Қазақстанның инвестициялық саясаты туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанның инвестициялық саясаты

Инвестициялық саясаттың әлеуметтік-экономикалық салдарын ескере
отырып, Қазақстан экономиканың қаржылық тұрақтануы сатысына ену кезеңінде
қатаң әдістерді қолдана бастады, бұл әдістер төмендегі бағыттарды қамтиды:
• үкіметтік несиелер мен кепілдемелерді шектеу (өйткені үкіметтік
несие алдын-ала ақы төлеуді; кепілдемелерді ұсынуды және белгілі
сомалардың процентімен қайтарылуын талап етеді).
Мұндай жағдайда елге келіп жатқан шетел инвесторларын көбейтуге
арналған мүмкіндіктер кеңейіп жатыр. Капиталды тартудың мұндай формасының
басымдылығы әртүрлі түсіндіріледі:
• тікелей шетел инвесторлары донордың ұзақ мерзімдік мүдделерінің
жүзеге асуына мүмкіндік береді;
• донордың өндірістік процесті басқаруға қатысу мүмкіндігі болуы
тиіс;
• елеулі көлемде қаржылық ресурстардың ағылып келуін қамтамасыз
етеді, ол сыртқы қарыздардың төлену проблемасына әсер етпейді;
• тікелей шетел инвестициялары іскерлік және шаруашылық белсенділікті
қамтамасыз ете отырып, өндірістік және ғылыми-техникалық
ынтымақтастықтың әр түрлі формаларының кең түрде таралуына ықпал
етеді.
Мұның барлығы Үкіметтің орта мерзімдік инвестициялық бағдарламасын
қабылдау және жүзеге асыру үшін бағыт-бағдар беруге мүмкіндік жасады.
Объектілерді салу және сатып алумен қатар шетел капиталын салу бағыттарына
мыналар жатады:
• біріккен және төл кәсіпорындарды құру;
• шетел компанияларының басқаруына объектілерді беру;
• акционерлеу жолы арқылы кәсіпорындарды жекешелендіру процесіне
донорлардың қатасуын кеңейту;
• банктік мекемелерді инвестициялу.
Қолданылатын бағыттар сипатында елеулі өзгерістер болуда:
• Біріккен кәсіпорындардың делдалдық-өткізу және сатып алу қызметі
салаларында емес, өндірістік, банктік, құрылыстық қызметте,
аграрлық сектордаұлғаюы.
1997 жылы қызмет етіп жатқан біріккен кәсіпорындардың жалпы саны 1388,
ал шетел инвесторларының басқаруына берілген кәсіпорындар саны 100-ден
астам болды.
Бір кеңістіктегі серіктестердің мүдделері, өндірістік міндеттер
сияқты, өнімді өткізудің белгілі бір нарығында тоғысады.
• Қазақстан Республикасы экономикасына тартылатын айналым капиталының
ұлғаюы жеке жобалар бойынша жекешелендіру процесінде көрініс тапты.
Оның өрістеуі белгілі мөлшерде төлем төлемеу дағдарысы сияқты түйінді
мәселені жеңілдетті, өндірістердің іскерлік белсенділігін көтеруге және
озық технологияларға өту процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.
Дегенмен, бірқатар жағымсыздықтар да кездеседі, олар республиканың
экономикалық қауіпсіздігіне әсер ететін қатерлердің пайда болуына жағдай
жасайды.
Олар мыналар:
1. Бұрынғысынша донор үшін өте тартымды болып табылатын мұнай-газ
саласы, қара және түсті металлургия, ақырғы нәтижесінде олар халық
шаруашылығындағы жекелеген салалардың дамуындағы алшақтықтың
ұлғаюына ықпал етеді.
Шетел инвестицияларын осылайша орналастыру шетел инвесторларының
(темекі, кондитерлік, маргарин өндірісі және т.б.) қызмет етуін
монополиялық тұрғыда бекітілуіне ықпал етті.
2. Шетелдік тікелей инвестициялар құрылымында үлкен үлесті – несиелер,
займдар, ссудалар алып жатыр. Оларды негізгі инвестор кәсіпорыннан
филиалдар мен еншілес компаниялар алады. Мұндай фирмааралық
инвестициялау қияндап бара жатыр. Соның салдарынан фирмааралық
қарыздар қалыптасуда және ұсынудың қатаң жағдайлары кезінде
клммерциялық несиелеу кеңейтілуде.
