Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын қалыптастыру мәселелері туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын қалыптастыру мәселелері1

Қазақстан Республикасындагы тікелей инвестициялардың салалық құрылымы 1993-98 жылдар6

Әдебиет/Литература:12

Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын қалыптастыру мәселелері

Қазақстанның тиімді сыртқы экономикалық байланыстар жүйесін құру оның халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын жандандыру бүгінгі таңдағы ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Оны шешпейінше экономиканың тұрақтануы да, келешекте қарқынды өсуі де мүмкін емес. Нарықтық қатынастардың тәуелсіз болуы және қалыптасуы Қазақстанның әлемдік нарықта экспорттық-импорттык маманданудың өз «үлгісінің» сапалы жаңа тәсілін іздеуін, шетелдермен экономикалық қарым-қатынастардың принципті жаңа түрлерін енгізуді талап етуде.

Бұл қалыптасқан экономикалық жағдайға байланысты болып отыр. Мұны шартты түрде сыртқы және ішкі факторларға бөлуге болады.

Ішкі факторлар бұрынғы кеңестік республикалардың мемлекеттер болып бөлінуінің, сондай-ақ қатар жаңа қоғамдық-саяси құрылысқа көшуінің салдары болып табылады. Мұның өзі республикада әлеуметтік-экономикалық жағдайдың шиеленісуіне әкеліп соқты. Бұл оның өнеркәсібі дамыған елдердің даму деңгейіне құрылымдық-технологиялық жағынан сай келе алмайтынын, сондай-ақ ұлттық экономиканың бірқалыпты әрі тиімді дами алмайтынын көрсетті.

Сыртқы факторлар бүкіл әлемдік еңбек бөлінісіне белсенді қатысу қажеттілігіне байланысты, бұл қазіргі уақытта ұлттық экономиканың тиімді жұмыс істеуінің аса маңызды алғышарты болып отыр. Қазіргі FTP ауқымы кең болғандықтан бірде-бір ел қаншама ірі әрі экономикасы дамығанымен өнеркәсіптің барлық салаларының бірдей жан-жақты дамуын қамтамасыз ете алмайды.

Бұл республика алдына әлемдік ғылыми-техникалық процесс пен өндірістік қарым-қатынастарға тиімді қосылу жолдарын анықтау, жаңадан қалыптасып жатқан әлемдік еңбек бөлінісінде өз орнын табу міндетін қойып отыр.

Бұл мәселенің маңыздылығы бүгін таңда республикада біртұтас сыртқы экономикалық байланыстардың даму тұжырымдамасы жоқтығынан күшейе түсуде. Бұл салада қабылданған заңдар әлемдік шаруашылық процестер дамуының қазіргі үрдісіне толық жауап бере алмай, сыртқы экономикалық әрекеттің жекелеген жақтарын қамтып, көбіне жеке-дара сипатта болып отыр.

Қазақстан экономикасының дағдарысты ахуалының бір көрінісі капитал салымы көлемінің ұзақ мерзімдік төмендеу үрдісін білдіретін инвестициялық дағдарыстың белең алуы болып табылады. Сондықтан негізгі қорлардың сарқылуына және тез ескіруіне, соған орай тек бәсекелестікті жоғалту қаупі туып қана қоймай сонымен бірге көптеген кәсіпорындардың, тіпті бүкіл өндіріс салаларының жойылу қаупі төніп тұр. Бүгін таңда бұл дағдарыстан шығудың жолы ішкі және шетелдік инвестициялардың мәселелерін шешумен байланысты.

Бұл мәселелерді шешу теңгеге деген сенімді күшейтуді, қаржы институттарын дамытуды, инвестицияларға қолайлы жағдай туғызуды талап етеді.

Бірақ инвестициялардың көлемі ғана емес, «сапасы» да маңызды. Ішкі инвестицияларды да, шетелдік инвестицияларды да мемлекеттік реттеп отыру керек. Мұнда біздің ойымызша Ресейдің отандық және шетелдік инвестициялар тартудың мемлекеттік бағдарламасын жасау тәжірибесі көңіл аударарлық, өйткені ол жалпы ел экономикасының даму стратегиясына сай келеді.

Ресей Федерациясы Үкіметінің 1995 ж. 13 қазандағы № 1016 қаулысымен мақұлданған «Ресей Федерациясының отандық және шетелдік инвестицияларды 1995-1997 жылдары ел экономикасына тартуды ынталандырудың кешенді бағдарламасының» ортақ мақсаты инвестициялық процесс жүріп отырған орта ретінде Ресейдегі инвестициялық ахуалды жақсартуды жалғастыру болып табылады. Мұндағы басты мәселелердің бірі инвестордың Ресей нарығында қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету кепілдігі, бұған қосымша жеке басының қауіпсіздігі, салынған қаржыларды коммерциялық емес тәуекелдерден қорғау және т. б.

Бағдарламада бұл мақсатқа жетудің мынадай негізгі бағыттары көзделген:

экономикаға салынатын инвестициялар көлемін ұлғайту, ең алдымен кәсіпорындардың амортизациялық төлемдері мен халықтың жинақ ақшасын инвестицияларға айналдыру;

- күрделі салымдардың жоғары қайтарымын әлеуметтік саладағы шығындарды азайта түсу есебінен және өндіріс салаларындағы инвестициялар тиімділігін өсіру арқылы көтеру;

- халықаралық экономикалық байланыстардың дамуын қамтамасыз ете алатын және озық ғылыми-техникалық жетістіктерді игеретін шетелдік инвестицияларды тарту. Әйтсе де олар отандық инвестициялардың жетіспеушілігін толығымен жаба алмайды (шетелдік инвесторлардың белсенділігі тек отандық инвесторлардың белсенділігі артқан жағдайда ғана мүмкін болады) . Осыған байланысты қолайлы инвестициялық ахуал жасау үшін тиісті құқықтық және ұйымдық-мемлекеттік қамтамасыз етуді құрудың маңызы зор. Онда бағдарламаның негізгі бөлігі министрліктер мен ведомстволарға осы міндеттерді шешуге бағытталған нақты құқықтық құжаттар әзірлеу жөнінде тапсырмалар берілген іс-шаралар жоспары болып табылады.

Тек осындай жағдайда ғана шетелдік инвестициялар экономикалық өсудің тездеткіші бола алады. Бұл үшін объективті мүмкіндіктер бар. Әлемде пайдалы салымдарды іздеп жүрген каржы корлары өте көп. Казақстан - инвесторлар үшін мүмкіндігі мол ел. Нақты тартымдылық инвестициялық ахуалмен, ортамен, капитал салу шарттарымен айқындалады.

Бүл арада Қазақстанның шетелдік инвесторларды тартуда бірқатар мүмкіншіліктері бар:

- күшті президенттік билік пен біршама саяси тұрақтылық;

- табиғи мол қорлар;

- батыспен салыстырғанда көптеген бос және ешкім иелене қоймаған капитал жұмсау салалары бар кең нарық;

- ТМД-ның баска республикаларымен салыстырғанда Қазақстан халқының жоғары сатып алу қабілеттілігі;

- едәуір арзан жұмыс күші;

- жұмыс күшінің жоғары кәсіби деңгейі.

Соңғы уақытта шетелдік инвестициялар көлемі едәуір өскенімен олардың ортақ көлемі әлі де көп емес, ал қорлардың тартылу кұрылымдары қанағаттанарлықтай емес (1-сурет) .

Нақты экономика секторының өнеркэсіптік өндіріс салаларына бағытталған инвестициялар тарту үлесінің төмендеу себептері шетелдік инвестицияларды тиімді қорғау жүйесінің жоқтығынан болып отыр. Мұнымен қатар республикадағы инвестициялық ахуал ауыз толтырып айтарлықтай емес. Бұл негізінен келісім тәртібінің нашарлығынан, салық салу деңгейінің жоғарылығынан және болжауға болмайтындығынан, инфрақұрылымның дамымағандығынан, есептеу ескі жүйесінің артта қалғандығынан, қылмыстық жағдайдан, құқықтық және нормативтік тұрақсыздықтан және т. б. көрініс табуда.

Шетел капиталының Қазақстан Республикасына тартудың қажетті бір шарты қылмыстық элементтермен күресу болып табылады. Халықаралық экономикада кіші және орта буын инвесторлар рөлі арта түсуде. Капитал салымы жетіспеуінің бір маңызды себебі біздің қоғамымыздың қылмыстық ахуалы деуге болады (мұның өзі бұрынғы КСРО елдерінің көбіне тән нәрсе) . Егер ірі компаниялар үшін шенеуніктер мен жергілікті рэкет қорқынышты болмағанымен, шағын және орта бизнес олардың алдында қорғансыз қалып отыр. Мұнымен қатар өтпелі кезең жағдайы шетелдік капиталмен қарым-қатынастар саласында әртүрлі дәрежедегі шенеуніктер үшін көптеген заң бұзушылық пен қызмет бабын теріс пайдалануға қолайлы жағдай туғызуда.

Қазақстан Республикасындағы тікелей инвестициялардың салалық құрылымы 1993-98 жылдар

17%

Байланыс/Связь

Электр энергетикасы/ Электроэнергетика

Кара металлургия/ Черная металлургия

Мұнай-газ кешені/ Нефтегазовый комплекс

Түсті металлургия/ Цветная металлургия

24%

Шетелдік инвесторлар Қазақстан өнеркәсібінің дағдарысты ахуалын шетелдік капиталды салымға жұмсау үшін қолайлы жағдайдың жоқтығының негізгі себептерінің бірі деп атауда. Кәсіпорындардың өмір сүру шырқын бұзатын Қазақстан заңдарының жетілмегендігін айта отырып, кейбір шетелдік инвесторлар шетелдік инвестициялауды түрлі жеңілдіктер беру арқылы ынталандыру жөнінде теріс пікір білдіруде.

Кейбір ғалымдар республика өнеркәсіпке өз инвестицияларын көбейту арқылы ғана шетел инвесторларын тарта алады деп есептейді. Олар бос капиталы бар адамдар мен өнеркәсіпті біріктірудің экономикалық және ұйымдық тетіктерін табу мақсатымен алшақтау себептерін талдауды ұсынуда. Капитал иелері мен өнеркәсіптің бірігіп жұмыс істеуінің маңызды көздерінің бірі ретінде қаржылық-өнеркәсіптік топ нысанын қарастыру ұсынылуда.

Қазақстан экономикасына тікелей инвестициялардың келуіне кедергі туғызып отырған заң негізінің жетіле қоймағандығы, қылмыстық ахуалдың сақталуы және басқа себептері бар екенімен келісе отырып, олардың басты себебі өндірістің дағдарысында жатқандығын баса айтқан жөн.

Қазақстандағы жағдайды Қытайдағы шетел инвестицияларының жағдайымен салыстырар болсақ, онда бұл мемлекеттің экономикасына тартылған шетел инвестицияларының орасан зор көлемі (1996 ж 42, 3 млрд. АҚШ доллары) тек саяси тұрақтылықтан, шетелдік инвестицияларды ынталандыру жүйесінен, оның ішінде жеңілдетілген салық тәртібінен, ЕЭА жұмысынан және арнайы бағытталған шетелдік инвестицияларды тартудың нысаналы саясатынан ғана емес екенін атап өтуге болады. Қытай экономикасының жыл сайын 10-12% өсуінің шешуші маңызы болып отыр.

Қазақстан үкіметінің бірінші кезектегі мәселесі экономикалық өсуге ықпал ететін шараларды қабылдау болып табылады. Қазақ-стандағы инвестициялық ахуалдың өте күрделі кезінде шетелдік инвестицияларды тартудың белгілі мақсаттарға бағытталған саясаты керек. Шетелдік инвестициялардың елеулі түрде түсуіне және оның игерілуіне қарамастан біздің экономикамызда тек шетелдік инвесторлар мен кредиторлардың алдында борыштық міндеттемелердің өсуінен басқа оң өзгерістер әзірше жоқ болып отыр. Мемлекеттік кепілдік берілген несиелер мен займдарды тарту көлемінің ұлғаюына байланысты оларды өтеуге жұмсалып отырған шығындар айтарлықтай өсе түсуде. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша Қазақстанда 1998 жылы ол 530 млн. АҚШ доллары болған, ал 1999 жылы 1, 6 есе өскен. Сыртқы займдарды атқару шығындарының жиынтығы 1998 жылы 1, 52 млрд. АҚШ доллары болған (1997 жылы 1, 9 млрд. АҚШ долларына жуық, ал 1995 жылы - 471 млн. АҚШ доллары болған) . Бұл шетелдік капиталдың негізінен ресми көмек түрінде болып, ал оның республикалық бюджет арқылы бөлінуі және оның тұтыну салаларының мұқтаждықтарын қаржыландыру мен бюджет тапшылығына бағытталуымен түсіндіріледі. Мұның өзі 90-жылдардың басында өнеркәсіптің едәуір құлдырауынан туындағандықтан бюджет тапшылығының зор көлемі әлі де сақталып отыр. Бұл күндері бюджет тапшылығын қаржыландыру сыртқы борыштардың негізгі арқауы болып отыр. Ал оның белгілі себебі импортты қаржыландырудың ұлғая түсуінде (мысалы, Ресейден және Өзбекстаннан қуат көздерін импорттау) . Дегенмен, үкімет кепілдігімен алынған шетелдік инвестициялардың тартылуы тұтыну мұқтаждықтарын атқару үшін емес, экономиканың өндірістік және кәсіпкерлік салаларына арналғаны белгілі. Осыған байланысты Ресейдің бірқатар аймақтарының тәжірибелері, атап айтқанда Татарстанның, Коми Республикасының және кейбір қаратопырақты орталық аудандарының шетелдік инвесторларға салық жеңілдігін беруі және арнайы мақсатқа бағытталған шетелдік инве-стицияларды аймақтық маңызы бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін жинақтаған тәжірибесіне көңіл бөлуге болады. Дегенмен бүл саладағы жағдайдың бірқатар жақсара түскенін айтуға болады. Мысалы, шетелдік несиелер есебінен қаржыландырылып, республика үкіметінің кепілдігі берілген және республика бюджетінен қосымша қаржыландырылатын инвестициялық жобалар тізімінде мынадай обьектілер бар: Қарашығанақтағы кіші тоннаждык жанармай өндірісі қондырғысының құрылысы, Өзен мұнай көздерінің жұмысын қалпына келтіру, Ақтау теніз сауда портын қайта құру/ Павлодар қаласындағы «Химпром» акционерлік қоғамының каустикалық сода мен хлор өндірісі зауыты, Семей қаласындағы Ертіс өзеніндегі көпір құрылысы, Алматы қаласындағы балалардың Республикалық оңалту орталығы және т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық ахуалды қалыптастырудың теориялық аспектілері
Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын қалыптастыру мәселелері
Қазақстан Республикасының инвестициялық климатын талдау
ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ Еуропа одағының қалыптасуы мен дамуы
Экономиканың аймақтық дамуы
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды - инновациялық дамыту басқармасы
Экономиканың инновациялық дамыту
Мұнай өндіру саласының пайдалылық деңгейіне әсер етуші инвестиция көрсеткішінің тренд үлгісі
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ АУМАҚТЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ
Қазақстанның бүгінгі қаржы және банк секторы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz