың салынуы - депозиттер, құнды қағаздар, банктік салынымдар.
  1. Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
  • Тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын салу обьектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі. Сонымен қатар инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге, инвестицияландыру обьектілірін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне;
  • Жанама, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді орналастыратын және аккумуляциаландыратын түолі қаржылық делдалдар арқылы (инвестициялық қорлар және компаниялар) жүзеге асады. Мұндай делдалдар инвестицияландыру обьектілерін басқаруға қатысады, ал алатын табычтарын клиенттері арасында бөледі. Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға салынатын салынымдары портфельдік деп те атайды.
  1. инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына түрлерге бөледі:
  • Қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар(;
  • Ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан көп.
  1. Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:
  • Азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың, өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;
  • Мемлекеттік, ол түлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет көздерінен қкаржыландырылады.
  1. Инвестордың қатысу түріне байланысты:
  • Қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі меншік қоғамына үлестік қатынас) ;
  • Инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды өз меншігіне алу;
  • Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы немесе басқа да құгды қағаздар түрінде алу;
  • Табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да мүліктік құқықтарға концессия алу.
  1. Тәекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
  • Тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп саналады, ал олар бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды анықтайды, бұл қауіпсіз қойылы инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі салымдарды бағалау ретінде қолданылады;
  • Тәуекелді инвестициялар. Инвестицияларен байланысты тәуекл немесе белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным обьектісі сияқты факторларға тәуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның жұмыс істеу нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне және жоьаның масштабы мен оның мақсаттарына тәуелді, сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың мүмкін болатын әрекетін шеше алмау болып табылады (жаңа өнім түрін құру, өндіріс шығындарын төмендету, сату көлемін кеңейту, мемлекеттік тапсырыстарды орындау және т. б. ) . дәрежені бағалау критерийлері мыналар болуы мүмкін:
  • барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің орын алуы мүмкін;
  • жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік табысты жоғалту мүмкіндігі. Тәуекел дағдарысты болып табылады;
  • барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі және инвестордың банкротқа ұшырауы немесе апаттық тәуекел.
  1. Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы мүмкін:
  • Жаңа алаңдарда және бастапқыда бекітілген жоба бойынша іске асып жатқан жаңа құрылыстар немесе кәсіпоындардың, ғимараттардың салынуы;
  • Шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі - өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатымен шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың екінші және келесі кезектерін, қосымша өндіріс кешендерін және өндірістерді, жаңа кәсіпорындарды салу немесе қызмет етіп жүрген кәсіпорындарды кеңейту;
  • Шаруашылық жүргізіп жүрген кәсіпорынды қайта құру - моральды тұрып қалған және физикалық жағынан тозған қондырғыларды ауыстыру арқылы жаңа өнімнің шығарылуынң профилін өзгерту мақсатымен өндірісті толық немесе жартылай қайта жабдықтауды ортақ жоба бойынша жүзеге асыру;
  • Техникалық қайта қамтамасыздандыру - жекелеген цехтардың, өндірістердің, учаскелердің өндірісінің техникалық-экономикалық деңгейлерін арттыруға бағытталған шара кешендерін жүргізу.

Инвестицияның ұсынылған жіктелуі қазіргі заманның инвестициялық жобалау концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді жан-жақты бағалау үшін қажет.

Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және инвестициялық қызметі

Кәсіпорынның инвестициялық қызметі - бұл кәсіпорынның шаруашылық қызметінде маңызды роль атқаратын және өзіне тән заңдылықтарымен дамып отыратын, өзіндік логикаға ие обьективті процесс, себебі инвестициялар өзінің экономикалық табиғаты жағынан болашақта табысқа жету үшін ағымдағы тұтынудан бас тартуды біодіреді. Сол себептен инвестициялық процесс кәсіпорынның инвестициялық жоспарын анықтаудан басталады, огы таңдау төмендегілерге байланысты:

  • Кәсіпорынның өмір сүру циклының сатылары;
  • Жалпы даму стратегияры;
  • Инвестициялық ресурстардың ішкі және сыртқы нарықтарының жағдайы;
  • Құралдардың салу обьектісі ретіндегі кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық қызметтің стратегиялық мақсаттарын қалыптастыру
Ақшалай бағалы қағаз
Кәсіпорынды басқаруды ұйымдастыру
Инвестициялардың жіктелуі
Инвестициялық жобаны бағалау
Шағын бизнес жайында дәрістер
Кәсіпорынның инвестициялық саясатының теориялық аспектілері
Инвестиция есебі
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясының түсінігі
Компаияның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz