Құн заңы - тауар өндірісінің заңы туралы


Құн заңы - тауар өндірісінің заңы
Қоғамдық өндірістің тауарлы нысананың ерекшелігі құн занының іс-әрекетінен нақты көрінеді. Құн заңы тауар өндірісі мен тауар айналысының негізгі заңы. Құн заңының іс-әрекетінің мәні мынада: тауарларды өндіру мен айырбастау оларды жасап шығаруға жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығындары негізінде жүзеге асырылуға тиіс. Сонымен құн заңы тауарлы өндірістің ең мәнді сипатын көрсетеді немесе әр қилы тауар өндірушілердің шаруашылық нәтижесінің қорытындысында өнім айырбастауда эквиваленттілікті талап етеді. Ал тауар ақша айналысында құн заңы баға заңы болып табылады. Баға-құн заңының көрінісі. Құн-баға заңы немесе бағаның жинақталған көріну нысаны.
Еңбек өнімдерінің жүйелі айырбастау процесінің дамуы кезеңінен бастап, құн заңы тауар өндірісінің бүкіл тарихында әрекет етеді. Қоғамда үстемдік ететін өндірістік қатынастардың типімен байланысты оның әрекет ерекшклігі де өзгеріп отырады. Құн заңының тауар өндірушілерге әрекеті тек рыноктық бәсеке арқылы көрінеді. Осы рыноктық механизм қатынасы сұраныс пен ұсыныс арақатынасы, бағаның ауытқуы мен пайда нормасы, салалық және ішкі салалық бәсеке арқылы құн заңы қоғамдық өндіріске ықпал етеді. Ал оның негізі құн заңының өзінде емес, оның әрекет етуінің қоғамдық жағдайында, қоғамның экономикалық құрылысының сипатында.
Айналыс саласында құн заңы бағаны халықтың төлем қабілеттігінің көлемі мен құрылымын, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын анықтауда маңызды рөл атқарады. Құн заңын дұрыс басшылыққа алудың қоғамдық еңбек өнімділігін, өндірістің тиімділігін арттыруда, аз шығынмен көп нәтижеге жетуде, нақты рыноктық қатынасқа көшуді қамтамасыз етуде, шаруашылық реформасын іске асыру маңызы зор.
Тауар өндірісінің тарихи пайда болуына негізгі үш алғы шарт қажет. Тарихта үш түрлі күрделі қоғамдық еңбек бөлінісі болды. Алғашқы күрделі еңбек бөлінісі мал шаруашылығы мен егіншілердің бөлінуі нәтижесінде осы тайпалар арасындағы айырбастың дамуын тездетті. Екінші күрделі енбек бөлінісі ауыл шаруашылығынан қол өнердің бөлініп шығуы, үшінші күрделі еңбек бөлінісі жоғарыда аталған тайпалар арасынан саудамен ғана шұғылданатын әлеуметтік топтың шығуы. Осы көрсетілген күрделі қоғамдық енбек бөлінісі қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, тасымал, құрылыс және сауда салаларының негізі екені айқын. Бірақ өндіргіш күштердің алғашқы қауыммен салыстырғанда орасан зор дамығанын еске алсақ, қоғамдық енбек бөлінісі, мамандандыру саласының мыңдаған тармаққа бөлініп, кең етек жайғаның байқаймыз. Демек, тауар өндірісінің экономикалық негізі қоғамдық енбек бөлінісі. Ол болмаса тауар өндірісі де, рынок те болмас еді.
Тауар өндірісінің екінші алғы шарты тауар өндірушінің жеке меншігі болуы. Басқа сөзбен айтқанда, тауар өндіруші өз мүлкін еркін сатуға, басқа жерге апарып өткізуіне ерікті болуы қажет. Меншік қатынасы негізінен бірнеше тарихи сатылардан өтті. Алғашқы адамзат қоғамына белгілі қауымдық, тайпалық меншік болды. Бұл меншіктің пайда болуы алғашқы қауымдағы адамдардың табиғаттың дүлей күштеріне тәуелді болуынан, күн көрудің ауыртпалығынан туған қажеттілік. Қоғамдық қауымның меншігі өндіргіш күштердің нашар дамуының салдары. Алғашқы адамдар аң аулау үшін, жыртқыштардан сақтану үшін, тағы басқа жеке адамның қолынан келмейтін (мысалы ауыр заттарды, үлкен тасты орнынан ауыстыру тәрізді) жұмыстарды атқару үшін өзара бірігіп еңбек еткен де, оның нәтижесін ортаға салып, ол өнімдерді тайпа басшылары бөліп отырған. Алғашқы қауымдық меншікке негізделген қоғамдық құрылысты “алғашқы қауымдық коммунизм” деп те атайды. Алғашқы қауымдық формацияда тауар-ақша рыноктық қатынас болмаған. Бұл қатынастар осы формацияның ыдырау сатысында пайда болды. Өндіргіш күштердің дамуы, бірігіп енбек атқару, құрал-саймандарды жетілдіру (мысалы, тас, ағаш құралдарының орнына темір, қалайы, мыс тәрізді металдарды пайдалану, ағаш соқа орнына темір соқа, тырма т. с. құралдарды игеру), сол сияқты отпен пайдаланатын тағам пісіру, қорған, үй салу сияқты енбекке бейімделу арқылы алғашқы қауымда өмір сүрген адамдардың күнделікті тұтынуынан артық қосымша өнімі пайда болды. Ал қосымша өнімнің болуын тауар айырбасының, рынок қатынасының дамуына қажет үшінші алғы шарт деу керек.
Айырбас, рынок қатынасындағы негізгі тұлға-тауар. Экономикалық қатынастың өзі тауардан басталады. Тауар-еңбектің өнімі, ол екінші бір затқа, тауарға айырбастау үшін шығарылады. Ілгеріде атап көрсетілгендей, тауардың екі түрлі сипаты бар: 1) адамның белгілі бір қажетсінуін өтеу қабілеті; 2) екінші бір тауарға айырбастау қасиеті. Тауар қоғамға пайдалы зат болуы қажет. Экономикалық теория тауардың қоғамдық қажетсінуді қанағаттандыру қабілетін тұтыну құны деп атайды. Тұтыну құны-тұтылған жағдайда ғана жүзеге асатын тауардың сипаты.
Тауар өндірушінің өзі үшін өндірілген өнімнің пайдалы қасиеті-оның басқа қажетті материалдық игіліктерге айырбасталу сипаты. Экономикалық теорияда тауардың басқа тауарларға белгілі пропорцияда айырбасталу сипаты “айырбас құны” деп аталады. Айырбас құн-тауар басқа заттармен салыстыру арқылы қаралатын зат екенін білдіреді, сонымен бірге заттар арасындағы қатынаста бүркемеленіп көрінетінін байқауға болады.
Айырбас құны алдымен түрлі тұтыну құндарын айырбастаудағы сан қатынастарын (пропорцияны) байқатады. Мысалы, бір пар етікті бір қап бидайға айырбастаса, бір пар етіктің айырбас құны бір қап бидайдың құнына тең деген сөз. Етік пен бидай түрліше заттар. Сол себептен тауар айырбасы мынадай екі түрлі сұрақ тудырады: 1) түрлі тауарларды, заттарды тенестіретін не? 2) айырбасқа түскен тауарлардың сан қатынастары немен белгіленеді?
