Инфляция және Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясат


Жоспар
Кіріспе2
1. Инфляция және Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясат2
2. Инфляцияның түрлері3
3. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның түрлері4
4. Инфляцияға қарсы саясат. 4
5. Әлеуметтік және экономикалық салдары4
Қорытынды7
Қолданылған әдебиеттер тізімі8
Кіріспе
Қазақстанның нарықтық даму жолына өту барысында, Республика бұрынғы КСРО-ның жасырып келген көптеген экономикалық проблемаларымен кездеседі. Осы кезде мемлекет алдында тұрған ең басты мәселелердің бірі бұл тұрақты ақша жүйесін құру болды, өйткені оптимальды ақша массасының айналымы мен қаржы-несие институттарының жұмысынсыз экономиканы дамыту мүмкін емес еді. Ақша жүйесінің тұрақтылығы ең алдымен инфляция деңгейіне және мемлекеттің жүргізіп отырған ақша-несие саясатына байланысты. Инфляция экономикалық құбылыс ретінде барлық мемлекеттерде байқалады және оған мемлекет тарапынан үздіксіз қадағалау мен реттеу жүргізіп отыру қажет.
Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық және әлеуметтік өміріндегі ең бір өткір проблемаларының бірі. Бұл проблема бұрынғы КСРО құрамындағы мемлекеттердің барлығын қамтып өтті.
Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенмен, ол тек ақшаға ғана тән ғажайып» құбылыс емес. Ол күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы шаруашылықтың түрлі салаларындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы.
Жоғарыдағы айтылғандарды ескеріп, инфляция дейтін экономикалық құбылысты зерттеу өте актуальды болып табылады.
1. Инфляция және Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясат
Экономикалық құрылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оның тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды.
“Инфляция” аталымы - (лат. - кебіну, ісіну) . Инфляцияның ең жалпы анықтамасы - тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының ортақ қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде - тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі, ақшаның сатып алу қабілеттілігінің төмендеп кетуі.
Инфляция - ақша жүйесінің дағдарысты ахуалы.
Ақшаның құнсыздануы мына факторларға себепші болады:
- айналысқа артық ақшаның шығарылуы;
- қолайсыз төлем теңгерімі;
- үкіметке сенімнің жоғалуы;
Артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысы заңы бұзылады. Инфляция әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып саналады:
- тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі, оның үстіне бірқалыпты емес өсуі, мұның өзі ақшаның құнсыздануына, оның сатып алу қабілеттілігін төмендеуіне ұрындырады;
- ұлттық ақша бірлігінің шетелдік ақша бірлігіне қатысты бағамының төмендеуі;
- ұлттық ақша бірлігінде көрінетін алтынның бағасының көтерілуі;
Қазіргі инфляцияға тән біраз ерекшеліктер бар. Олар:
- егер бұрын инфляция бір жердің шеңберінен аспаса, қазіргі инфляция елдің бүкіл жерін қамтиды;
- егер бұрын инфляция бір мезгілде ғана жүрсе, қазіргі инфляция көп уақытта жүретін құбылыс;
- егер бұрын инфляция тек ақшаның әсерімен туындаса, қазіргі инфляция көптеген ақшасыз және тағы басқа факторларға байланысты болады;
2. Инфляцияның түрлері
Қарқынды инфляция (бағалардың жылына 20%-200%-ке дейін өсу түрі) - экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған оған икемделе береді.
Гиперинфляция - бағдарлардың жалпы деңгейі 1000% артқан жағдайлармен сипатталады. Гиперинфляцияда бағалардың өсу қарқыны соншалықты, тіпті ақша шығаратын фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымға қажетті көлемін шығару мүмкіндігі жетпей қалады екен.
Осы екеуі инфляцияның ашық түріне жатады. Бағалардың өсуі және өсу қарқыны айқын байқалады және ресми түрде есепке алынады.
Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты және баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың 1 жылдық өсуіне сәйкес ставкасы да өседі.
Нарықта тепе-теңдік сақталады. Теңгермелі емес инфляция кезінде жеке тауар топтарына баға бірқалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі.
Тосылған инфляцияны алдын ала болжауға болады, немесе оны үкімет арнайы мақсатпен “жоспарлайды”. “Тосын” инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен көрінеді. Мұндай жағдайда ақша айналымын және салық жүйесін бұзады.
Практикада инфляцияның екі типін бөледі: сұраным инфляциясы және шығындар инфляциясы.
1 жағдай - ол заңды жеке тұлғалардың ақша массасының өсуімен байланысты өнімге, тауарларға және қызметтерге сұранымның өсуінің салдары болып табылады.
2 жағдай - кәсіпорындардың еңбекке ақы төлеуге, несиелер бойынша пайыздық ставкалардың көбеюіне, тұтынатын шикізатқа, материалдық бағаның, қызметтерге тарифтердің өсуіне жұмсалатын шығындардың көбеюі инфляцияны тудырады.
3. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның түрлері
Қазақстан экономикасы негізінен Кеңес Одағының, тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан Кеңестік жүйе ыдырап күйреген кезде Қазақстанда тауар тапшылығы қалыптасқаны белгілі. 1991-1993 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін алынған несие көлемі 1 жарым миллиард доллардан артып кеткен болатын. 1993-1996 жылдары Қазақстандағы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000%-тен 20%-ке дейін төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция қалыптасты, тек өзіміздің ұлттық валютаны енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе төмендетті. Қазақстанның макроэкономикалық деңгейдегі айтарлықтай жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен тегін келген жоқ, оның нәтижесінде ұлттық өндіріс күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп пен машина жасау көлемі 90%-ке, ауылшаруашылық пен азық-түлік өндірісі 50%-60%-ке қысқарды.
4. Инфляцияға қарсы саясат
Инфляция жағдайында үкімет “қымбат ақша” саясатын ұстануға мәжбүр болды. Ұлттық банк несие беру процентін және міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай жүргізілген ақша-қаржы саясаты нәтижесінде инфляция ауыздықталады, сонымен бірге ішкі өндіріс пен нарық екі-үш есе қысқарды, ұлттық өндіріс орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық күрт өсті.
Инфляцияға қарсы саясат негізінен екі жолмен белгіленіп отыр:
Дефляциялық саясат. Мемлекеттік шығындарын азайту, несие үшін пайыздық ставкаларды арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу жолымен ақша-несие және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады. Бұл саясат экономикалық өсуін тежейді.
Кірістер саясаты - бағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен параллельді бақылау жүргізуді қажет етеді. Оның жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыруы мүмкін.
5. Әлеуметтік және экономикалық салдары
Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық конъюнктураның уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Қарқынды инфляция шаруашылық тәртіпті бұзады, ірі корпорацияларға да, кіші бизнеске де, айтарлықтай экономикалық зиян келтіреді. Қарқынды инфляция кезінде конъюнктура екі ұшты болып қалыптасады: нарықтық болжау мүмкін емес болғандықтан бизнесте тәуелділік жоғарылайды, іскерлік әрекеттер күрт қысқарады. Бағалардың әртүрлі өсуі экономикадағы салааралық сәйкессіздікті ұлғайтады.
Баға деңгейінің қарқынды өсуі фискал (қазына) жүйесіне де теріс әсер етеді, экономикада “Танзи-Оливер әсері” дейді. Инфляция салықтан түскен табысты құнсыздандырады. Мысалы, егер салықтар жылдың үшінші ширегінде есептеліп осы жылдың төртінші ширегінде төленген болса, онда гиперинфляция жағдайында бюджетке түскен түсімдер азаяды. Инфляция жағдайында тұрғындардың қолында сақталған ақша қоры құнсызданады, несие беруші мекемелер мен банктер шығын шегеді.
Инфляцияның әлеуметтік салдары да бар, олар ұлттық табыстың қайта бөлінуіне әкеледі, тұрғындар үшін инфляция қосымша салық сияқты, бағалардың өсу қарқыны номиналды табыстың өсуінен жоғары болады, сондықтан нақты табыс азаяды. Инфляцияның зардабы әсіресе табысы шектеулі әлеуметтік топтар үшін ауыр болады.
Статистика жөніндегі агенттіктің осы жылғы ресми деректері бойынша наурыз айында инфляция 0, 3 пайыз болды. Оған азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың, сондай-ақ халыққа ақылы қызмет көрсету бағаларының қымбаттауы басты себеп болған. Соның салдарынан және басынан бергі инфляция деңгейі 1, 7 пайызды құрап, азық-түлік тауарларының бағасы - 2, 4, азық-түлікке жатпайтын тауарлап - 1, 1, халыққа ақылы қызмет көрсету бағасы 1, 0 пайызға өсіп отыр. Ал қаржы - валюта рыногындағы жағдай бойынша наурызда теңгенің айырбас бағасы 1 доллар үшін 150, 88-152, 48 теңге шегінде ауытқыды. Яғни, бір ай ішінде теңге 0, 29 пайызға құнсызданды және айдың соңында биржалық бағам 1 доллар үшін 152, 10 теңгені құрады. Сәуір айындағы инфляция - 0, 4 пайызды құрады. Азық-түлік тауарлары құрылымында ең көбірек қымбаттағаны көкөніс пен жемістің бағасы 5, 2 пайыз, май, мал майы және жұмыртқа арзандады. Бензин 2, 7 пайызға арзандады. Жыл басынан бергі инфляция 2, 1 пайызды құрады.
Бір ай ішінде теңге 0, 22 пайызға нығайды. 1 доллар - 151, 72 теңге болды. Қорыта айтқанда, Қазақстандағы қазіргі инфляцияның себептерін нарыққа өтуге дейінгі инфляцияны тудыратын факторлардан іздестіру керек. Олардың ең бастысы - шаруашылықты басқарудың жоспарлы-бөлу жүйесі. Ол шаруашылықтың шығынды механизмін қалыптастыруға, халық шаруашылығындағы материалды - ақшалық үйлесімсіздіктің тууына мүмкіндік жасап, экономиканың барлық салаларында зиян шеккізеді. Әсіресе:
- ұлттық өнімді жинақтау қорына және тұтыну қорына бөліп, соның негізінде инвестициялық саясат жүргізу;
- құрал-жабдықтарды өндіру және тұтыну тауарларын өндіру салаларында;
- мемлекеттік баға белгілеу жүйесінде;
- несиелік және қаржылық ресурстарды қалыптастыруда байқалды;
Дағдарыстан шығу үшін өндірістің құлдырауын тоқтатып, экономиканы тұрақтандыру қажет екені даусыз. Ол үшін алдымен бүгінгі күні күйреп жатқан ақша - қаржы жүйесін сауықтыру керек, инфляцияны ауыздау керек.
Негізінен мемлекет тарапынан осы инфляцияны болдырмау шараларын жүргізу керек. Мемлекет экономиканы көтеру үшін инфляцияны қатаң бақылау қажет. Сол кезде ғана экономикамыз ілгері басып, инфляцияның деңгейі төмендейді.
Қорытынды
Қазіргі кезде қоғамның, ақпарат құралдарының, барлық адамдардың көңілін аударып, алаңдататын мемлекеттің бір маңызды міндеті бар. Ол - инфляция мен өндіріс дағдарысының алдын-алу, тоқтату немесе бақылау астына aлy.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz