Инфляцияның мәні, туу себептері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 2
Ι Инфляцияның мәні, туу себептері 3
1.1 Инфляцияның экономикадағы мәні 3
ΙΙ Инфляцияны ауыздықтау және тоқтату жолдары 3
2.1 Инфляцияның зардаптары және оны азайту іс-шаралары 3
2.2 Табыс – инфляциямен күрестің басты құралы 6
ΙΙΙ Қазақстанда инфляцияның ерекшеліктері және инфляцияға қарсы
саясат 7
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиеттер тізімі 12

Кіріспе

Қазіргі кездегі ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық
саласын жан-жақты қамтуда экономика мен экономикалық теория бүгінгі
күндерде қоғамды дамытудың басты пәрменді күші болып отыр. Экономикалық
құрылымы өте күрделі және экономика ғылымы эволюциялық жолмен дамып,
болжамдарды жалғастырып келеді. Экономика соныменқатар қоғам өмірінің
көптеген мәселелерін қамтиды. Әсіресе, соның ішінде баға, табыс,
жұмыссыздық және тағы басқа құбылыстардың өзгерісімен тығыз байланысты.
Қазіргі күндері экономиканы біріншіден - өндіріс, инфляция, табыстар
қозғалысын түсіндіру және жазу үшін, екіншіден – экономикалық тәртіпті
негіздеу үшін қолданылады.
Экономиканың өзін макроэкономика және микроэкономика деп екі салада
қарастырамыз. Бұл екі сала өзара бір – бірімен тығыз байланысты
болады. Міне, осы макроэкономика саласының күрделі мәселелерінің бірі
- инфляция болып табылады.
Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Оның бай тарихы
бар 1775 – 1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған
соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқтырды. Франция 1789 – 1794
жылдары революция кезінде ендірілген қағаз ақшалар 7 жылда 883 есе
құнсызданды.
Алғашқы рет ″инфляция″ деген ұғым ақша айналымына қатысты
АҚШ–та Азамат соғысы кезінде 1851 – 1865 ж.ж орасан зор гривналар
ақша орнына қолданылған күміс кесек 450 млн доллар шығарылуына
байланысты қолданыла бастады, ал оның төлем қабілеті 2 жылдың ішінде 60
% -ке дейін төмендеді.
Инфляция тек қағаз ақшаға тән және ол экономиканың кез келген
үлгісінде орын алады, көбінесе инфляция айналымдағы ақшаның көбеюімен
бейнеленеді. Бірақ кейде, инфляциялық ахуал, айналымдағы ақшаның саны
бір қалыпта қалған күнде де туады. Мысалы, егер елде тауар өнімінің
көлемі азайып кетсе, онымен тікелей байланысты тауар айналымының да
көлемі азаяды. Олай болса, оларға жұмыс жасайтын ақшаның да саны
азаяды. Сөйтіп, дәл осы кезде айналымда жүрген ақшаның кейбір бөлігі
артық болып шығуы мүмкін. Тап осындай жағдай ақша айналымы
жеделдетілсе де туады. Ақша айналымын жеделдету, басқа жағдайлары бірдей
болғанда, айналымға қосымша ақша шығарғанмен бірдей.

Ι Инфляцияның мәні, туу себептері

1.1 Инфляцияның экономикадағы мәні

Макроэкономикалық құбылыстарға басты себептер ұлттардың табысқа
жету – жетпеуіне байланысты болады.
Ұлттар өзінің экономикалық жағдайындағы шығындар, салықтар, ақша
айналысындағы өзгерістеріне экономикалық саясат арқылы әсер етеді.
Өсудің тенденциясын анықтау көрсеткіші үшін өндірістің потенциалдық
көлемін, яғни оның мүмкіндігінің минимумын алады.
Өндірістің потенциалдық көлеміне жету – жұмыспен қамтамасыз
етуге, инфляцияның ұлғаюына байланысты, жұмыссыздық көбейген кезде
инфляция төмендейді. Сонымен қатар, соңғы уақытқа дейін біздің
санамызда ″инфляция″ ұғымы капитализмнің келелі ретінде орнықты. Құн
заңы әрекетімен анықталатын тауар ақша қатынастарының болуы инфляциялық
процесстерді тудырады. Инфляцияның себебі, әрекет ету механизмі,
көрінуі және оның зардаптарымен күресу жолдары бұрын соңды біздің
елде зерттелмеген.
Қазіргі кезде ол барлық жұмысшы күштерінің 6 % -тін қамтиды.
Сонымен инфляция дегеніміз - латын сөзінен алғанда inflatio
қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік –
экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы ақша
өлшемдері қосындысынан артып кетіп, осының нәтижесінде тауарлармен
қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Оның
мәнін түсіну үшін 10 млрд алтын доллар керек екен, ал қағаз ақша
20 млрд доллар шамасында шығарылды делік. Мұның өзі қағаз доллардың
екі есе құнсыздануына әкеліп соқтырады. Инфляция жұмысшылардың
жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі, тауар бағасы бірнеше есе
өседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрезесінен арттырмауға тырысады.
Ақшаның құнсыздануы, халықтың әл – ауқатының дәрежесін төмендетуге
әкеп соқтырады.
Инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің
көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бұзылады. Инфляция
тауар тапшылығының басты себебі бола тұрып тауар азық – түлікті
белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.

ΙΙ Инфляцияны ауыздықтау және тоқтату жолдары

2.1 Инфляцияның зардаптары және оны азайту іс-шаралары

Инфляция елдің әлеуметтік – экономикалық жағдайына көп зардабын
тигізеді. Олар:
• ақшаның құнсыздануына сәйкес халықтың, шаруашылық
жүргізуші субъектілердің және мемлекеттің барлық қор
жинақтары құнсызданады.
• құнсызданған ақшадан ″қашу″ басталады. Ел қолда бар ақшасын
тауарға немесе еркін айырбасталатын валютаға ауыстыруға
тырысады. Ал, осындай жағдай, бұрынғы қалыптасқан тұтыну
сұрамдылығының құрылысын бұзады, тауардың жетіспеушілігі
пайда болады.
• инвестициялық белсенділік төмендейді. Ешкім капиталын
өндірісті дамытуға салғысы келмейді. Өндірістің көлемі
азаяды, соның салдарынан жұмыссыздық көбейеді.
• табысын салық салудан жасыратын бұқпантайшы экономика
дамиды
• халықтың арасында бұрын болып көрмеген байлар мен
кедейлер тобына жіктелу пайда болады, ал бұл, өз кезегінде
әлеуметтік қайшылықтар туғызуы мүмкін.
Сондықтан, кез – келген үкімет, инфляцияға қарсы тиісті шаралар
қолдануы керек. Оның ішінде, бірінші қатардағы міндет, өндірістің, оның
ішінде жоғары және орташа табыскерліктің, дамуын қамтамасыз ету,
олардың өндірген тауарларының сапасын жоғарлатып, бәсекеге
жарамдылығын арттыру болып табылады. Әсіресе, қолда бар заттай, не
ақшалай байлықтарды үнемдеу, оның тиімділігін арттыру қажет.
Инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді, экономикалық
өсудің пропорциясы бұзылады. Ақша, несие, қаржы және валюта механизмі
бүлінеді.
Елде әлеуметтік экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Инфляция
халықаралық экономикалық қарым – қатынастарды жұмыс күшін ұдайы
өндіру шарттарын бұзады, капиталды экономиканың ең пайдалы салаларына
салуды ынталандырады, экономикалық қылмыстар мен астыртын
экономиканың дамуын жедел етеді.
Инфляция мен жұмыссыздықтың бірінен - екіншісінің туындап
отыратын, әдетте бір – бірімен тығыз байланысты процесті - стагфляция
деп атаймыз.
Толық жұмыспен қамтамасыз етілген қоғамда өндіріс циклі болмай,
сұранысқа уақытылы жауап бермей немесе сұраныстың өсуі тұрақты
және ұзақ уақытқа бағаның қымбаттауына әкеледі. Мұнымен бірге толық
жұмыспен қамтамасыз ету жағдайында өндіріушілер жұмыс күші үшін
өзара бәсекеге түсіп, ал бұл номналды жалақыны өсіреді, ең соңында
инфляция – қымбаттылықты күшейтеді.
Өз кезеңінде инфляцияның күшеюі жалақыны өсіріп еңбек нарығының тепе
– теңдігін бұзып тез арада жоғары жұмыссыздықты тудырады.
Жұмыспен қамтамасыз ету нарығында қиын жағдай қажетті
шаралардың қабылдануын талап етеді. Оның ішінде ең бастысы қоғамдық
еңбекті дұрыс ұйымдастыру, уақытша жұмыс орындарын ашып, кадрларды
қайта оқытып, жаңа мамандар әзірлеу, жұмыспен қамтамасыз ету
қорларының нормативін көбейту керек.
Көптеген елдер экономикасында кейде мынадай жағдайлар
қалыптасады: бағаның жалпы деңгейінің өсуі өндіріс көлемінің
қысқаруымен бір мезгілде болады. Экономиканың бұл жағдайын
стагфляция деп атайды.
Стагфляцияның барынша айқын себебі: жиынтық ұсынымның азаюы, яғни
өндіріс шығындар инфляциясы. Стагфляцияның болу себебін инфляцияның
күтумен байланыстырады. Дағдарыстан шығу үшін ақша бірлігінің балансы
мен тұрақтылығы, оған деген сенімді нығайту керек. Баға деңгейі
және инфляцияға келсек, баға мен инфляцияның өсуін бірдей қараймыз,
теңдестіреміз. Бірақ арасында өзгешеліктер бар. Бағаны шектейтін
мемлекеттік саясат инфляцияны тежейді, бірақ шығындар азайса, осы
кезде де инфляция өседі. Өндіріс көлемінің өсуін тежеу арқылы
мемлекет инфляцияны тоқтата алмайды. Өйткені баға деңгейі бұрынғыдан
жоғары болады.
Инфляцияны ауыздықтаудың дәстүрлі жолы ақша ұсынысы мен
мемлекттік шығындардың өсуін тоқтату.
Инфляция зардаптарын бейтараптандыру мақсатымен мемлекет
инфляцияға қарсы саясат жүргізеді. Мемлекеттің инфляцияға қарсы
саясатын экономиканы тұрақтандыру, баға мен жалақыны реттеу қаржыны
сауықтандыру, несие экономикасын тежеу, ақшаны эмиссиялауды қатал
бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шараларды іске асыру арқылы
жүргізеді. Ал аса төтенше жағдайда ақша реформасы жасалады. Инфляция
″экономикалық аурудың″ ерекше түрі болып саналады. Ол бір мезгілде
материалдық қаржылық сәйкессіздіктің әрі салдары, әрі себептері
ретінде көрінеді. Оны бүкіл шаруашылық механизмімен емдемей жеңуге
болмайды, яғни егер инфляциялық вирус инфляцияға қарсы саясаттың
жүзеге асуын қиындататын болса, экономиканы сауықтыру нәтижесіз болуы
мүмкін.
Ақша реформасын жүргізудің екі формасы бар бірінші, жаңа ақша
жүйесін құру – ол алғашқыда металл ақша жүйесін құрғанда, сонымен
қатар мемлекеттік құрылым өзгергенде, яғни отаршылық жүйе құлап,
оның орнына отаршылықтан арылған саяси тәуелсіз мемлекеттер пайда
болғанда және 90 жылдардың басында КСРО – ның орнына ТМД елдері
құрылғанда бұл елдердің даму ерекшеліктеріне байланысты өзіне тән
жаңа ақша жүйесі пайда болды.
Екінші, ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгерту, яғни жаңа
ақша өлшемін енгізу, баға масштабының, ақша түрлерін өзгерту.
Соғыс және революциядан кейінгі жылдары көптеген мемлекеттер ақша
айналысын тұрақтандыру мен экономиканы қалпына келтірудің ең бір қажетті
жолы ретінде мына әдістерді қолданады: нуллификация, рестврация
(ревальвация), девальвация және деноминация.
• Нуллификация – ол құнсызданған ақшаны жойып, орнына жаңа
валютаны енгізу әдісі.
• Реставрация - ол ақша өлшемінің бұрынғы алтын ақша өлшемінің
бұрынғы алтын құрамын қалпына келтіру әдісі.
• Девальвация- ол ақша өлшемінің алтын құрамын төмендтету.
• Деноминация - ол ″нольдерді сызу″ әдісі, яғни баға масштабын
ірілендіру.
Қазақстанда өндірісті дамытуға бағытталған экономикадағы
сәйкәссіздіктерді біртіндеп жоймай инфляцияға қарсы саясатты құру
мүмкін емес, осылай инфляцияны бәсеңдетуге болады.

2.2 Табыс – инфляциямен күрестің басты құралы

Инфляция кезінде баға мен жалақы қозғалысы бірдей қарқын
алмағандықтан түрлі талаптардың арасында табыс пен байлық қайта
бөлінеді:
- бүкіл экономика деңгейінде баға мен түрлі тауарларды шығару
көлемі және жұмыспен қамту қозғалысы әр түрлі бағытта жүреді.
Инфляция бекітілген номиналды деңгейінде болған кезде, процент
иелерінің актив табыстарын бермек төлемдері үшін бекітілген номиналды
процент ставкасы бойынша қайта бөлуде немесе бөледі. Мұны мысалы –
тұрғын үй құрылысына арнаған процент дефляция жағдайында төлемділік
болады.
Инфляцияны 1% төмендету үшін жұмыссыздық жыл бойына өзінің
табиғи деңгейінен 2 % жоғары болуы керек.
Инфляцияны жұмыссыздықтың есебінен төмендету әр түрлі шешіледі.

Инфляцияны тауар тапшылығының басты себебі бола тұрып тауар
мен азық – түлікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.
Инфляция кешенді себептердің негізінде пайда болады және оның
маңыздылары болып: мемлекеттік бюджеттің тапшылығы. Оны азайту
мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздар немесе жай қағаз ақшалар
шығарылады.
Инфляциямен күрестің басты құралы – табыс туралы мемлекеттік
саясат енгізу және соны саналы түрде жүргізу. Ол бағаның
тұрақтылығымен жұмыспен қамтамасыз ету, арасындағы иілінушіліктің
жағымсыз салдарынан жұмсартады.
Әлемдік практикада инфляциямен күрес тек қана ақша бюджеті
және ақша – несие саясатынан күшті әсер бере алмады. Сонымен қатар
табыс саясатына да қажетті және тиісті еңбек төлемінің өсуімен
кәсіпкерліктің барлық түрінен асыруға болмайды.
Ақша – несие саясаты инфляцияның төмендеу деңгейінің бағыты және
курстық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляция
Инфляция процесі
Инфляцияның зардаптары және оны азайту іс-шаралары
Нарықтық экономикадағы жұмысссыздықтың себептерi мен түрлерi
Инфляцияны ауыздықтау және тоқтату жолдары
Макроэкономикалық тұрақсыздық: экономикалық циклдер, жұмыссыздық, инфляция
Экономиканың циклдық дамуының механизмі
Демографиялық процестердің теориялық және әдістемелік негіздері
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану
Инфляцияның әлеуметтік - экономикалық себептері және салдары
Пәндер