Дамыған елдердегі инновация үрдістері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
1 Инновацияның мәні, мақсаттары және негізгі кезеңдері 3
Инновация (Жаңалық енгізу) туралы түсінік 3
1.2 Инновацияның (жаңалық енгізудің) негізгі кезеңдері мен мақсаттары 4
1.3 Инновациялық жүйе 7
1.4 Өнімнің өміршенділік циклы 9
2 Дамыған елдердегі инновация үрдістері 11
2.1 Дамыған елдердегі инновация 11
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 15

Кіріспе

Біздің еліміздің болашағы - оның интеллектуалды қоры, ғылымы және
инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н.Ә. Назарбаевтың халыққа
арналған жолдауында айтылған болатын. Өмір өзі көрсеткендей, шикізат сатуға
бейімделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы
ғылым жетістіктеріне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы
көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті. Сондықтан да, ғылымға және
ғылыми – техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлуі тиіс.
2003 жыл индустиялық – инновациялық стратегиямызды іске асырудың
алғашқы жылы болды. Елімізде даму институттары құрылып, олар қазірдің
өзінде өңдеуші салаларды жақсартуға нақтылы жағдай жасай бастады. Даму
банкі жарты миллиард доллардан астам сомаға 20 инвестициялық жобаға кредит
бөліп отыр.
Жасылып отырған жұмыстың басты мақсаты инновацияларды және инновациялық
прогресті жан – жақты зерттеу, олардың жіктелуін көрсету, Қазақстан
кәсіпорындарының инновациялық қызметіне талдау жасау. Жұмыстың объектісі -
Уркер косметикс кәсіпорыны, пәні аталмыш кәсіпорынның инновациялық
қызметі болып табылады.
Бұл жұмыста көптеген әдебиеттер қолданылған. Ол дегеніміз – газеттер,
журналдар және кітаптар.
Қазақстан - 2030 стратегиясының ең тұтқалы басымдылықтарының бірі
экономиканың теңгерімді дамуының, жалпы ұлттық өнімн құрайтын шикізат-ты
жоғары технологиялы, оның ішінде экспорттық өнімге кезең-кезеңмен алмастыру
және елдің ғылыми–техникалық әлеуетін тиімді пайдалану негізінде
экономикалық өсу болып табылады.
Қазақстанда бұл үшін барлық алғы шарттар бар. Бұл – бай табиғи ресурс-
тар, бос өндірістік қуаттардың болуы, жеткілікті білікті ғылыми - техника-
лық қызметкерлер және жоғары жалпы білімділік деңгейімен ұштасқан арзан
жұмыс күші, бірқатар технологиялық тұрпаттар бойынша дайындықтардың болуы.

Сонымен бірге, бірқатар бөгеуші факторлар да бар. Атап айтқанда, соңғы
жылдары Қазақстанның технологиялық тез мешеуленуінің деңдеген кезі болды.
Қазіргі өндірістің тұқыртылуы, өндіргіш күштердің индустриясыздануы,
өндірістің абсолюттік көрсеткіштерінің күрт қызқаруы және жанбасылық,
тұтыну мен қорланудың төмендеуі тегеурінді экономика-лық даму үшін
республиканың аттаныс жағдайын едәуір күрделендіреді.
Экономикалық қарым – қатынастардың жалпы жүйесінде инновациялық
қызметке негізгі орын беріледі, өйткені елдің экономикалық қуаты оның
ақырғы нәтижелерімен - өндіріс тиімділігін көтерумен ғылымды қажетсіне-тін
өнім көлемін өсірумен айқындалады. Сондықтан шетелдегі инновация
үрдістерін сараптау, олардың негізгі бағыттарын ұғынудың маңызы зор.

1 Инновацияның мәні, мақсаттары және негізгі кезеңдері

Инновация (Жаңалық енгізу) туралы түсінік

Инновация (Жаңалық енгізу) дегенде біз инвестициядағы жаңаруды, яғни
белгілі бір қызметтің немесе өнімнің, жаңа жүйенің тәжірибеде меңгерілуінің
қорытындысы дегенді түсінеміз.
Жаңару ( бұрын болмаған жаңашылдық: жаңа көріністер, өнертапқыштық,
қоғамдық қажеттіліктердің қанағаттандырылуының жаңа әдісі.
Жаңалық енгізудің негізінде материалдық қорытынды көрініс табады:
мұнда капитал белгілі бір жаңа техникаға немесе технологияға, еңбекті
ұйымдастырудың жаңа формасына, жаңаша басқару қызметіне жұмсалуының
қорытындысы көрінуі тиіс.
Жаңалықты бастау, меңгеру, тарату жүйесі- инновациялық қызмет немесе
инновациялық (Жаңалық енгізу) жүйесі деп аталады. Жаңалық енгізу қызметінің
қорытындысын жаңа өнім деп атауға болады.
Инновация (жаңалық енгізу) – жаңа қызметтің, жаңа жетілдірілген өнім
түрінде, жетілдірілген технологиялық процесс негізінде іс-қызметте
қолданылуының қорытынды нәтижесі.
Жаңалық енгізу ( ғылыми-техникалық үдеріспен тығыз байланысты, тіпті
соның қорытынды нәтижесі десе де болады. Ғылымның жаңа заңдылықтары мен
қоршаған ортаның жаңа қасиеттерін ашу негізінде технологиялар мен өндіріс
құралдары жетілдіріледі, солайша, ҒТҮ (ғылыми-техникалық үдеріс) еңбек
өнімділігін арттырып, шығындарды азайтады.
Жаңалық енгізуді (инновацияны) белгілі бір белгілеріне қарап, нақты
топтарға бөлуді жаңалық енгізуді (инновацияны) сыныптау деп атайды.
Инновация технологиялық өлшемдеріне байланысты өнімдік және жүйелік деп
бөлінеді.
Өнімдік жаңалық енгізу- жаңа материалдарды қолдану, жаңа жартылай
шикізатты және толық жиынтық өнімдерді пайдаланудан тұрады. Нәтижесінде
мүлдем жаңа өнімдер алынады.
Ал, жұйелік жаңалық енгізу (жаңа технологиялар) өндірісті жаңаша
ұйымдастыру әдістері дегенді білдіреді. Нарықтағы жаңашылдық түрлеріне
байланысты инновация төмендегідей түрлерге бөлінеді:
- әлемдегі жаңа салалар үшін;
- елдегі жаңа салалар;
- белгілі мекемедегі кәсіпорындағы жаңашылдық. (немесе мекемелер,
кәсіпорындар топтары үшін);
Пайда болу стимулына қарай;
- ғылым мен техниканың дамуына байланысты туған инновациялар;
- өндірістік қажеттіліктерге байланысты туған инновациялар;
- нарық қажеттіліктеріне байланысты туған инновация (жаңалық енгізу)
Жүйедегі орнына кәсіпорында, фирмада байланысты;
- кәсіпорын кірісіндегі (бастауындағы) инновация; (шикізат, құрал-
жабдық, ақпараттар жинақтау, т.б.)
- кәсіпорын шығысындағы (қалыптасуындағы) инновация; (бұйымдар, қызмет
көрсетулер, технологиялар, ақпараттар, т.б.)
- кәсіпорынның жүйелік құрылымындағы инновациялар; (басқарушылық,
өндірістік).
Енгізілетін өзгерістердің тереңдігіне байланысты;
- түбірлі (базистік) инновация, ірі өнертапқыштықты іске асырады және
техниканың дамуында жаңа бағыттарды қалыптастырады.
- жақсарту инновациялары, ұсақ өнертабыстар іске асырылады және ғылыми-
техникалық даму циклінің тұрақтылығы мен тартылу артықшылықтарын
қамтиды.
- Модификацияланған инновациялар, техника мен технологияның ескірген
түрлерін жартылай жақсартуға бағытталады.
Инновацияның ғылыммен тығыз байланыста болатынын ерекше атаған жөн.
Көптеген әдеби қайнарларда,соның ішінде отандық көздерде, инновация ғылыми-
зерттеудің тікелей нәтижесі деп түсіндіріледі. Дегенмен де, қандай жоғары
көрсеткіштер мен табыстарға қол жетсе де, өз экономикасын жаңаша даму
жолдарына бағыттаған елдер тәжірибесіне сүйенсек, инновация дегеніміз тек
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік құрылымдық жұмыстар нәтижесі ғана емес
екенін куәландырады. Инновациялық жүйе, немесе сол инновацияның өзі,
кәсіпорындарда (басқа да тұтынушыларда) таза ғылыми жетістіктерге сүйене
туындайды.
Бұл, сонымен қатар, нарық конъюнктурасына қатысты ақпарлар негізіндегі
тауар өндірушілер мен сатып алушылар, сатушылар мен бәсекелестер арасындағы
қарым-қатынас нәтижесі.
Қазіргі экономикада инновацияның ролі едәуір артты. Инновацияны
қолданбайынша, жаңа, бәсекеге сай жоғары деңгейлі өнімді шығару тіпті де
мүмкін емес.
солайша, нарық экономикасындағы инновация- өімнің тұтыну құнын төмендетуге
қарсы қажеттіліктерді тудыратын, инвестиция түсімін арттыратын, жаңа өнім
өндірушінің атағын жоғарылататын, ішкі және сыртқы нарықтық қатынастарды
ашу мен кеңейтудің ең тиімді құралы.

1.2 Инновацияның (жаңалық енгізудің) негізгі кезеңдері мен мақсаттары

Жаңалық енгізудің (инновацияның) мақсатттары төмендегідей.
- Өнертапқыштықтың жаңа техникалық міндеттерінің шешімін табу;
- Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік – конструкторлық нұсқалар жүргізу;
(ҒЗТК);
- топтама өнім өндіруді қалпына келтіру;
- өнімді сату мен өткізуді қатар ұйымдастыру;
- нарыққа жаңа тауарлар енгізу;
- технологияларды үнемі жетілдіру жолдарымен жаңа нарықта беки отырып,
өнімнің бәсекелестігін арттыру;

Фирма маркетингтік қызметінің ең жанды бөлігін инновациялық қызметтер
құрайды.
Бұл әсіресе ғылыми кеңейтілген өнімдерді өндіретін фирмаларға қатысты.
Олардың маркетингтікқызметінде ҒЗТК-мен (ғылыми-зерттеу, тәжірибе –
конструкторлық нұсқа) ерекше тығыз байланыстар байқалады.
Тұтынушылар ойлары мен ңұсқаларын іске асырудың басты қозғаушысы осы
ҒЗТКЖ бөлімдері.Олар өнімдер маркетингінің әртүрлі жаңа бағдарламалары мен
нұсқаларын құруда белсене ат салысады ҒЗТК жүйесінде тұтынушылар
талаптарының ең қажеттісін есепке ала отырып, жаңа бұйымдарды оңтайландыру
мақсатындағы техникалық- экономикалық көрсеткіштерді бағыттау мен реттеуге
мүмкіндік туғызатын кері байланыс қажеттілікті оқып үйрену мен ҒЗТК
арасында бар.
Фирманың инновациялық саясатындағы басты нәрсе – ҒЗТК жұмыстардың
негізгі мақсаттарын қалыптастыру, оларды өткізудің мерзімін анықтау,
күнделікті іс-тәжірибеде, қолданыс мақсаттарының қорытындысын бағалау, жаңа
өнімдерді енгізу мерзімін қысқарту.
Жаңа өнімдерді өндіру саласындағы нақты, анық саясат- зерттеу
топтарының жаңа мүмкіндіктерді іздеуіне, ақпараттар жинау мен ұсыныстар
енгізу бағыттайды.
Инновациялық кезеңдердің негізгі мінездемесін қарастырып көрейік.
1-кезең.Жинақталған ойларды жүйелеу;
• нарықтағы технологиялық өзгерістер туралы ақпараттар жинау, ҒЗТК-
дан түскен жаңалықтар, маркетинг қызметінің өндірістік
бөлімдерінің, фирманың өнімді өткізу мен сату аппаратының, сауда
делдалдарының, ақырғы тұтынушылардың тілек, талаптары, тарату
жөніндегі ойлары;
• өнімдерді игеру мен өндіру жөніндегі фирманың ең мықты
мүмкіндіктері туралы ақпарат жинақтау, шығынның мөлшерін анықтау;
• нарық көздері мен олардың ұзақ мерзімді даму тенденциялары туралы
ақпарат жинақтау;

2-кезең. Жаңа өнім өндіру идеялары сұрыптау және таңдау;
- ойлардың өмірде іске асуының мүмкіндіктерін анықтау;
- жаңа және дәстүрлі бұйымдардың жалпы технологиялық деңгейін
анықтау;
- жаңа өнімнің фирма атағына сай болуы және даму стратегиясы;
- болашақ бұйымдардың рұқсат құжаттарының тазалығын анықтау;

3-кезең.Жаңа өнімнің экономикалық тиімділігінің талдамасы ( маркетинг
бағдарламасын жасау негізі.
- ойдың белгілі нақты жоба түріне көшкендегі өнімнің техникалық
дайындығы;
- өнімнің техникалық-экономикалық сипатын анықтау, оның сипатын бағалау
және тұтынылу қасиеттері;
- нарықтағы сұраным күшінің талдамасы және сатылу көлемі;

- жаңа өнімді өндіруге игеру және шығаруға жұмсалатын шығындары (күрделі
қаржыны) анықтау; жаңа өнімнің өзіндік құнын анықтауы;
- жаңа өнімді өндіруге қажетті қорлардың барлығы: технологиялық
машиналар мен құрал-жабдықтар, мамандар, қаржы;
- жаңа өнімді игеру мерзімі және оны нарыққа шығару;
- жаңа өнім өндіру пайдалылығын талдау және бағалау-өнім бойынша
маркетинг бағдарламасын жасау;

4-кезең. Жаңа өнімді жасау.
- фирма бөлімшелері арасында міндеттерді бөлісе отырып, жаңа өнімді
дамыту бағдарламасын жасау;
- үлгі жасау және техникалық сына жүргізу (экологиялық жағынан,
қауіпсіздігін, төзімділігін) тексеру.
- тауардың атын анықтау, тауарлық белгісін, рәсімделуін, орамасын,
таңбасын анықтау.

5-кезең. Нарықтағы тестіленуі.
- шектеулі нарықта үш айдан кем емес мерзімге құны бойынша және басқа
коммерциялық шарттарға қарай тестілеу; (құнына шегерім ұсыну,
несиелер, тб).
- өткізілу, сатылу арналарының оңтайлысын таңдау;
- жарнамалау әдістері мен құралдарын таңдау;
- техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
6-кезең. Өнім бойынша маркетинг бағдарламасы негізінде төмендегідей
жаңа бұйымды өндіріске енгізу туралы шешім қабылдау;
- жаңа енгізілімнің саудалық негізін: сатылу көлемін,өнімнің пайдасын,
сұраныс пен қажеттілікті қанағаттандыру деңгейі, өткізу арналары мен
әдісін, ұқсас тауарлардың сатылуындағы тәжірибенің бар-жоқтығы,
нарықтағы фирманың танымалдылығы, атағы, сатып алушылар және
тұтынушылар мен тұрақты байланысын қамтитын;
- фирманың өндірістік мүмкіндіктерін: бұрыннан бар күш-қуатты пайдалану,
қаржы қорының болуы, ьілікті қызметшілермен қамтылуы;
- қаржылық мүмкіндіктері: өнімді жаппай өндіру және сатудағы
инвестицияның (күрделі қаржының) жалпы самасы; қаржыландыру көзжері,
есептелген кезеңдегі пайдасынан немесе шығындылығынан күтілетін
нәтиже;
- нормативтік көрсеткіштерге сай болуы-өнім өткізілетін елдегі
мемлекеттік стандарт пен нормасына сайлығы;
- жаңа енгізілімнің патенттік қорғалуын қамтамасыз ету.

Жаңа өнім бойынша маркетингтік бағдарламада басты маңызды
критерийлердің ьірі жаңа өнімді енгізудің фирманың мақсаттарын іске
асырудағы бағасына әсер етуі болып табылады, соның ішінде:
- жаңа бұйымның сатылу көлімі;
- жаңа бұйымның енгізілуіне байланысты өзге тауарлардың сатылуындағы
өзгешіліктер;
- жаңа тауар өндірісінде пайдаға қол жеткізу мерзімін бағалау;

Егер жаңа бұйымдар бұрын өндірілген тауарларға технологиялық жағынан
жақын болса, ол компанияның бұрынна бар күш-қуатын пайдалана отырып,
олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріді.

1.3 Инновациялық жүйе

Инновациялық жүйе дегеніміз-белгілі бір кәсіпорынның инновациялық
(жаңашыл) қызметін білдіреді. Ол ғылыми-техникалық ізденістердің немесе
жаңа техналогия жүйенің қорытынды нәтижесін жаңа өнім түрінде іске асыруға
бағытталған. Жалпы жоспарлай келгенде, жаңалық енгізу процесі-кезекті
оқиғалар тізбегі, жаңашылдық ойлаудан бастап, нақты өнімге, технологияға
немесе қызметке және шаруашылық тәжірибесінде таратылуға дейін “пісіп
жетіледі”.
Инновациялық жүйе жаңалық енгізуді тереңдетудегі, жаңа өнімдерді
өңдіру, түрлі әрекеттер, оларды ары қарай нарықты іске асыру мен тарату
қорытындыларының нәтижесі болып есептелетін іс-әрекеттер.
Инновациялық жүйе (№1 сызбада) бір-бірімен байланысқан қалыпты
тізбектегі жеті элементтен тұратын инновациялық жүйенің құрлымдық
тізбегінен тұрады. Олар:
– жаңалық енгізуді тереңдету;
– жаңалық енгізу маркетингі;
– жаңалық енгізу өнімі;
– жаңалық енгізуді іске асыру, тарату;
– жаңалық енгізуді алға жылжыту;
– жаңалық енгізудің экономикалық тиімділігінің бағасы;
– жаңалық енгізудің таралымы, дифузиясы.

(Жаңалық енгізу) инновациялық жүйенің бастауы-жігерлену болып табылады.
Жігерлену-бұл инновацияның мақсаттарын
таңдаудағы, міндеттер қоюдағы, жаңалық еңгізу туралы ойларды
іздестірудегі, оның материалдық жағын, техникалық-экономикалық ойлар
негізін шешудегі қызметтер, жұмыс-тар.Алдымен ойланған ойлар материалдық
қолдау тапқаннан соң тауарға,мүлікке, жаңа өнімге айналады.
Жаңа өнім негізделгеннен кейін ұсынылған жаңалық енгізудің
маркетингтік зерттеулер жүргізіле бастайды, онда жаңа өнімге деген сұраныс,
өнім шығару көлемі,тұтынымдыққасиеттері анықталады, тауар ретіндегі
сипаты,инноваци-яның тауар болып нарыққа шығуы зерттеледі. Содан соң жаңа
өнімдердің шағын топтарын нарыққа шығарып сату арқылы оның орны, таралымы,
тиімді-лік бағасы анықталады. Жаңа өнімдердің және инновацияның алға
жылжуына бағытталған кешенді шаралар (жарнамалау, сату жүйесін ұйымдастыру,
т.б) өткізілді. Оны іске асыру мен алға жылжыту нәтижелеріне кеткен
шығындар статистикалық өңдеу мен талдаудан өтеді. Соның негізінде
инновацияның тиімділігі есептеледі.
Жаңалық енгізу жүйесі (инновациялық процесс) инновацияның диффузиясы
мен аяқталады. Инновация диффузия деген-бұрын бір рет игерілген
инновацияның жаңа аймақтарда, жаңа нарықта таралуы.
Кәсіпкерлік қызмет тәжірибесіне инновацияны енгізерде инновациялық
жүйені қандай қозғаушы күштер тежейтінін немесе алға жылжыта алатынын білу
керек.
Инновациялық жүйенің дамуына әсер ететін негізгі қозғаушы күштер:
– экономикалық, технологиялық.
Инновациялық жобаларды қаржыландыруға ақшаның болмауы, материалдық
және ғылыми-техникалық қордың осалдығы, күш-қуат көздерінің жоқтығы
ағымдағы өндіріс мүддесінің доминантталуы.
Қаржылық және материалды-техникалық қаражат көздерінің болуы, қажетті
шаруашылық және ғылыми-техникалық инфрақұрылым болуы.
( саяси, құқықтық;
Монополияға қарсы, салыққа, тозу жарнасына, рұқсат-лицензиялық
заңдылықтар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Машина жасау өнеркәсібінің дамуы
Экономиканың инновациялық дамуы
Ғаламдану әлемдік экономиканың интернационалдануының ең жоғарғы кезеңі ретінде
Дамыған елдердің жоғары педагогикалық білім беру жүйелеріндегі инновациялық үдерістеріне салыстырма-лы педагогикалық талдау
Оқыту мен білім берудегі инновациялық технологиялардың қолдану мүмкіндіктері
Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық стратегиясын жүзеге асыру мәселелері
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстанның инновациялық дамуының теориялық моделін
Инновациялық қызметтің пайда болуы мен даму маңызы
Экономикалық ғаламдану
Жаңа енгізулерді басқару
Пәндер