3. Фирмааралық несиелерді қолдану, сонымен бірге бас компаниядан
қаржылану көп жағдайда инвестициялаудың өзінің көлеміне тең емес
пайданың ауысуына әкеліп соғады.
Мысалы, әлемдік тәжірибедегі шынайы салым жоспарланған инвестициялар
сомасыныың 20%-нен асқан жоқ, ал пайданы қайта инвестициялаудың бұдан
кейінгі процесі бухгалтерлік және басқа да әдістерсіз қаржылардың негізсіз
ағылып кетуіне әкеліп соғады.
Соңғылар тікелей де, жанама да табыстардың елден негізсіз “шығып
кетуіне” ықпал етеді.
4. Ел экономикасындағы өңдеуші емес, шикізат салаларын инвестициялау
теріс жағдайларға әкеліп соғады, олардың ішінде ерекше орынды
дивидендтер алады, олар саланың экспорттық көлемінің елеулі бөлігін
құрайды.
Бұл жағдайда кеден арқылы шетелге өнімнің едәуір көллемінің өтуі
кезінде экспорттық валюталық түсім пропорциналды дәрежеде өспейді.
5. Шетелдік инвестициялаудың басқа формаларын салыстырғанда, тікелей
инвестициялар ағымын қатаң түрде реттеу өте ауыр, нәтижесінде ол
төлем балансы жағдайына белгілі дәрежеде әсер етеді.
6. Бүкіл әлемдік тәжірибедегідей, Қазақстан Республикасына тікелей
шетел инвестицияларын тарту ұзақ мерзімдік болашақты айқындай
алмайды. Тәжірибеде көптеген донорлар міндеттемелер шеңберін
орындауға қабілетсіз болып келеді, тиісінше ол төлем балансына,
жұмыскерлердің әлеуметтік тұрақсыздығы жағдайына әсер етеді.
Қазақстандағы объектілер басқаруға өте тиімді жағдайларда беріледі:
әлеуметтік объектілерді қамтамасыз етілуден босатылады, жұмыскерлер санын
қысқартуда еркіндік беріледі және экспортқа бағытталған өндірістер құнға
үстеме салықтан босатылады.
Сонымен бірге, белгілі бір өндіріске салынған инвестициялар кейінгі
жылдары едәуір көлемде коммерциялық несиелеу құнынан асып кетті.
7. Ақпараттық нарықтардың құрылмағандығы – шетелдік басқаруға өту
шарасының шектен тыс жабық түрде жүретіндігін алдын ала айқындайды,
ол көптеген келісімдерді бақылау мен олардың жүргізуіне жауапты
болуы мүмкін емес.
Нәтижесінде, 1996 жылғы қарыздарды өтеу, еңбек ақыны дер кезінде
төлеу, зауыттар жұмысының ырғақтылығы, экспортты ұлғайту сияқты
көрсеткіштері – 1995 жылдың объектілерді шетел инвесторларының басқаруына
жаппай беру көрсеткіштерінен едәуір төмен болды.
Барлық елдердегі сияқты, Қазақстандағы инвестициялық процестің
гүлденуі макроэкономикалық параметрдің төмендегі факторларымен тежеліп
отыр.
Олардың біріншісіне мынаны жатқызуға болады: яғни жинақталатын
ресурстардың төмен тиімділікте сіңірілуі, оларды қаржыландыру механизмінің
жоқ болуы (сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету және инвестициялаудың
нарықтық институттарының қалыптасуының, сонымен бірге жинақтаулардың
салымдарға айналуы механизмінің аяқталмағандығы).
Бұл жағдайды ұлттық банктік жүйенің жеткілікті түрде дамымауы
шиеленістіріп отыр. Қазіргі кезде ұлттық банктік жүйе жинақтарды салудың
және оларды инвестициялаудың шынайы активтерге айналуының тартымдылығын
қамтамасыз етуге қабілеті жоқ.
Екіншіден, Республика ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның инвестициялық саясаты туралы
Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы
Мемлекеттің үдемелі-индустрияландыру саясаты аясында инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың құқықтық негіздері
«Қазіргі жағдайдағы кәсіпорындардың инвестициялық саясатының ерекшеліктері»
Қазақстан Республикасының аймақтарының инвестициялық-инновациялық әлеуеті
Банк көрсететін қызметтер
Мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфроқұрылымдарды және өңдеуші өндірістерді дамыту жолдары
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер мен жетілдіру жолдары
Қазақстанның инвестициялық саясаттары
Инновациялық әлеует саясаты
Пәндер