Тауарларды теңестіретін, өзара салыстырып өлшейтін негіз-олардың енбек өнімі, белгілі еңбек шығындарының нәтижесі. Тауар еңбектің ғана шығыны ретінде қаралса құн болып саналады. Екінші сөзбен айтқанда, құн дегеніміз-тауарға сіңген еңбек. Осыған орай құн теориясына ерекше тоқтаған жөн. Бұл теорияның негізін салған А. Смит, оны К. Маркс ілгері дамытты. К. Маркс құн теориясына сүйене отырып, қосымша құн теориясын-маркстік экономикалық ілімнің ірге тасын қалады. Алдымен А. Смит зерттеген еңбек құн теориясын алып қарасақ, тек қана еңбек-өнімді жасаущы күш. Бұл теория бойынша, еңбектен басқа өндіріс факторлары жаңа өнімге ауыстырады. Оны ауыстыратын да адам еңбегі, бұл еңбек тек қол еңбегі деген тұжырымды алға тартты. К. Маркс осы қағиданы ілгері дамытты, оны В. И. Ленин қолдады. Соңғы уақытқа дейін кеңестік экономикалық теорияда еңбек, құн және қосымша құн теориясы кең орын алып келді. Бірақ бұл теория адамзат қоғамының алдындағы негізгі мәселе азайып келе жатқан рескрстарды сақтауға арналған жаңа технологияны іздестіру қажеттігін еске алмады. Осыдан келіп құн және өндіріс шығындары туралы ұғым жалған түсіндірілді. Тауарға баға берілгенде қоғамдық қажетті еңбек шығындарын есептеудің дұрыс еместігі, ол шығындар тиімділігі төмен кәсіпорындарда болатындығы айқындалады. Оған қоса монополиялық баға тағайындау жасанды тапшылық (дефицит) тудыратыны мәлім.
Шын мәнінде ерікті ұйымсыз, жеке адам өз инициативасы бойынша ерікті түрде кәсіпорын ұйымдастырмай, нақтылы шығындарын есептей алмай немесе жаңа технологияның қажеттілігін түсінбейді. Ешбір жоспарлаушы орган шектелген өнімді, шектелген пайдалылықтың барлық жиынтығын, факторлар мен өнімнің бағасын есептеп, экономикалық проблемаларды шеше алмайтындығын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Тепе-теңдік бағасы барлық рыноктардағы сұраныс пен ұсыныстың негізінде қалыптасады, шекті қоғамдық пайдалылық пен шекті қоғамдық шығындар бір-біріне тең келіп тұратын “дәстүрлі бағаны” көрсетеді. “Дәстүрлі баға” тек қоғамдық қажетті еңбектің шығындарын, құн заңын көрсетпейді. “Дәстүрлі баға” өндірістің барлық негізгі факторларын-еңбектің, капиталдың, жердің пайдалану технологиясының тұрақты деңгейіндегі барынша тиімділікті сипаттайды.
Сонымен, құн заңы дегеніміз баға заңы. Рыноктық бағаның ауытқуы бұл заңның мына секілді маңызды қызметтерін анықтайды:
- Өндірістің негізгі факторларын бөлу. Баға өскен байқалған салаларда өндірістің жандануы орын алады, мұнда өндірістің маңызды факторлары тоғысады. Осының нәтижесінде тауарлар ұсынысы оларға деген сұраныстан асатын болса, кері процесс басталады. Рыноктық бағалар төмендей бастайды және бұл саладан ресурстардың басқа салаға ауысуы орын алады.
- Өндіргіш күштердің дамуын ынталандыру. Рынокта тауар еңбек шығындарына сәйкес бағалармен сатылады. Егер қандай да бір фирма немесе жеке тауар өндіруші өндіріс шығындарын ғана (тек еңбек шығындарын емес басқа да факторларын қоса) азайтуға қол жеткізсе, ол пайда алады. Бұл үшін технологияны жетілдіру, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін қолдану, ресурстарды үнемдеу қажет. Сонымен ешқандай үгіт-ұрансыз құн заңы өндірушіні өндіргіш күштерді жетілдіру мен дамытуға қатысуға мәжбүр етеді.
- Тауар өндірушілердің жіктелуі. Құн заңының бұл қызметі алдыңғы екеуінен шығады. Өндіріс шығындары төмен, рыноктың жай-жапсарын дұрыс бағалай білген тауар өндіруші алынған пайданың өсуіне байланысты байи түседі. Басқа тауар өндірушілер “ұтылыста” қалып зиян шегеді. Тауар өндірушінің жіктелуі құн заңының, баға заңының нәтижесі.
... жалғасыҚұн заңы және шекті пайдалылық теориясы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz